- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
«Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген.
7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиеті да жағдайына әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандык үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін коскан казақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыкқа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық кызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913—1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады.
15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы 1918 жылдың аяқ кезінде жазылған. «Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Сұлтанмахмұт бұл поэмасында жалпы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің шеңберінен шығып, бүкіл капиталистік қоғамға тән әділетсіздік жайын толғайды. Азғындап бара жатқан қоғамның белгілерін танып, адам баласының теңдікке жетуін, өз еңбегімен күн көретін, өз өнерін халық игілігі жолына жұмсайтын кезін – бақытты өмірді аңсайды. «Адасқан өмір» поэмасы бес бөлімнен тұрады. Бұлардың бірі – адамның сәби шағын, екіншісі – жігіт шағын, үшіншісі – ұлғайған, тоқтаған кезін, төртіншісі – кәрілік кезін, бесіншісі – өлген мезгілін суреттейді. Адам өмірінің барлық кезеңін қамту арқылы ақын өзі өмір сүрген қоғамның шынайы бет-бейнесін танытады. Поэма лирикалық кейіпкердің атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер арқылы бұл өмірдегі әділдік пен әділетсіздіктің жауабын іздей отырып, философиялық ой түйеді. Адам өмірі жамандық атаулыдан бейхабар кіршіксіз таза сәбиліктен басталады. Сәби шақта алдау, арбау, қайғы, дос, қас, бай, кедей, күшті, әлсіз дегендердің ешқайсысын білмейді. Оның көзқарасын қалыптастырып, өмірге бейімдейтін орта – қоғам шындығы. Поэманың лирикалық кейіпкері жігіт болып ес жиған кезде өз ортасынан ыңғайлы кәсіп, өз мақсаты мен халық мүддесін қабыстыратын пайдалы еңбек жолын таба алмайды. Ол бай болуды да, әскер басы, ғалым болуды да таңдап, байқап көреді. Бірақ капиталистік қоғам жағдайында осының ешқайсысынан да өз басына қажет азаттық пен әділетті таппайды. Лирикалық кейіпкердің соңғы арманы – ғалым болу. Ол адам өмірі ұзақ болса, жастықтың құпиясын ашсам деп армандайды. Бірақ ол адамды адам қанайтын қоғамда ғылымның табысы халық игілігіне аспайтынын байқап, одан да безіп шығады. Лирикалық кейіпкер «негізгі іс» – әділдік іздеуге тоқталады. Бұған Сұлтанмахмұт «ар азығын» күшейту үшін ғылым мен білімді таратуды, елді ағартуды өзінің мақсат-мұраты деп жауап береді. Поэманың соңғы бөлімдерінде («Мен тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік») ақын адам өмірінің осы кезеңдердегі ерекшеліктеріне, өмір ағымындағы орнына көңіл бөледі. Поэманың бұл бөлімдерінде Сұлтанмахмұт адамның қоғамнан «қартаймайтын, өлмейтін орын табуын» сөз етеді. Бұл адамның ғұмырын мағыналы кешуі, келешекке пайдалы іспен мұра қалдыру деген сөз. Ақын осы негізде қоғам мен адам арасындағы қайшылықты терең ашады. «Мен тоқтадым» деген бөлімінде адам өмірінің сан алуан тосқауылына жауап – әділет деп нақты қорытады. Жалпы алғанда, «Адасқан өмір» – ескі құрылыс жағдайында іздеген бақытын таппаған адамның трагедиялық күйін шебер суреттеген, жарқын болашақтың қалай қалыптасу қажеттігін ашып көрсеткен мағыналы туынды. Ақын осы орайда адам өмірінің адасушылық себептерін, оның өмір сүріп отырған қоғамымен бітіспес қайшылыққа ұшырасуын ерекше ұтымдылықпен суреттейді. Романның көркемдік жүйесі де реализмге негізделген. Автор шығарманы оқиға мен тартысқа құрып, сол дәуірдің сырын, оның адамдарын тәп-тәуір суреттейді.
«Адасқан өмір» Сұлтанмахмұттың әрі аса көрнекті, аса көркем, әрі аса терең мағыналы шығармаларының бірі. Мұны ол бұдан 27 жыл бұрын, 1918 жылы жазған. Сонда да дәл бүгін жазғандай. Ақын-жазушының былайғы, қарапайым адамнан өзгешелігі – терең пікір, аталы сөз айту, ойды, сөзді тауып айту, теңеу, салыстыру арқылы қыйсынды, күшті етіп айту, қай кезде болсын, барлық адамның болсын басында болатын мінез-қылықты, хал-жайды, ой-пікірді, көңілге қонымды етіп суреттеу болады. Ақын-жазушының күші, шығармасының құны осыған қарай бағаланады.Сұлтанмахмұттың шығармаларын әсресе осы «Адасқан өмір» деген дастанынан күшті ақын-жазушы да, құнды шығарма да болуға тиісті бұл хасиеттердің бәрі де табылады. сұлтанмахмұт бұл дастанында өзінің дүниеге, қоғамға көзқарасын айтады, айтқанда оны өзінің затшылдық материалистік жөнімен түсінетінін ашық аңғартады.
«Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым.
Адасқан өмір 5 бөлімне тұратын поэма. Бірінші бөлім «Мен бала» деп аталады. Бұл бөлімде адам баласының күнәдан таза, періште шағы, сәби кезі сөз болады. Жас сәбидің ойының, көңілінің пәктігі, қастық, қайғы, алдап-арбау, айла, қулықтан бейхабарлығы, бай-кедей деп ажыратпауы, кәрілікті, өлімді білмеген балалық кезеңі туралы жырлайды. Екінші бөлім «Мен жігіт».15-30 жас аралығындағы жігітшілік дәуренін, алдында толған мақсат, толған таңдау тұрғандығы жайлы жырланады. Бұл бөлім негізгі бөлім болып саналады. Алғашында бай болғанның несі бақыт екені, байлықты қара басының қамы үшін емес медресе, мектеп үшін жұмсап артыңнан жақсы деген ат қалдырған дұрыстығын, бірақ адал еңбекпен баюдың оң еместігін, біреу байыса, біреу кедейленетінін айта түсіп одан да барына қанағат етіп өмір сүргенім артық деп түйеді. Сосын әкім болу жайы қозғалады. Әкім болу үшін таптық мәселесі кедергі жасайтындығын айтады. Әкімдер байлардың қолшоқпары деп, ел билеуден де бас тартады. Содан кейін атақ-даңқ сөз етіледі. Шыңғыс хан, Бонапарттай ел жауласам атағым әлемге жайылса дейді. Бірақ ел бір күні қудалап бітеді деп бұл ойдан бас тартады. Ғалым болып еліме пайдам тисе дей тұрып бірақ пайдасын байлар көреді деп бұл пікірден де бас тартады. Соңынан ең маңызды іс деп әділдікті таңдайды. Үшінші бөлім «Мен тоқтадым». Әділдік орната алмағанына көзі жетіп, жастық жалынының сөне бастағанын айтады. Төртінші бөлім «Мен кәрі».Өмірінің бос кеткеніне өкініп, адамзатқа берген ештеңем жоқ, артымда қалар мұра, жақсы атым жоқ деп қынжылады. Бесінші бөлім «Мен өлік». Топырақ қойнына ендім, ұмтылдым, жұрт жоқтығымды да сезбейді деп аяқтайды.
Поэманың «Мен» деген бас кейіпкері анонимдік бір ғана образ, ақын геройдың іс-әрекеттерін емес, көбіне ойларын, арман-қиялдарын ғана баяндайды. Эпикалық емес, көбіне лирикалық кейіпкер ретінде көрсетілген. Өйткені бұл поэмалардың тақырыбы жеке бір проблема емес, қоғам өмірінің тұтас алынған экономикалық, таптық-идеологиялық қайшылықтары болып келеді. Бұл поэманың реалистік сипатына тән белгілер.
Мен – жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп бересі, аласымда.
Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын мынасын ба, анасын ба? –
дейді «мен». Жігіттік шағында «меннің» байлыққа ие боп нашарлардан алғыс
алғысы келеді. Бірақ адал еңбекпен баю жоқ, әрі байлықпен бақыт сатып ала
алмайсың.
Жоқ, байымас бұл күнде адал еңбек:
Біреу байыса, біреулер кедейленбек.
Кімде-кім тез байыса қолына ағып,
Кім кедей болса, соның малы келмек.
Несі бақыт: алдап ап, тартып алып.
Өз малын қайта өзіне қайтып бермек.
Көз жасы, бейшараның маңдай тері
Жиылып, байытпай-ақ қойсын мені.
Ақырында:
Ірі мақсат болмаса, ұсақ іске,
Неге мен алданайын уақыт бөліп, –
деген ойға келеді. Лирикалық кейіпкер әкім болып, ел билегісі келеді, қолбасшы
болып, жаугершілікте қол бастау ойында бар, ғалым болып, дүниеде ашылмаған
сырларды тапсам ба дейді, бірақ мұның бір-бірінен халыққа ешқандай пайда
жоқтығын көріп, баршасынан жериді. Сонда «мен» нені іздейді?
Мен ғашықпын көруге әділдікті,
Тегіс қылып көркейткен өмір түсін. Ол өмірде бірді-бір алдау болмас
Жағынып, арды ақшаға жалдау болмас.
«Мен» әділ өмірді, әділетті заманды көруге, сонда бақытты тұрмыс құруға
құштар. Оның ойынша, ғашық болған өмірді көруге алыс емес.
Мен аз деймін көруге осы өмірді,
Келіңдер, бақ іздеуші, болсаң жолдас, –
деген қорытындыда биік идеал, өршіл оптимизм бой көрсеткен. Кейіпкерлер
ірілігі, суреткердің көрегендігі сығымдалып келіп орын тепкен бұл жолдарда.
«Адасқан өмір» қазақ қоғамының алуан-алуан тұрмыс-тіршілік қалпын
өнер туындысы арқылы салмақтап, таразылаудың, философиялық түйіндеудің
озық үлгісі.
Ендеше мен жабысам негізгі іске,
Әділдікте бар негіз, бақ та, күш те.
Қарғаймын әділдіктен басқа жолды.
Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске.
Бұл «Мен тоқтадым» бөліміндегі кейіпкер толғанысының түйіні.
Торайғыров суреткердің әлеуметтік тақырыпты жырлауда қалтарыстарынан
көш ілгері озғандығын айғақтайтын қомақты пікір.
Торайғыровтың «мені» – әлеуметтік, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс
пайымдайтын және олар жайлы берік көзқарасы бар кейіпкер.
Бейшараны шын досқа санар едім,
Ол үшін оқ астына барар едім,
Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз,
Қорықпай-ақ жалғыз жақта қалар едім, –
деп өрелі, саналы жанның көкірегінен шығар сындарлы, салиқалы пікір.
«Адасқан өмір» – қазақ қоғамының алуан тұрмыс-тіршілік қалпын өнер
туындысы арқылы салмақтап, философиялық түйіндеудің озық үлгісі.
«Адасқан өмір» поэмасының негізгі түйіні – қоғамдағы әділетсіздіктің,
теңсіздіктің себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну, жалпы қазақ
ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің шеңберінен шығып, бүкіл қоғамға тән
әділетсіздіктер жайын қозғауы, өз талантын халық игілігі жолына жұмсайтын
кезін – бақытты өмірді аңсауы, адам өмірінің барлық кезеңін суреттеу арқылы
ақын өзі өмір сүрген қоғам жағдайындағы адам тағдыры жайлы философиялық
ой түюі.
