Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.

Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)

Сонымен қатар, әрбір сыныпқа әлеуметтік паспорт жасалады. Мұнда оқушының әлеуметтік жағдайын, отбасы туралы мәліметін және сыныптың әлеуметтік жағдайын анықтауға мүмкіндік туады.

Сыныбы:___________________

Сынып жетекшісі: __________________

Сыныптағы жалпы оқушы саны: __________________

Ұл балалар саны: __________________

Қыз балалар саны: __________________

Сынып белсенділері: ____________________________________

______________________________________________________

______________________________________________________

Ата-аналар комитетінің мүшелері

Аты-жөні

Мекен-жайы

Қызметі

Байланыс сымтетігі

Сынып оқушылары туралы мәлімет.

Оқушының аты-жөні

Туылған жылы, күні айы

Ата-анасы туралы мәлімет

Отбасы-дағы бала неше бала, оның нешін-шісі

Отбасы-ның әлеу-меттік жағ-

Дайы

Мәрте-бесі

Үлгерімі

Мекен-жайы

әкесінің аты-жөні, қызметі

Анасының аты-жөні қызметі

Сынып ұжымына қысқаша мінездеме: ______________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________

Отбасы түрі

Көпбалалы отбасы

Толық отбасы

Толық емес отбасы

Мүгедек баласы бар отбасы

Қам-қор-шы-лық алған от-басы

Жоғары қамта-масыз етілген отбасы

Аз қамта-масыз етілген отбасы

Ата-анасы ажырасқан

Ата-анасы қайтыс болған

Жалғызілікті ана отбасы

Мектеп директоры қолы аты-жөні

Әлеуметтік педагог қолы аты-жөні

  1. Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.

Әлеуметтік педагогикалық қызмет барысында көзін жеткізу, жаттығу әдістері жиі қолданылады. Бұл әдістерді қолданудағы әлеуметтік педагогтің ескеретіні, балада қандай себептерге байланысты онда қалыпты мінез-құлық пен іс әрекет қалыптаспай қалды. Соны анықтау қажет.

Көз жеткізу-бұл баланың ішкі адамгершілік туралы білімдері мен іс әрекетінің дұрыс екендігіне сенімінің қалыптасуы. Сондай ақ, көз жеткізу-бұл баланың белгілі бір мінез-құлқының қажет және дұрыс екендігінің дәлелі мен түсінігі. Көз жеткізу әдістері арқылы ә.п. баланың санасына, сезіміне, ерік күшіне әсер етеді. Көз жеткізу баланың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасын реттеудің формасы ретінде де қызмет атқарады. Көз жеткізудің тәрбиелік күші баланың қалай қабылдауы арқылы анықталады.

Көз жеткізу әңгіме, сұхбат, лекция, диспут, мысалдар келтіру және т.б. әдістер арқылы жүзеге асырылады. Әңгіме мен лекция-әлеуметтік педагогтің бір адаммен жүргізетін монологиялық формасы. Әңгіме кішкентай балалармен жұмыс жүргізуде қолданылады. Ол уақыт жағынан шектелген, нақты, жарқын, мысалдар мен фактілерге арналады. Лекцияда негізінен күрделі ұғымдар мен құбылыстар сөз болады. Сондықтан ол жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыста қолданылады.

Сұхбат және пікір таласу-көз жеткізу әдісінің диалогтық формасы. Сондықтан бұл әдісті қолданған кезде белгілі бір тақырып таңдап алынады. Сұхбат-сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік педагогтің шеберлігі ол қандай сұрақтарлы таңдап алу керек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады.

Жаттығу әдісі оқушыларда нақтылы бір адамгершілік қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Тәрбиелі дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген жаттығулар орындауға тура келеді.

Әлеуметтік-педагогикалық әдістер арасындағы ерекше тобына жататыны коррекциялау әдісі болып табылады. Оған мадақтау, көтермелеу, жазалау әдістерін жатқызамыз. Коррекциялау әдісін тиімді пайдалану үшін баланың табиғатын жақсы білу маңызды. Көтермелеу және жазалау әдісін қолданудағы мақсат-баланың мінез-құлқында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]