Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.

Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девиантты мінез-құлық» термині қолданылады. Дмқ-қалыптан ауытқушылық және адамның қоғам мен әлеуметтік топқа қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Дмқ тың мәнін түсінуде екі ұғымды қарастырамыз-«қалып» және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар.

Психологияда «қылық» -адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға, қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады.

Девиациялық концепсия

Түсіндіру тұрғысындағы девиация

Теория

Автор

Жетекші идея

1

2

3

4

Биологиялық

Қылмыстық бағыныштылықпен байланысқан физикалық белгілер.

Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері

Ч. Ломброзо

У.Х. Шелдон

Дене бітімінің физикалық ерекшеліктері девиацияның себебіне айналады

Психологиялық

Психоаналитикалық теория

З. Фрейд

Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады.

Әлеуметтік

Аномия

Әлеуметтік дезорганизация

Мәдениеттанушылық теориялар

Стигмеотизация теориясы

Радикалды криминалогия

Э. Дюркгейм

Шоу Маккей

Селлин, Миллер, Сутерленд, Клауорди, Оулин Беккер

Турк, Квинни, Тэйлор, Уолтон Янг

Девияция әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды. Көп жағдайда девиация мәдениет құндылықтарының, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсәзденуден қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады.

Девиацияның пайда болу себебі субкультурамен мемлекеттік нормалар арасындағы конфликтілер

Девиация-билігі бар топтардың барынша аз қорғалған топтардың мінез-құлықтарына қоятын таңба тәрізді.

Девиация капиталистік қоғамның нормаларына қарсы әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Әлеуметтік педагогикадағы дмқ тың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:

  • Әлеуметтік қауіпті топқа деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайның алдын алу;

  • Баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;

  • Баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу;

Алдын алу бағыттары: ақпараттық келіс, әлеуметтік-профилактикалық келіс, медициналық-биологиялық келіс, әлеуметтік-педагогикалық келіс.

Дмқ ты балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі-қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау. Р. Бірнеші түрі анықталған: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық.

Диагностика-кәмелетке толмаған баланың эмоцияналдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді.

Реабилитациялық бағдарлама-әрбір бала үшін жеке жасалады, ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары, қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды.

Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық-баланың реабилитациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, достарымен мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге көмектесуді көздейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]