- •1.Хх ғ.Б қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар
- •2. А.Байтұрсынов аудармашы.
- •3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- •4. Хх ғ.Б оқу-ағарту ісінің дамуы
- •5.М.Дулатұлының ақындығы
- •6.С.Көбевтің «Қалың мал» романы
- •7. Хх ғ.Б тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері
- •15. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы
- •16.Хх ғ. Басындағы кітаби ақындар
- •18.С.Көбеевтің аудармалары
- •19.Хх ғ.Басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
- •20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)
- •21.Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
- •40. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы ізденістер.
- •41. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.
- •42. Әлихан Бөкейхановтың әдеби-сын мақалалары.
- •50. Мұсабек Байзақов шығармашылығы
- •51. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасы.
- •52. Хх ғ.Б. Қазақ прозасының дамуы.
- •53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
- •54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
- •55. ХХғ.Б. Қазақ әдебиетінің 1990-жылдарға дейің зерттелу жайы.
- •56. Ғ.Қарашев шығармашылығы.
- •58.XX ғ.Б. Қазақ-әдебиетінің даму кезеңдері.
- •60.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
- •61.Хх ғ.Б. Қазақ әдебиетіндегі үлттық сананы ояту идеясы.
- •62.Жаяу Мұса Байжановтың шығармашылығы.
- •63. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
- •64. 20 Ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі әдеби- сыни ойлар
- •66. М.Кәшімовтың «Мұңлы Мариям» повесі
- •69. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
- •79. XX ғ.Б. Қиссашыл ақындар шығармашылығының ерекшелігі
- •80. М. Қалтаев шығармашылығы
- •81. Шэкэрім поэзиясындағы Абай дэстүрі
- •82. XX ғ.Б. Әдебиеті бүгінгі зерттеуде
- •83. М. Жүмабаевтың әдеби зерттеу мақалалары
- •84. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы.
- •85. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті
- •86. Б.Кенжебаев хх ғасырдың әдебиетін зерттеуші
- •87. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы
- •88. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасы
- •89. Нарманбет Орманбетовтың шығармашылығы
- •97. XX ғ.Б. Қазақ әдебиетін зерттеудің басты кезеңдері
- •98. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
- •99. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» эңгімесі
- •100. XX ғ.Б. Әдебиетттану ғылымының қалыптасуы
- •101. Нарманбет Орманбетов ақындығы
- •102. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы
- •103. XX ғ.Б. Әдебиет тарихына 20-з0-жылдардағы көзқарастар
53. А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Мәскеуде шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
54. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс суреттелетін шығармалардың ішіндегі таңдаулы туындылардың бірі – Иса Даукебаевтың «Бекболат» поэмасы. Поэма «Июнь жарлығы», «Елдің қамдануы», «Елге әскер шығуы», «Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны», «Би, қажырлардың жауабы», «Бекболаттың екінші рет жаулап алуы», «Бекболаттың жауабы», «Соттың жауабы мен үкімі», «Бекболат дарға бара жатқанда», «Дар түбінде төрелердің Бекболатқа айтқаны», «Бекболаттың ақырғы сөзі» тәрізді тақырыптар мен шағын тараушалардан тұрады. Шығарма желісінде 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ даласына жеткен хабары, оған халықтың қарсы шығып, көтеріліс жасауға бел байлауы, жергілікті ұлықтардың күш көрсетуі, елдің көтеріліске дайындала бастауы, елге қарулы әскер шығып, көтерілістің күшпен басылуы, көтеріліс басшысы Бекболаттың қолға түсіп, қамалуы, ақырында дарға асуы баяндалған. Автордың идеялық нысанасы – әділеттілік пен азаттық үшін күрескен халықтың көтерілісі жеңіліске ұшырағаннан кейінгі азапты күндері мен аянышты халін, көтеріліс басшысы Бекболаттың ел тағдыры үшін ерлікпен қаза табуын жырлау. Иса Дәукебаевтің «Бекболат» поэмасы 1916 жылғы көтерілісеке байланысты туған эпикалық туынды. Дастанда негізінен жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сөз болады. Көтеріліс басшысы - Бекболат батырдың қолға түсіп, дарға асылуы, оның қайтпас қайсарлығы мен жау алдында тізе бүкпеген ерлігі жырланады. Дастанның басты кейіпкері – Бекболат Әшекеев. Ол Жайылмас болысына қарасты 4-ауылдың қазағы, 1843 жылы туған. 1916 жылғы көтеріліске оның інісі Сарманбет Әшекеев, баласы Әбділда Бекболатовтарда белесене қатысып басшылық еткен. Бекболат Әшекеев түрмеге поэмада айтылатын 70 кісімен бірге түскен. Оның інісі "Бунттың басшысы есебінде" Вырный қаласының отряд сотында кезектен тыс қаралып, оған 1916 жылғы 7 қыркүйек күні дарға ату жазасына кескен үкім шығарған. Тарихи деректерге қарағанда Бекболат басқарған көтерілісшілер тобы подполковник Базилевский мен Малышев бастаған жазалаушылар отрядпен 2 рет кездесіп арада қырғын шайқас болған. Жігіттер қалың жылқыны жауға қарсы айдап салып, отрядттың аз ғана солдатттарын қоршап алып жоқ қылуға әрекеттенген. Бекболат бір топ жолдастарымен Қарғалы болысының көтерілісшіне қосылмақшы болып кейін шегінеді. Осындай қолайлы кезеңді қолданданған қарсыластары Күнтубаев пен Сүлейменов өздеріне тілектес жүз қаралы жігітпен Бекболаттың соңына түседі. Ақыры опасыздық жасап, алдап батырды жолдастарымен түгел қолға түсіреді де 16 тамыз күні Бекболатты Шамалғандағы Балғабек Төлегеновтың үйіне «Келісім үшін шақырылған» жазалаушы отрядқа тапсырылады. «Бекболат» поэмасы «1916 жыл» атты жинақта тұңғыш рет жарияланып, содан бері қарай түрліше оқулықтар мен хрестоматияларда басылып келеді. 1936 жылғы нұсқасымен 1960 жылғы «Дастандар» атты жинаққа кірген. Бекболат поэмасынынң композициясын ақын күнделік іспетті етіп құрып, оның белгілі бір заңдылықпен өрбітеді. Автордың идеялық нысаны-әділеттілік пен азаттық үшін күрескен қалың бұқараның көтеріліс, жеңіліс тапқаннан кейінгі аянышты халімен көтерген ауыр азабымен, сол күрестің туын ұстап халыққа басшы болған Бекболаттың ерлікпен қаза табуын баса жырлау екені осы тараудың өзінен-ақ көрініп тұр. Қазақ даласын дүбірлеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты өмірге келген халық поэзиясына жан-жақты талдау жасаған ғалым-әдебиетшілерді «Бекболат» поэмасы өзінің көркемдік шешімін тапқан жоғары идеясымен, тартымды сюжет, композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен дараланып көзге түсуімен өте ұғымды көрініп, қазақ әдебиетінде алатын орны өте зор, деп жазады. Алайда Бекболат поэмасына байланысты бір мәселе бар. Бұл - «Дастан авторы кім?» деген сұрақ төңірегінде әңгіме. Зерттеушілердің көбі Иса Дәукебаев авторлығына күмән келтіреді. Өйткені Жетісу өңірінде жалпы қазақ сахнасына Иса Дәукебаев ат еш жерде кездеспейді.
