- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. Роман формасы да өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Қысқаша мазмұны: Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады. Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады. Жиында бітімі де, сымбаты мен сәне де, сөзі де бөлек жігіт Ғали да болады. Жастар айтысып, көңіл көтеріп отырғанда Ғали мен Жамалдың бір-біріне көңілі түсіп, сөзі жарасады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Екеуінің артынан қуғыншылар түседі. Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатқанда,аяқ асты Ғали ауырып, дүние салады. Ғали бақилық болғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешкен Жамал қыс ішінде үйінен қашып шығып, Ғалидың бейітнің басына барады. Тағдырына нала болған қыз сүйгенінің бейітінің басында жылап жатып көз жұмады. Қорыта айтқанда М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романын жазу үстінде қазақтың өзіне дейінгі дәстүрлі әдебиетіне сүйенген. Орыстан, батыстан үйренді десек мықтап қателесеміз.
70. ХХ ғасыр басындағы қазақша кітап шығару мен баспа ісінің дамуы. Қазақ зиялыларының көрнекті өкілі -А. Байтұрсынов ұлтымыздың бас баспагері болды. «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, ол баспагер ретінде мол тәжірибе жинады. Сөйтіп, қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, қазақ халқын рухани мұрамен сусындатты. А. Байтұрсынов қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлдарының бірі еді. 1919 жылы Ұлттар ісі жөніндегі Халық комиссариаты қазақ бөлімі бөкей бөлімшесі баспаханасымен Ордадан болашақ астана Орынборға көшірілді. Осылайша күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын ашу мәселесі тұрды. Өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып, оған Төңкеріс комитетінің мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тұнғаншин қатысады. Мәжіліс А. Байтұрсыновтың төрағалығымен өтеді. Онда Төңкеріс комитетінің үнін және кітап шығару ісі жөнінде мәселе қаралып, тиісті қаулы қабылданады. 1914 жылы 19 мамырда Орынбор губернаторына жоғары баспасөз басқармасының берген бұйрығы бойынша М. Дулатов «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторлығына тағайындалады. «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі» газеттерінде әдеби хатшы қызметін атқарып қазақ баспасөзіне айтарлықтай үлес қосады. М. Дулатов Қызылордадағы баспа ісін жандандырып, «Мемлекет баспасының» қазақ бөлімін басқарды. Ол ұлттық библиографияның негізін қалап, Қызылорда қаласында екі бөлімнен тұратын «Қазақ кітаптарының көрсеткішін» (1926-1927 жж.) құрастырады. Көрсеткіштің 2 бөлімі «Жаңа мектеп» журналына қосымша ретінде Қазмембаспадан 1927 жылы араб қарпімен жарық көреді. Көрсеткіш, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар қорында сақтаулы тұр. Көрсеткішті құрастырушы жазған алғы сөзінде: «Біз осы көрсеткіште төңкерістен бастап, бұл күнге шейін басылып шыққан қазақ кітаптарын тізіп отырмыз. Кітаптың қайда, қашан басылғаны, кім шығарғаны, көлемі, беті, баспасөз жүзінде сыналғаны болса, сол сындардың қысқаша қорытындылары жазылды. 1917-1926 жылдар Қазіргі кезде қазақ зиялыларына сүрлеу жолды сол ХХ ғ. 20-30 жылдары зиялылар салып кетті десек қателеспейміз, өйткені олар халықтың санасын оятып, ағарту ісіне тартып, білімін көтеруде үлкен еңбек етті. Ғылымға да бетбұрыс жасады. Қазақтың ғылыми кітаптары да осы кезде белгілі бір жүйеге келіп шыға бастады.дың 1-ші қарашасына дейін жарық көрген 273 кітап пен 12 мерзімдік баспасөз қамтылған. Қазақ зиялыларының тағы бір көрнекті өкілі Х. Досмұхамедов 1923 ж. Орта Азия мемлекеттік баспа алқасының мүшесі, кейіннен Қазақ мемлекеттік баспасының Шығыс бөлімін басқарып, ал 1924-1925 жылдары Қазақ ғылыми баспа комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Баспа ісін ұйымдастыруда қазақ зиялы қауымы ұлы Абайды ұмытқан жоқ. 1922 ж. Ташкентте Абайдың «Таңдамалы өлеңдері» жарық көрді. «Абай» кітабының бірінші баспасы оқушыларға қиын тиюші еді. Қазақ емлесі дұрыстап жазылмағандықтан, жаңылыс басылған сөздері көп болғандықтан, мәнісін айырып алу қиын еді»,- деп атап көрсетті жинақ редакторыАбай өлеңдері тұңғыш рет ғылыми сараланып, хронологиялық жүйемен жарияланды. Сөйтіп халық арасына ақын өлеңдері кең тарап, халқымыз Абай шығармашылығымен терең таныс болды. Х. Досмұхамедов Білім комиссиясының сынынан: А. Байтұрсыновтың «Әліппесінің», «Тіл құралы», «Баяншы», М. Дулатовтың «Есеп құралы», И. Тоқтыбаевтың «Жағрафиясы», «Түркістан» кітабы, Басығаринның «Күн күркіреумен найзағай не нәрсе?», Х. Досмұхамедовтың «Табиғи тану», «Жануарлар», П. Ғалымжановтың 1921 жылғы күнтізбесі, Ә. Диваевтың «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қамбар батыр», «Мырза Едіге батыр» жалпы саны 7 кітабы Абай мен Ыбырайдың таңдамалы өлеңдері өтіп, осы кітаптардың 12-сі 1922 жылы баспадан шығатынын атап өтеді. Қорыта айтқанда, 20-30 жылдары қазақ зиялы қауымы кітап баспа ісін ұйымдастыруда сапалы қызмет атқарған. Олар баспа ісінде негізгі іргелі, танымдық маңызы зор әдебиеттерді қалыптастыру, шығару бағытында жұмыс істеді. Өздері де шығармашылық қызметін нығайтып, баспа ісін қолға алу арқылы қазақ халқы мәдени құндылықтарды меңгеріп, білімін тереңдетсе екен деген ойда болды. Халықтың көкірегін оятып, тарихи санасын қалыптастыруда баспа ісі арқылы үлкен істерді жолға қойды.
77. М.-Ж. Көпеев шығармашылығы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - көрнекті ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты, Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деп ақынның өзі айтқандай, 5 жасынан бастап-ақ молдадан хат таныған ол 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде дәріс алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтады. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. «Мәшһүр» арабша белгілі деген мағынаны білдіреді. Медресее оқып жүрген кезінде ол балалардың алды болып, 15 жасынан өлең жаза бастаған. Ол туралы ақынның өзі: «Жабысты маған өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста. Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа. Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша, Он бесте шабыттандым жүйрік атша. Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде, Кеудеме өлең толды сызған хатша» - дейді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1875 жылдан бастап біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уәлаяты» газетіне өлеңдері мен мақалаларын жіберіп тұрды. 1887-1890 жылдары Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара, т.б. қалаларды аралап, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысты. Осы жылдары түркітанушы ғалым, академик В.Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен айналысты. Жар-жар, аужар, бата, ұлағатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни қиссаларды жинап, жариялады. Сонымен бірге «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы» сияқты Шығыс дастандары үлгісін және бірнеше тарихи жырларды жинап, хаттады. «Көроғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр-дастандары мен Бұқар жырау, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын-жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірді. Бұқардан қалған сөз маржанын Мәшһүрге дейін хатқа тұтас түсіруші болмаған еді. Мәшһүр Жүсіп көзі тірісінде, яғни 1930 жылы мәңгілік мекенін екі бөлмелі етіп салдырады. Өзі қадағалап, жөн-жоба сілтеп отырады. Төрдегі бөлмесіне өзін жерлеуді және ашық қоюды өсиет етеді. Қырық жылға дейін денесі сол қалпында сақталатындығын және жыл сайын жаз айында ақ дәкемен орап отыруды ескертеді. Сонан соң кіре беріс бөлмеге құранын, кітаптарын, ыдыс-аяқтарын, ер-тоқым, ат әбзелдерін, насыбай үккіші мен шақшасын, басқа да өзі тұтынған заттарын сақтауды аманаттайды. Мұнысы олай-бұлай жүрген жолаушылар пайдалансын дегені. Сахара қағидасы бойынша нәрселерді ұқыпты, таза, ретімен пайдалану ләзім. Мәшһүр Жүсіп дүниеден озғанға дейін өзінің жылын өткізеді. Ол 1932 жылдың тақсіретке, қасіретке, қырғынға толы екендігін күні бұрын білген. 1946 жылы атақты жазушы Сәбит Мұқанов қабірдің ішіне түскен, тағзым еткен. 1952 жылы Қазақстандағы безбүйрек, құзғын саясаттың зұлымдық әрекет-кесірінен Мәшһүр атаның қабірі, үйі қопарылып тасталған. Ақынның 1907 жылы Қазан қаласында Құсайыновтар баспасынан үш бірдей кітабы жарық көрді. «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты шығармаларында қазақ халқын өнер-білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдыры, т.б. өзекті мәселелерді көтерді. 1990 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының таңдамалы 2 томдығы, 1993 жылы «Қазақ шежіресі» атты еңбегі жарық көрді. Ақын мұрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақтаулы. Тіршілікте жолы болмағандар, қинат шеңгеліне ілінгендер, болашағынан үміт ететіндер, жақсылық, адамшылық, имандылық жолын ұстаушылар, Алланың жолын мұрат тұтқандар, ақыл-ойы кемел естілер Мәшһүр Жүсіптің мавзолей-зиратына келіп, дұға оқып, құрмет етеді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
78. Шәкәрімнің «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы
Нартайлақ пен Айсұлу”. Заман өзгерісін адамның рухани дамуын, өзін-өзі жетілдіру мәселелерін шығармашылығында негізгі діңгек етіп алған Шәкәрім ақын, поэмаларында да ескіше өмір сүрудің адам дамуына кедергі келтіретін тұсын, жаңашылдық, рухани өрлеу адам болмысын жақсартудың жолдарын кейіпкерлері арқылы бейнелейді.
Адам жан-дүниесінің қалтарыстарын, қат-қабат адам мінездерінің қайшылықты кездерін, қоғам мен заман шындығын бірлестіріп, сан алуан түрлі салыстырулар мен пайымдаулар арқылы шындық картинасын түзеді. Шығармашылығымен адамның жан-әлемін қоршаған орта мен тіршілік түйткілдерін, адам тағдырының аяқ асты жаншылуын “Нартайлақ пен Айсұлу” дастанында ашып көрсетеді.
Залымдық, күндестік, араздық, мейірімсіздік, өгейлік, рахымсыздық, бақталастық бар жерде, ақ жүрекке, әділетке, махаббатқа бөгет екендігін, барлығы да адамның өзінің ішкі әлеміндегі, адам жанында деген ойды насихат етеді.
Залымды жек көргізіп, күйгізеді,
Ақ жүрек әділетті сүйгізеді.
Өгейлік, өзімшілдік, бақ-күндестік,
Мейірімсіз залалкесті білгізеді./2/
“Нартайлақ-Айсұлу” поэмасы 1929 жылы жазылған.
Махаббат шын асықты неткендігін,
Құрбан боп жар жолында кеткендігін,
Тұрғанда әлі жетіп, ашу кешіп,
Махаббат дұшпанға да еткендігін./3/
Осы жолдардан дастанның негізгі тақырыптық желісі мен мазмұны көрініп тұр.
Шәкәрім әдеттегідей дастанның басын “әңгіменің сыры” деп бастайды. Дастандарында ең бастапқыда негізгі оқиға мен көтерген мәселесіне анализ жасайды. Кей тұстарында дастан соңында түйінді өз ойларын ашып айтады. “Еңлік-Кебек” поэмасында “әңгіме алдында аз сөз” деп бастап, негізгі айтпақ мәселесі. “Ақылдың кей ісі жауы, кей ісі досы” деп ғибаратты сөздерден бастайды.
“Нартайлақ пен Айсұлу” поэмасында қазақ өмірінің салт-дәстүрі, күйбің тіршілік, жер-су аттары, жеке адамның жетілуіне, сүйіспеншілікке тосқауыл, өлім, зұлымдық әрекеттер мен адамның дұрыс жолына келтірген кедергілер мен бөгеттер аясында оқиғалар өрбиді.
Мен бардым сол Ақтасқа түлкі қағып,
Үңгірде өткенді ойлап тұрдым бағып.
Тастағы қырау еріп күн нұрымен,
Тастан да көзімнен де жас кетті ағып.
Дастан оқиғасының күрделі де трагедиялы екендігін автор алдын-ала байқатады.
Шәкәрім дастандарында адам психологиясын тереңдеп ашып көрсетуге бірталай көркемдік компоненттерді пайдаланады. Адамның ішкі жан-дүниесі, ой-сезімдерін диалог, монолог арқылы шебер бейнелейді.
Адам мен өмір сүрген ортасындағы тартыс барысындағы адам жан-дүниесі, ішкі әлемін даралап көрсету адамгершілік немесе қатыгездік, мейірімсіздік, зұлымдықтың бет-пердесін айқындау.
Адамдар арасындағы өзара теңсіздік, қарым-қатынастарында байқалатын қарама-қайшылықтар сырын тереңдеп көрсету мақсатын ұстанады. “Ақын әлемнің әлі де ойдағыдай жетілмеуі, әділетсіздік пен бақытсыздықтың басым болу жағдайында қоғамды жақсылыққа, дұрыстыққа бастау үшін жоғарыда аталған құндылықтарды адам бойына сіңіру қажеттігін үнемі айтады. Шәкәрім әр шығармасында осы адами категориялардың орындарын ауыстырып пайдаланады. Олай болуы ақынның қандай мәселені көтеріп отырғандығына байланысты болса керек.”
Адам өміріндегі әділет, ынсап, мейірім-арлылықты, ұжданды болуды көксеген ақынның кейіпкерлерге қойған талабы да жоғары. Кейіпкерлерін сан түрлі қам-қарекет арасынан, қоршаған ортасынан даралап сипаттағанда әділет пен мейірім, махаббат, адалдық, жан тазалығы тұрғысынана бейнелейді. Шәкәрім кейіпкерлерін материалдық құндылық деңгейінен жоғары қойып, жан әлемі байлығы, жан тазалығы тұрғысынан суреттейді.
Әрбір кейіпкерін дара тұлға ретінде суреттегенде, әртүрлі көркемдік бейнелеу тәсілдерін қолданады. Кейіпкерлерінің болмысын, мінезін, ішкі әлемін, рухани дүниесін пайымдағанда олардың қоршаған ортамен байланысын, жан-дүниесін, ішкі әлемін, дүниетанымын әлеуметтік жағдайын анықтағанда диалог, монолог қолдануы психологиялық жағдайын, ой-сезімін ашуда ақынның шеберлігін, шығармашылық ізденісінің биіктігін көрсетеді.
Қоршаған ортасының зұлымдық іс-әрекетінен құрбан болған Айсұлу бейнесі махаббатқа беріктігі мен адалдықтың көрінісі. Ол сүйген Нартайлақ адал, ниеті таза адам.
Айсұлу айтты ызалы күлкіменен:
“Барлыға қосылмайды менің денем.
Не басқа біреу алар, не жер алар,
Ол сырды жасырмаймын, жеңгем сенен”
Міне, Айсұлу сөзіне берік, өзі сүймеген жігітке басын байлағысы келмейді. Зұлымдық іс-әрекеттерімен Айсұлу өліміне себепкер бірнеше кейіпкерлер бар. Барғана, Ханым, Самсы.
Ханымның іс-әрекеті былай суреттеледі:
Деді де жетіп барды Айсұлуға:
“Бай керек пе салдақы сендей қуға!”
Жұлқылып бүркеншігін ішке тепті,
Ойнастан дайынсың деп ұл табуға.
Былқылдақ барып еді арашалап,
Қоймады Айсұлуды иттей талап.
Енесі, ауылдасы бәрі келіп,
Шығарды әзер үйден көптеп қамап
Зұлымдықтың құрбаны болған Айсұлу бейнесі дастанда биік те, өрлікті, қайсарлықты, сүйгеніне адал, мойымайтын кесек тұлға ретінде суреттеледі. Нартайлақ Айсұлуды сүйгеніңмен, өмірдің, қоршаған ортаның тауқыметін жеңуге келгенде әлсіздік көрсетеді.
Айсұлудың сіңілісі де Күнсұлудың да апайына қарағанда әлсіздік пен қорқақтық көрсететін тұстары кездеседі.
Арсызға Барғанадай малы тәтті,
Жетімге Күнсұлудай жаны тәтті.
Амалсыз жылап тұрып сырын айтты,
Қайтсын-ай, қатты қинау жанға батты.
Тайлақты жасырмады көргендігін
Жүзігін Айсұлудың бергендігін.
Үш күннен қалмай жетсін Нартайлақ деп,
Тағы да айтты сәлемінің келгендігін.
Айсұлудың сыры ашылуына, оқиғаның күрделенуіне осы жүзік себеп болады. Жүзік-бұнда детальдық қызмет атқарып тұр.
Дастанда ханымның бейнесі зорлықшыл, дарақы, парықсыз адам ретінде суреттеледі. Ханым бейнесін ақын мына сияқты оралымдармен береді.
“Дарақы, тантық өскен Ханым қатын”, не болмаса,“Боқтап жүр Ханым қатын бәрін жерлеп, “Өлтірем, ойнастан - деп - туған бала”, “Тағы ұрған Ханым оны жыладың,- деп, Ойлама енді мұнда тұрармын”,-деп, немесе:
Текпілеп үйден шық деп шаштан алған,
Көсеумен шыдай алмай о да салған.
Ханымның ұрған көсеу басын жарып,
Жығылып сол соққыдан талып қалған/9/,-деген шумақтар Айсұлудың өліміне себепкер Ханымның зұлымдығын ақын айқын суреттейді. Бұнда “көсеу” тұрмыстық деңгейде детальдық қызмет атқарып тұр. Поэмада қазақ тіршілігі, әсіресе тұрмыстық деңгейдегі көріністер көп кездеседі.
Кейіпкерлердің өмірін, тіршілігін, ішкі жан-дүниесін өмірін шындықтарымен қат-қабат байланыстырып, ашып көрсету ақын мақсатттарының бірі.
Кейіпкерлердің ішкі әлемі мен өмір шындығын, орта әсерін жайып салуда бұл әдіс-тәсіл орынды қолданыста тұр.
Кейіпкерлердің ішкі әлемі қоршаған орта әсерімен байланыста. Қазақ ортасында заман тауқыметі, салт-дәстүр кейіпкерлер жан дүниесінің рухани әлемінің жетілуіне, кейіпкерлердің ішкі жан бостандығына, еркіне мүмкіншілік бермейтін. Сол себепті ақын кейіпкерлердің сан-түрлі әрекеттері арқылы қоғам қайшылығын да көрсетуді жөн санайды.
Мағауин Мұхтар осы поэма жөнінде былай дейді: “Шәкәрімнің ескілік тақырыбына арналған үшінші поэмасы “Нартайлақ пен Айсұлу” - бұл топта біршама оқшау тұрған шығарма. Сырттай қарағанда, поэмаға ескі ел аңызы, бағзы бір кездердегі Айсұлу, Нартайлақ дейтін бақытсыз ғашықтар тағдыры өзек болған тәрізді көрінеді. Алайда шығарма сюжеті бастан-аяқ ақын қиялының ғана жемісі екені байқалады.”
Шәкәрім кейіпкерлер бейнесін өмір шындығымен байланыста суреттейді. Дастандағы сөз тіркестері, бейнелі сөздер, сол кездегі қазақ халқының тұрмысына, ұғымына лайық қолданылған сөздер көп кездеседі.
Кейіпкерлер мінезін ашуда, қазақтың тұрмысын, мал шаруашылығымен айналысқан тіршіліктен аз-маз белгілер, салт-дәстүрлерді аңғартатын сөздер, бейнелі оралымдар эпитет, теңеу, метафоралар жиі ұшырайды.
Ш.Қ. Сәтбаева былай дейді: “Нартайлақ пен Айсұлуда” бірсыпыра жер аттары сол аймақтағы тарихи немесе адам тағдыры ісіне байланысты екеніне де көңіл бөледі. “Айсұлудың ақтасы” “бұл жонды Үшбозша деп атайтыны”, “Тасқызыл”, “Құр менен Қаранайдың құйғанында”, кейбір ру аттарының шығу тарихы, мекені де нақталанады. “Шоқпақтан бұзып айтып деген - Шақшақ”, “болған соң шашы сары бұзып айтып аталған Тіріжетім - Сарыжетім деп келетін сөз тізбектері көркем сөз бен тарихтың кейбір сипаттары астаса жүретін көріністерінің сырын ашуға бағытталған”.
Дастанда жер-су аттары негізгі кейіпкерлер тағдырымен қоса қабат суреттеледі.
Осыған байланысты Мағауин Мұхтар мынандай дерек айтады: “Атақты Әмір-Темір заманында” өтіпті-міс оқиғаның мекені-Бақанас, Байқошқар, Балқыбек, Құр, Балға өзендерінің бойы қазіргі әкімшілік-территориялық бөліс бойынша Семей облысы Шұбартау ауданының “Горный”, “Алғабас” аталатын совхоздарына тиесілі, ішінара Абай ауданының “Бірлік” совхозымен шекетесіп кірігетін жерлер.
Сонымен қатар поэмада Үшқызыл, Қаранай, Тазқызыл, Тектұрмас, Балғашоқы, Сапанай, Үйтас, Томан, Бірбет, Самсы, Ақтас, Шолақ өзек, Нартайлақ т.б. тау, қоныс аттары ұшырасады. Бұлардың бәрі де қазіргі Шұбартау ауданына қарасты, революциядан бұрынғы кезеңде тобықтымен көршілес керей руына тиесілі мекендер. Шәкәрім осы өзен-су, жайлау-қыстау жерлердің барлығының да атауларын Нартайлақ-Айсұлу хикаясымен байланыстырады; өзендерінің бәрі-осы оқиғаға тікелей, немесе жанама қатысы бар кісілердің есіміне қойылған, ал, тау мен сай, жайлау, қыстаулардың дәл солай атаулары-сондай да себептермен.
Дей тұрсада Шәкәрім көркем туындысында негізгі кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін, адами сезімі мен мінездерін, әділет пен адалдықты суреттеуімен құнды.
Зұлымдық пен әділеттің тай-таласы қатыгездік пен адалдық, зорлықшыл, күншілдік пен жан таразылығы айқасы дастанда қым-қиғаш оқиғалар желісінде өрбіп, көрініп отырады.
Дастанда ақ ниетті, адамшылығы мол Томан бейнесі тамаша суреттеледі. Осы зұлымдық, зорлықшыл, күншілдік, қатыгездіктің қоршаған ортаның әділетсіздігі адам бойындағы имандылықты жоя алмағандығын Томан бейнесінен көруге болады.
Томанды зорлық пен зомбылық, қара ниетті іс-әрекеттер де жаншылта алмайды. Айсұлудың аманат қылған баласын Нартайлаққа тапсырады.
Сәтбаева Ш.Қ. былай дейді: Ақын өзі әңгімелеп отырған жастар өміріне іш тартып, жақтап отырады, олардың достары, көмекшілері етіп халық арасынан шыққан қарапайым адамдар. Мысалы, шаруашылыққа бейім, мейірімді күзетші кемпір Томан оларға қиын жағдайда жәрдемдеседі, өгейлік күндестік пен қорлыққа шыдай алмаған Айсұлу асылып өлгенде, оның аманат, өсиет еткен баласын тәрбиелеп, әкесіне-Нартайлаққа тапсырады.
Шәкәрім Томан арқылы адал ниетті, бойында ізгілігі мол жан бейнесін суреттейді. Мұхтар Мағауин: “Томан, поэмадағыдан “күң кемпір” емес, керей руын билеген атақты би, тобықты Кеңгірбайдың жасы кіші замандасы.Өзі тұсында ру арасындағы дау, егеске көп түскен шешендігімен, ұтқырлығымен топтан озған адам: дәулет қумайтынын дәлелдеу үшін ғұмыр бойы қара күркеде тұрған. Өлген соң өз өсиеті бойынша егесті жердің шегіне, тобықты, найман, керей үшеуі бірдей тоқайласатын шекараға қойылыпты, саз кесектен өрілген күмбезі күні бүгінге дейін бар,- Шәкәрім айтқандай: “Балқыбектің басында” қазір Томан аталатын жерде тұр, ешкімде күңнің зираты демейді, бидің зираты дейді , діндар ұрпақтары қасиетті санап, ақтық байласады”,-деген дерек айтады. Әрине, Шәкәрім поэмасы көркем туынды. Ғалым, Ғабдулина А.А. тарихи жырлар туралы мынандай пікір айтады:
“Әрине, тарихи жыр – тарихтың дәлме-дәл көшірмесі емес, ол–халық даналығының көркем шығармасы. Сондықтан онда кейбір тарихи фактылардың өзгеріске ұшырауы, халық фантазиясынан қосылған көріністер болуы – табиғи нәрсе” .
Тарихи жағдайлармен көркем туынды жұптаса келіп ақын қиялы мен танымынан тамаша бір адамдар өмірі мен тағдыры жайлы сюжетті поэма туындаған.
