- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық-әлеуметтік дамуға сай қоғамдық ой-сана мен озық идея сан-алуан ӛзгеріске ұшырап, жаңа ӛрлеуге бет алды. Бұл әдебиетке де ӛз әсерін тигізбей қойған жоқ. Жаңа ғасыр ӛрінде дүниеге келген түрлі бағыттардың ішінде ағартушы-демократтық бағыттың орны ерекше. Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ӛркендеуіне ӛлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ әдебиетін шын мәніндегі ӛнери жазба әдебиет деңгейіне кӛтеріп, ӛмір, дәуір сырын шынайы сипаттап, терең ашуға ұмтылды. Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың білім деңгейлері түрліше сипатта болып келеді. Кӛбі сауатын қазақша-жаңаша (жадидше) оқумен ашып, кейін орыс мектептерінде оқып, дүниелік ғылым-білімнен молынан хабардар болып ӛсті. Олар негізінен орыс-батыс әдебиетіне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талаптанды. Жазушылықпен бірге қоғам қайраткері ретінде де танылып, ұлтының ертеңі кӛбірек толғандырды. Қоғамдағы саяси ӛзгерістерді де жіті танып, соның нәтижесінде қазақ қоғамына қажетті жайларды дұрыс бағ-дарлай алды. Бұл бағыттағы ақын-жазушылар ӛз шығармаларында ағар-тушылыққа үндей отырып, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді де кӛре білді. Сӛйтіп демократиялық ой-пікірлерді алға шығарды. Қоғамдағы қайшылықтарды құрғақ сынап қоймай, әрқайсысы әл-қадарынша оның кесір-кесапатын жоюдың ӛзіндік жолдарын ұсынды.
Қоғамдық-әлеуметтік ӛмірді, замана 139 сипатын, дәуір шындығын кең кӛлемде суреттеуге ұмтылудың нәтижесінде қазақ әдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына ӛлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл бағыттағы ақын-жазушылар қазақ арасындағы ілгершіл қоғамға жат ескілік қалдығын, теңсіздікті, отаршылдық саясатты аяусыз сынады. Халықты оянуға, мәдени шаруашылық жақтан жетілуге, еңбекке, оқуға, алдыңғы қатарлы елдер мәдениетінен үйренуге, отырықшылдыққа, қала салуға үндеді. Әлеуметтік теңсіздіктің басты кӛрінісі ретінде әйел теңсіздігін алып, ӛздерінің негізгі шығармаларына осы тақырыпты арқау етті. Олардың жазба әдебиетті ӛркендету мақсатындағы жанрлық ізденістері жазба әдебиеттің құр еліктеу дәрежесінде қалып қоймай, ұлттық тӛл әдебиетіміздің қалыптасуына жол ашты. Сӛйтіп жазушылық қол таңбалары айқындала түсіп, әрқайсысының ӛзіндік тақырыбы, ой-пікірі, стилі, ӛзіне ғана тән шеберлік мектебі қалыптасты. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы шын мәніндегі сыншыл реалистік дәрежеге кӛтеріліп, дүние құбылысын кең, терең негізде ашты. Бұл бағыттың ӛкілдеріне таза әдеби шығармашылықпен айналысып, кәсіптік деңгейдегі жазушылық шеберлікке кӛтерілген Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Сералин, С.Дӛнентаев сынды ақын- жазушылармен бірге шығармашылығы ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз байланыста ӛрістеген С.Кӛбеев, Б.Ӛтетілеуов, Т.Жомартбаев сынды тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын- жазушылар да жатады.
Спандияр Кӛбеев (1878-1956). И.Крылов мысалдарынан аударған “Үлгі тәржіма” жинағының ағартушылық, әдеби-мәдени маңызы ӛте жоғары. Аудармасының кӛркемдік-тұрғыдан ӛзіндік жетістіктері бар. “Үлгілі бала” жинағының оқу құралы, хрестоматия ретіндегі маңызы ӛте зор. Спандияр Кӛбеевтің 1913 жылы жарық кӛрген “Қалың мал” романы қазақ кӛркем прозасындағы елеулі табыс болып саналады. Романның тақырыбы – әйел теңсіздігі. Романда ескіліктің қалдығына саналатын әдеп-ғұрыптар ӛткір сыналады. Шығармада әлеуметтік теңсіздік айқын кӛрініс тапқан. Романдағы басты кейіпкер Итбай бейнесі – сатиралық типтік образ. Оның сыбайластарының бейнесі де осы жолмен ашы-лады. Романда жаңа қоғамның жаңа адамдарының бейнесі де сомдалған. Басты кейіпкерлердің бірі – жаңашыл бейне Қожаштың күрескерлік іс-әрекеттерінің мәні ӛте зор. Ӛз бас бостандығы жолындағы күресте шыңдалған қазақ қызы – Ғайша образы сол тұстағы реалдық ӛмір шындығына сәйкес сомдалған. Ғайша арқылы теңдікке ұмтылған қазақ қыздарының типтік бейнесі жасалады. Ғайша мен Қожаш 140 бейнелері жаңа заман ағымымен үндесіп, жастар санасын оятуда үлкен міндеттер атқарды. Романның жанрлық талаптарға жауап беруі, әрине, толымсыздау. Роман құрылымы, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді сомдаудың шынайылығы, кӛркемдік шындық нанымдылығы жағынан да жанр талабына толық жауап бере алмайды.
Тайыр Жомартбаев (1984-1937). Абай елінде туып, Абай ӛлеңдерімен ерте танысып, Абай ӛнегесінен үлгі алып ӛскен. Жастайынан Абай поэзиясына сусындап, “болмасаң да ұқсап бақ” үлгісімен еліктеп ӛлең жаза бастаған. Есейе келе қазақтың басқада ақын-жазушыларының, орыс классиктерінің шығармаларын оқып-үйренеді. “Ғалия” медресесінде оқыған. 1912 жылы Семейдегі “Жәрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” жинағы, “Қыз кӛрелік” ұзақ әңгімесі басылып шығады. “Балаларға жеміс” жинағының басты тақырыбы – оқу-білімге, ӛнер- ғылымға шақыру. Оның ӛлеңдерінің кӛбі тікелей балаларға арналып жазылып, онда оқудың мәнін түсіндіру басым болып келеді. Ӛлеңдерінің кӛбі (“Мектеп ішінде”, “Мектепке шақыру”, “Балаларға насихат”, “Балаларға ӛнеге”) Ы.Алтынсарин шығармаларымен үндесіп жатады. “Иждиһатты бала”, “Жалқау бала” ӛлеңдерінде балалардың ӛз ӛмірінен ала отырып, салыстырмалы образдар арқылы жақсы мен жаман айырмашылығын ӛте әсерлі бере біледі. Ол Л.Толстойдың балалар тақырыбына жазған ӛлеңдерін де аударған. Т.Жомартбаевтың “Қыз кӛрелік” атты ұзақ әңгімесі бар. Басты кейіпкер – Ғайникамалды білімді, оқыған жан ретінде бейнелеп, сол арқылы жастарды оқу-білімге үндейді. Кӛзі ашық Ғайникамалдың ӛз құрбыларын қараңғылық торын бұзуға, оқу мен ӛнерге шақыруы арқылы жазушы ескілікке, қалың малға қарсы күресте басты қару оқу-білім екендігін дәлелдеуге тырысады. Бұл ұзақ әңгіменің ӛзіне тән кӛркемдік-эстетикалық жетістіктері баршылық.
Сәбит Дӛнентаев (1894-1933). Кереку ӛңірінде дүниеге келген. “Уақ- түйек” (1915) - алғашқы ӛлеңдер жинағы. Поэзиясының басты тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік. Ақын ӛлеңдерінде сыншыл реалистік сипаттар басым келеді (“Заман кімдікі”, “Бозторғай”, “Менің жайым”). 1917 жылғы февраль революциясын шынайы түсінді (“Бостандық”). Ақынның шығармашылық ғұмырнамасын дәуірлеудің басты белгісі – ақынның кӛзқарас эволюциясы. Абай мен Тоқай және орыс, батыс классиктерінен үлгі-ӛнеге алып ӛскен. Шығармашылығының басты бағыты – ағартушы-демократтық бағыт. 1920 жылға дейінгі аралықтағы поэзиясында ұлтжандылық сарын бар (“Адасыппыз”, “Сарыарқа анамызға” т.б.). Кеңес дәуіріндегі ірі ӛзгерістерді де поэзиясына арқау ете білді. Сәбит қазақ поэзиясындағы мысал жанрының дамуына айтулы үлес қосты (“Бозторғай”, “Ыбылыс пен шайтан”, “Ауырған Арыстан”, “Екі теке”, “У 143 жеген қасқырға”, “Кӛзі тоймайтын ит” т.б.). Ақын мысалдарының тақырып ӛзегінің арналары әралуан. Ақынның шығармашылығынан ӛлең-фельетондар да орын алады. Сәбит публицистикасының тақырып ауқымы ӛте кең. “Кӛркемтай” атты әңгімесінің кӛркемдік жетістігі айтарлықтай. Кеңес тұсында біраз шығармашылық ізденістерге барды. Алғашқы тұста біраз тосылып, 1924 жылдан бастап шығармашылық белсенділігі арта түсті. Революция жеңістерін, кеңес ӛкіметі әкелген жетістіктерді жырлады. С.Дӛнентаев поэзиясында ӛзіне тән ойшылдық сипаттар да кездеседі (“Қиял”, “Ой”). Ақындық қолтаңбасының ӛзіндік ерекшелігі ретінде оқиғалы шағын ӛлеңге шеберлігін айтуға болады. Шығармашылығында негізінен сыншыл реализм бой кӛрсетеді. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде Сәбит Дӛнентаевтың ӛзіндік орны бар.
Мұхамеджан Сералин (1872-1929). Қостанай облысында туып ӛскен. Мұхамеджан Сералин – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, кӛрнекті ақыны, танымал кӛсемсӛзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның (“Топ жарған” (1900), “Гүлкәшима” (1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. М.Сералин ӛлеңдері қазақ ӛмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.). “
Тарихи шындықты, нақты ӛмірді тың теңеу, кӛркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні ӛте зор. М.Сералиннің “Гүлкәшима” атты шығармасы (1903) – қазақ ӛмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау болып табылады. “Гүлкәшима” поэмасы – махабатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет деңгейінде жазылған, ӛмір шындығын нақты кӛрсететін шынайы кӛркем туынды. Поэмада жекеленген бӛлімдердің жүйелігі мен тұтастық желісі бар. Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағамбет) ӛлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада еркіннен айрылған адал жардың сезім тазалығы жырланады. Шығарма 144 сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде құрылған. Оқиғаның ӛрбуі кӛбіне хат арқылы беріліп, авторлық кӛзқарас арқылы түйінделіп отырады. Поэманың публицистикалық сипаты басым. Онда ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері де кездеседі. Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең кӛрініс тапқан. М.Сералиннің “Гүлхашима” поэмасы ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясының ірі табысына саналды.
М.Сералин – кӛсем-сӛзші ретінде ӛзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы іс-әрекеттерінде М.Сералиннің басшылық қызметінің әсері мол болды. Ӛзінің жеке мақалаларында (“Аштық хаһында”, “Ке-лешек заманымыздың қамы”, “Қазақ халқының мұң- мұқтаждығы”, “Қазақ жастары”, “Отырықшы болған қазақтар туралы” т.б.) қазақ қауымын” жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді нақты кӛтерді. Мақалаларында тілдік тұрғыдағы жетістіктер де кездеседі. М.Сералин жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының кӛрнекті санаткерлерінің қатарына кӛтерілді.
Шәкәрім шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі бірегей құбылыс. Абайдың ақындық мектебінен тағылым алады. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша һәм орысшы ғылымға жүйрік һәм Аллланың берген ақылы да бұл қазақтан бӛлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім» (Шәкәрім). Ақынның ғажайып білімі М.Мағауин тілімен айтқанда «Тұрандағы мәдени оазис болатын». Шәкәрім кітапханасы да кітап қорының молдығымен таң қалдырады. Діни білімі, философиялық ой- толғанысының тереңдігін «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» еңбектері айқындаса, қазақ шежіресінің білгірі болғанын «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі», «Қазақтың түп атасы» мұрасы кӛрсетеді. «Үш анық» философиялық трактаты адамзат баласының рухани дамуындағы кең ӛрісті дүниетанымдық арналарды қамтыған, оларды ой елегінен бағамдауға тырысқан ізденіс арнасы ӛте кең қазақ философиясындағы бірден-бір туынды» (Б.Рахымжанов).
Ақынның саяси-әлеуметтік лирикасының басты ӛзегі, негізгі күретамыры отаршылдық езгідегі ұлт тағдыры, адам бойындағы жағымсыз қасиеттер «Қазағым», 24 «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Еріншек», «Ескіден қалған сӛз теріп», «Сәнқойлар», «Анық пен танық», «Шаруа мен ысырап» ӛлеңдерінде кӛрініс тапты. Ӛз дәуірінің шынай шындығын жырлап, ұлт тағдырындағы күрмеуі қиын жағдайларын кӛре білді. Адам бойындағы кесір-кесапатты сынап қана қоймай, оған ӛз үкімін айтты. Айналасына ой тастай сӛйледі. Бұл ӛлеңдерінде де Абай дәстүрін ұстанып, жұртшылық санасындағы кейбір керітартпа мінездерді аяусыз әшкерлеп, халық ар-намысын оятуға күш салды. «Мінін айтып қазушы ем, Түзетпек боп елімді» («Ашу мен ынсап»), «Бояу мақтан бола ма Ішімізді нұр қылмай» («Шаруа мен ысырап») деп білген ақын адам бойындағы ар-ождан, ынсап, мейірім сынды ілкі қасиеттерді дәрептейді. Мәселен, «Арамды адал десе кім болады? Қазақтың сӛзі қашан шын болады
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы еркін қоғам туралы асқақ арманға қанық. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм мен Отанға деген махаббатқа тәрбиелеудің адамзаттық мәніне ие.
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін».
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Әубәкір кедей болған, бірақ хат таныған адам. Бір жасында анадан айырылып, жетімдікті көріп өседі. Қуанышсыз балалық шақ, жартылай аш өмір — осының бәрін Сұлтанмахмұт басынан өткерді. Хат тануды ол әкесінен, кейін (1902-1907) молдадан үйренді.
Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы “Адасқан өмір” поэмасы, XX ғ. басындағы қазақтың іріп- шіріген билеуші табының ескен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн кетерген “Қамар сұлу” шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы – оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті [1, 56-б.].
Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы – өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.
