Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. Бұл заң 25 баптан тұрады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының басты себептерінің бірі тәрбие жұмысының дұрыс жүргізілмеуінен.

Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:

І. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету;

ІІ. Балаларды әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету;

ІІІ. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

ІV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

«Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.

  • Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)

  • Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері ( ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)

  • Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі.

  • Ж

    Агрессия

    еке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адагершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі .

Бағытталған(өсек, мысқыл,тілмен шағып алу)

Бағытталмаған(көпшілік ішіндегі айқай, тепсіну т.б.)

Жағымсыз(оппозициялыққылық)

Қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар.

  1. Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.

  2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз-қарасты ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.

  3. Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілетті мен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

  4. Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

  1. Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Шартты түрде қалыптан ауытқу құбылысын 4 түрге бөлуге болады. Олар: денедегі ауытқу, психикалық ауытқу, педагогикалық ауытқу, әлеуметтік ауытқу.

Тәрбиесінде ауытқуы бар балаларға ата-ананың қарқорлығынсыз қалған балаларды да жатқызуымызға болады. Бұл балалар жетімдік немесе әлеуметтік жетімдік көргендіктен, мұндай құбылыстар олардың бойында қоғамдық ортағы сенімсіздікпен қарау, қорқыныш, жалғыздық сезімінің пайда болуына және т.б. сезімдердің қалыптасуына негіз болады және әлеуметтік ауытқудың алғышартын жасайды.

Мінез-құлқында, тәриесінде, іс әрекетінде ауытқуы бар балалар балаларға мыналар жатады:

  • Мектепке, сабаққа бармайтын балалар

  • Жетім балалар

  • Әлеуметтік жетім балалар

  • Улы заттар мен наркотиктер пайдаланатын жасөспірімдер

  • Жеңіл жүріске түскен жасөспірімдер

  • Тәртіп бұзатын жасөспірімдер

Әлеуметтік педагогикадағы ауытқушылығы бар балаларды алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:

  • Әлеуметтік қауіпті топқа деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайның алдын алу;

  • Баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;

  • Баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу;

Алдын алу бағыттары: ақпараттық келіс, әлеуметтік-профилактикалық келіс, медициналық-биологиялық келіс, әлеуметтік-педагогикалық келіс.

Ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі-қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау. Р. Бірнеші түрі анықталған: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.

Диагностика-кәмелетке толмаған баланың эмоцияналдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді.

Реабилитациялық бағдарлама-әрбір бала үшін жеке жасалады, ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары, қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды.

Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық-баланың реабилитациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, достарымен мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге көмектесуді көздейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]