- •«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
- •Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
- •Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
- •Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекеттің нормативті-құқықтық негіздеріне талдау жасаңыз.
- •Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Тәуекелділік топтағы» балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясының кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Шетелдегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс теориясы мен тәжірибелеріне сипаттама беріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Агрессия
- •Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Шығармашылық мекемелердегі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Психотропты заттарды қолданатын балалармен әлеуметтік жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын-алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Балалардың жазғы демалыс орындарындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагог жұмысындағы сенім телефонының мәнін ашыңыз.
- •Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.
- •Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.
- •Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Жасөпірімдер арасында психотропты заттарды қолданудың алдын-алу шараларын көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың қоныс аударушы азаматтардың балаларымен балалармен жұмыс технологиясын ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясына талдау жасаңыз.
- •Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсетуде әлеуметтік–педагогикалық технологиялар тұрғысынан мысал келтіріңіз.
- •Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға).
- •Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың деңгейлерін атап, талдау жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектеп ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттерін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әлеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •Шағын аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде қайырымдылық іс-шарасын өткізудің жобасын жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
- •Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдап, сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен «Болашаққа деген құқық» бағдарламасын жетілдіру кестесін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог ретінде тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста әлеуметтік педагогтың клиентпен қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
- •Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.
- •Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
- •«Менің отбасым» атты орта мектеп жасындағы оқушыларға сауалнаманың үлгісін құрастырыңыз.
- •Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог антын құрыңыз.
- •«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік педагогогикалық жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •«Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.
- •1. Аналитикалық диагностикалық:
- •2. Жобалау:
- •3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- •4. Коррекциялы :
Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девиантты мінез-құлық» термині қолданылады. Дмқ-қалыптан ауытқушылық және адамның қоғам мен әлеуметтік топқа қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Дмқ тың мәнін түсінуде екі ұғымды қарастырамыз-«қалып» және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Психологияда «қылық» -адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға, қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады.
Дмқ деп-мінез құлқындағы нормадан ауытқуы бар балаларды айтамыз. Бұл топтағы адамдарды тәртіпсіз, әдепсіз деп атауға болады. Дмқ тың көрінуі балалар мен жеткіншектердің ортаға деген реакциясы, яғни агрессия, өз бетінше және жүйелі түрде сабақтан қалуы, еңбктенуге құлқының болмауы; жүйелі түрде үйінен кетіп қалып қаңғырып жүруді әдетке айналдыруы, балалар мен жеткіншектердің ішімдікке әуестенуі; ерте нашақорлыққа қызығушылық танытуы, суицидтік әрекеттерге баруға талпынасының байқалуымен сипатталады.
Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келітірп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері
Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту саласындағы жұмыс қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «САТР», «Кеңес» орталықтарының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар мамандарын тарта отырып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарды біліктілікті арттыру курстарында оқытуда. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР Заңының қабылдануымен бірге кемтар балаларды кәсіби даярлаудың балама мекемелерін, орталықтарын құру жобаларына немесе кемтар балаларды қоғамға кіріктіруге ықпал ететін басқа да жобаларға ҮЕҰ-ларды тарту мүмкіндігі туды
Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Табысы жеткіліксіз отбасыларына билік тарапынан көрсетілетін көмекке келсек – оның өз тәртібі бар, өте аз мөлшерде болса да, тұрақты қаржыландыру көздері бар.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін отбасының әр адамға шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспау керек. Кедейлік шегі Қазақстанның әр баласында жеке анықталады, тоқсан сайын бұл сан құбылып тұрады. Дегенмен, жалпы алғанда әр аймақтағы кедейлік шегі біркелкі.
Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасына жұртшылық назарын аудару мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясын кең көлемде өткізіп, аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасыларына киім-кешектер мен оқу құралдарын алып беруді әлеуметтік педагог ұйымдастырып отырады. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру барысында жоспар құрылады, мөлтек ауданға рейдтер жасалады. Осы санаттағы оқушылардың барлығын назардан тыс қалдырмау мақсатында акция аясында көптеген шаралар, яғни «Қайырымды сынып» жәрмеңкесі жоғары және бастауыш сыныптарда өткізілсе, «Қайырымдылық жәшігі» мектеп ғимаратында орналастырылып, барлық ұжым мүшелері ат салысты, сонымен қатар кәсіпкерлер мен меценаттарға шақыру билеттері таратылды, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагогтың осындай ұйымдастырған шаралары әрқашанда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға шаттық сыйлатыны баршамызға белгілі. Осы арқылы біз оқушыларымызға әрқашан қоғамнан тыс қалмағанын, әрдайым қолдау көрсетілетіндігін, қиын жағдайда қасынан табылатындығын дәлелдейміз және де осындай жылылыққа бөленген оқушы да болашақта жақсылыққа ұмтылуға бейімделетінін көреміз. Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, баланың блім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны қорғауға өзіні белсенді роль атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, ұстанымы болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интенсивті әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білу қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес берп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.
