- •1. Философияның пәнін және объектісін түсіндіріңіз.
- •2. Дүниеге көзқарас ұғымының мәнін және түрлерін ашыңыз.
- •3. Ортағасыр христиан философиясының негізгі кезеңдері мен ұстанымдарын сыпаттаныз.
- •4. Ежелгі Үнді философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •5. Буддизм ілімі туралы түсінікті тұжырымдаңыз.
- •8. Қайта өрлеу философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •9. Жаңа заман философия өкілдері көзқарастарын тұжырымдаңыз(ф. Бэкон, р. Декарт)
- •10. Француз Ағартушыларының философиялық көзқарастарын тұжырымдаңыз.
- •11. Болмыс, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт ұғымдарын салыстырыңыз.
- •12. Ақиқаттың қазіргі қоғамдағы ролін анықтаңыз.
- •13. Танымның шындықты бейнелеу процесі ретінде қарастырыңыз.
- •14. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты сыпаттап жазыңыз.
- •15. Сананың құрылымын және қоғамдағы орнын сыпаттап жазыңыз.
- •16. Қытай философиясындағы мектептерді салыстырыңыз.
- •17. Конфуций ілімінің мәнін тұжырымдаңыз.
- •18. Сократқа дейінгі антика дәурінің философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •19. Таным процесінің(сезімдік және рационалдық) денгейлері мен формаларын салыстырыңыз.
- •20. Платонның философиясын түсіндірініз.
- •21. Ағартушылар философиясының ерекшеліктерін анықтап ашыңыз.
- •22. Р.Декарттың рационализмін түсіндіріңіз.
- •23. Фейербах философиясын түсіндіріңіз.
- •24. Ежелгі қазақ халқының дүниетанымын сыпаттап жазыңыз.
- •25. Абай және қазақ халқының рухани дамуын сыпаттап жазыңыз.
- •27. Диалектиканың негізгі категориялары мен заңдарына мысал келтіріңіз.
- •28. Қоғам дамушы жүйе ретінде анықтап ашыңыз.
- •29. Мәдениет және оның құрылымын сыпаттап жазыңыз.
- •30. Прогресс тұралы ұғым. Қоғамдық прогресстың өлшемдерін сыпаттаңыз.
- •31. Хх ғ. Қазақ ойшылдарының негізгі ой-пікірлерін салыстырыңыз (тандау бойынша)
- •32. Аристотель концепцияларын тұжырымдаңыз.
- •35. Қ.А. Ясауи көзқарасынің тұжырымдаңыз.
- •36. И.Канттың философиясын сыпаттап беріңіз.
- •37. Гегельдің диалектикалық идеализм мәнін ашыңыз.
- •38. Жүсіп Баласағун және оның ,,Құтты білік” дастанын сыпаттап жазыңыз.
- •39. Аврелий Августинның сенім мен сана гармониясы туралы ілімінің мәнін ашыңыз.
- •40. Шәкәрім шығармашылығындағы Алла мен адам болмысы, жан мен тән арақатынасын ашыңыз.
- •41. Экзистенциализм бағытындағы адам мәселесын анықтаңыз.
- •42. Прагматизм бағытындағы негізгі ойларды сыпаттап жазыңыз.
- •43. Бейсаналық түрлерінің өмірдегі мәнін ашыңыз.
- •44. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері мен түрлерін сыпаттап жазыңыз.
- •45. Болашақ және ғылым. Ғылыми болжау, оның әдістерінің айырмашылығын түсіндіріңіз.
31. Хх ғ. Қазақ ойшылдарының негізгі ой-пікірлерін салыстырыңыз (тандау бойынша)
ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзелiске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық сана-сезiмi өсiп, олар өзiндiк мемлекет құру, төл мәдениетi мен тiлiн, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерiн күн-тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ басында өз iшiнен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше тұлғалар ретiнде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмухамедов, М.Жумабаевты атап өтуге болар едi. Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты бiлiм алып, орыс, басқа тiлдердi игерiп, шын шығармашылық деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi Ресей жоғарғы оқу орындарын бiтiрдi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмухамедов т.с.с.).
Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда олар “Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады.
32. Аристотель концепцияларын тұжырымдаңыз.
Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ең ұлы философы, заманының ең дарынды, жан жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушы Александр Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина қаласында даңқы бүкіл Дүниеге әйгілі мектеп – Ликейді ашады (қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ болған, онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше “перипатос² дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдай әрі қарай жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін оның мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап “Органон², “Категориялар² т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері “Физика² 8 кітап, “Аспан жайлы² 4 кітап, “Аспандағы құбылыстар жайлы² т.с.с.
Жан-дүние философиясына арналған: “Жан-дүние жөнінде², “Өмір мен өлім туралы², “Тыныс алу туралы² т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: “Жануарлардың дене мүшелері жайлы², “Жануарлардың дүниеге келуі жайлы²
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңынан “Метафизика² деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған “Никомахтың этикасы², “үлкен этика².
Саясат пен экономикаға арналған “Саясат², “Экономика², “Афинаның саяси өмірі².
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: “Риторика өнері², “Өлең сөз жөнінде².
33. Позитивизм ХІХ ғ. негізгі философиялық бағыты ретинде түсындырыңыз. Позитивизм — қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы — француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті: 1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті — объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері — О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль. 2) махизм — дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі — австриялық физик Э.Мах. 3) неопозитивизм — ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б.
34. Әл-Киндидің философиялық көзқарасынің мәнін тұжырымдаңыз.
Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек², “Бірінші философия жөнінде², “Бес мән-мағына жөніндегі кітап² т.с.с.
Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.
Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.
Заттардың сапалық жағын - геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені, ол-тұрақты және өзгермейді…
Аль-Кинди адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия дейді. Оның мақсаты заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек.
