- •«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
- •Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
- •Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
- •Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекеттің нормативті-құқықтық негіздеріне талдау жасаңыз.
- •Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Тәуекелділік топтағы» балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясының кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Шетелдегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс теориясы мен тәжірибелеріне сипаттама беріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Агрессия
- •Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Шығармашылық мекемелердегі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Психотропты заттарды қолданатын балалармен әлеуметтік жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын-алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Балалардың жазғы демалыс орындарындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагог жұмысындағы сенім телефонының мәнін ашыңыз.
- •Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.
- •Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.
- •Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Жасөпірімдер арасында психотропты заттарды қолданудың алдын-алу шараларын көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың қоныс аударушы азаматтардың балаларымен балалармен жұмыс технологиясын ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясына талдау жасаңыз.
- •Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсетуде әлеуметтік–педагогикалық технологиялар тұрғысынан мысал келтіріңіз.
- •Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға).
- •Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың деңгейлерін атап, талдау жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектеп ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттерін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әлеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •Шағын аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде қайырымдылық іс-шарасын өткізудің жобасын жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
- •Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдап, сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен «Болашаққа деген құқық» бағдарламасын жетілдіру кестесін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог ретінде тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста әлеуметтік педагогтың клиентпен қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
- •Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.
- •Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
- •«Менің отбасым» атты орта мектеп жасындағы оқушыларға сауалнаманың үлгісін құрастырыңыз.
- •Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог антын құрыңыз.
- •«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік педагогогикалық жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •«Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.
- •1. Аналитикалық диагностикалық:
- •2. Жобалау:
- •3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- •4. Коррекциялы :
«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
Әлеуметтік педагог – жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, үйлестіру мектептерінде қызмет көрсетеді. Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроклиматтың қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр респонденттің қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты проблемаларға ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасында мынадай құжаттар болуы тиіс:
Лауазымдық міндеттері (анкета, ереже, бұйрық, форма-2);
Мектептің жарғысы; лицензиясы;
Мектептің жылдық жоспары, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес жоспары, тәрбие жұмысының жоспары;
Мектептің даму бағдарламасы;
Әлеуметтік педагогтің байланыс жасайтын мекемелері, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері туралы мәлімет (мекен-жайы, сымтетігі).
Әлеуметтік педагогтің жұмыс кестесі /Үлгі ретінде/
-
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі
09.00 – 13.00
15.00 – 17.00
/Әдістемелік күн/
Сейсенбі
08.00 – 12.00
15.00 – 18.00
Сәрсенбі
12.00 – 15.00
17.00 – 20.00
Бейсенбі
08.00 – 12.00
15.00 – 17.00
Жұма
09.00 – 13.00
15.00 – 18.00
Сенбі
08.00 – 12.00
Барлығы
36 сағат
Кеңес беру:
Ата-аналар үшін
09.00 – 11.00
Педагогтар үшін
14.00 – 16.00
Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бағытталған жұмыстар атқарылады: сынып сағаттары, диспуттар, профилактика Кеңестері , пікірсайыс клубтары, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Қала мектептерінде 98 құқық білімі ұйірмелер, 48 адамгершілік-құқық клубтары және орталықтары, 28 құқық кабинеттері жұмыс атқаруда. Ақпаратты стендтер безендірілген. «Заң» атты құқық-азаматтық мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Мектеп бағдарламасында: құқықтық міндетті оқыту, құқық қорғау органдарының, прокуратура, сот, ішкі саясат бөлімінің, өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады, оқыту шебер-кластар жүргізіледі.
Мектептерде оқушылардың құқық тәрбиесі бойынша іс шаралар жоспары жасалған. Осы жұмысты құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста қызмет жасаумен өткізіледі. Үнемі профилактика Кеңесінде аталған сұрақтар қарастырылады, білім беру бөлімінің аппараттық мәжілістерінде мектеп директорларының есептері тыңдалады. Әр бір құқық бұзушылық факті бойынша мектептермен білім беру бөліміне жауап қайтару беттері тапсырылады. Құқық тәрбие жұмысын тиімді жүргізу мақсатында білім беру бөлімінің тарапынан психологтардан, әлеуметтік педагогтардан және құқық органдарының қызметкерлерімен құрастырған шығармашылық топтар жұмыс атқарады.
Тәрбие міндетін тиімді атқару үшін тек қана отбасы мектеппен бірігіп жұмыс істегенде нәтижелі болады.
Ата-аналарға арналған құқықтық және педагогикалық мәдениетін көтеру үшін ата-аналық құқықтық оқыту жүргізіледі. Оның шеңберінде: ата-аналар жиналысы, конференциялар, психологиялық ойындар, отбасылық кездесулер, сұрақ-жауап кештері, семинарлар мен тренингтер.
Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқу жылы басында білім беру бөлімі тарапынан бұйрық шығарылды «Оқушылар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу». Аталған бұрық негізінде үзіліс кезінде педагогтардың кезекшілігі қатаң бақылауға алынды, оқушылардың сабақ уақында кезекшілікке тыйым салынды. Жүйе түрінде құқықтық білім Апталығы жүргізілуде, аула клубтарының және сабақтан тыс уақытын пайдаланудың әрекеті қатаң бақылауда. Түнгі және күндізгі рейдтер үнемі жүргізіледі.
