- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
"Қазақ әдебиеті тарихының" 7-томы кеңестік дәуірдің 20-30 (1917-1940) жылдарын қамтиды.
Кітаптың зәрулігі бұл кезеңдегі сан алуан тарихи-әдеби аласапырандар мен әдеби құбылыстардың көркемдік ерекшеліктерін, бұған дейін біржақты түсіндіріліп келген шығармашылық лаборатория сипаттарын жаңа деңгейде айқындау қажеттігінен туындайды.
Еліміздің егемендік алуы өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың әрқилы тарих асуларында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, тәуелсіздік жолындағы күрес идеясының заңды жолын көрсетуді талап ететіні даусыз. Халықпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен әдебиетіміздің тарихы да осы талғаммен қайта қарауды қажет етеді. Бұл тақырыпта бұрын жазылған еңбектер ("Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі". 1949, 1958. "Қазақ әдебиетінің тарихы", 3-том, 1967.) қоғамдық орта қысымынан бүкіл әдеби процесті толық қамти алмады. "Алашордашыл" деген жазушылар (А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев) есімдері мен еңбектері аталмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерден үзіліп зерттелді. Кей шығармаларға тақырыптық жағынан баға беріліп, көркемдік ізденістері ашылмады. Әдебиет партиялық принциптің шылауында болды. Енді осыларды қайта қарау қажеттігі туды.
Зерттеудің жаңалығы, міне, осы айтылған мәселелердің жаңаша пайымдалуында, соны концепциялар ұсынуында, көптеген ақын-жазушыларымыздың туындыларына әділ баға берілуінде, бұрын бүркемеленіп келген шындықтың бұған дейінгі әдебиетке қарағанда әлдеқайда толымды да тұтас көрінуінде, шығармашылықты бұрынғыдай кеңестік идеологияға бейімделгеніне қарап емес, көркемдіктің мәңгі талаптарына қандай деңгейде жауап бере алғандығына қарай бағалау принципін басшылыкқа алынуында. Осы талаптардың барлығы да "Қазақстан-2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекет бағдарламасына толық үйлеседі.
Кітаптың құрылымы "20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия", " Проза", " Драматургия", "Әдеби сын" атты шолу тараулармен бірге "Жүсіпбек Аймауытов", " Мағжан Жұмабаев", "Сәкен Сейфуллин", " Ілияс Жансүгіров", " Бейімбет Майлин", "Жамбыл Жабаев", "Нүрпейіс Байғанин", "Иса Байзақов" сынды ақын-жазушылардың шығармашылық портретінен тұрады. Сондай-ақ, тыңғылықты жасалған "Әдеби өмір шежіресі" мен "20-30 жылдардағы казақ әдебиетінің қысқаша библиографиялық көрсеткіші" де осы кітаптың құнды тарауларының бірі.
Кіріспеде сол кездегі әдеби процеске ықпал еткен жағдайлар, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістеріне қазақ жазушыларының көзқарасы, әдебиетті партия жолына түсірудің әрекеттері мен жазушылар ұйымдарын құру кезіндегі таластар, әдебиет кадрларының іріктелуі, отызыншы жылдары өткен жазушылар съездері мен партиялық принциптің жеңісі т.б. мәселелер қаралған.
Поэзияға арналған тарауда 20-жылдардағы әдеби бағыттың екі жүйесін белгілеген С.Сейфуллин мен М.Жұмабаев және халық ақындары шығармалары, олардың өмірді тану мен бейнелеу принциптері, көркемдік табыстары мен заман қайшылығынан туған олқылықгары сөз болады. Отызыншы жылдардағы поэзияның социалистік реализмнің шектелуіне ұшырап, заман үні болуға тырысуына бүгінгі күн түрғысынан баға беріледі. Мұнда көркемдік дәстүр, көркемдік таным мен талғам, эстетикалық қабылдауға катысты мәселелер тыңғылықты зерттелген. М.Жұмабаевтың "Батыр Баян", С.Сейфуллиннің "Көкшетау", С.Мұқановтың "Сұлушаш", І.Жансүгіровтің "Күйші", "Құлагер", И.Байзақовтың "Құралай сұлу" т.б. поэмалардың мазмұны, образдардың көркемдік әлемі, ақындық ізденістердің ерекшеліктері айтылады.
20-30 жылдардағы проза жанрының жедел өркендеу жағдайлары С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Мұқанов т.б. жазушылардың алғашқы прозалық шығармалары негізінде қаралған. Отызыншы жылдардағы роман жазуға деген талаптың молдығы, әр саладағы ізденістер, олардың тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері сараланған. С.Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу", Ж.Аймауытовтың "Қартқожа", "Ақбілек", С.Мұқановтың "Адасқандар", "Жұмбақ жалау" ("Ботакөз") романдарындағы ізденістер мен көркемдік ерекшеліктер жөнінде тың тұжырымдар жасалған.
XX ғасырдың басында оқыған қазақ жастарының қатысуымен ұйымдастырылған ойын-сауық кештері сахналық өнердің дамуы мен драмалық шығармалардың тууына түрткі болғаны жақсы айтылған. Төңкеріс жылдары алғашқы пьесаларымен көрінген Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллиндер осы жанрдың негізін салғаны, реалистік драма үлгілері жасалғаны анықталып, сол тұстағы ойын-сауық кештерінде қойылған пьесалар толық қамтылған. Олардың ішінде Ж.Аймауытовтың "Рабиға", "Мансапқорлар", "Қанапия-Шәрбану", М.Әуезовті "Еңлік-Кебек", "Бәйбіше-тоқал", "Қаракөз", С.Сейфуллиннің "Бақыт жолына", "Қызыл сүңқарлар", Б.Майлиннің "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Неке қияр", "Көзілдірік", Ж.Шаниннің "Арқалық батыр", Қ.Кемеңгеровтің "Алтын сақина", Ж.Тілепбергеновтің "Перизат-Рамазан" пьесаларының орны атап көрсетілген. Қазақ театр өнерінің дамуымен байланысты туған алғашқы драмалық шығармалардың тарихи маңызы мен көркемдік сапасына көңіл бөлінген. Сондай-ақ, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман-Шолпан", Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" т.б. театр сахналарында қойылған драмалық шығармалар жөнінде кең сөз болады. Драматургия саласындағы басқа да жазушылардың шығармалары, әр саладағы ізденістері талданған.
Әдеби сынның үлгілері, жаңа дәуірде әдебиеттің қандай бағытта дамуы қажеттігі жайлы таластар, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармаларын бағалаудағы әр қилы пікірлер, социалистік реализм әдісін түсінудің жолдары, мәдени мұра және оны бағалаудағы қайшылықты ұғымдар, алғашқы зерттеулер т.б. мәселелер өз бағасын алған. Осы кезеңде жарық көрген А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш", М.Әуезовтің "Әдебиет тарихы", Х.Досмұхамедовтің "Қазақ халық әдебиеті" (орыс тілінде), С.Сейфуллиннің "Қазақ әдебиеті", С.Мұқановтың "XX ғасырдағы қазақ әдебиеті" және Қ.Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы", Е.Ысмайыловтың "Әдебиет теориясының мәселелері" т.б. зерттеулері қамтылған.
Монографиялық тарауларға ортақ сипаттар - сол кезең шындығын кең қамтитын материалдардың молдығы, оның нақты талдануы, қазіргі талаптарға әсер еткен факторлардың дұрыс айқындалуы. Әрбір ақын-жазушының шығармашылық ерекшеліктері мен әр түрлі жанрдағы ізденістері көркем шығарманы талдау негізінде олардың ұлт әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындайды.
Ұжымдық зерттеуді жасауға қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері қатысқан.
