Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Literature. part 1 answer the questions.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.87 Mб
Скачать

97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері

Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиеті да жағдайына әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандык үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін коскан казақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыкқа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық кызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913—1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) — XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқыксыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. Ақынның отандастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор. А. Байтұрсыновтың «Қырықмысал» деген кітабы (Петербург, 1909) Крылов мысалдарының үлгісімен жазылған туындылар жинағы болып табылады Крылов мысалдарының сюжеттерін негізге алып, Байтұрсынов оларды қазақ өмірінен алынған мысалдармен толыктырып, еркін аудару арқылы түпнұсқа қазақ мысалдарын туғызған. Мысалдарда қазактар арасында таралған кеселдер келемеж етіледі, әлеуметтік әділетсіздік сыналады. А. Байтұрсынов — казақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл кұралы» окулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әдебиеттанытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.

Міржақып Дулатов (1885-1935) — Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы — халықтардың проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі. Ол өз оқырмандарының ойы мен санасына ықпал жасай отырып, олардың назарын әрбір жеке тұлғаның халық алдындағы жауапкершілігіне аударады. Өз заманындағы қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М. Дулатов отандастарын жаңа өмірге шақырады, баска халықтардағы жақсылық жағын үйренуге үндейді, ғылымды, білімді, әйелдердің тең құқықтылығын жақтайды. «Бақытсыз Жамал» — уақыты жағынан бірінші жазылған казақ романы. Онда патриархаттық-рулық ғұрыптар мен соқыр сенімдердің құрбаны болған қыз — Жамалдың ауыр тағдыры суреттеледі. Сонымен бірге романда туып келе жаткан жаңалыктың өшіп бара жаткан ескілікпен тартысы, жас ұрпаққа өз қарастарының ғасырлар бойындағы негіздерді жақтаушылармен қақтығыстары көрсетілген. Роман жастардың бойында еркіндік сүйгіш идеялардың туындау үрдісін ашып көрсетуімен де тартымды. М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Токай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) — тәуелсіздік ісіне, халыктың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес коскан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды, бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек. Отаршылдыққа қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С. Торайғыров «Таныстыру» деген поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты, Бөкейхановты «күн», «таң», «ай» деп атайды. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетін оның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды қалыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық елендері, көсемсездік, сын мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан-жақты болғанын ашып көрсеттті. Үгіттік-ұраншыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол табиғат және адамның ішкі дүниесі туралы терендігі мен көркемдігі жағынан тамаша лирикалық өлендер туғызды. Оның ірі туындыларында өз бойына жаңа қоғамдық көзқарастарды біріктірген кейіпкер бейнесі көрінеді. Ақын әлі де феодалдық-патриархаттық негіздердің шырмауында қалып, қараңғылық пен надандық күн кешкен қазақ қоғамы дамуының өткір әлеуметтік проблемаларын ашып көрсете білді («Кім жазықты»). Оның уақытты, дәуірді философиялық ой елегінен өткізуге құрылған поэмалары лирикалық-публицистикалық поэма жанрының жаңа да жарқын үлгілері болды. Қазақ әдебиетінде Абай негізін қалаған реалистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтанмахмұттың шығармашылығынан таба аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]