- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы әдебиет әр қилы көз-қарасты, сан алуан бағыттарды топтастырған, көп қырлы әдебиет. Қазақ қоғамы бұл тұста ауыр әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешкені анық. Бұл жағдай ұлттың алдыңғы қатарлы перзенттерінің – оқыған азаматтарының әр түрлі көзқараста өсіп жетілуіне әсер етті. Қоғамдық ахуалды бағалаудығы түрлі көзқарастың әсерінен, қалыптасқан түрліше дүние таным ықпалынан әдебиеттегі сан салалы ағымдар келіп шықты. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы әдебиет қолданған әдеби тәсіліне ұстанған бағыт – бағдарына қарай танылмай жүр деуге келмейді. Сөйтседе, Қазан төңкерісіне дейін қаншама кітаптар шығарған қазақ шығыс әдеби байланысына тікелей әсер еткен біршама қаламгерлердің туындылары әлі күнге дейін қолжетімсіз күйінде қалып отыр. Өз ұлтымызды өзіміз тануға толық мүмкіндік болып жатқан кезде, бұл дәуірдегі ірілі-уақты ақын, жазушылар жаңа көзқараспен қайта қаралып, дұрыс бағалануы керек. Сондай жаңаша бағалап, бағамдауды қажет ететін әдеби ағым өкілдері - кітаби ақындар. Бұлардың алды елуден асса, соңғылары төрт – бестен дастан жазған ерекше дәстүрлі өзгеше ағымдағы ақындар.
Кітаби ақындар қоғамдағы ауыр саяси - әлеуметтік дағдарыстың себебінен дүниеге келген жаппай орыстандыру, шоқындыру белсенді жүргізіліп, халықтың рухани байлығына шабуыл жасалып, халықтың ғасырлардан келе жатқан сенімі шайқалып, тұрған тұста, сол суық ызғарды замандастарынан күн ілгері біліп, оның зардабын жан –жүрегімен сезініп, орысшылдыққа түрікшілдікті, шоқындыруға ислам дінін қарсы қару етіп күреске шыққан ақындар - осы біз сөз ететін кітаби ақындар. Бұл ақындарды өздері өмір сүрген кезеңінен бөліп қарауға болмайды. Олар өз дәуірінде қоғам қажеттілігінен туған, өз кезегінде міндеттерін адал орындаған ағартушы ақындар. Бұл ақындардың қай – қайсысы да білім алуды насихаттады. Білім алудың мағынасын тарылтып, жіберген соңғы жылдары бұл бағыт білім көзі деп мойындалмады. Бұлар жастарға, жалпы халыққа білім таратушылар, білім алуды, адалдықты, адал еңбекпен мал табуды, рухани тазалықтты насихаттаушылар. Рухани тазалықтың құралы - ислам моралі деп түсіндірілді. Исламның аты аталып, Алла мен пайғамбар сөз болған соң-ақ, бұл ақындарды халықтан алыстатуға күш салынды. Оларды идеялық әдеби көзқарасына қарай емес, саяси тұрғыда бағалау басым болды.
Әдебиетте саясаттандырудың салдарынан көп жылдар ғылыми-зерттеу нысанасына айналмады. Қисса-дастан мәселесінің жалпы жағдайлары М.Әуезов (1959;1991), С.Мұқанов (1974), Е.Ысмайылов (1956; 1968), Қ.Жұмалиев (1958), Б.Кенжебаев (1973;1976), М.Ғабдуллин (1974), Б.Шалабаев (1961), Х.Сүйіншәлиев (1986) еңбектерінде сөз болды.
Сондай-ақ М.Бөжеевтің, М.Бөжеев – З.Ахметовтің [3-1/2том.], М.Ғұмарованың [3-1том] зерттеулері осы мәселені алғаш көтерумен құнды болды. Ә.Қоңыратбаев [4], Ы.Дүйсенбаевтің [5] еңбектерінде жүйелене бастады. Қиссашы ақындардың бірі Шәді Жәңгірұлының шығармашылығын Н.Келімбетов аранайы зерттеу тақырыбына айналдырды [6]
Бұған елдегі саяси ахуал тікелей әсер етті. «ХХ ғасыр басында олардан қалған мұра 120 поэма еді »,[12-241] - деп М.Әуезов айтқан сол әдебиет қазіргі күнге дейін, өз деңгейінде танылып болған жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеуде, жете зерттеліп, әрі толық, лайықты орындарын таба алмай жүрген кітаби ақындар біршама. Олар: Ақылбек бин Сабал (Ақылбек Сабалұлы Тұрабаев), Шәді Жәңгіров, М.Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламов, Оразмолда, Баймұханбек Бейсенов, Мағаз Батырғалиұлы, Кашафуддин бин Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ғали Махмұдов, Нұржан Наушабаев, Ақмолла, Есенмолла, Абубакир, Ахмет Оразбаев, Жанұзақ, Тұрмағанбет Ізтілеуов т.б. аттары аталмаған яғни аттары көпке мәшһүр емес осы ақындарды бір мақамға салып, «ескішіл бағыттағы ақындар» деп сипай өте шығып жүрдік»,- [12-290] дейді ғалым Ө.Күмісбаев. Бұлардың ішінен Ш. Жәңгіров, Н. Нысанбайұлының шығармашылығына арналған диссертация қорғалды. Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса және Н.Нысанбайұлы, Ергөбек ақындар шығармашылықтарын топтастыра сөз еткен еңбекте жарық көрді. Әбубәкір Кердері, Ақмолла шығармашылықтарыда зерттелді. Қалғандары - ақындар шоғырының ішінде аттары аталғаны болмаса, тікелей зерттелмей, тың жатқан дүниелер.
XX басында кітаби тіл дәстүрінде жазуды ұстанған Ш.Жәңгірұлы, М.Қалтайұлы, Н.Наушабайұлы сияқты ақындар болды.Демек, көнетүркілік негізде дамыған кітаби тіл дәстүрі қазақ әдеби тілінің барлық кезеңдерімен жанамалас сақталып отырды деуге болады. Аталған ақындар бірқатар оқулықтарда кітапшыл, діншіл, ескішіл бағыттағы ақындар ретінде көрсетілген. Мұны кеңестік саясаттың нәтижесі деуге болады. Себебі: олар алғаш Қазақстанда капиталистік қарым-қатынастардың өркендеуі нәтижесінде, соның прогресшіл әсерімен оянды, әдебиет майданына келді. Алғашқы кезде прогресшіл болған жаңа оқуды ұсули – жәдитті жақтады, ел арасында соны барынша дамытуға әрекет істеді, жаңа ережемен жазылған кітаптар шығарып таратты, нағыз шын мағынасындағы ағартушылар болды.
Бұл ақындар Шығыстың ертедегі үлгі әдебиетінен нәр-азық, тәрбие-үлгі алды. Өздерінің шығармаларын соның дәстүрі бойынша қисса,дастан, мысал түрінде жазды. Жалпы ізгілікті, адамгершілікті, ұлт қамын насихаттады.
Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы – 1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактик. үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Замананың қалпына айтылған сөз”, “Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13 жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың баяны”, т.б.). Наушабаев шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Наушабаев тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш “Манзұмат қазақия” (1903) кітабында, кейін “Айтыс” жинағының 2-томында жарық көрді.
Т.Ізтілеуовтің шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды. Ақынның сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», тағы басқалары жатады. Сондай-ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты.
Т.Ізтілеуов бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі - топтық өнер жарысын қалыптастырды. «Алты ақынның өмірі туралы айтысында» поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың түрлі қасиеттеріне теңестіріліп жасырылады. Т.Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. «Тұрмағамбеттің өзіне тән бір жаңа жанрды атауымыз керек. Ол - Тұрекеңнің өзге ақындардың айтыстарына айтқан аралық сөздері» дейді бұл туралы академик М.Қаратаев. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді. Ақын 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т. б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем - Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем - Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті Қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Т.Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, «Назым» деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Ізтілеуовтің «Рүстем - Дастанын» жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. Ұ.Жаңбыршиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады. Ақын қолжазбалары Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен кітаби қаламгерлердің басты әрі шығармашылық, әрі ағартушылық мақсат-мұратының басты қазағының бірі діни шығармалар тудыру болғанын жоғарыда айтып өттік. Сол секілді осы кезеңде, осы тақырыпта шығармашылық еткен, мол өнім берген шайырымыздың бірі –Шәді Жәңгірұлы.
Оның "Қарунның жер жұтқан уақиғасы" Ташкент, 1896, "Хикаят Халифа һарун Ар-Рашид", Ташкент, Хайар қиссасы, Қазан 1910, "Хикаят Қамар-уз-Заман", Ташкент 1910, "Қисса-и Балғали Бағур", Қазан 1910, «Назым сияр шәриф" Ташкен 1913 секілді көптеген шығармаларды Ташкент, Қазан қалаларында, Орынборда басылым көріп отырған. Оның жырлаған тақырыптары дін, діни қайраткерлер өмірі, "Мың бір түн" ертегілері, "Шаһ нама" жырлары, қазақ тарихына қатысты уақиғалар т.б. болды. Оның "Абылай" дастаны 1991 жылы Алматыда басылған "Абылай" жинағына енді. (Алматы, 1995), "Ибраһим пайғамбардың хикаяты", (Алматы, 1999) секілді шығармалары қайта басылып шықты. Шәді төренің діни шығармаларының ішінде оқырман қауымынан ерекше ілтипат, ықылас көрген шығармасы Мұхаммед пайғамбардың өмірі, діни қайраткерлік жолын жыр еткен «Назым сияр шәриф" болса керек.
Кітаби ақындардың үлкен бір өкілі-Мақыш Қалтайұлы (1869-1916).Мұсылманша, орысша сауатты болып, медреседе бала оқытқан. Жасынан өлең жазып, кейін өлеңдерін кітап етіп бастырған. Алғашқы кітабы «Насихат қазақия» (1907) Қазан қаласында басылып шыққан. Мұнан соң ақынның «Қалтайұлының қазақ ахуалын бәйіт еткен манзұмасы» (1909), «Қазақ айнасы» (1909), «Тура жол» (1912), «Бар оқиға» (1913) атты өлең кітаптары қатты сынға алды.
Кітаби ақындарының енді бірі – Ақмолла.Өз уақытындағы қазақ, башқұрт, татар әдебиеттеріндегі ірі тұлғалардың бірі, ағартушы. Ақмолланың көп өлеңдері қазақ халқына арналған. «Қазаққа өлең жаздым ашық қылып» дейді. Ақынның «Мәрсия», «Жоқтай»(1982), «Ақмолла»(1904), «Мәшһүр шаһир» т.б.кітаптары бар. Ақмолланың өлеңдерінің көпшілігінде замана ағымы, қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі, хал-жайы, оқу-өнері, дін туралы , мінез-құлық туралы жазылған. Ақын қазақ арасындағы ру-ақсақалдық, бектік қарым-қатынас қалдықтарын сынап – мінеуге арналған. Халықты оянуға, ілгері ұмтылуға үндейді. Шығармаларының дені 11 буындық қара өлең үлгісімен жазылған. Мақыш Қалтайұлы және Ақмолла шығармаларының тіліне байланысты жекелеген мақалалардан басқа зерттеулер жоқтың қасы.Аталған ақындар шығармаларының сөздік қорына тоқталсақ, кейбір шет тілдерден алынған сөздерден басқасы күмәнсіз қазақ тілі. Шет тілдерден енген сөздердің көпшілігі діни ұғымға, халықтың рухани өміріне байланысты сан алуан болып келеді. Мысалы: Нығмет, медресе, мешіт, мұсылман, ғибадат, фәнде, ынсаф, мүсілім, падиша, хұдай, хайыр, пайғамбар, әмір, рахат, ғазиз – бұл сөздердің көпшілігі жазуға байланысты ауысып келген араб-парсы тілдерінің элементтері. Олардың көбі бүгінде қазақ сөздерімен етене болып бірігіп,біте қайнасып кеткен сөздер.
17.Әкрам Ғалимовтың шығармашылығы
