- •«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
- •Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
- •Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
- •Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекеттің нормативті-құқықтық негіздеріне талдау жасаңыз.
- •Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •«Тәуекелділік топтағы» балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясының кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Шетелдегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс теориясы мен тәжірибелеріне сипаттама беріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Агрессия
- •Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Шығармашылық мекемелердегі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Психотропты заттарды қолданатын балалармен әлеуметтік жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын-алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Балалардың жазғы демалыс орындарындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагог жұмысындағы сенім телефонының мәнін ашыңыз.
- •Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.
- •Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.
- •Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Жасөпірімдер арасында психотропты заттарды қолданудың алдын-алу шараларын көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың қоныс аударушы азаматтардың балаларымен балалармен жұмыс технологиясын ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясына талдау жасаңыз.
- •Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсетуде әлеуметтік–педагогикалық технологиялар тұрғысынан мысал келтіріңіз.
- •Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға).
- •Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың деңгейлерін атап, талдау жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектеп ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттерін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әлеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •Шағын аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде қайырымдылық іс-шарасын өткізудің жобасын жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
- •Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдап, сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен «Болашаққа деген құқық» бағдарламасын жетілдіру кестесін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог ретінде тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста әлеуметтік педагогтың клиентпен қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
- •Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.
- •Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
- •«Менің отбасым» атты орта мектеп жасындағы оқушыларға сауалнаманың үлгісін құрастырыңыз.
- •Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог антын құрыңыз.
- •«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік педагогогикалық жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •«Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.
- •1. Аналитикалық диагностикалық:
- •2. Жобалау:
- •3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- •4. Коррекциялы :
«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
Мақсаты: болашақ студенттердің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет негіздерін қалыптастыру, қазіргі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының теориялық негіздерін игеруге және оларды кәсіби міндеттерін шешуге байланысты шығармашылық даярлығын қалыптастыру.
Міндеттері:
әлеуметтік-педагогикалық технологиялар және оларды қолдану ерекшеліктерінің механизмі кеңес беру мәселелері бойынша теориялық білімдерін толықтыру;
болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекетінде әлеуметтік-педагогикалық
жұмыс технологияларының әдіснамалық негіздерімен таныстыру;
студенттерде білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагогтің технологиялық үдерісіндегі әлеуметтік-педагогикалық білім жүйелерін реттеу ;
әлеуметік жұмысты ұйымдастыру мен өткізуде педагогикалық ойлау мен мәдениетке дағдыландыру.
Әлеуметтік педагогика пәнінің зерттеу объектісі-адамның әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негізінде оның қоғамдағы даму процесі болып табылады.
Мақсаты-педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады.
Әлеуметтік педагогиканың пәні-адамның әлеуметтенуінің және оның қоғамға бейімделуінің педагогикалық аспектісі болы табылады.
Міндеттері:
тұлғаның даралық дамуын гормониялы бірлікте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендіруді қамтамасыз ету;
тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесіне әсер етуші қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;
Тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесіне педагогикалық ғылымдардың көпжақты әсерінің мүмкіндіктерін зерттеу;
Әлеуметтік ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсілдерін зерттеу;
Тұрға ұғымының мәнін, оның даму, қалымтасу кезеңдерін түсіну:
Адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының шекараларын ажырата алу;
Тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытудың өара байланыстылығына талдау жүргізу;
Әлеуметтік детерминанат, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу;
Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
XXғ 2 жартысында «Әлеуметтік технология» ұғымы қарқынды қолданылып келеді. Әлеуметтік технологияны-рационалды мақсатты бағытталған әлеуметтік әрекеттердің әдістері мен әдістемесін жасау.
Әлеуметтік педагогикалық технология, біріншіден, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік педагогтар мен тәрбиеленушілерге өзара ықпал етуде жекелеген мекемелерде, әлеуметтік қызметте әлеуметтік педагогтар қолданатын әдістер мен әдістемелер жиынтығы; екіншіден, нақтылы әлеуметтікпедагогтың қызметін рационалды бөлу негізінде әлеуметтік-педагогикалық іс әрекетті жүзеге асырудың тәсілдері және әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудағы тиімді әдістер мен құралдарды таңдау мақсатында операцияларды реттеу.
Әлеуметтік жұмыс-белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет-баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда, қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай ақ психологиялық ұстамдылық, сабырлылық сақтай алуы үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс.
