- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиогр. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғыл. игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғыл.-зерттеушілік ой-пікір 20 ғ-дың басынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда ғыл. және эстет. биіктіктерге ұмтылды. 20 ғ-дың 20-жылдары “Әдеби мұра керек пе, жоқ па?” деген мәселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны игеруде “бірыңғай ағым теориясының” оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану, шығарм. үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары “тұрпайы социологизм” теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді.
Әдебиеттану.
Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қазақ әдебиеттану ғылымы үшін ғыл. зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мәдениет орындары мен зерттеу ин-ттарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, т.б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялық талаптары оған кері әсер етті. “Ұлтшыл-алашшылдарға” қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты, ғыл. жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қазақ әдебиеттану ғылымы 1900 – 40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады.
101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
Қазақ халқының біртуар перзенті, алты Алаштың қамын жеген айтулы Әлихан Бөкейхановтың інісі Смақан қарияның естелігіне жүгінсек, Нарманбет он жеті жасында тілмаш, жиырма тоғыз жасында болыс болған екен.
Ақынның шығармашылық өнерінің шарықтау кезеңі 1900 жылдардан кейінгі уақыт. Оның осы жылдардан бастап жазғандары бұрынғыларына қарағанда идеялық-көркемдік жағынан, тақырыбының кеңдігі жағынан құнды да мәнді. Өйткені, ақын осы жылдардан бастап сол ортада болып жатқан шытырман оқиғаларға тереңдей қатысып, әр түрлі қиыншылықтарды бастан кешіреді. 1900 жылы Қасым, Мұса атты екі өнерпаз інісі, бір жылдан соң әкесі Орманбет қайтыс болады. Сол жылы ағайын арасының араздығы күшейіп, ел ішінде дау-тартыс молаяды. Өз аулы қыста жұтқа ұшырап, дәулеті кемиді. Осыған байланысты “Ала болса ағайын”, “Тілеш байға” т.б. өлеңдері туады.
XX ғасырдың бас кезіндегі Ресей мен қазақ даласында болып жатқан ірі-ірі өзгерістер ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тақырыбына айналады. 1905-1907 жылдардағы төңкерістен кейін ояну сарынымен “Сарыарқаға қарасақ”, “Қазақ елі біз тұрмыз”, “Жақыпқа”, “Мектеп бастығына” деген өлеңдерін жазады. 1906 жылы Семей шаһарында өткен Мемлекеттік I Думаға депутаттыққа кандидат ұсыну жөніндегі ұлы жиынға қатысады. Осы жылдардан бастап қазақ ауылдарының қоныстан айырылуы жайында “Сарыарқа”, “Жойқын құлан жосиды”, “Шал қайғысы”, “Ауыл қайғысы”, “Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер” т.б. өлеңдерімен бірге отарлаудың жергілікті жердегі қара шоқпары – пристав пен оның төңірегіндегілердің екіжүзділігін, парақорлығын әшкерелейтін “Кер заман” дейтін сатиралық поэмасы дүниеге келеді.
Өздігінен талаптанып көп ізденудің арқасында озық ойлы орыс жазушыларының шығармаларын еркін оқитын, оқығанын талдай отырып көңілге тоқитындай дәрежеге көтеріледі. Кейінде, олқын-толқын жылдары ұран есебінде жазылған өлеңінде:
Пушкин менен Лермонтов
Біздей ақын емес пе?
Ақын болған адамдар
Жұрттың қамын жемес пе?
Әдебиеттен қалыспай
Бізде нұсқа салайық, - деуі Пушкин мен Лермонтов шығармаларымен жете танысып, олардың рухынан нәр алғандығын дәлелдесе керек.
Нарманбет шығармашылығына тұңғыш ғалым ретінде бағасын берген Мұхтар Әуезов болатын. Ғалым Н.Орманбетұлының шығармашылығын зерттеу ісіне баса назар аударуының өзіндік себептері бар. Біріншіден Нарманбет Абайдың ақындық мектебі шәкірттерінің бірі болса, екіншіден, қазақ әдебиетіндегі «зар заман» ағымының соңғы буынына жатады, әрі соңғы өкілі болып есептеледі . Нарманбет өлеңдерін Абай үлгісімен жазып, тіпті Абайдың ойындағы пәлсафалық сарын, ізгі ниетті ойлар, даналық сөздер Абай өлеңдерінің ізімен ұқсас. Ойлануы бір, жазуы бөлек жырларды тіпті кім жазғаның айырудың өзі бөлек. Кейбір жырларын Абай сөзімен бастап, ары қарай терең философиялық түйіндеу жасап, оны көркем, бейнелі сөзбен жазып, шығарған туындылары қаншама. Нарманбет Абайша ел ағасы ретінде халық тұрмысын, оның басындағы қиыншылықты жазып, халқымен бірге жоғын жоқтаған ақын. Өмір шыңдығын өз туындысына арқау еткенін М.Әуезовтың: «...Абайдың алдындағы адамдар деп Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр-Жүсіп, Нарманбеттерді алу керек. Бұл адамдардың кейбірінің Абайдан жас болғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгілі сарынды есепке алу керек. Ол дәуірдің ақындары жазба әдебиеттің басы екені даусыз»,-деген пікірі толықтыра түсіп, Нарманбеттің т.б. аттары аталған адамдардың әдебиет тарихын кезеңге, дәуірге бөлудегі алатын орнын аңғартқандай. Ал Профессор Б. Кенжебаев 1958 жылы жарық көрген «қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демокрит ақын-жазушылары» деген кітабында Нарманбет Орманбетұлының өмірі, ақындығы жайлы қысқаша мағлұмат бере келіп, Нарманбеттің орыстың классик жазушыларының және Абайдың шығармаларымен таныс болғандығын келтірген Нарманбет даму тарихын күрделі келбетін жырлаған ақын ретінде сыншыл реалист ретінде Абайдан үлгі алуы бірден-бір айғақ. Ғалым Әбдіғалиев айтқандай: «Нарманбеттің көпке мәлім, алғашқы өлеңі 14 жасындағы жазылған. Әйтсе де оның шынайы ақындық өнер жолына түсуі тікелей Абай поэзиясымен жақын танысқан сексенінші жылдардан басталса керек. Ендігі жерде Абай өлеңі Нарманбет үшін бағыт-бағдар берер темір қазыққа айналды » деп жазады. Ақын Абайдан сыншыл реализм әдістерін үйреніп, оны жақсы меңгере білді. Ол өз шығармасына арқау етіп алған оқиғаларын кеңейтіп, әр қырынан аша білуге қол жеткізді. Нарманбеттің ел билеушілерін әшкерлеуін, жан әлемі қатты күйзелгенін мына жолдан да анық айғарамыз:
Аждаһаның аузында,
Айырылып қалдық қоныстан.
Бекіліп мизам шықпай тұр,
Әлі бізге Орыстан.
Әділеттік азайды-
Би, старшын болыстан.
Ел ішінде азғында,
Төр тимеген құзғындар,
Партия жасап жұлысқан» ,-
деп патша ұлығымен қоса, партия жасап ел бірлігін бұзған шен құмар болыстарды, старшындарды сынайды. Жалпы Шен құмар болыс, би, старшын, тағы басқа жергілікті әкімдерді сынау, мінеу, келеке ету Нарманбет шығармаларының жарқын бір көрінісі. Бұл ретте ақын Абайдың жергілікті әкімдерді өлтіре сынайтын көркемдік тәсілдерін сәтті қолданады. Нарманбеттің Абайша қоғамдағы әділетсіздікті батыл сынауы, оны түзетбек болып күресуі, жақсыдан үйреніп, жаманнан безнуі қазақтың жаман кертартпа, келеңсіз қылықтарын баса айтып, құтқарудың жолы оқу білім, -деп Абайша ағартушылық жолды іздейді.
Оқудың нұры сәулесі түспеген соң,
Көңілінде біздің жұрттың қара жатыр,-
деп барлық кеселдің түп-тамыры надандықта дейді, сол надандық апарар жолы қашанда жақсылық емес екендігін, Абай ізімен түйіндеуі осыған хақ. Абайда заманында надандық, қараңғылық атаулымен өмірі күресіп өткені, сол жолда көптеген кара сөздер мен өлеңдерін жазып кетті. Абайдың ағартушылық идеясын одан әрі жалғастырып, өлеңдеріне ар
