- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
Ғасыр басындағы көркем әдеби шығармаларда әйел теңдігі мәселесі ұсақ өлеңдерден поэмаға, әңгімеден романға дейінгі аралықта көтеріліп, осы мәселені шешу міндеті күн тәртібіне қойылып, әрбір ақын, жазушы бұл мәселенің көркемдік шешімін түрліше түйіндегендігін “Бақытсыз Жамалдан” кейін жарық көрген Т. Жомартбаевтың “Қыз көрелік” (1912), С. Көбеевтің “Қалың мал” (1913), М. Кәшімовтың “Мұңлы Мариям” (1914), С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” (1914), “Кім жазықты?” (1915), Б. Майлиннің “Шұғаның белгісі” (1915), С. Сейфуллиннің “Айша” (1922) сияқты роман , повестерінен көруге болады. Әдеби дамуда өзіндік жаңалық болып қабылданған, үлкен жанрдың көп белгілерін өз бойына ықшамдап жинақтаған, халық тағдырының шынайы көрінісін адам тағдырлары арқылы бейнелеуге күш салған, сол дәуірдің моральдық - адамгершілік принциптерін кеңінен таныстыратын, дәстүр мен этнографиялық көріністермен тығыз байланыстығы, трагедиялық шешімі арқылы қоғамды өзгертуге деген толғанысты білдірген, сонымен қоса ең негізгісі - жаңалық болып енуімен қатар әдеби үлгіге айналған, өзінен кейінгі қазақ жазба романдар шоғырының бой көтеруіне негіз болған бұл туындыны сол ғасыр басындағы ие болған статусынан, тарихи орнынан ажырату қиын. Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов (1884, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы – 1935, Еңбекшілдер ауданы) – ақын, журналист. “Мұңлы Мариям” (1914) романы жарық көрген. Қазақ ақыны, журналист. Діндар семьяда туған. Жас кезінде әкесімен Меккеге барып, «Галач қажы» (түркі тілдерінің бірінде, сірә «бала қажы» болуы мүмкін. Ж.Е.) атанды. «Үгіт» (1907), «Әдеп» (1907), «Сабақ» (1907), «Насихат қазақия» (1903), «Ақыл кітабы» (1908) деген кітаптарына оның жас шәкірттерге ақыл-кеңес ретінде жазылған қара сөзбен өлең аралас шығармалары енсе. «Сұлу қыз» (1909) өлеңдер жинағына лирикалары түгел кірген. Әйел теңдігі тақырыбына арнап «Мұңлы Мәриям» (1914) атты роман жазды. «Айқап» журналында қызмет істеп жүрген кезінде (1911-1914) Жетісу, Қырғыз, Қытай қазақтарын аралап этнографиялық очерктер жазды. Алғашқыда буржуазиялық ақындарға қарсы мақалалар жазғанымен Октябрь революциясы тұсында идеялық қайшылықтар мен қателіктерге ұрынды.
67. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық ой-сананы оятудағы қызметі. Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.
Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана». XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты.
68. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы. Ізтілеуов Тұрмағамбет (1882-1939) - халық ақыны, аудармашы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан. 14 жасында «Қара қоңыз» тұңғыш мысал өлеңін, 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғаш дастанын шығарған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану»,тағы басқа да оннан астам дастан жазған. Т.Ізтілеуовтің шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды. Ақынның сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», тағы басқалары жатады. Сондай-ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты. Т.Ізтілеуов табиғат тақырыбында «Жыл келді», «Сыр бойы», тағы басқа өлеңдер жазды. Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Ізтілеуовтің жазба айтыстарын діни айтыс («Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы»), хат айтыс («Тұрмағамбет пен Жүрсеннің айтысы», «Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы»), жұмбақ айтыс («Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы»), мысал айтыс («Көк құтан мен шымшық») деп жіктеуге болады. Т.Ізтілеуов бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі - топтық өнер жарысын қалыптастырды. «Алты ақынның өмірі туралы айтысында» поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың түрлі қасиеттеріне теңестіріліп жасырылады. Т.Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. «Тұрмағамбеттің өзіне тән бір жаңа жанрды атауымыз керек. Ол - Тұрекеңнің өзге ақындардың айтыстарына айтқан аралық сөздері» дейді бұл туралы академик М.Қаратаев. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді. Тұрмағанбет шығармалары өмірдің әр алуан саласын молынан қамтитынтақырыпқа бай. Оның бір жағы араб, парсы, шағатай тілдерімен ұштасса, бір жағы қазақ ауыз әдебиетінің жалғасы болып табылады. Творчествосының негізгі өзегі: бай, манаптарды, би-болыстарды, әкім-ұлықтарды мінеп-шенеу, халықты ағартушылыққа, оқу-білімге, еңбек етуге, сол кездегі қазақ ауылының кейпін, жер-су, ата-мекенін бейнелеу, кедей мен мұңлының кем-кетігін, шерге толы өмірін, олардың үстем таптан көрген қорлық-зорлығын жырлау. «Байлардың ниеті», «Ақыл мен ғылым», «Жасымда назым сөзге шебер едім» деген өлеңдері осыған жатады. Өнер менен ғылымға уақытың барда, Себеп не сыбанып қол созбайтұғын? Қатарың қалмай шауып баратқанда, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын?- дейді
1923 жылы жазғңан өлеңінде. Тұрмағанбет мұрасының тағы бір ерекше саласы-өмірдің әр алуан шындығынан алып айтқан нақыл, ақыл, шешендік, әзіл-оспақ сөздері ұшан-теңіз көп, оның көбісі ел ішіне жайылып кеткен.
1. Айтар нақылы жоқтың Табар ақылы жоқ.
2. Әкім – бір ұлттікі Ақын – бар жұрттікі.
3. Ғылым – іштегі нұр Өнер – сыртқа салынған түр.
Тұрмағанбет бірін-бірі, қарма-қарсы екі дәуірді басынан кешірді, қалтарысы мол қилы-қилы талай кезеңдерді кешіп өтті. Шынында ол «өмірім бітсе де, өлеңім өмір сүреді» деп өз творчествасы жайында тура да дәл айтқан.
