Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Literature. part 1 answer the questions.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.87 Mб
Скачать

61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.

XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтарды ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,Х.Досмүхамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақты білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрде демократиялық реформалар арқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қынжылтты.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан:

«Бар жерді күннен-күнге алып жатыр,

Біреулер алып қала салып жатыр.

Қырылысып өзді-өзіне қазақ сорлы,

Жерінен аузын ашып қалып жатыр», - деп ашына толғаған болатын. А.Байтұрсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз кұқтарының қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығы мен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқтықсанасының өсуіне өзінің пайдасын тигізді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбегінде тəуелсіздіктің берік тұғыры, ұрпақтар сабақтастығы деген қағида өз орнын тапқан. Мысалы, Шəкəрім Құдайбердіұлы туралы, онын қазақ еліне, жастарына жөн сілтеп, ұлт тіршілігіне араласып оқу, білім алудын қажеттігін көрсеткен еңбегінде былай айтылады:

Ерте оянған кісінің біреуі осы,

Бұл жұрттың түзеймін деп атұрғанын.

Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға

Ақсақал бола алғандай осы кəрің.

Қазақ деп жекелеме азамат де

Ол кісінің пікірімен болсаң таныс [15].

Шəкəрім қажының ел тілегі татулық, бірлік екенін қазақ зиялыларының съезінде сөйлеген сөзінде көрсетті, ақын содан сабақ алып, өзі осы ойды жалғастыра білді. ХХ ғасырдың басындағы аласапыран уақытта ақын өзі сипаттаған, жырлаған қазақ зиялыларының ұлтының емес, руының мүддесін ойлаған (Бүгіндегі зиялыларда бар емес пе?), ел арасына ірткі салған істер де баяндалады. Олай болса, тəуелсіздік жолындағы күрестің тарих ғылымында əлі объективті бағасын алмай жатқанын ақын еңбегі аңғартады.

Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.

Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес. Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,

Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,

— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]