Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.73 Кб
Скачать
  1. Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.

Соңғы жылдары дін ҚР тұрғындарына және сонымен қатар балаларға күн өткен сайын үлкен маңызға ие. Сонымен, 2011жылы орындалған Сандж зерттеуінің нәтижелері бойынша 11-18 жастағы 66% сауалнама жҥргізілген бала ислам дінін ұстанатындығын, 21% христиан дінін ұстанатындығын айтты. 13% сауалнама жҥргізілген бала діннің олар үшін ешқандай маңызға ие еместігін айтты.

Сауалнама жҥргізілген балалар үшін көбіне дін бұл мәдениеттің, ұлттық салт-дәстүрдің бір бөлігі(30%). 13% сұхбаткер маңызды жағдайларда (жаназа, үйлену тойлары) кезінде діни салт жораларды сақтауға тура келетіндігін айтты, 13% сұрақ жүргізілген мектеп оқушылары үшін дін бұл рухани қолдау, жоғарғы күштердің қорғауы, 3% үшін күнделікті өмірдің міндетті бөлігі, өмірдің бейнесі және мәні. Балалардың 6% олардың отбасы дінді ұстануды талап ететіндігін айтты.Орындалған сұраулардың қорытындысы бойынша бҧрын тұрмысы қолайсыз болып есептелген отбасылар діни ұйымдарға да моральдық және психологиялық қолдау, материалдық көмек сұрап барған.

  1. Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.

Жетім -ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай -ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі

Бұл категориялы балалардың пайда болуына себепші болатын себептер арасында, келесі себептерді белгілеуге болады

– балалармен балалық шақтан бастап бағытталған тәрбие жұмыстарының жоқтығы

– олардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін білмеу;

– әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық;

 – неке бұзылушылықтың «эпидемиясы»;

– жағымсыз отбасылық-тұрмыс қарым-қатынастары

   – жалған мәдениет әсерінің күшеюі

   – балалармен эмоциялық байланыстың үзуі

Жетім балалар қоғамдағы бағынышсыз тұрмысқа әрдайым дайын бола бермейтінің тәжірибе көрсетеді. Бұл мекемелердің шегінен шыққаннан кейін тәрбиеленушілер қоршаған әлемге бейімделуде ғаламдық қиыншылықтарды көреді.

Өз болашағының белгісіздігінен, балалар сенімсіздік күйде болады, бұл көптеген ауруларға, тәртібінің бұзылуына, негативизмге әкеліп соғады. Көбінде олар бейәлеуметтік тұлға болып қалыптасады: кіріптар, жауапты бағынышсыз өмірге икемділігі келмейтін, жиі эмоциялық қатал, қамқорлыққа және ілтипатқа елемейді. Олардың ықыласына ие болу, сенімдерін ақтау, олармен байланыс табуға өте қиын болады.

Қиын балаға көмектесу үшін, басты, бұл оның сенімін ақтау. Сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыру өте баяу және күрделі үдеріс болуы мүмкін. Егер сіз баланың өткенің әлден зерттеп білсеңіз және оны қарым-қатынас кезінде есте сақтасаңыз, бұл сізге сабырлы болуға көмектеседі. Жылылықты көрсетуге асықпаңыз, махаббат барлығын жеңетінің күтпеңіз. Бала сізге жауап бермейтінің мүмкін себебінің бірі бұл оның сенімі ақталмай қалғаны. Өз ішкі әлемінде баспана және сенімділік іздеп, сәтсіздікке ұшырауға қорқып ол махаббатты қабыл алмауы мүмкін.

«Зиян келтірме!» принципінің ережелерін әрқашан да есте сақтаңыз    1. Ғапілдік және қателіктері үшін көпшілік алдында сынамау,өйткені бұл тұйықтанушылыққа әкеледі.    2. Қажеттіліксіз кінәламау, себебі бұл оның кінәлік сезімін қалыптастырады.    3. Өз күшіне және мүмкіншіліктеріне деген сенімді өшірмеу.    4. Әр қадамын қадағаламай, дербестік беру.    5. Психофизикалық және мінезтанулық ерекшеліктерін ескеру, оның темпераментін өзгертуге тырыспау.    6. Оның қателіктеріне қарамай оған сенетіндігіңізді,жан ашитындығыңызды сезіндіру.    7. Бірінші жетістіктерге жеткендегі сәттерді жіберіп алмау. Тәрбиелеу –көп адамдармен қатар жүзеге асырылатын және оның нәтижесі уақытқа созылған, күрделі көп қырлы үдеріс. Тәртіпке салынған бірлескен қызмет жетім балаларға қазіргі қоғамның бір бөлігі ғана болмай, сонымен қатар лайықты орның табатынына, ер жетіп және өз отбасыларын құрып, олар ата-аналарының қателіктерін жібермейтініне және олардың балалары «қиын» категорияға түспейтініне сенгіміз келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]