- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
«Қамар сұлу» романы Сұлтанмахмұт Торайғырұлының алғашқы эпикалық туындысы. 1914 жылы жазылған «Қамар сұлу» романы ақынның өз дәуіріндегі қазақ әйелінің теңсіздігін көрсететін шығармасы, онда, сонымен қатар, қазақ қоғамының тіршілігі, наным-сенімі, тұрмыс қалпы айқын көрініс тапқан. Бұл тұрғыдан «Қамар сұлу» романын әлеуметтік роман, дәуір туралы толғаныс деп қарастыруға болады. Әкесі бетінен қақпай, еркін өскен Қамар ел көзіне ерте түскен өз заманының озық қызы, сұлу, ақылды, ақын, аздаған оқығаны бар. Сөз салған жігіт-желеңнің біріне де көңіл аудармаған Қамардың ықыласы Ахметте. Оқыған, кемшілігі тек малсыздығында ғана болған, шешен тілді, замандастарынан ақылы мен тұлғасы асып тұрған Ахметтің де Қамарға деген көңілі ерекше. Көре алмаған көптің талқысына түскен Ахмет пен Қамардың арасына бөгет қойылады. Әйелі өліп, Қамарды әйелдікке алғысы келген шынжыр балақ, шұбар төс бай Нұрым Қамардың әкесі Омардың ағалары Оспан би мен Қалтан қажыға сөз салып, ниетін білдіреді. Ағалары Омарды тізеге басып көндіріп, Нұрымға Қамарды беретін болады. Мұндай қорлыққа көнгісі келмеген Қамар тілімен де, ісімен де қарсылығын танытады. Елуге келгенше беті қайтып көрмеген Нұрым Қамарды тартып алып кетеді. Шошыну мен оқыс қимылдан басына зақым келген, зорлыққа көнгісі келмеген Қамар ауруға душар болады. Бақсы-құшынаш, молда-ишан емінен дәру көрмеген Қамар әлсірей береді. Бақсының кезекті емі кезінде келген Ахметке Қамар арыздасу сөзін айтып жатқанда, бұған ыза болған Нұрым бастаған топ Ахметті жағадан алады. Сүйіктісінің күйіне күйініп отырған Ахмет табанда қарсылық танытып, қару жұмсайды. Сол арада өзі де қазаланады. Жазушы білдірмек ойын, көзқарасын, шығарманың идеясын ондағы тартыстар, оған қатысқан бейнелер арқылы ашады. Негізгі кейіпкер ¬- Қамар. Барлық тартыс осы Қамар айналасында өрбиді. Ауыл-аймақтың көзайымына айналған Қамар ақылды, ұстамды, зерек, сөзге ұста, жүріс-тұрысы мен тал бойында міні жоқ артықша туған қыз. Көп жігітке аспандағы айдай көрінетін Қамар байлық пен сән-салтанатты емес, ақыл мен парасатты басты орынға қояды. Оның айналасымен қарым-қатынасы да осы ұстанымдарына негізделген. Өз құрбыластарынан ойы озық, сөзі түзу Ахмет Қамардың нағыз теңі. Кемшілігі тек малсыздығында. Оқыған, ісі де келісті, ойын-тойдың көркі болған Ахмет жамандық атаулыдан қашық жүреді, тапқырлығымен, сөзге ұтқырлығымен төңірекке аты шыққан жігіт. Қамарды шын жақсы көреді, бірақ қолдың қысқалығынан сезімінің баянсыздығын сезінеді. Романда Қамардың әкесі Омар мен ағасы Қасен көзі ашық, оқыған жандар ретінде бейнеленеді. Қамар да шешесін емес, әкесі мен ағасын пана тұтады. Мейірімді әке қызын қанша қорғаштағанмен озбыр күштердің соққысына төтеп бере алмайды. Бұл оның әлсіздігін емес, заманның ожарлығын көрсетеді. Зұлымдыққа жаны қас, нәті жуас Омар -қызы үшін неден болса да тайынбайтын қамқор әке. Оспан би, Қалтан қажы, Жорға Нұрым зорлық-зомбылықпен өз жемсауларын толтыруды мақсат еткен, ожар-озбырлығымен көрінетін біртектес бейнелер. Жазушы бұларды романда олардың өз сөзімен де, ісімен танытып отырады. Оспан би мен Қалтан қажы өз биліктерін кеңейту мақсатында Қамарды құрбандыққа шалатын аяусыз бейнелер болып берілсе, Жорға Нұрымды жазушы портретімен-ақ қаншалықты дөкір екенін көрсетеді. Оның надандығы әрбір ісінен білініп, сөздерінен аңғарылып отырады.
Романның көркемдеу әдісінде ауыз әдебиетінің әңгімешілдік сарыны, бейнелеу үлгілері мол танылады. Жазушы оқиға дамуын, кейіпкерлер іс-әрекетін қазақтың мақал-мәтелдерімен, халық даналығы тудырған сөздермен көмкереді. Оларды ұнамсыз құбылысты көрсету үшін алған жағдайда сынай да отырады.
Романның көркемдік жүйесі реализмге негізделген. Дәуірдің шындығын жазушы типтік ортаны суреттей отырып өрбітеді, содан кейіпкерлер тағдырын көрсетуге ауысады. Бұл суреттерде ғасыр басындағы қазақ тіршілігіне кіріп жатқан жаңалықтар да байқалады. Қаламен байланыс, орыстармен қарым-қатынастын молаюы романның тіліне де едәуір әсер еткен. Онда орыс сөздері (начальник, закон, доктор, школ, уездный, город, чахотка, учитель, фельдшер, портсигар, отказ, заграница, пристань, конвой, т.б.) көп ұшырайды. Оқиғаға тереңдеп кірген кезде автор публицистикаға көбірек жол береді. Суреттеуді баяндау, әңгімелеу басып кетіп отырады. Жазушының оқиғаға қатышасы, кейіпкерлер іс-әрекетіне көзқарасы айқын баяндалады.
