- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •2.2 Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі
- •1.1 Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректер және зерттелуі
- •1.2 Қазақ хандығының құрылуының барысы мен кезеңдері
- •1.3 XV ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы
- •2.1 Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуінің себептері мен маңызы
- •2.2 Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі және орны
- •2.3 Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Филология және тарих факультеті
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
________ ф.ғ.к., доцент Г.Сыздықова
«______»_____________ 2017
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырып: КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ТҰЛҒАЛАР
Мамандық – 5В011400 – Тарих
Орындады: ______ 114-13 топ бітірушісі, Пияр Сағындық Қамбарұлы
Ғылыми жетекші:
т.ғ.к., проф. м.а.__________________ Исабек Б.Қ.
ШЫМКЕНТ
2017
КІРІСПЕ........................................................................................................3
І ТАРАУ XV Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректер және
зерттелуі....................................................................................................7
1.2 Қазақ хандығының құрылуының барысы мен кезеңдері...................17
1.3 XV ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы.......25
ІІ ТАРАУ КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК НЕГІЗІН САЛҒАН ҚАЗАҚ
ХАНДЫҒЫ-ҰЛЫ ДАЛА ТӨРІНДЕГІ ТҰҢҒЫШ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
2.1 Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр хандығынан бөлінуінің
себептері мен маңызы................................................................................30
2.2 Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы рөлі
және орны.......................................................................................... 39
2.3 Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы..........................51
ҚОРЫТЫНДЫ.. ... ... ..... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2014 жылы 11 қарашада жасаған Жолдауында: “Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық” – деуі орынды [1].
Қазақтардың тұтас ұлт, өзіндік ел халық ретінде пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың кең-байтақ аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің даму қорытындысы болды. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті.
Қазақ хандығы Шу мен Қозыбасыда туын тіккеннен бастап бабаларының тәжірибесі мен тағылымын бойына жия біртұтас, бір болу күресін бастап кетті. Бірігу, нығаю, халықаралық деңгейге көтерілу үш ғасырға жуық созылып, 1718 жылы Тәуке ханның қайтпас сапарға аттануымен аяқталды. Бұл дәуірде күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған билеушілер мен саны үздіксіз өскен халық ұланғайыр жерін анықтап, шекараларын бекемдеді. Билік жүйесі тармақталып, заң шығару, атқару және сот салалары нақты орнықты. Даңқты хандарымыз тарих тұғырына қайта көтерілді, халқының қалың ортасына мәңгілікке оралды. Хандарымыздың тарихын білу, тұлғасын тану тарихи өзекті мәселе.
Диплом жұмысының тарихнамасы. Қазақ хандығының тарихын Мырза Хайдар Дулати еңбектерінсіз білу мүмкін емес, яғни оның "Тарих –и Рашиди" еңбегі [2] ең құнды мәлімет болып табылады. Қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегінің деректері кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар еліміздің экс муфтиі, қажы Әбсаттар Дербісәлінің «Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы-Тәуелсіз Қазақстан» [3] деп аталатын мақаласы зерттеу жұмысында өзіндік орнын алды. К.Пищулина мен Н.Атығаевтың «Тарих-и-Рашидидің» тәржімесі [4] туралы құнды мағұлматтарға сілтеме жасалынды.
Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер, тың деректер, терең ойлы талдау жасап еңбектері толассыз жарық көріп жүрген тарихшы Берекет Кәрібаевтің еңбектеріне көбірек тоқталдық.Тарихшы ғалымның «Қазақ хандығының құрылуы» атты зерттеулері [5] Сонымен бірге Т.И.Сұлтановтың Керей мен Жәнібек жөнінде жазған еңбектерінің маңызы зор[6].
Қазақ хандығының құрылуы бір жылда болған іс емес, бірнеше жылдарды қамтитын басталуы мен аяқталуы бар үрдіс екеніне тоқталдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XIX ғасырдың атақты зерттеушісі В.В.Вельяминов-Зерновтың «Исследование о Касимовских царях и цареви-чах» [7,398] атты еңбегі құнды болып табылады. В.В. Вельяминов-Зернов Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» деген еңбегін пайдалана отырып Қазақ хандығының құрылу тарихына өзіндік баға берді. Қазақстан тарихы библиографиясында «Тарихи Рашиди» атты М.Х.Дулатидың кітабын зерттеу Ш.Уәлихановтан басталғаны тарихқа мәлім[8]. Шоқан бастаған игілікті істен соң Қазақстан тарихшылары «Тарихи Рашидидің» қазақ елі тарихына қатысты бөліктеріне ХХ ғасырдың басында көңіл бөле бастады.
Белгілі зерттеуші К. А. Пищулина Қазақ хандығының тарихына байланысты «Юго-Восточный Казахстан в середине XIV-начало XVI вв» [9] атты еңбегі бар. Шетелдік автордың көзқарасымен жазылған К. А. Пищулинаның бұл еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы Жәнібек пен Керейдің көшіп-қонуынан емес, орта ғасырлық қазақ халқының шаруашылығы әлеуметтік, саяси дамуындағы өзгерістен деп түсіндіреді. Белгілі тарихшы М.Х.Әбусейітованың «Қазақ хандығы: жаңа дерек, тың пайым» [10] атты еңбегі Қазақ хандығының құрылу барысындағы Жәнібек пен Керейдің өр тұлғаларын ашып жазады. Сонымен қатар зерттеушілер С. Г. Кляшторный, Т.И.Султанов «Казахстан: Летопись трех тысячелетий» [11,238-240] атты бірлесіп жазған зертеу жұмыстарында Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы пікірлерін айтып, жаңа хандықтың құрылуын Әбілқайыр хан өлген соң, Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайтып келіп, мұнда жоғарғы үкіметті басып алуымен байланыстырады.
С.К Ибрагимов, К.А.Пищулина, В.П.Юдиннің құрастырған жинағында Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Жәнібек пен Керейдің бөлініп шығу уақытын XV ғасырдың 50 жылдарының аяғына балайды [12,178-180]. В.П.Юдин «Центральная Азия в ХУ-ХУІІІ веках глазами востоковеда» [13] және Б.Ахмедовтың «Государство Кочевых Узбеков» [14] деп аталатын еңбектерінде Қазақ хандығының тарихының дерек көздері болып табылатын шайбанидтік, тимуридтік, аштарханидтік деректерін пайдаланып, толық зерттеп жазды.
Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы халыққа жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту туралы тапсырмасы қоғамдық санада жаңа бір сілкініс туғызды [2]. Елбасы бастамашы болған «Мәдени мұра», «Тарих толқынындағы-Халық» атты мемлекеттік бағдарламалары арқасында жарық көріп отырған жәдігерлеріміздің руханиятымызды байытары хақ. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда тарихи-мәдени және құқықтық мәдениетіміздің дамуына үлес қосатын мыңдаған жинақтар, шығармалар жарық көрді.
Б.Кәрібаев пайдаланылған материалдарда[15] басқа еңбектердегі материалдармен салыстырғанда басты тақырыптар мен олардың материалдары бұрынғы оқулықтарда кездеспейтіндігімен ерекшеленеді. Оның еңбегінде соңғы жылдардағы қазақ халқының қалыптасуына байланысты тарихнамада қол жеткізілген жаңа тарихи білімдер енгізілген. Қазақ халқының қалыптасуы секілді өзекті тақырып жаңа оқулыққа мол көлемде берілген. «Қазақ хандығының құрылуы» атты тақырыптағы еңбегінде көлемі жағынан көбірек, мазмұны жағынан тереңірек және соңғы зерттеулердің материал-дарына негіздеп берілген екен.
Қазақ хандығының құрылуы туралы Б.Кәрібаевтің «Қазақ Үні» газетінде «Қазақ хандығы-ұлттық мемлекетіміздің негізі» деген мақаласында [16] Қазақ хандығының құрылуына негіз болған объективті алғышарттарды атап көрсетеді.
Тарихнамалық шолу рәсіміне сәйкес Қазақ хандығының сипатына баға беріп, өз көзқарасын білдірген ғалым Талас Омарбеков Қазақ хандығы өзінің сипаты жағынан авторитарлық және аристократиялық мемлекет болды деген көзқарасты айтып қазақ қоғамындағы биліктің ұйымдастырылу формасына тоқталады [17;7]. Екінші бір көкейкесті мәселелердің бірі алғашқы Қазақ хандығы құрамындағы ру-тайпалар туралы ойлар Зардыхан Қинаятұлының пікірінде көрінеді. Онда ол «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» - атты монографиялық еңбегінде бұл туралы мәселеге концептуалды өзгеріс қажет екендігін айтады [18;15].
Жалпы Қазақ хандығының тарихына аса үлкен көңіл бөліп, иллюстративті шағын кітап жазып шығарған тарихшы Тұрсын Сұлтановты да ерекше айтуымызға болады[19]. Онда тарихшы сонау Шыңғыс ханның ұрпақтарының Қазақ хандығының құрылу кезеңі мен жағдайына «қазақ» терминінің қалыптасуына Қазақ хандығының нығайуы кезіндегі билеушілердің саясатына және оқиғаның саяси тарихына тоқталады[19;154].
2015 жылы 24-25 наурызда Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік педагогикалық институты ұйымдастарған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Қазақ хандығы - Мәңгілік Ел идеясы: тарихи тағдыры мен тағылымы" атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізді[20]. Конференция материалдарында Керей мен Жәнібекті Қазақ хандығының негізін қалаушы ретінде ғалымдар Ә.Дербісәлінің мақаласында кеңінен мәлімденген[3,16-21 бб]. Сонымен қатар, Б.Кәрібаевтың мақаласында да көрініс тапқан[21,36-41-бб]. Тарихшы Б.Исабектің оқу құралында да Қазақ хандығы туралы мәліметтер кездеседі[22]. Ал жазба деректерден басқа халық ауыз әдебиетінің матер-иалдарында да Қазақ хандығының құрылуы көрініс береді. «Бабалар Сөзіне» енген «Ақжол бидің өлімі»- жөніндегі тарихи аңыз – әңгімеде [23] Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуінің себептері, екі ханды қолда-ған қазақ ру-тайпалары туралы құнды мәліметтер кездеседі.
Зерттеуші И.В.Ерофееваның «»Казахские ханы и их династии» атты [24] еңбегінің тақырыпқа қатысты маңызы зор деп есептейміз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Қазақтардың тұтас ұлт, өзіндік ел халқы ретінде пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың кең-байтақ аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістердің даму қорытындысы болды. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің даму тәжірибесі қалыптасып келе жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі қажет екенін түсінуге жәрдемдесті. Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуіне итермелеген жағдаяттар мен өз алдына хандық құруға себеп болған саяси ахуалды меңгеруді жұмысқа басты мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға әрекет жасалды:
- Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректерді көрсету;
- Қазақ хандығының құрылу тарихының зерттелуі деңгейін пайымдау;
- Қазақ хандығының құрылуының барысы мен кезеңдерін көрсету;
- ХУ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының дамуы деңгейін айқындау;
- Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр хандығынан бөлінуінің себептері мен маңызын талдау;
- Керей мен Жәнібектің шығу тегі және қазақ хандығының негізін қалаушы хандар екендігін көрсету;
- Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын пайымдау.
Диплом жұмысының теориялық негізі. Тарих ғылымының даму барысында еліміздегі Қазақстан тарихы мәселесінің ірі зерттеу орталықтары қызметінің нәтижесінде және қазіргі замандағы Отандық алдыңғы қатарлы тарихшылардың басты еңбектері негізінде қалыптасқан тұжырымдар жиынтығы болып табылады.
Зерттеу методикасы. Зерттеу объективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмалылық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді.
Диплом жұмысының мерзімдік шегі. ХV алғашқы жалдарынан соңына дейінгі Қазақ хандығының құрылуы және дамуы кезеңін қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тарау және алты тақырыптан, қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І XV Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
