- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •2.2 Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі
- •1.1 Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректер және зерттелуі
- •1.2 Қазақ хандығының құрылуының барысы мен кезеңдері
- •1.3 XV ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы
- •2.1 Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуінің себептері мен маңызы
- •2.2 Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі және орны
- •2.3 Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2.3 Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
Қазақ елінің тарихында оның ішінде Қазақ хандығының тарихында Қазақ хандығының құрылуының алатын орны ерекше, маңызы зор болып саналады. Хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үзілмей үздіксіз жүріп келген этникалық процестер мен ХІV-ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі. Сонымен бірге бұл маңызды оқиға мемлекетттіліктің дамуындағы белесті бір кезең болуымен ерекшеленеді. Еліміздің белгілі ғалымдары М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбектің бірлесіп жазған «Болатұлы Керейхан» атты «Елтұтқа» жина-ғындағы Ел тарихының әйгілі тұлғалары» айдарымен жарық көрген [46] еңбегінде Керейдің қазақ мемлкетінің негізін қалаушы ретінде қызметіне зор баға береді. Бұрынғы мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің «Ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу-өз-өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы» атты баяндама-сында [47] қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына өз ойын білдіреді.
Т.И.Султановтың «Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана» [19] атты зерттеуінде Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына тарихи бағаын берген.
Белгілі тарихшы Хангелді Әбжанов «Қазақ мемлекеттілігі тарихын дәуірлеу» атты [48,7-16] мақаласында Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызы жағына, оның этникалық дамуы жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткенін көрсеткен. Отандық тариханамада қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі Қазақ хандығының құрылуымен қатар жүзеге асты деген тұжырым берік орныққан. Бұл тұжырымның пайда болуы Қазақ хандығының құрылуымен байланысты екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді.
Тарихшы Дәулетхан Әлімғазы «Қазақ мемлекеттігінің бастау көздері мен дәстүр жалғастығы» атты мақаласында [49, 64-69] Қазақстан аумағында этникалық процестер ең бері дегенде қола дәуірінен бастау алып, біздің заманымыздың ХІV-ХV ғасырларында өзінің халықтың деңгейіне көтеріл-генін көрсеткен.
Этникалық процестер барысындағы этникалық элементтер мен компон-енттердің аумақтық, экономикалық, саяси, діни-мәдени, тілдік, рухани ортақ кеңістіктерге бірігуі 2-2,5 мың жылдай уақыт бойы бірнеше тарихи дәуірлер мен кезеңдер арқылы жүзеге асады. Әрбір тарихи дәуірде этникалық процесс өзіндік даму жолынан ауытқымай, қажетті шарттармен толыға түседі. Жалпы алғанда ХІІІ ғасыр басына дейін этникалық процесс халықтық деңгейге жақ-ындаған болатын ортақ этникалық кеңістік қаыптасып болған еді. Бірақ та оның толығымен шегіне жетіп, түпкілікті түрде жүзеге асуына саяси-әлеу-меттік ұйым - мемлекет қажетті шарттар жасай алмайды. ХІ ғасырда құрыл-ған Қыпшақ хандығы ХІІ ғасырдың ортасынан бастап ішкі және сыртқы факторлардың нәтижесінде бытыраңқылыққа ұшырайды. Ал ХІІІ ғасыр бас-ында ол жүйе өзінен әлдеқайда мықты мемлекеттік жүйеге – монғолдар мемлекетіне орын береді. Соның нәтижесінде Қазақстан аумағындағы этни-калық процеске жаңа бір тарихи дәуірді – монғолдар үстемдігі дәуірін бас-ынан өткеруге тура келді.
ХІІІ-ХV ғасырлардағы этникалық процестер алғашқы кезеңде біршама тежеуге ұшырағанымен, өзінің даму барысынан ауытқымайды.ХІV ғасырдың ортасына таман Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы монғолдық этноком-поненттердің жергілікті этноортаға бейімделуі аяқталады, басқаша айтқанда монғол тайпаларының қыпшақтануы аяқталып болады. Жазба деректерде Дешті Қыпшақ тұрғындары жалпы ортақ атаумен қыпшақтар деп аталынса, ХІV ғасырдың ортасынан бастап оны «өзбектер» атауы ығыстырып шығарады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен Шығыс Дешті Қыпшақ тұрғындары үшін «қазақ» атауы қолданыла бастаған. Бұл этноним Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің мәреге жетіп, бір халықтың қалыптас-уының аяқталғандығын көрсетеді. Қазақ хандығының құрылу барысы мен халықтың қалыптасуының аяқталу кезеңі қатар жүзеге асып, саяси жағдайларға байланысты пайда болған «қазақ» термині жаңадан тарих төріне көтерілген халыққа да беріледі. Сөйтіп, осыдан жарты мың жылдан астам уақыт бұрын этноним ретінде пайда болған «қазақ» сөзі күні бүгінге дейін өзі пайда болған аумақтағы халықтың атауы ретінде қолданылып келді.
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, қазақ халқынын халық болып қалыптасқандығын көрсетті. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын этникалық тұрғыдан қарастыра келе, ол – қазақ халқының қалуптасуы кезеңін аяқтауға тікелей ықпал етті, этникалық процесті халықтық деңгейге көтерілген этносқа – «қазақ» атты этнонимді бергізді деп ойымызды түйіндейміз.
Қазақ хандығының құрылуының келесі бір тарихи маңызына, оның – ХІІІ ғасыр басында монғол жаулап алушылығына байланысты үзіліп қалған мемлекеттік дәстүрді жергілікті этностың дәстүріне сай қайта қалпына келтіруі жатады. ХІІІ ғасыр басына дейінгі Қазақстан аумағындағы қыпшақтық мемлекеттік жүйе мен монғолдық мемлекеттік жүйеде ортақ ұқсастықтар мен белгілер болса да, олардың әрқайсысында тек өздеріне ғана тән ерекшеліктер көп болатын. Мысалы, оған мемлекеттің саяси-әкімшілік құрылымының негізін билікті мұраландырудағы айырмашылықтарды, билік түрлерінің атқарушы билік түріне қарым-қатынастарын жатқызуға болады. Монғолдық мемлекеттік жүйе жаулап алуға байланысты шығыс Дешті Қыпшақ аумағына енгізіліп, бұрынғы жүйені ығыстырып шығарады, бірақта оны жергілікті тұрғындардың санасы мен жадынан өшіре алмайды. Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы процесі монғолдық мемлекеттік жүйенің жергілікті ортаға бейімделуімен қатар жүреді. Соның нәтижесінде монғолдық мемлекеттік жүйеге тән ноян, баһадүр секілді терминдерді-би, бек, батыр деген жергілікті түрік-қыпшақ сөздері ығыстыр-ады. Сондай-ақ жоғарғы билікті мұралануда қыпшақтық дәстүр мен моңғолдық дәстүр арасында өзгешеліктер бар болып, ХІІІ- ХІV ғасырдың ортасына дейін моңғолдық дәстүр үстемдік құрып келді. ХІV ғасырдың екінші жартысы мен ХV ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы саяси оқиғалардың көбісінің астарында осы екі дәстүр арасындағы күрестер жатты. Монғолодық дәстүр бойынша ханның мұрагері болып оның ұлдарының бірі сайланса, жергілікті дәстүрге сай билікті билеуші әулеттің жасы үлкен өкілі мұраланып отырған. Бұл дәстүр Алтын Ордада ХІV ғасрыдың соңы мен ХV ғасырдың басында қолданыла бастайды. Ал Қазақ хандығының құрылуы – қыпшақтық дәстүрдің толық жеңіске жеткендігін көрсетеді. Орыс хан ұрпақтары Шибан әулетіне қарсы күресте жеңске жетіп, Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті иеленгеннен кейін осы дәстүрді ұстанады. Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп келіп, хан сайлау барысныда Керей жоғарғы билікті иеленеді. Монғолдық дәстүр бойынша 1428 жылы қайтыс болған Барақтың ұлы – Жәнібек хандық билікке келуі тиіс болатын. Ата жолы бойынша Керейдің хан болуы – қыпшақтық дәстүрдің жеңсіке жеткендігін көрсетеді.Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – моңғолдық үстемдікке дейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттік жүйе мен дәстүрдің қайта үстемдікке шыққандығын дәлелдейді. Мұның өзі халық пен мемлекет арасындағы өзара байланыстардың болып, мемлекеттің халықтық сипатта болғандығын көрсетсе керек.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында ежелгі замандардан ХV ғасыр ортасына дейін әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мемлекеттердегі билеуші әулеттер көбінесе бір тайпадан шығып, мемлекет атауы сол тайпа атауымен аталғаны белгілі. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерін айтпағанның өзінде, ХІV ғасырдан кейін өмір сүрген түрік, түргеш, оғыз, қарлұқ, қимақ, найман, қидан, қыпшақ мемлекеттерінің атауы осыны көрсетеді. Сонымен бірге, ХІІІ–ХV ғасырлар аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекеттік құрылымдар – Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мемлекеттері бір мезгілде өмір сүріп, немесе бірінің орнына бірі келіп, сол ортағасырлардағы Қазақстанның саяси картасын әртүрлі түспен құбылтып тұрса, Қазақ хандығының құрылуы және оның саяси дамуы әртүсті бір түске ауыстырады.
ХV ғасырдың ортасынан бастап әртүрлі саяси атаулардың орнына бір ғана саяси термин – Қазақ хандығы атауы орнығады. Бұл атау ХVІІІ ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағындағы жалғыз мемлекеттің атауы ретінде қолданыста болады.
Ертіс пен Еділ өзендерінің, Сырдария мен Тобылдың жоғарғы ағысының аралығындағы орасан зор аймақ ХІ ғасырдан бері «Дешті Қыпшақ» деп аталынып келсе, Қазақ хандығының құрылуымен оның одан кейінгі ғасырлардағы дамуы жаңа ұғымды қолданысқа енгізеді. Жоғарыда аталған аймаққа қыпшақ тайпаларынан шыққан әулет билігінің орнауы – «Дешті Қыпшақ» - «Қыпшақ даласы» деген ұғымды енгізгені белгілі. ХVІ ғасырыдың бірінші жартысында «Қазақстан» термині алғаш рет жазба деректерде жазылып, ол «қазақтардың мекені», «қазақтардың елі» дегенді білдіреді. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ атауы тарихтың еншісіне қалдырылып, жаңа атау- жаңа этносаяси жағдайларға сай қызмет ете бастайды. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – аймақтың саяси және этногеографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаңа жағдайларға сай жаңа атауларды қалыптастырады.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жоғарыда айтып өткендермен шектелмейді. Оның ерекше бір атап өтер маңызына – Қазақ хандығының құрылуының Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірді аяқтап, жаңа бір тарихи дәуірге негіз қалауы жатады.
Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл маңызды оқиғаны ортағасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының құрылуымен, Қыпшақ хандығының құрылуымен салыстыруға болады. VІ ғасыр ортасында Түрік қағанатының құрылуы – Қазақстан тарихындағы ХІ-ХІІІ ғасырдың басы аралығын - Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәуірге жатқызады. Ал, Қазақ хандығының құрылуымен ХV ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – Қазақ хандығы дәуірі.
ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың өзіндік, өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір сүрді. Ерлік пен елдікті паш еткізген небір айтулы тарихи оқиғалар осы дәуірдің еншісінде жатыр.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін түйіндей келе, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол – этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салады.
Қазіргі кезде еліміздің ресми атауы – «Қазақстан Республикасы», халқымыздың атауы – «қазақ», жеріміздің атауы – «Қазақстан» - деп аталынуының негізінде ХV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр.
2006 жылы «Аруна» баспасынан жарық көрген қазақ балалар энцикло-педиясы, редакция алқасы К. Байпаков, М. Қойгелдиев тәрізді 10 тарихшы-дан тұратын кітаптың 20-бетінде «Керей Қазақ хандығын 10 жылдай билеген, аңыз бойынша Хантауында жерленген» [50] – деп жазылыпты. Қазіргі Керей хан жерленді деп жүрген Шу – Мойынқұм ауданы шекарасындағы Хантауы, Керей хан кезінен бастап Хантауы (етегінде «Хан жолы» аталатын ескі сүрлеу әлі бар) аталған, ал ілгері заманда ол «Дала тау» аталып келген. Ол тау «Шу–Іле таулары» боп ғылыми тұрғыдан өзгертіліп жазылып аталғанымен, жұрттың бәрі әлі Хантауы атап жүр екен. Демек, мұнда жұрт ұмыта алмас тарихи шындық та бар болуы ғажап емес. Бабалар айтқандай, «Құдайды да адам ақылмен таниды…» демекші, ақылға жүгінсек, Моғолстаннан Шудың бойын кірме боп қоныстанған, өз елі Батыс Түрік қағанаты, Әбілқайырдан қашып жүрген Керей мен Жәнібек хан әулет-жұрт, қайтыс болған Керейді өздерінің «Жаңа Отаным» деп санаған аймағы Шу бойына жерлемегенде қайда апаруға мүмкіндігі болды? Дәл сол уақыттарда Керей мен Жәнібек ұлысында басқа еш мүмкіндіктің болмағанына тарих куә. Сондықтан біз, Керей ханның қабірін Шу бойы – Хантауынан іздеуге тиіспіз. М. Х. Дулати «Моғолстанның батысы» деген Қозыбасыны тануда да осы ой-түйін ақиқатқа апарады және Хантауы баурайында ескі тозған ерекше қабірлер мен «Бауырластар зираты» сынды қорымдардың да бар екені белгілі. Ұлы ханға арналған бір белгінің табылмауы мүмкін емес.
