Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Literature. part 1 answer the questions.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.87 Mб
Скачать

87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы

Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Ақынның өз басы да, әдеби мұрасы да дау-дамайға көп түскені мәлім. Осындай уақытта ақынның кейбір өлеңдері жоғалды, табылғаны дау туғызды. Қолда барының кейбірі ұлтшылдық қарғыс таңбасы басылып, қайта жабылды. Сондай шығармасының бірі- «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) аталатын дастаны. Бұл-аяулы ақынның кемел ойлап, кең пішкен шығармасы. Аяқталмауы өкініш. Мұнда Сұлтанмахмұт егеменді еліміздің тәуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық қорғаныс тәрізді аса ірі және көкейкесті мәселелерді сол кезде-ақ – 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын көреміз. Жиырма жеті жасында дерт меңдеп, тағдыр кермесіне ілінген ақын! «Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын», - деп, «Айтысты» тәмәмдай алмағанын зор өкініш етіпті. «Айтыс» С.Торайғыров қайтыс болғаннан кейін, советтік заманда- 1922 жылы Қазан қаласында белгілі ақын Бернияз Күлеев бастырған «Адасқан өмір» және 1933 жылы Қызылордада шыққан «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының толық шығармалар жинағы» кітаптарында жарияланды.

88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы

Шындықтың сырын образды түрде ашу үшін 20-30 жылдардағы қазақ прозасы реализм әдісіне көбірек ден қойды. Заман соны қалады. Дегенмен де бірі қаламгерлердің шығармаларында реализм мен романтизмнің араласып жүрген тұстары да бар. Кеңес жазушыларын реализмнің өмірдің өзінен алынған шынайы фактілерді көркемдік жинақтауы қызықтырды. Дегенмен уақыт өте келе кеңестік идеология дәстүрлі реализмнен де өзгеше дүниені қажетсінді.

ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиет көкжиегінде романтизм, реализммен қатар модернистік үрдістер бой көрсете бастады. Қаламгерлердің көпшілігі көркемдік әдістердің барлық түрлерін пайдаланды. Кей шығармаларда романтизм, реализм, модернизм белгілерінің қатар көрініс тапқандары да байқалады. Дегенмен де сол шығармаларда олардың ара салмағы тепе-тең болмай, әйтеуір біреуі басымдық танытты. Сол тұстағы әдеби шығармаларда романтизм элементтерін бойына сіңірген реализмнің модернистік дүниетанымға ұласып көрініс бергені де байқалады. Модернизм — табиғаты еркіндікке бейім көркемдік ұстаным. Кеңес үкіметі қалыптастырған социалистік реализм мен модернизм эстетикасының қарама- қайшылықта қатар өмір сүруі екі жүйе қақтығысының алғашқы дәуірінде-ақ белең алды.

Әдебиеттің келешегіне алаңдаулы Алаш зиялылары «Алқа» әдеби бірлестігінің идеясына топтасса, пролетарлық бағыттағы қаламгерлер ҚазАПП-тың маңайына шоғырланды. Кеңестік саясат күшейген сайын кеңестік идеологиядан, қоғамнан тыс өмір сүруді жоққа шығарды. Адамның рухани интеллектуалдық дамуы мен өз өзін қалыптастыруын тек сол қоғамға тән жалпыға ортақ тағдырдан жеке адамның кез келген оқшаулануын біржақты бағалады. Әдебиетте ұлт бейнесінен гөрі жаңа қоғам адамын жасау алдыға шықты. Ұлт туралы жасалған берік байламдар мен батыл әрекеттердің жолы кесілді. Бұл шешім пролетарлық бағыттағы жазушыларды да кештеу болса да ойлантты. Уақыт өте келе заманы ортақ екі бағыттағы қазақ қаламгерлері ұлт бостандығы мен ұлт теңдігі деген ізгі мақсат жолында мүдделес, рухтас екендіктерін түсінді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]