Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.

ХХІ ғасырдың бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Кешегі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі -ақпараттық технологиялар саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп, компьютерлік сауаттылық 2012 жылы 60%-ға дейін өсуі керектігін атап өтті. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.

Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда болғаны жасырын емес. The Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға тәуелді. Ересектерді былай қойғанда, бұл күнде жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке қарай, елімізде ға­лам­тордан зиян шеккен балалар тура­лы де­рек жоқ. Өйткені ел аумағында ар­на­йы зерттеу жұмыстары жүргізіл­мей­ді екен. Әйткенмен мектеп жасында­ғы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» айналғалы қа­шан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон ар­қылы хат алысатын оқушылар да жет­кілікті.Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...

Ғаламтордың зиянынан сақтандыру

1.Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата -ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет -журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық -зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпараттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. 2.Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата -анасы рұқсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата -анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз -өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата -анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті.

3.Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың, әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді

4.Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясымен байланысуы жылдан -жылға артып келеді. Интернет арқылы көптеген мәліметтер алады, білімін толықтырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]