- •«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
- •Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
- •Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
- •Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекеттің нормативті-құқықтық негіздеріне талдау жасаңыз.
- •Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Тәуекелділік топтағы» балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясының кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Шетелдегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс теориясы мен тәжірибелеріне сипаттама беріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Агрессия
- •Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Шығармашылық мекемелердегі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Психотропты заттарды қолданатын балалармен әлеуметтік жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын-алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Балалардың жазғы демалыс орындарындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагог жұмысындағы сенім телефонының мәнін ашыңыз.
- •Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.
- •Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.
- •Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Жасөпірімдер арасында психотропты заттарды қолданудың алдын-алу шараларын көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың қоныс аударушы азаматтардың балаларымен балалармен жұмыс технологиясын ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясына талдау жасаңыз.
- •Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсетуде әлеуметтік–педагогикалық технологиялар тұрғысынан мысал келтіріңіз.
- •Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға).
- •Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың деңгейлерін атап, талдау жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектеп ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттерін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әлеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •Шағын аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде қайырымдылық іс-шарасын өткізудің жобасын жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
- •Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдап, сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен «Болашаққа деген құқық» бағдарламасын жетілдіру кестесін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог ретінде тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста әлеуметтік педагогтың клиентпен қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
- •Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.
- •Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
- •«Менің отбасым» атты орта мектеп жасындағы оқушыларға сауалнаманың үлгісін құрастырыңыз.
- •Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог антын құрыңыз.
- •«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік педагогогикалық жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •«Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.
- •1. Аналитикалық диагностикалық:
- •2. Жобалау:
- •3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- •4. Коррекциялы :
Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
Әлеуметтік педагогтің қызметтік бағыттары
Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін
психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау
арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен
тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары:
Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы:
-шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді;
-білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады;
-барлық әлеуметтік институттарды өзара «іс-әрекетте байланысты орнатады, оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі. Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған – негізделген қағидасы:
-жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау;
-мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау;
-тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету;
-оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу.
Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы:
-баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау;
-әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау;
-тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдіру;
Ұқыптылық - сақтық қағидасы:
-қарым-қатынаста ашық қатынас орнату;
-алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу;
-ата-ананың мұғалімдердің, оқушылар мен әлеуметтік педагог арасындағы кәсіпшілік құпияларды сақтау.
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білім деңгейі төмендегі біліктіліктермен өлшенеді:
Қызыметінің нормативтік-құқықтық базасы (әлеуметтік педагог, балаға көмек беруші мекеме жүйесі қызыметінің әлеуметтік –құқықтық және әлеуметтік-эканомикалық негіздерін реттейтін заңдар, заңдылық актілер,үкімдер, шешімдер, нұсқаулдар).
Әлеуметтік педагогтың теориясы мен тарихы.
Баланың тұлғалық қасиеттерін зеріттейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқын қалыпты және ауытқушылығын зерттейтін жас ерекшеліктері психологиясы.
Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шығын тән, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социология.
Әлеуметтік басқарудың әдістемесі және кәсіптік зерттеу қызыметін жоспарлау.
Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
Қамқорсыз қалған балалар қатарына ата-анасы бар, бірақ олармен әр түрлі жағдайдың нәтижесінде байланыстары үзілген балалар жатады. Әлеуметтік жетімдік. Бұл әлеуметтік құбылыс қоғамдағы балалар санынан көрінеді. Оған:
ата – аналарынан айырылған:
ата – аналық құқығынан айырылған:
ата – ана қарауынсыз қалған:
ата – ана парызын орындайтын мүмкіндігі жоқ:
ата – анасы белгісіз кеткен балалар жатады.
Бұған сонымен қатар заң жүзінде құқығынан айырылмаған, бірақ іс жүзінде қамқорсыз қалған балалар да жатады.
Әлеуметтік жетімдік – отбасында дағдарыстық жағдайдан болған құбылыс. Баланы не әкесі, не анасы ғана жалғыз тәрбиелеген айырылысу жағдайы, некесіз туылған балалар, ата-аналарының жұмыссыздығы балалардың мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің ауытқушылығына әкеледі
Жетім балаларды және ата – аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қорғауға алған мекемелер қатарына жетім балалар мен ата – ана қамқорысыз қалған балалар, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мекемесі, оған ақыл – ой және физикалық жетіспеушілігі бар мүгедек балаларға арналған интернат балалар үйі, қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсететін әлеуметтік — реабилитациялық орталықтар жатады. Сонымен қатар денсаулық сақтау мекемесі және тағы басқа заң бойынша бекітіліп құрылған мекемелер.
Туғаннан кейін 3 жасқа дейінгі балалар сәбилер үйіне орналастырылады. 3 жасқа толғанна кейін қамқорсыз балаларды мектепке дейінгі және мектеп жасындағы физикалық және ақыл – ой жетіспеушілігі бар балаларға арналған арнайы интернаттарға ауыстырып, емдеуге жібереді.
Интернаттық мекемелік жағдайда тәрбиеленген балалардың дамуы әлі күнге дейін өткір де актуальді мәселе болып қалып отыр. Мекемелердегі балалармен жұмыс барысында әлеуметтік қызметкер балалардың жасы ұлғайғаннан кейін олардың тамақ дайындап үлгеруіне, кез – келген затты сатып алып үйренуіне, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруын қадағалап отыруы тиіс. Бұл балалардың болашақтағы жеке өмір сүруіне, әлеуметтенуіне себеп тигізеді.
Сонымен қатар осындай категориядағы балаларға арналған «отбасылық балалар үйі» жұмыс істейді. Мұнда кішкене күннен бастап кәмелет жасқа толғанға дейін бала барлық ыңғайлы жағдайларда өмір сүре алады. Балаларды осындай формада қорғау ата – аналық құықтарынан айырылған ата – аналардың балаларына арналған. Балаларды қабылдап алған балалар келісім шарт құрады. Мұнда еңбекақы шарттары құқықтар мен міндеттер, баланың осы отбасындағы болу мерзімін көрсетеді.Балаларды қабылдап алған ата – аналардың еңбектері еңбек өтіліне қосылады. Баланың туған ата – аналарына көмек көрсетіледі, өйткені реабилитациядан кейін бала өз отбасына қайтарылады. Баланың туған биологиялық ата – аналарына олардың (ата – аналары жағдайын түзеген соң) баласының отбасына қайтарылатыны ескеріледі. Мұнда келетін балалардың көпшілігі – дұрыс тамақтанудан, қатты жүктемеден, күтімнен тыс қалған аурушаң балалар. Мұндағы балаларға медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, олардың физикалық денсаулығының дұрыс жетіліп, дамуына көмек көрсетіледі. Әр баламен жеке – жеке жұмыс жүргізіледі.
Баланы тәрбиелеу барысында қабылдап алған ата – аналар әлеуметтік педагогпен қарым – қатынас орнатып, олардың туған ата – анасымен байланысқа түседі. Әлеуметтік педагогтар отбасылық балалар үйі мен баланың туған ата – анасымен байланыс жасайды. Мұндай отбасылық балалар үйінде қалыпты өмір сүруге арналған барлық шарттар орындалады, мұнда тәрбиеленушілер 3 жастан 18 жасқа дейін тәрбиелене алады. Бұл отбасылық балалар үйінің түлектері барлық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жеңілдіктерді пайдалана алады.
Қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсететін мекеменің мамандары кәмелет жасқа толмаған, білімді, арнайы көмек беру үшін баланың құқықтарын қорғау барысында әртүрлі дәрежедегі нақты қандай көмек көрсету керек екендігін шешіп алуы тиіс. Мемлекеттің көмегі мен арнайы қолдауын қажет ететін балаларды анықтау барысында мынадай критерийлерді ескеру керек: мұндай категорияға жататын баланың негізгі көрсеткіші баланың «әлеуметтік статусы» болып табылады. Яғни, оған мүгедек балаларды, денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларды, әлеуметтік аурулармен ауыратын (АИВ,ЖИТС, туберкулез, нашақор, араққұмар, созылмалы паталогиялық аурулармен ауыратындар, психикасында ауытқушылығы бар) балалар жатады. Келесі критериі – «жетімдік», яғни ата – анасы бас тартқан және қамқорсыз қалған балалар жатады. Сонымен қатар ата – анасы ұзақ ауырып жатқан және ата – анасы ұзақ іссапарға кеткен балалар жатады.
«Қатал қарым – қатынас, эксплуатация» — бұл категориядағы балаларға: отбасында немесе отбасынан тыс көп мөлшерде (физикалық, психологиялық, эмоциоландық) жүктеме түскен, ата – анасы үйден қуып шыққан, соғыс кезіндегі балалар (ұлт аралық қарулы қақтығыс нәтижесінде апат болған), ата – анасын эксплуатациялаған (жұмыс істейтін, бірақ мектепке бармайтын, өзінен кішілерге қарайтын) балалар жатады. «Өмір сүріп отырған регион» критериі, оған – микроэлементтер жетіспейтін немесе дефицит территориялардағы өмір сүріп отырған, антропогендік зақымдалған жағдайда өмір сүріп отырған, техногенді апат аумағында тұратын, мигрант балалар (қашқындар, босқындар, ТМД мемлекеттерінен жұмыс істеуге келген, оқуға келген студент, аспиранттар) жатады.
