Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Literature. part 1 answer the questions.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.87 Mб
Скачать

20.М.Дулатовтың әдеби –сыни мақалалары(сыннан оқығандарыңды бір шолып, осыған қоса салсаңдар болады)

«Арғын» есімі Міржақыптікі деген тұжырымдар «Қазақ» газеті жинағында, басқа да басылымдарда тараған. («Қазақ» газеті. А., 1998. 547, 553-б.). М.Әбсеметов М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» (Серке. 1907. №84) атты мақаласы «Арғын» деген бүркеншік атпен жазылды дейді. Осы автор Міржақыптың бұдан басқа Тургайский, Түрік баласы, М.Ә., Азамат, Мадияр, М-яр, Байқаушы, Азамат Алашұлы, Алашбайұлы, Таймінер, Тайбағар, Алакөз, Қолғанат деген жасырын аттары болғандығын айтады (М.Дулатов. Шығармалары. А., 1991. 372-б.).

Зерттеушілердің бір тоқтамға келе алмай жүрген есімдерінің бірі – «Түрік баласы». Осы лақап атпен 1913 жылы «Қазақ» газетінің бірнеше сандарында «Қазақта мүфтилік мәселесі» (№11), «Бөкейліктердің мүфтілікке қалуы» (№17, 19), «Қазақтың тарихы» деген мақалалар жарияланды. М.Дулатұлының Абай туралы екiншi мақаласы Абай қазасының он жылдығын еске алу орайында 1914 жылы “Қазақ” газетiнде жарық көрдi. Мұнда қаламгер Абайдың шағын ғұмырбаянын, ол туралы еңбек жазғандар мен мұрасын құнттағандарды сипаттап өтiп, әдебиет пен ұлт, әдебиет пен тұлға арақатынасы проблемасына нақты тоқталады. Мiржақыптың бiрiншi мәселе бойынша пайымы: 

“Тарихы, әдебиетi жоқ халықтың дүниеде өмiр сүруi, ұлттығын сақтап iлгерi басуы қиын. Әдебиетi, тарихы жоқ халықтар басқаларға сiңiсiп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны — әдебиет. Жансыз тән жасамақ емес”.Екiншi мәселе бойынша пiкiрi: “Әдебиетiмiздiң негiзiне қаланған бiрiншi кiрпiш – Абай сөзi, Абай аты боларға керек. …Ең жоғары, ардақты орын – Абайдiкi. …Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз”.Бұдан шығатын қорытынды: ағартушы

М.Дулатұлы әдебиетке және оның биiк тұлғасы Абайға ұлт тағдыры, ұлт мүддесi тұрғысынан қараған. Мiржақып үшiн жан таза болса — әдебиет те таза, тұлға арлы болса – сонынан ергендер де арлы. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді.

Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соған сәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Ом-бы қаласына қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен таныса- ды. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қай-раткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасы-ның қалыптасуына үлкен ық- пал етеді. Бұл – Ресейдегі буржуазиялық – демократия-лық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп, қо- ғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалған-ды. Ахаң мен Жақаң бірін-бірі іштей тез ұғысып, бұдан былай-ғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұ- мыстарға қатысады. Алаш қай-раткерлерінің осы астыртын жұмыстары жөнінде М.Әуезов өзінің 1922 жылғы мақала- сында былай деп жазады: «1905 жылы Қарқаралыға Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер:

бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алу- ды тоқтатып, переселендер- ді жібермеуді сұраған.

Екінші – қазақ жеріне земство беруді сұраған.

Үшінші – отар-шылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күн- нің құралы барлық мұсыл-ман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар бол-ғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».

Осы мақаладағы «Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып» деген сөз петиция жазуға Міржақыптың да қатыс-қанын айғақтайды. Ал енді «Қазақстан. Ұлттық энцикло- педия» кітабының 3 томындағы 295 бетте Міржақыптың Қарқаралы петициясын жазу- ға қатысқандығы жөнінде былайша баяндалады: «М.Дулатов 1905 ж. 17 қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқара- лы құзырхатын дайындау- шылардың бірі болды. 1905-07 жылдары Зайсан уезіндегі Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ мектебінде сабақ бер- ген. 1906 жылы Дулатов Конститутциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-Петербургке барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шеру-леріне, ереуілдерге қатыса-ды. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілігеді».

І-Думаның депутаты Марков кезінде: «Қазақтар Шың-ғысхан мен Ақсақ Темірдің ұр- пақтары, сондықтан да олар- ды Америкадағы үндістер қандай күйге ұшыраса, нақ сондай күйге ұшырату керек», - деген-ді («Товарищ», № 442, 6 желтоқсан, 1907 ж.). Ресейдің патша өкіметі де осы саясатты ұстанды. Міржақып отарлаушы орыс мемлекеті- нің бұл сұрқия саясатына қарсы шығып, «Жұмбақ» деген мысал жазады. Кейін ол Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты жинағына енеді. Бұл кітап және «Жұмбақ» мысал жөнінде Орынбор губернаторы 1911 жылғы 19 қыркүйекте Баспасөздің Бас басқармасына бы- лай деп жазады:«... өзінің мазмұны жағынан бұл ис- лам дінін ұстану-шылардың жол бастаушысы жә- не қазақтар ара- сында орыс өкі-метінің саясатына қарсы наразылық туды- рушы, сонымен қатар, «Жұм-бақ» атты мысалда ұлы мәр- тебелі императорды қорлай-тын сөздер бар» (ЦГИАЛ, 776 қор, 21 тізбе, 2 бөлім, 249-іс, 1 бет). 1905 жылы Мәскеуде жел- тоқсан көтерілісі болып жат- қанында Оралда бес облыс- тың құрылтайы болып, он-да қазақ конституциялық-демократиялық партиясының құрылғаны мәлім. Осы құ- рылтай жұмысына көрнекті қазақ, татар қоғам қайрат-керлері: Ә.Бөкейхан, А.Бай- тұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ғ.То- қай, А.Бірімжанұлы, Б.Қара-тайұлы, Ш.Қощығұлұлы, М.Тухватуллин, Б.Құлақметұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тыныш- байұлы және тағы да бас-қа алаш қайраткерлері ба- рып қатысады. 1905 жылғы 25 желтоқсанда Орал қала- сында шығатын қазақ консти-туциялық – демократиялық партиясының органы – «Пікір» газетінде осы құрылтайдың бағдарламасы жарияланады.

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. Дулатұлыныңтың Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған.

Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мурасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой - Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас. - деген салыстырма жасайды. Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]