- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
Ақбілек - Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды. Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Шығарманың басты кейіпкерлері[өңдеу]
Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
