- •1. Философияның пәнін және объектісін түсіндіріңіз.
- •2. Дүниеге көзқарас ұғымының мәнін және түрлерін ашыңыз.
- •3. Ортағасыр христиан философиясының негізгі кезеңдері мен ұстанымдарын сыпаттаныз.
- •4. Ежелгі Үнді философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •5. Буддизм ілімі туралы түсінікті тұжырымдаңыз.
- •8. Қайта өрлеу философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •9. Жаңа заман философия өкілдері көзқарастарын тұжырымдаңыз(ф. Бэкон, р. Декарт)
- •10. Француз Ағартушыларының философиялық көзқарастарын тұжырымдаңыз.
- •11. Болмыс, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт ұғымдарын салыстырыңыз.
- •12. Ақиқаттың қазіргі қоғамдағы ролін анықтаңыз.
- •13. Танымның шындықты бейнелеу процесі ретінде қарастырыңыз.
- •14. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты сыпаттап жазыңыз.
- •15. Сананың құрылымын және қоғамдағы орнын сыпаттап жазыңыз.
- •16. Қытай философиясындағы мектептерді салыстырыңыз.
- •17. Конфуций ілімінің мәнін тұжырымдаңыз.
- •18. Сократқа дейінгі антика дәурінің философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •19. Таным процесінің(сезімдік және рационалдық) денгейлері мен формаларын салыстырыңыз.
- •20. Платонның философиясын түсіндірініз.
- •21. Ағартушылар философиясының ерекшеліктерін анықтап ашыңыз.
- •22. Р.Декарттың рационализмін түсіндіріңіз.
- •23. Фейербах философиясын түсіндіріңіз.
- •24. Ежелгі қазақ халқының дүниетанымын сыпаттап жазыңыз.
- •25. Абай және қазақ халқының рухани дамуын сыпаттап жазыңыз.
- •27. Диалектиканың негізгі категориялары мен заңдарына мысал келтіріңіз.
- •28. Қоғам дамушы жүйе ретінде анықтап ашыңыз.
- •29. Мәдениет және оның құрылымын сыпаттап жазыңыз.
- •30. Прогресс тұралы ұғым. Қоғамдық прогресстың өлшемдерін сыпаттаңыз.
- •31. Хх ғ. Қазақ ойшылдарының негізгі ой-пікірлерін салыстырыңыз (тандау бойынша)
- •32. Аристотель концепцияларын тұжырымдаңыз.
- •35. Қ.А. Ясауи көзқарасынің тұжырымдаңыз.
- •36. И.Канттың философиясын сыпаттап беріңіз.
- •37. Гегельдің диалектикалық идеализм мәнін ашыңыз.
- •38. Жүсіп Баласағун және оның ,,Құтты білік” дастанын сыпаттап жазыңыз.
- •39. Аврелий Августинның сенім мен сана гармониясы туралы ілімінің мәнін ашыңыз.
- •40. Шәкәрім шығармашылығындағы Алла мен адам болмысы, жан мен тән арақатынасын ашыңыз.
- •41. Экзистенциализм бағытындағы адам мәселесын анықтаңыз.
- •42. Прагматизм бағытындағы негізгі ойларды сыпаттап жазыңыз.
- •43. Бейсаналық түрлерінің өмірдегі мәнін ашыңыз.
- •44. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері мен түрлерін сыпаттап жазыңыз.
- •45. Болашақ және ғылым. Ғылыми болжау, оның әдістерінің айырмашылығын түсіндіріңіз.
1. Философияның пәнін және объектісін түсіндіріңіз.
Философия — (грек. сүйемін, даналық, тікелей мағынасы даналықты сүю) — әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ой дамуы адамзат қоғамының қай кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты.
Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз.
Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын атап өтуіміз керек (ontos – грек сөзі, барлық, болу; logos – ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса шексіз бе? Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мұраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.
Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері – ол оның гносеологиялық жақтары (gnosіs – грек сөзі, -тану, білу).
2. Дүниеге көзқарас ұғымының мәнін және түрлерін ашыңыз.
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде - ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса ²ұлы мәртебелі Табиғат² неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әр-түрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде?, - деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжрибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда, қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені, соңғыға тек қана абстрактылық ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractіo – латын сөзі, -ой арқылы заттың, құбылыстың әр-түрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).
Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
3. Ортағасыр христиан философиясының негізгі кезеңдері мен ұстанымдарын сыпаттаныз.
Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим Империясының құлауынан бастап Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан X1У ғасырға дейін). Яғни, бұл заман құл иеленушілік қоғамның Дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында.
Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта ғасырлар Европа топырағына Христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), философияда адам және Құдай мәселерінінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.
Сонымен тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мың жылдық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады.
Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-екі ауыз сөзбен айтып өтіп әрі қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар тарихтағы бір кері тартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани езіліске түсүі, ерікті ойдын қудалануы, өндіргіш күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын.
