Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_emtikhan_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

42 Отбасындығы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстын технологиясын суреттеніз

   Қарттарды әлеуметтік қолдау тетігі мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде жүзеге асы­рылады. Мемлекеттік деңгейге заңмен белгіленген кепілді зейнетақы, қызмет көрсету және әлеу­меттік кепілдіктер ұсыну кіреді. Өңірлік деңгей қамсыздандыру дәрежесін жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып қосымша арттыру мәселелерін шешуді қамтиды. Олар – коммуналдық қызметтер төлемі, электрмен жаб­дықтау, байланыс қызметі, жолақы бойынша жеңілдіктер және басқа да кепілдіктер.

 Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!   [1].

«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы бойынша ең төменгі зейнетақы – 20 782 теңге, негізгі зейнетақы төлемі – 9 983 теңге, айлық есептік көрсеткіш – 1 852 теңге [2].

 Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі қазіргі уақытта көп деңгейлі болып табы­ла­ды. Жоғарыда аталған төлемдер­ге жинақтаушы зейнет­ақы қоры­нан төленетін төлемдер қосылады. Осылайша, таяу жыл­дары зейнет­ақы мөлшерлерінің өсуіне байла­ныс­ты, біз зейнет­ақымен қамсыз­дандыру саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіреміз деп ойлаймын.

ХХІ ғасырдың басында Қазақстанда зейнетақы­мен қамтамасыз ету, мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды қамтитын әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты.

Реформа тиісті демалысқа кету сәтіне зейнетақы қорларында қажетті сомаларын жинақтап үлгер­меген зейнеткерлердің де мүдделерін қорғауды қамта­масыз етті. Олар ынтымақты жүйе кезіндегі жұмыс өтіліне теңбе-тең зейнетақыны және жи­нақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерінің зейнетақы жиналымдарын ала алады.

 Зейнеткерлердің материалдық табысы жұмыс істейтіндерге қарағанда әлдеқайда аз, ал ол олардың отбасы мен қоғамдағы жағдайын өзгешелеп, тұрмыстық жағдайларда әлжуаз етеді. Сондықтан да зейнеткерлерге мемлекет, сондай-ақ кәсіп­орындар мен мекемелер, түрлі қорлар тарапынан дер кезінде қолдау көрсетудің маңызы зор.

Атаулы әлеуметтік көмектің сыртында, аз қамтамасыз етілген азаматтарға жергілікті бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй көмегі де көрсетіледі. Оның мөлшері мен берілу тәртібін жергілікті өкілетті органдар белгілейді. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып және демеушілік қаржыларды тарту арқылы басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсетеді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бой­ынша, үстіміздегі жылдың бірінші жартысында 370 мыңға жуық адамға 3,5 млрд. теңгеден асатын сома­да көмектер көрсетілген.

– БҰҰ-ның бағалауына сәйкес, жасы 65-тен асқан адамдардың үлесі 7 пайызды құраса, ол қартайып бара жатқан қоғам болып есептеледі. Қазақстанда халықтың жалпы санында қарт адамдардың тұрақты көбею үрдісі байқалады. 2004 жылдың басында-ақ 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7,4 пайыз болды. БҰҰ-ның болжауынша, 2030 жылы бұл көрсеткіш елімізде 11,5 пайызға жетпек.

Қазақстан халқының қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда олар: бала туу деңгейінің төмендігі, өлім дең­гейінің, әсіресе, еңбекке қабі­летті жастағы ер адамдар өлімінің жоғарылығы және халықтың көші-қоны. Өзіңіз байқағандай, қарттармен жүргізілетін әлеу­меттік жұмыс проблемасы жалпы мемлекеттік маңызға ие.

 Елдегі демографиялық жағ­дай­ды жақсарту мақсатында бала­лы отбасыларға төленетін жәрдемақылар енгізілді. Оның ішінде бала туғанда берілетін, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты және аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақылар. Елбасы Жолдауына сәйкес, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ана мен баланы әлеуметтік қорғауға әрекше көңіл бөлінген.

Халықты жұмыспен қамтуда, еңбек қатынас­тарын жетілдіруде ықпалды шаралар қабылдануда, оған жаңа Еңбек кодексінің қабыл­дануы да өз әсерін тигізді. “Жұмыспен қамту туралы” Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары, оның ішінде 21 жасқа дейінгі жастар, зейнет­керлік жасы алдындағы адамдар, мүгедектер және басқалар мақсатты топтар құрамына кіреді. Оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бірқатар нақты шаралар қарастырылған, дәлірек айтқанда, олар қоғамдық жұмыстарға тартуда, кәсіби қайта даярлау мен біліктілік арттыруға және басқа да әлеуметтік жұмыс орындарына ба­сымдық жағдайда жұмысқа орналасу құқығына ие [1].

27 қаңтарда мен Парламентте «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Елбасының Жолдауы жарияланды.  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету [3].

Сондай-ақ, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау­дың материалдық қолдаумен ғана шектелмейтінін атап өткен жөн. Әлеуметтік қызмет көрсету әлеу­меттік қорғаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қарт адамдардың отбасынан қол үзіп, жалғыз қалатын жағдайлары жиі кездеседі, сондай жағдайларда олар қолдауға, жәрдемге мұқтаж. Егер бұрын қарт адамдар үшін жауап­кершілікті негізінен отбасы көтерсе, қазір көп жағдайда бұл міндет мемлекеттік және жергілікті органдарға, әлеуметтік қорғау мекемелеріне жүк­теліп отыр. Қарттар мен мүгедектерге үйде, меди­циналық-әлеуметтік мекемелерде түрлі қызметтер көрсетіледі. Үнемі бөгде адамның көмегіне мұқтаж 15 мыңнан астам адам зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған 76 мемлекеттік стацио­нарлық медициналық-әлеуметтік мекеме­лер­де өмір сүріп жатыр, 33 мыңнан астам жалғызілікті қарттарға әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып қызмет көрсетеді.

Республика Үкіметі мүгедектерді әлеуметтік, медициналық, кәсіптік және еңбекпен оңалту мәселелерін шешудің кешенді міндеттерін белгілеп отыр. Олар мүгедектерді оңалту және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың ауқымды тізбесін қамтиды. Арда­герлер мен мүгедектерге жыл сайын санаторий-курорттық ем көрсетіледі, бұл мақсатқа қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Соңғы жылдары көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тізімі ұлғая түсті. Әлеуметтік қызмет көрсету саласының, оның ішінде мемлекеттік емес секторлардың одан әрі дамуы үшін болашақта әлеуметтік қызметтер туралы заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр.

Халықты әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асыру әлеуметтік әріптестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды кеңінен тартуға және пайдалануға арқа сүйейді, оның өзі елімізде қажетті әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді [1].

2012 жылғы «Қазақстан 2050» стратегиясы жолдауында:

– Мемлекет қоғамның әлеуметтiк жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшiн толық жауапкершiлiк алатын болады”,–деп атап өтiлген. Бiз әрқашан халықты әлеуметтiк жағынан қолдауда, қамқорлық жасауда Елбасының Жолдауы мен бағдарламаларын басшылыққа аламыз 

43 Қызметтін осы түрінде кеңес беруші мекемеге немесе ұйымға олардын іс-әрекетіне объективті талдау жасап, субъективті бағалаудан алшақ болып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтін сапасын арттыруға көмек көрсетеді. Бұл кеңес берудін қандай түрі: топтық, бағдарламалық, тұлғалық, жеке. Жауабыңызды негіздеңіз.

Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі

Әлеуметтік қызмет көрсету түрлері:

  • әлеуметтік-психологиялық;

  • әлеуметтік-педагогикалық;

  • әлеуметтік-тұрмыстық;

  • әлеуметтік – медициналық;

  • әлеуметтік-экономикалық.

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау

Психологиялық кеңес түрлері

Топтық және жеке кеңес және оның әлеуметтік қызметтегі сипаты. Қайталанатын және қайталанбайтын кеңестер. Жеке қарым-қатынас бойынша кеңес, әлеуметтік-психологиялық қызмет бағытындағы кеңес, алдын ала зерттелетін және зерттелмей берілетін кеңес, түзету әдістерін енгізетін және енгізбей берілетін кеңес, оқшауланған және аралас кеңес.

Әлеуметтік жұмыс қиын жағдайлардан шығу дейін клиенттің қолдау көздейді және негізделген технологиясы - жандандыру әлеуетті клиент пен оның айналасындағыларға резервтік мүмкіндіктері. Әлеуметтік диагноз жүргізген жұмыстың бірінші кезеңінде. Әлеуметтік диагноз - олардың жұмыс істеуі мәселелерін анықтау мақсатында әлеуметтік объектілер мен процестерді мемлекеттің талдау, әлеуметтік диагностика медициналық аспектілері, соның ішінде оның барлық күрделілігі мен алуан зерттелетін объектінің немесе әлеуметтік процесс туралы сенімді білім алу қысқартылды. Әлеуметтік жұмыс Күнделікті практикалық қызметі сараптамалық әдістерін клиенттің жеке сипаттамаларына сәйкес әзірленген және клиенттің қиын жағдайдың ерекшеліктеріне негізделген нақты әдістерін пайдалана отырып, белгілі бір адамның өмірін жақсартуға ықпал етеді. Әлеуметтік диагностика - әр түрлі салаларда интеграциялық әдістері мен жиынтығын қамтиды технологиясы, сондай-ақ мүмкіндігі клиенттердің жеке ресурстарды анықтау үшін әлеуметтік жұмыс маманы көздейді, әлеуметтік ортаның қосалқы қуаттар, қарым-қатынас кейінгі тәуелсіз қамтамасыз ету, өзін-өзі іске асыру (кәсіби, тұлғааралық оң жағдайларда және күрделі жағдайларда сияқты байланыс, т.б.). клиенттің әлеуметтік ортаның әлеуетті ерік қасиеттерін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді және әлеуметтік тану қамтамасыз етеді. Осылайша, күнделікті өмірде әлеуметтік зерттеулер қызметі мен клиенттердің мінез-құлық диагностикалау және әлеуметтік көмек көрсету кезінде оған өзгерістер анықтайды. Осы жұмыстың мақсаты әлеуметтік диагноз, мақсаттары, қадамдар және әлеуметтік диагно...

44 Г. Навайтистін концепциясында кеңес берудін психологиялық үлгісі бар. Отбасы отбасылық жүйенін пайда болуы мен құрылуындағы үздіксіз эксперимент ретінде түсіндіріледі. Отбасынын құрылымын отбасындағы өзара әрекет әдістерін қалыптастыратын талаптар мен қызметтер жүйесі құрайды. Отбасы жүйесі келесідей шағын жүйелерден тұрады: ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар. Аталған концепцияға талдау жасаңыз

Отбасылық қақтығыс себептері болып табылады: қанағаттандырылмаған қажеттілік: көзқарастардың және қызығушылықтардың, дүниетанымның, өзіндік ерекшелік пен мінездердінің сәйкессіздігі. Жұбайлар негізінен некелеседі: еркек пен әйелдің өзіндік жетілдіруі, «әке» және «ана» болу қажеттілігі, сексуалды қатынасқа түсу, жағымды эмоция алу үшін бірге «демалыс» ұйымдастыру және т.б. Осы негізі талаптар орындалмаса,жұбайлардың біреуі немесе екеуі де өз қажеттіліктерін қанағаттандырмаса – қақтығыс болуы ықтимал. Г.Навайтис отбасы мәселесін қарастыра отырып,отбасылық қажеттіліктердің төрт тобын бөліп көрсеткен.

  1. Өмірлікқызметті қамтамасыз ететін материалдық жағдайды қамтамасыз ету қажеттіліктері;

  2. Ана болумен байланысты махаббатқа деген қажеттіліктің болуы;

  3. Психолиялық және физикалық жақындыққа деген қажеттілік;

  4. Отбасылық қарым – қатынас жасау қажеттілігі

Отбасы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қоғамдық қызмет те атқарады, өткені отбасы қоғамның негізі және маңызды әлеуметтік институты болып табылады. Ең алдымен, ұрпақты жалғастыру қызметін атқарады. Бұнымен қатар отбасының әр мүшесінің жеке қажеттілігін және жалпы отбасылық (топтық) қажеттіліктерді қанағаттандырады. Отбасының өз қажеттіліктерін қанағаттануы отбасылық қызметтерді жүзеге асыруға негіз болады. Осы қызметтерге тоқталсақ, олар репродуктивті,экономикалық,тәрбиелеу(немесе әлеуметтендіруші),коммуникативті, демалысты ұйымдастыру,өскелең ұрпаққа құндылықтар мен салт – дәстүрлерді беру және т.б. Аталған қызметтер арасында өзара тығыз байланыс бар. Отбасы атқаратын қызметтерге психологиялық шолу жасасақ, отбасыныің ең негізгі қызметі бұл репродуктивті қызмет болып келеді. Отбасының репродуктивті қызметі адамзат тегін жалғастыру. Тәрбиелеу қызметінің негізі (немесе әлеуметтендіру қызметті) түсінікті. Өйткені бұл мәселе қай кездің болмасын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. [7]

Отбасында баланың эстетикалық, адамгершілік,философиялық тәжірбиесі, оның жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған, мейірімділік пен қатыгездік атты түсініктер қалыптасады. Жалпы кез келген тұлғаның дамуын оның өмір сүретін қоғамынан,ортасынан бөліп қарастыруға болмайды. Тұлғааралық қатынастар психолгиясы өзінің табиғаты бойынша күрделі болып келеді. Бұл тұлғааралық қатынастарда тұлғаның жеке психологиялық сапалары, оның эмоционалды, еріктік қасиеттері,интеллектуаолы мүмкіндіктері мен құндылықтары көрініс береді. Тұлғааралық қатынастардың барысында тұлға қалыптасады, өзін жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]