Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. «Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.

Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік  педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты  басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау –әлеуметтік педагогтың  негізгі миссиясы.

Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік,  материалдық және рухани ресурстардың  жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен,  ассоциалдық  мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде.  Баланың  жаны мен  психикасына жағымсыз әсер ететін  толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға  түсуде. Қазіргі таңда сапалы  білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр

Әлеуметтік педагогтің кәсіптілігі

Әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне, өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.

Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

-табиғилық-айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;

-мейірімділік – мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;

-эмпатия – әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң қараспен қарау;

-ақ жарқын – өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;

-кішіпейіл – жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;

-нақтылық – қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.

Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары

Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары:

Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы:

-шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді;

-білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады;

-барлық әлеуметтік институттарды өзара «іс-әрекетте байланысты орнатады, оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі.

Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған – негізделген қағидасы:

-жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау;

-мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау;

-тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету;

-оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу.

Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы:

-баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау;

-әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау;

-тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдіру;

Ұқыптылық - сақтық қағидасы:

-қарым-қатынаста ашық қатынас орнату;

-алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу;

-ата-ананың мұғалімдердің, оқушылар мен әлеуметтік педагог арасындағы кәсіпшілік құпияларды сақтау.

Әлеуметтік педагогтің функциялары

Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның клиенттері оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]