Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Literature. part 1 answer the questions.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.87 Mб
Скачать

63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.

"Қалқаман - Мамыр" - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы Ш.Құдайбердіұлы. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір- біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхар жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодалдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. "Қалқаман - Мамыр" дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. "Қалқаман - Мамырдың" түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы.

64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар

20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Сұлтанбек Қожанов, Ы. Ыдырыс Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды. Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды.80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.

65. А.Байтұрсынұлының ақындығы. 1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» жинағы жарыққа шығады. Мұнда Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық бір талай өлеңдерге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы басты сарын.«Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған боз бала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар» сыналады. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. «Анама хат», «Жауға түскен жөн сөзі» — қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. Қарқаралы тұтқынынан Семейге айдалған А.Байтұрсынұлы «Қарқаралы қаласына» деген өлеңін жазады: Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, Айдай бер қалса адамың қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, Жасырын дыбыс шықты шуылдаған. Бүркеніп арсыздардың шайнауына, Жем тапты пісірмеген, қуырмаған. Шыққан соң талғамайтын доңыздардың Қасыңа қиын болар жуу маған.Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен өрнектеп байытты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]