Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.

Әр түрлі факторлардың әсерінен қауіпті топқа кіреді. Мұндай балалар категориясына келесілерді жатқызуға болады:

  • заңды күші жоқ жағдайларға байланысты ата-анасыз қалған балалар.

  • Бейәлеуметті, жағдайы нашар отбасыларда тәрбиеленген балалар.

  • элеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін отбасы балалары.

Мндай балалардың дамуы үшін шарттары жоқтығының салдарынан психологиялық және элеуметтік жағымсыз нәтижелерге тап болады. Мұндай бала бір жағынан өмірлік қиын жағдайды немесе әлеуметтік қауіпті ситуацияны өзгертуге, екінші жағынан оның әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық мәселелері мен қиындықтарын шешу мақсатында минимилизациялауға бағытталған көмекті қажет етеді.

Қауіпті  топ  балалармен  элеуметтік-педагогикалық  жұмыс жасау  екі  негізі бөліктен тұрады:

  • балалар арасында мұндай балалар категориясын анықтап, олармен жұмыс істеу бағдарламасын ұйымдастыру.

  • балалармен тікелей индивидуалды немесе топтық жұмыс жасау. Қауіпті  топ  балаларымен  әлеуметтік  педагогикалық  жұмыс  процесінде

шешім калайтын мәселелердің комплексіндегі әртүрлі қызмет мамандарының араласуын талап етеді. Жетекші ролді жалпы білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог атқарады. Себебі жалпы білім беру мекемелерінде оқытушы көз алдында барлық оқушылар жүреді. Баламектепте оқымаса да, әлеуметтік педагог өзіне тапсырылған учаскіде сондай балаларды анықтауға толық құқылы және міндетті. Сондықтан тек мектеп элеуметтік қиын жағдайдағы баланы толық аныктай алады

Әлеуметтік педагогтың әр бөлініп көрсетілген жұмысы өзіндік әлеуметтік-педагогикалық технологиялармен қамтамасыз етіуі тиіс, оны екі топқа бөлуге болады:

  • ұйымдастырылған әлеуметтік-педагогикалық технологиялар.

  • индивидуалды жұмыстың әлеуметтік-педагогикалық технологиялары. 

Ұйымдастырылған     әлеуметтік-педагогикалық    технологиялар.    

Ол қауіпті топ балаларын анықтауға, олардың мәселесін диагностикалауға, индивидуалды немесе топтық жүмыстың бағдарламасын құруға және олардың іске асуына барлық жағдайларды жасауға бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық құрылымдық қызмет бағыты әлеуметтік-педагогикалық төлемдер мен кезеңдерін қажет етеді.

Қауіпті топ жасөспірімдері мен балалардың мәліметтер қорын құру.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциясы болып табылады. Себебі жасөспірімдердің мәселесін шешетін әртүрлі құрылымдардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.

Әлеуметтік педагог қызметінің аясына түскен балалар мен жасөспірімдер дамуының әлеуметтік және тұлғалық мәселелерін диагностикалау. Бұлфункция мәліметтер қорына келіп түскен әр баланың әлеуметтік және психолого-педагогикалық ерекшеліктерін нақтылау үшін қажет.

Бұл үшін әлеуметтік педагог бала тап болған ситуацияны анықтау мақсатында баламен, сынып жетекшісімен, ата-аналармен жұмыс істейді.

Әлеуметтік педагог:

-        баланың        индивидуалды        ерекшеліктерін        зерттеп        оның қызығушылықтарын   зерттеп,   оның   қызығушылықтары   мен   қажеттіліктерін, киыншылықтары   мен   алаңдататын   мәселелерін,   конфликттік   жағдайларын, тәртібіндегі ауытқуларын көрсетіп, оның себептері мен конфликттік жағдайдының пайда болуына себеп болған негіздерді анықтайды;

-        баланың өмірлік қызметінің микроортасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері мен шарттарын зерттейді;

-        элеуметтік педагог психолого-педагогикалық диагностикасының бекітілген нэтижесін қолдайды.

Сонымен қатар педагогикалық диагностиканың негізгі құралы бақылау болып табылады, ол бала мен әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық өзара ықпалын және келесі әсер ететін шараларды алдын ала анықтайды.

Барлык құрастырылған бағдарламалар келесі мінездемелерге сай болуы керек.

-        әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістері, формалары мен құралдарының орындылығы, соның ішінде әртүрлі ұйымдар, әкімшілік мекемелерді қатыстырудың орындылығы;

-        болжамдылық;

-        күтілетін нәтижені өлшенуі.

Кеңес беру.Берілгенфункция қауіпті топ балаларының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерінің шешілуінде қызыққан адамдарға кеңес беруді ұйғарады. Бұл мақсатпен әлеуметтік педагог мектептерде белгіленген жұмыс уақытының кестесі бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мүғалімдермен және өздері сұраған басқа да адамдармен кеңес өткізуді қарастырады.

Әлеуметтік педагогтың ұйымаралық байланыстары.Әлеуметтік педагог білім беру мекемесінің әлеуметтік психологиялық қызметінің құрамында жұмыс істеу кезінде психолог және басқа да арнайы қызметтермен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар ісіне байланысты комиссия хатшысы болады.

Әлеуметтік педагог клиент құпиялары мен конфеденциалды нормаларын сақтауға байланысты ұйымаралық байланысы шектеледі.

Қиын баланың әлеуметтік-педагогикалық кешігуі немен байқалады? Әлеуметтік-педагогикалық қиын балаға өзін-өзі тануға, айналасындағылармен қарым-қатынасты анықтауға, қажет білімді, профессионалдық және азаматтық қасиеттерді игеруге, мұғалімдермен, ата-аналармен, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынасты орнатуға, шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға көмектесуі тиіс. Баламен жұмысты жоспарлауда оның шын қойылған мақсатқа сендіріп жасау керек.

Атқарушылар: сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, психолог деректордың оқу тәрбие іс-жөніндегі орынбасар

Ұйымдастыру шаралар:

  1. Сыныптың әлеуметтік паспортын жасау

  2. «Қиын» балаларға мінездеме жасау

  3. Қиын жағдайда өмір  сүріп жатқан балаларды анықтау

  4. Ата-аналар жиналысын өткізу.

  5. «Ерекше назардағы»  балаларға картотека жасау

  6. Демалыс және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

  7. Құқық органдарымен байланыс жасау.

  8. «Қиын» балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Балалармен жұмыс.

  1. Сабаққа қатысуын қадағалау.

  2. Сабақ үйірмелерін бақылау.

  3. Оқушыларды секциялар мен үйірмелер жұмысына тарту.

  4. Ағарту әңгімелерін жүргізу.

  5. Баланы бақылау мақсатында сабаққа қатысу

  6. Психологтан немесе дәрігерлерден кеңес алуға юбағытталған.

  7. Психодиагностика жүргізу.

  8. Әрі қарай білім алуына көмектесу.

  9. Даулы жағдайларды талдау.

Ата-аналар мен  жұмыс.

  1. «Ерекше назардағы» балалардың үйлеріне бару.

  2. Ата-аналарға кеңес беру.

  3.    Ағарту кеңестерінің  жұмыстарына балалар мен ата-аналарын шақыру;

  4. ата-аналар жиналысында баяндама жасау;

  5. бала тәрбиесі мен қарым-қатынасты жақсарту жағдайында ата-аналар үшін ұсыныстар жайындау;

Педагогикалық ұжыммен  жұмыс

  1. пән мұғалімдер мен қажетті ақпараттар мен алмасу;

  2. диагностика қорытындысын бойынша  кеңес беру;

  3. «Ерекше назардағы» балалар мен жұмыс істеуге нұсқаулар беру;

  4. аталған тақырыпта  педкеңестер мен жиналыстарда баяндама жасау;

  5.  педагогтардың «қиын» балалармен жұмыс істеу дағдылары  мен  біліктіліктеріне арналған іскерлік ойындар, семинар-практикумдар. Бұл орайда әлеуметтік педагогтар мен психологтар «қиын» балалар мен жұмыс жүргізуге төмендегі мәселелерді басты назарда ұстау тиіс.

-«қиын бала» проблемасын кешенді, интегративтік түрде шешу.

«қиын баланы» тәрбиелеуде әлеуметтік педагог психолог пен, сынып жетекшісімен ата-ана, тәрбие ісінің орынбасары, пән мұғалімі, валеологпен тығыз байланыста жұмыс атқару;

-оқушы бойындағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;

-отбас тұрмысындағы қарым-қатынастарды, сәрсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекетін зерделеу. Бала тәрбиесінің мәселесін бойынша баланың, ата-ананың, педагогтың бірлескен әрекетін жандандыру. Бұл үштіктің біреуінің қарсылығы жұмысты қиындататының ескерту.

-баланың бос уақыты тиімді ұйымдастырушы оның қызығушылығын, дарындылығын анықтау;

-баланың  шартсыз топтарға қатысуы, ондағы көшбасшылық немесе басқадай рөлін, көшеге қызығушылық денгейін зерттеу.

- «Қиын бала» болу себебін педагогикалық тұрғыдан анықтап алуға және әрбір оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайларын айқындау

-«қиын балаға» көмек көрсету үшін  мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б.

-бала проблемасын шешуде оның жеке потенциялын ескеру, оның жағдайды жақсартуға деген ынтасын, ол үшін маңызды ортасында ьасымдық беру. Ол үшін проблеманы шешіп бермей дұрыс шешімді өзінің қабылдап алуына көмектесу.

-«қиын» баланың ынта – ықыласын, талаптілігін қызығушылығын ескерту. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]