- •11.Отбасына консультация жұмысының мақсатын және міндеттерін ашып сараптаныз
- •13. Төтенше жағдайда қолданылатын отбасымен әлеуметтік жұмыс технологияларың бағаланыз
- •14. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстың теория негіздемесі мен тәжірибесін құраушы әлеуметтанудың маңызды сөздік қорын суреттеніз
- •15. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстың педагогиканын рөлін көрсетініз
- •20. Патронаттық отбасында балалардын әлеуметтік кезендерін тізімденіз
- •33.Отбасында әйелдердін негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтап көрсетініз
- •36.Дж.Эганның отбасына кенес беру модельн қолданып жалпы отбасына әлеуметтік-психология консультация технологиясың сүреттеніз.
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •42 Отбасындығы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстын технологиясын суреттеніз
- •45 Отбасымен жұмыс істеу "Кондуктивті педагогика" әдісіне толық талдау берініз
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •52. "Инвалид" деген ұғымымға түсініктеме берініз
- •54.Қай жаста бала өзін асырап алуға байланысты келісімін білдіре алады. 16 жас, 18 жас, 13 жас, 7 жас, 10 жас. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- •55.Сәтсіз отбасындағы девианттық тәртібі бар балалармен мектептегі әлеуметтік жұмыскердін технологияларының турлерін көрсетініз
- •57.Соттын ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру туралы шешімі қабылданғаннан кейінгі жағдайда баланы асырап алуды бастау үшін қанша уақыт қажет. 3 күн, 3 ай, 1 апта. Өз жауабыңызды түсіндірініз.
- •58. Отбасындағы асоциалдық тұлға туралы суреттеніз
20. Патронаттық отбасында балалардын әлеуметтік кезендерін тізімденіз
Бала асырап алу және қамқоршылық – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынастың екі түрі. Баланы асырап алу немесе қамқоршылық туралы маңызды шешімді қабылдай отырып, тек моральдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар моральдық және материалдық, сонымен қатар заңдық тұрғыдан дайын болу қажет. Қазақстандағы қамқоршылық немесе асырап алуға рұқсат алудың кезеңдері және негізгі талаптарын біз аталмыш мақалада қарастырамыз.
Алдымен ата-ана мен асыранды баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес заңдық қарым-қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Әрқайсысына толығырақ тоқталайық.
Бала асырап алу – сот шешімінің негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес міндеттер туындайды.
Патронат – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган және баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге беріледі.
Қамқоршылық – 14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қорғаншылық – 14 және 18 жастағы баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты егер сіз баланы отбасына қабылдап, ол үшін өз туған балаңызға қарағандай толық жауапкершілікті алғыңыз келсе, болашақта оған мүлік құқығын беруге дайын болсаңыз, бала асырап алуға тоқталғаныңыз жөн.
Егер сіз туыстық және мүліктік құқықтарды берместен тәрбиелеген жөн деп санасаңыз, бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Бұл жағдайдағы баламен қарым-қатынас қамқорлық және қорғаншылық органымен шартпен реттеледі, ал патронат ақысыз негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көбіне мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатын тұлғаның қамын ойламау керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты ерекшелігі әрекет қабілеттілігі және жасын шектеудің аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл көмек өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өз құқықтарын қорғай алмайтын және мүлікті басқара алмайтындарға көмек.
Кім асырап алына алады?
Кодекстің 84-бабына сәйкес асырап алуға ата-анасының бірі немесе екеуі де:
• қайтыс болған;
• баладан бас тартқан;
• ата-ана құқығынан айырылған және қайта берілмеген;
• баланы асырап алуға келісім берген;
• сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз, із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
• беймәлім балалар жатады.
Тууы тиісті дәрежеде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады. Сондай-ақ бала асырап алуды баланың толыққанды физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескерумен олардың мүддесінде ғана жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, толығу дәрежесі және асырап алуға келісімі ескеріледі.
Егер баладан ата-анасы бас тартса, туысқандары өзінің азаматтығы және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.
Әр түрлі отбасыларға ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілерді асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда асырап алу егер балалар өзінің туысқандығы туралы білмесе, бірге тұрып, тәрбиеленбесе ғана мүмкін.
Кім асырап алушы бола алады немесе баланы асырап алғысы келетіндерге қойылатын талаптар
Отбасында баланың қалыпты физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік даму, тәрбие және білім алуы үшін шарттар болғанда рұқсат етіледі. Асырап алушылар болып төменде келтірілген тұлғалар тізімінде жоқ кәмелетке толған адамдар бола алады.
Қазақстанда бала асырап ала алмайтындар:
• 1) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектеулі деп танылған адамдар;
• 2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылардың бірі;
• 3) сотпен ата-ана құқығынан айрылған тұлғалар немесе ата-ана құқығы сотпен шектелген адамдар;
• 4) ҚР заңдарымен оған жүктелген міндеттерді тиісті емес орындау үшін қамқоршы немесе қорғаншы міндеттерінен шеттетілген адамдар;
• 5) егер асырап алу олардың кінәсы бойынша сотпен жойылса, бұрын бала асырап алғандар;
• 6) *денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар *;
• 7) тұрғылықты жері жоқ адамдар;
• 8) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адамдар;
• 9) асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар (онлайн соттылықтың болмауы туралы анықтама алу);
• 10) азаматтығы жоқ адамдар;
• 11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айрылуына байланысты үш жылдан кем емес баланы нақты тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ер адамдар;
• 12) асырап алу сәтінде ҚР заңнамасымен белгіленген, асырап алынатын балаға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
• 13) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар.
Бұл жерде жұп бір баланы тәрбиелеу үшін міндетті түрде некені тіркеу керектігін білу керек. Жұпқа некеде болмай, бір баланы асырап алуға болмайды.
Сондай-ақ жастағы айырмашылықты да ұмытпаңыз. Асырап алушы мен асырап алынатын баланың жасындағы айырмашылық 16 жастан кіші емес және 45 жастан үлкен болмауы тиіс. Сотта негізді деп танылған себептер бойынша жастағы айырмашылық қысқартылуы мүмкін.
Баланы ерлі-зайыптылардың бірі асырап алғанда, егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі де асырап алмаса, екінші ерлі-зайыптының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл жерде егер ерлі-зайыптылар отбасылық қарым-қатынастарды нақты тоқтатса немесе 1 жылдан артық бөлек тұрса, онда рұқсат талап етілмейді.
*Адам осы аурулармен ауырғанда баланы асырап, қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа, патронатқа ала алмайтын, аурулар тізімі:
Баланы асырап алудың қадамдық рәсімі
• Қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органға қажетті құжаттарды және өтінішті беру.
• Қорғаншылық және қамқоршылық органынан жолдама алу немесе баланы асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою.
• Бар жолдамаға сәйкес жеке:
o баланы таңдау және орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және басқа ұйымның жағдайына сәйкес режимнің талаптарын сақтаумен баланың тұрақты тұру орнына 2 аптадан кем емес уақытта тікелей байланысты жақсарту (баламен, оның әдеттерімен, қалауымен, мінезінің ерекшеліктерімен, қыдыруымен, ойынымен танысу);
o бала туралы толық ақпаратты алу және оның құжаттарымен танысу;
o баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу айғағын жазбаша нысанда растау;
o бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйымның өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландыруды жүргізу үшін медициналық мекемеге жүгіну;
o асырап алудан бас тартуды алуды жазбаша растау немесе асырап алу рәсіміне әрі қарай қатысу (растау бланкісі қандай болады ) қажет.
• Асырап алуға үміткерлікке барлық құжаттарды дайындағаннан кейін асырап алушылар сотқа құжаттарды қоса берумен өтініш береді.
• Білім басқармасы/бөлімі сотқа баламен асырап алушының жеке қарым-қатынасы айғағы туралы мәліметтерді көрсетумен, комиссия қорытындысы негізінде баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа ұсынады.
• Сот шешімі бойынша баланы асырап алуға тікелей қатысу. Сотта сіздің жеке қатысуыңыз, орган өкілі және прокурордың қатысуы міндетті.
• Жеке басын куәландыратын құжатты және сот шешімін көрсетіп, балалар үйінен, интернаттан немесе басқа ұйымнан асырап алынған баланы алып кету.
• АХАЖ немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ балаға құжаттарды қайта тіркеу, туу туралы жаңа куәлік алу және ЖCН тағайындау.
• Баланы асырап алу туралы сот шешімі шыққан орын бойынша бала 18 жасқа толғанға дейін жылына 1 реттен кем емес есептерді ұсыну. Есептер өмір шарттары, оқыту, тәрбиелеу және асырап алынған баланың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Сондай-ақ жүйелі түрде жүргізілетін қамқоршылық және қорғаншылық бойынша органның тарапынан тексерулерге кедергі келтіруге болмайды.
Баланы асырап алуға қажетті құжаттар
Себебі дәл осылар қамқоршылық және қорғаншылық органдары болып табылатындықтан, Баланы асырап алуға рұқсатты алу үшін Білім басқармасына немесе бөліміне жүгіну қажет және қажетті құжаттарды ұсыну керек.
Балаларды асырап алуға тілек білдіргендерге баланы есепке қою үшін қажетті құжаттар (баланы асырап алуға үміткерлерді есепке қою):
• 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы немесе жетім баланы асырап алуға тілек туралы жазбаша өтініш;
• 2) тұрғын үй-тұрмыстық шарттарға тексеру жүргізу туралы өтініш;
• 3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері;
• 4) баланы асырап алуға жақын туысқандардың жазбаша келісімі;
• 5) көршілердің 3-тен кем емес ұсыныс хаттары;
• 6) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар;
• 7) отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
• 8) азаматтардың және жақын туысқандарының денсаулық жағдайы туралы анықтамалар;
• 9) соттылықтың болмауы туралы анықтамалар;
• 10) тұрғын үй меншігі құқығын немесе тұрғын үй немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Баланы ҚР азаматтары болып табылатын туысқандары асырап алғанда қажетті құжаттар:
Баланы ҚР азаматтары болып табылмайтын туысқандары асырап алғанда қажетті құжаттар:
Баланың заңды өкілдерінің келісімі туралы да ұмытуға болмайды. Баланы асырап алу үшін егер олар ата-ана құқығынан айрылмаса, оның ата-анасының келісімі қажет. 16 жасқа толмаған кәмелетке толмаған ата-аналар баланы асырап алғанда, сондай-ақ заңды өкілдердің келісімі қажет (жазбаша түрде рәсімделеді, міндеттінотариалдық растауға) жатады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған жағдайда немесе баланы кәмелетке толмаған ата-ана туғанда медициналық ұйымда қалдырса және оның тағдырына 3 айдан артық уақытта ешкім алаңдамаса, қамқорлық немесе қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратынорганның келісімі қажет.
• Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді:
1) сотпен белгісіз немесе өлген деп жарияланған, із-түзсіз кеткен деп танылғандар; 2) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар; 3) сотпен ата-ана құқығынан айрылғандар; 4) баламен бірге тұрмайды және сотпен негізсіз деп танылған себептер бойынша алты айдан артық тәрбиелеу және асыраудан бас тартқандар.
Егер анасы ауруханада баладан бас тарту туралы жазса, ата-анасының келісімін растайтын өзге құжаттарды талап ете алмайды.
Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН және өзге де мәліметтері
Кодекстің 97-бабына сәйкес асырап алынған балада оның мәліметтерін сақтауға болады. Асырап алушының өтініші бойынша асырап алушының тегін және атын, әкесінің атын, ал егер өтініш беруші әйел болса – онда ол көрсеткен әкесінің атын беруге болады.
Егер бала 10 жасқа толса, онда оның мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты) баланың рұқсатымен ғана өзгертілуі мүмкін.
Асырап алу құпиясын сақтау үшін сіз асырап алынған баланың туған күнін 6 айдан артық емес мерзімге, сондай-ақ туған жерін өзгерте аласыз. Бұл баланы 3 жасқа дейінгі мерзімде асырағанда ғана мүмкін. Туған жері ҚР шегінде ғана таңдалуы және кез келген жаста өзгертілуі мүмкін. Баланың тегін, атын, әкесінің атын және басқа да мәліметтерді өзгертулер сот шешімінде көрсетіледі.
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» бабына сәйкес, асырап алынған баланың ЖСНасырап алынған баланың мәліметтерін, оның жеке мәліметтерін өзгертуде асырап алу туралы сот шешімі күшіне енгеннен бастап Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде алынып тасталады. Сот шешімінің негізінде баланың туған күні өзгергенде жаңа ЖСН тағайындалады.
Асырап алушыларға көмек және материалдық төлемдер
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңның 4-бабына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалары бар отбасылар төмендегілерді алуға құқылы:
• туғандағы жәрдемақы (егер бала жаңа туған болса);
• күтімі бойынша жәрдемақыға:
o баланың күтімін жүзеге асыратын адам, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмаса;
o 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады;
• азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы жағдайындағы жәрдемақылар;
• мүгедек баланы тәрбиелейтіндерге жәрдемақы.
Сонымен қатар қазіргі таңда Елбасы жарлығын іске асыру тұрғысында асырап алушыларды 70 АЕК мөлшерінде материалдық ынталандыру ұсынысы енгізілген, республикалық бюджеттік комиссия қолдады және 2015 жылдан бастап бұл институт жұмыс істеуі мүмкін.
Қазақстандағы жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау және алу туралы толық ақпаратты осы жерден біле аласыз. Жаңа туған баланы асырап алғанда сіз сондай-ақ барлық тиісті төлемдермен Декреттік демалысқашыға аласыз.
Балаларға тоқсан сайын жәрдемақы алу құқығы табыс туралы анықтамаларды ұсынумен расталады.
21. Сәттті және сәтсіз отбасының критериясын көрсетініз
Отбасы - некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы. Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады. Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады. Отбасы - бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады. Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді.
Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделі қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерінен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиялық сипаты өзгереді. Алайда, барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.
Сәтсіз отбасы деп өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелері бар отбасыларын айтамыз..
Қазіргі қазақстандық отбасымен байланысты мәселелерді мынадай топтарға бөлуге болады:
1. әлеуметтік-экономикалық;
2. әлеуметтік-тұрмыстық;
3. әлеуметтік-психологиялық;
4. босану және отбасын жоспарлау проблемалары;
5. отбасы тұрақтылығының проблемалары.
Бұл топта отбасының өмір сүру деңгейіне, оның бюджетіне, аз қамтамасыз етілген отбасының үлес салмағына және кедейлік көрсеткішінен төмен тұратын отбасыларына, көп балалы және жас отбасыларының арнайы мұқтаждығы мен қажеттілігіне, материалдық көмектің мемлекеттік жүйесіне байланысты проблемаларды жатқызуға болады.
Әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларына жекелей тоқталып өтетін болсақ, бұл топқа отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етумен, өмір сүру жағдайымен, сондай-ақ орташа отбасылардың тұтынушы бюджетімен, аз қамтылған отбасылардың үлесімен және кедейлік көрсеткішінен төмен тұратын отбасылары мен көп балалы және жас отбасыларының материалдық қиыншылықтарымен байланысты проблемаларды жатқызуға болады. Отбасылардың әл-ауқатының деңгейі тікелей осы отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар санына байланысты. Төрт немесе одан да көп балалы және толық емес отбасылырының арасында өмір сүру деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы отбасы үлесінің 93,6 %-н құрайды. Әсіресе, өмір сүру минимумынан төмен, жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстар 58,4%-ы отбасында тіркелеген, 1,5 жасқа дейін баланың күтімі үшін берілген демалыс кезінде жәрдемақы алатын көбінесе жас отбасылар. Қарамағындағы адамды асырау бойынша отбасының қажеттілігін қамтамасыз етпейтін еңбекақының төмен деңгейі, әлеуметтік төлемдердің мөлшері өмір сүру құнының өсуінен төмен болуы, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында кедейліктің кең таралуына әсер ететін факторлар болып табылады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық проблемаларына кең көлемдегі проблемалары жатады. Олар:
1. таныстықпен неке құру серігін таңдаумен;
2. неке-отбасылық бейімдеумен;
3. отбасылық және отбасы ішіндегі рөлдердің келісуімен;
4. тұлғалық автономиясымен және отбасындағы орнығумен байланысты.
Бұдан басқа, оларға жұбайлық үйлесімділік, отбасылық дау-дамай, отбасының кіші топ ретінде ұйымдасу проблемалары жатады. Әлеуметтік-психологиялық проблемалар, сонымен қатар оқушыларды, студенттерді, жұмысшыларды, зейнеткерлерді, кәсіпкерлерді, яғни халықтың әр түрлі категорияларын мазасыздандырады. Статистика мәліметтері бойынша, достармен қарым-қатынас, эмоционалды көңілінің бұзылуы, жалғыздық проблемалары бойынша кеңес алушылардың үлесі жоғары.
Бұл отбасылар обьективті немесе субъективті себептерге байланысты өмір сүру қиыншылығы жағдайындағы отбасылар. Олар мемлекеттік әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің тарапынан көмек қажет етеді. Осындай отбасыларға төмендегілерді жатқызуға болады:
- босқындар мен мәжбүрлі көшіп-қонушы отбасылар;
- аз қамтамасыз етілген отбасылар;
- құрамында мүгедегі бар отбасылар;
- көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- жұмыссыз азаматтардың отбасылары;
- қиын баласы бар отбасы;
- қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала қатынасының бұзылуы;
- ішімдікке салынған, оморалдық өмір сүретін отбасылар;
Енді осы айтылған проблемалардың әрқайсысына тоқталып өтсек.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ерлі-зайыптылардың біреуі ғана баламен немесе баласы жоқтан тұратын нуклеарлық отбасы түрлері өте көп. Мұндай отбасы республикада халық құрамының 70%-ын құрайды. Нуклеарлық отбасы – толық немесе толық емес болуы мүмкін. Толық емес отбасының саны ажырасудың, жесір қалудың, әйелдердің некесіз бала босануының нәтижесінде 8%-ды құрайды. Толық емес отбасына баланы анасының жалғыз өзі тәрбиелеуі де жатады. Бірнеше отбасылық ұяшығы бар ата-анасы, олардың балалары мен немерелері немесе аға-іні және апа-қарындастарының бірі отбасында бірге тұруы мүмкін. Мұндай патриархалдық кеңейтілген отбасының түрі бұрынғы кезде кең таралған. Алайда қазіргі кезде жалпы санынан 20%-ды ғана құрайды. Бұл процесс бір үйде тұруға мәжбүр болған бірнеше отбасының пәтер алуына қиындығы болмаған кезде белсендірек болған.
Бүгінгі күні нәзік жандар арасында материалдық жағдай тұрғысынан ер-азаматтарға бағыныштылық байқалмайды, анығында, әйелдер бағынышты күй кешкісі келмейді. Осыдан келіп оларда «баламды асырауға өзімнің шамам жетеді, жағдайым көтереді» деген берік сенім қалыптасқан. Бұл сенім- әкесіз бала тәрбиелеудің бірінші себебі. Екінші себеп – бүгінде жаңа туылған баланың аяғынан жүріп, жүгіріп кеткенін байқай алмай қаласыз. Өйткені, нәрестенің жанына қажетті барлық жағдай жасалған. Тамағы да дайын, бұтын жиі ауыстырып, киімін жуып жатпайсыз. Бала бағушы да жанында. Жалғызбасты ананың тек ақшасы болса жетіп жатыр. Үшінші бір себеп – біз мәселе ретінде көтеріп отырған тақырыптың әйелдер арасында сәнге айналуы. Яғни, нәзік жандардың пайымынша, әкесіз өсірілген бала – әйелдің рухының мықтылығын, оның төзімділігін білдіреді дегенге саяды. Жалпы, бұл күнде «карьераның соңына түсемін» деп, ер-азамат пен әйел-аналар отбасылық құндылықтарды кейінге ысырып қойып келеді. Оның демографиялық жағдайымызға, сол секілді өздерінің денсаулығына қаншалықты кері әсерін тудырып отырғаны белгілі. Ал, бұл күнде карьераның соңына түскен әйелдер діттеген мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін тұрмысқа шықпай-ақ, көпшілікке көз қылып, бала тауып алуды қалыпты дәстүрге айналдыра бастады.
Сәтті отбасы дегеніміз отбасының функциялары мен құндылықтарының дұрыс сақталуы нәтижесінде көп мәселеге тап болмайтын отбасы.
Отбасы қызметтері:32-сұрақта бар
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі , отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
22. Жастармен әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың қандай үлгісін қолданады, көрсетініз
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.
Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.
Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
Қазақстанда Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
— психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
— өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
— жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
— еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
— мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
— құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
— жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер ең алдымен қоғамның обьективті процестерінен туындап, болашақта жастар мәселесін қайшылыққа әкеп тіреуі мүмкін. Жастар – қоғамның саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық салаларының толыққанды қалыптасуына және оның тұрақтылығына ықпал ететін негізгі әлеуметтік-демографиялық топ. Демократиялық даму жағдайында жастар мен қоғамның өзара қарым-қатынасы еркін түрде өрбиді. Бұл мәселе өз кезегінде жастар мен қоғамның бір-біріне өзара ықпалы мен тәуелділігін айқындайтын фактор болып табылады.
Демек, демократияның Қазақстандағы ертеңгі күні бүгінгі жастардың, ал олардың ертеңгі тағдыры қазіргі қоғамның қолында. Алайда, өз бетімен жүріп үйренген жас сананы жүйелендіру оңай шаруа емес. Себебі, жылдам уақыт аралығында өзгерген бұрынғы идеология мен рухани ұстанымдар, бірегей дүниетаным, әлеуметтік мәдени өзгерістер тікелей және жанама түрде қоғамда рухани бос кеңістіктің пайда болуына әкелді. Осындай рухани бос кеңістіктің орнын толтыру өтпелі кезеңде көптеген қиыншылықтарды да ала келгені шындық.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің екі моделі туралы айтуға болады –интегративті және дефицитті. Интегративті модель – бұл жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасауы тиіс әлеуметтік жұмыс. Осы аспектіде әлеуметтік жұмыс іс жүзінде әлеуметтік педагогика секілді кәсіби қызмет түрімен салыстырылады.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ретінде жекелеген жасқа, сол сияқты жастар тобына олардың әлеуметтік қызмет ету қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру мақсатында көмек көрсетуге бағытталған кәсіпқой қызмет түсініледі. Әлеуметтік жұмыстың басты міндеті жастардың бойында өздерінің проблемаларын дербес шешу, нарықтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделу, өз бетінше өмір сүру дағдыларын үйрену және өзін өзі басқару қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің мәні– жастар орталықтарына да, консультациялық торталықтарға да жүгінуге құлықсыз девиантты мінез-құлықтағы жастар тобына бақылау орнату. Әдетте, бұларға рокерлер, футбол жанкүйерлері (фандар), радикалды топтар өкілдері, наркомандар жатады. Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің принципі – құқы бұзуға бейім жастар әлеміне кіру мақсатында олармен өзара қарым-қатынас орнату.
Әлеуметтік жұмыс жүргізудің тағы бір маңызды бағыты – дағдарысты жағдайға ұшыраған қыздар мен жас келіншектерге қолдау көрсетудің жаңа әдістерін сынақтан өткізу. Бұл жаңа әдістер отбасындағы сексуалды табу тақырыбын ашуға мүмкіндік берді. ФРГ-да сексуалды күш көрсетудің құрбаны болған әйелдер мен қыздарға арналған 200 жатынжай бар. Бұл орынға тек әйелдер ғана емес, зорлыққа ұшыраған балалар да келеді. Алайда ерлердің мұнда кіруіне үзілді-кесілді тыйым салынған.
Әлеуметтік жұмысты іске асырудың бір басымдылығы болып жастарға арналған әлеуметтік қызметтер желісін құру және оларды жастардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жоққа шығарушы негізгі тетік ретінде пайдалануға болады.
23. Отбасындағы балалардың бейімделе алауының психологиялық құралдары қандай, белгілеп берініз
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызы»деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң»,»Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті. Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше. Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру. Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас. Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға «сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе. Кейбір ата - аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Бұндай қолайсыз жағдайларға тап болуына баланың өз ата - анасы кінәлі емес деп қалай айта аласыз. Бірақ осындай ата - аналар өз кемшілігін сезініп, өздері мойындай да бермейді. Бұл тәрізді жағдайлар аз болса да өмірде кездесіп тұратын шындық. Қаншама ата - ана болса, баланы тәрбиелеу әдістері де, түрі де соншалықты болатыны анық жағдай. Олаға: жылы сөзбен көндіру, көнбесе қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау т. б. Әдістер ата - аналар таңдаған тәрбиелік бағыт - бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласын тіл алғыштыққа тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың таңдаған әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады. Отбасылық тәрбие арасында ата - аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі: сендіру, жазалау, кей отбасыларда педагогтер кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады. Ал ата - аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда мына жағдайларды ескеруі керек деп ойлаймын. 1. Әрбір ата - ана өз баласының болмысын жете тани білуі қажет. 2. Ата - аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты. 3. Ата - аналардың тәрбиелік істерінің бірлігі, іс - әрекеттер әдістерінің басымдығы болуы. 4. Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті, тәрбиелік ықпаладардың қыр - сырларын үйренуі, тұрмыстық қажеттілікке айналдыру. 5. Отбасылық тәрбие ережелері. Отбасындағы жалпы қарым - қатынас, үйдегілердің бір - біріне деген сый құрметі немесе басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері, яки болмаса, жағымсыз қылықтары жас баланың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, отбасындағы ата - аналардың ажырасып кетуі, ортада қалған балаларға қатты әсер етеді. Соның салдарынан анасыз немесе әкесіз тәрбиеленген балалар жасық немесе кекшіл, көңілі жарым болып өседі. Ал ата - анасы ішімдікке салынып, бір - бірімен жанжалдасып, адамның көңіліне дақ түсіретіндей сөздермен бір - бірін балағаттау, осындай кикілжің отбасындағы ұрыстардың кесірінен өз балаларын да ұрып - соғу немесе баланың әрбір сөзіне жеки жауап беру де баланың психологиясына кері әсер етеді. Кейде осы үйдегі ұрыс - керістің салдарынан көрші - қолаңдармен де керілдесіп қалу, сөйтіп олармен де жанжалдасып, айқай - шу көтеруі, сол өздері тұрған жердегі адамдардың да тыныштығын алуы, ол үйге деген өзгелердің де пікірін өзгертіп, балаларын оларды балаларынан аулақ ұстауы сол үйдегі өсіп жатқан баланың мінезіне әсер етіп, бала тұйық, жасқаншақ болып өседі және осы жағдай балаға теріс әсер етеді. Өсіп келе жатқан бала мұны тез және өзіне жақын қабылдайды. Отбасындағы кез келген жағдаятта ата - ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері мен іс - әрекеттерінде әдептілік танытқаны жөн. Мсыал ретінде алатын болсақ, ата - ана арақ пен темекінің көптеген зияндығын біле тұра, баланың құлағына соны құя тұра, балалардың көзінше өздері арақ ішіп, үсті - үстіне темекі тартса, одан ешқандай жақсы тәрбие ала алмайтыны анық нәрсе. Мұндай жағдайда бала басқа өмірді аңсайды, не болмаса теріс беріліп отырған тәрбиеге тез бой алдырады. Ал егер осы теріс жолға бала мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өскені дей беріңіз. Болашағында бақытсыз қыз бен келешегі жоқ бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда кінәні кімнен іздейміз? Осы жерде тағы бір айта кетерлік жайт, ата - ананың бір - бірімен болған қарым - қатынасы. Мәселен, біздің халықта ер адамды ұлық тұтқан.. Ол – үйдің отағасы, балалардың әкесі. Ата - ананың бала өсірудегі басты мақсаты - қоғамдық өмірге көпшілікпен қатар «түзу кірпіш» қалау. Үйде анасы жұбайын құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп ұстаса, бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге ұмтылады. Керісінше, әке де зайыбына жылы сөйлеп, оны «ана» деп құрметтесе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Ал үйдегі ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту орынды. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген тәжірибелерінен сабақ алу - таптырмайтын өмір мектебі десе де болады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Осы айтылған халық даналығына келсек, бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келіп өседі. Баланың бұл іс - әрекетіне кейбір ата - ананың «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрсып жіберетіні бар. Бұл - қате түсінік. Дана халқымыз: «Адамның бақыты - еңбекте» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам өз қадірін, құрметін сол адал еңбегі арқылы алады. Ата - аналар балаларын жастайынан – ақ еңбек етуге, қандай қиыншылықтар болса да төзіп, оны жеңуге үйретіп келген. Олар бірер жұмыс істегенде перзенттерін жанына алып, олар ығыр болып кетпейтіндей дәрежеде жайлап түсіндіріп, үйретіп отырса, балалар жұмысты тындырымды істеуге қалыптасады. «Әкенің кәсібі, ананың рәсімі» деген қағиданы ұмытпауымыз керке екен. Яғни, балаларды жастайынан әке кәсібіне, ал қыз балаларды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз. Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажетжәне олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны «Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ» деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын болжайды. Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құраушы жеке адамдардың мінез - құлық жағынан пісіп - жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алып, пікір күресін тудырып келген. Жалпы шығыс пен батыс гуманистерінің бәрі де «Дүниенің ең асылы, юағалысы - адам, ал оның бақыты - бала» деп білген. «Адам бақыты - бала» деген ғұлама ойшылдарының пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: «Адам бақыты - бала, егер ол саналы болса». Сондықтан қазақ құдайдан бала сұрағанда «О, құдай, бала - бер, Бала берсең - сана бер! Санасыз болса, Қайта өзің ала бер» дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені - тарихи шындық. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке - шешесін боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақыратын, ата - ана көңілін жақындастыра түсетін - бала. Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы, қызығы қырқылып, үзіліп қалатынын әділетшіл халық ашық та айтады, ашып та айтады. Сондықтан да ол «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп түйеді. Бұл - халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Осы ойды ертеден келе жатқан «Ата - бәйтерек, бала - жапырақ» деген бейнелі мақал да растайды. Әрине, өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы бар деп осыны айтады. Келешекке үміт артуды көп балалы болумен де ұштастырыды халық. Отбасы қарым - қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке - шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі - алдында ең беделді тұлға әке, әлеуетті, ақылды, білімдар әке. Ата - ананың ықпалы өзінен - өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс - әрекетке айналады. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез - құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми - педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оқу - ғылым жайлы болса, әке - шешесінің сөзі де сол болса, ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине егер ата - анасы соған оны тарта білсе. Қазақ халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. «Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді» деп ана арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық бейнелеп білдіріп отырады. Бұзақылықтың басы – баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әртүрлі сылтауды тауып айтуды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы. Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады. Бала - табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала басынан сипағанды, жылы сөйлегенді, аялап еркелеткенді, ертегі мен әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Мұның барлығы - баланың бойындағы ересектерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеттер. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Сонымен қатар осы қасиеттерді баланың жастайынан ата - анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс, ескерілмей қалған жағдайда балалық шағынан шыққан ересектің жағымсыз қылықтары мен іс - әрекеті ата - анасына таяқтай тиеді, баланың болашағы болмайды. Осыған қоса баланың сезімі де пәк екенін естен шығармаған жөн. баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді. Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналарға мына түрдегі кеңестерді ескерген артық болмас деп ойлаймын. - баланы бар қалпында сүйіп, оны бала екеніне қарамастан құрметтеу қажет; - баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес, керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн; - баланың не айтқысы келетінін ата - ана түсініп алып, жауап қайтарғаны жөн, ал асығыстық жасаған жағдайда қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс; - бала жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата - ана жаза қолдана білгені жөн, ол баланың жауапкелікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ ешуақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман. - бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше өз балаңның сенімінен айырылмағаның дұрыс; - балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп алғаның жөн; - күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз. Отбасында бала ата - анасына түгелдей тәуелді екенін ұмытпаңыз; - бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді; - ата - ана баланы қиындықтардың құрсаында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата - аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым - қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс - тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс - әрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата - ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным етіп алуын ұғындырған жөн. Ендеше бала тәрбиесінде «ұсақ - түйек» деп атап, мән бермей қалдыра салатын ешнәрсе жоқ және еш қателесуге қақымыз да жоқ. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік, ағайын.
Көп балалы отбасы деп үштен артық балалары бар отбасы танылады. Бала көп туылатын аудандарда ол одан да асатын туыстарымен бірге тұратын күрделі отбасылар да баршылық. Оның басты себебі экономикалық дәрменсіздік болып отыр.Сонымен қатар отбасылар саны, баласыз болуы және оның саны бойынша да бөлінеді. Көп балалы отбасылар «төрт және одан да көп балалары бар» отбасылар елімізде 16%-ды құрайды. Көп балалы отбасын мынандай түрлерге бөлуге болады:
- Ата-аналары өздерінің балаларын жақсы көретін және саналы түрде олардың болуын қалайтын отбасы. Мұндай отбасында бала ең негізгі құндылық болып саналады, сондықтан ата-ана бала үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.
- Ата-ана саналы түрде баланың көп болғанын қаламайды. Мұндай отбасында үшінші және одан кейінгі балалар жоспарлау мен мәжелеудің жоқтығынан пайда болады. Сонымен бірге, мұндай отбасы мысалы, егіз немесе үш бала босанудың, екіқабаттықты үзуден жасанды түсік тастауына тыйым салудың салдарынан және діни сеніміне қарай түсік жасаудан бас тартуға байланысты қалыптасады.
- Әрқайсысында балалары бар, екі толық емес отбасын біріктіру нәтижесінде құрылған отбасы.
- Көп баланың өмірге келуін сәтсіздіктің пайда болуы деп санайтын отбасының негізгі қаражаттары бала үшін алатын түрлі жәрдемақылар мен жеңілдіктер болып табылады. Көптеген жағдайда ішімдікке салыну немесе нашақорлыққа салынған отбасында бала ретсіз жыныстық қатынас салдарынан пайда болады. Мұндай ата-аналар өздерінің парыздарын түсінбейді, мемлекет баланы қамтамасыз етуге міндетті деп санайды. Отбасы типтері өзара қарым-қатынас стилін қажетті әлеуметтік және өзге де көмектің көлемі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.
Көп балалы отбасының негізгі проблемалары:
1) Материалдық - әр бала дүниеге келген сайын отбасының табысы кеми түседі;
2) Толыққанды - тамақпен, киіммен, тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселелері;
3) Жоғарыда аталған проблемалардың салдарынан болатын денсаулыққа байланысты проблемалар (басқа отбасының балаларына қарағанда көп балалы отбасының балалары жиі ауыратыны белгілі);
4) Әлеуметтік-экономикалық күрделі жағдайларға байланысты ажырасу санының көбеюі;
5) Оқу саласындағы проблемалар ( мұндай отбасы балаларының толыққанды білім алу жағдайы мен мүмкіншіліктері басқаларға қарағанда төмен);
6) Балаларды тәрбиелеу проблемалары ( мұндай отбасындағы балалар көбінесе қараусыз болады; еңбекке ерте араласады; ата-аналар отбасындағы өзара қарым-қатынасты, өзіне-өзі қызмет етуді, тапсырмаларды бөлуді ұйымдастыра білмейді);
7) Көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты балалардың жеке проблемалары.
8) Көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты балалардың жеке проблемалары (тым қатаң бақылау баланың өз бетімен шешім қабылдаудағы еркіндігін шектейді, бала томаға-тұйық бола түседі; басқалармен араласудың аздығынан, бала бойын жаза алмайды; каникулы мен демалысын өткізу қиындыққа түседі);
9) Көп балалы отбасына қоғамның көзқарасының өзгеруіне байланысты және басқалар.
Әлеуметтік қызметкердің көп балалы отбасыларымен жұмыс жүргізуінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- Көп балалар отбасыларын анықтау және есепке алу, кешенді мінездеме құрастыру жөніндегі жұмыстар, отбасы мүшелерінің саны. Соның ішінде көп балалы отбасылармен бірге тұратын балалары, өзге де туысқандары, ата-аналар мен балалардың жынысы мен жасы, отбасының материалдық жағдайы мен ата-аналарының жұмыс істейтін орны мен табыс көлемі, отбасы құрамындағы жасөспірімдердің жұмыс істейтіндігі, істемейтіндігі және табысы туралы мәлімет.
- Түрлі жәрдемақылар, жеңілдіктер алуға көп балалы отбасы үшін қолданылатын жәрдемақылар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты алуға көмектесу.
- Отбасының негізгі проблемалары мен сұраныстарын анықтау;
- Жалпы отбасының және әрбір мүшесінің сұранысы бойынша көмек көрсетудің негізгі нормативтерін белгілеу;
- Табыспен қамтамасыз етілуіне және табыстың жоғарылауына көмектесу (жұмысқа орналастыру, кәсіпорын, қоғамдық ұйым басшыларымен байланыс жасаудың жолдары туралы ақпарат беру);
- Әйелдер проблемаларын, соның ішінде психологиялық проблемаларды шешу;
- Қажет болған жағдайда балаларға бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жүргізу,
- Көп балалы отбасы мүшелернің денсаулыған қадағалауға, мүгедек балаларды арнаулы емдеу орнына орналастыруға, жанжалды отбасындағы балалар мен ата-аналарды отбасылық қарым-қатынасты ретке келтіру үшін түрлі мамандардан кеңес алуға жіберуге көмектесу, жаңа жанжалдардың алдын алу;
- Көп балалы отбасылардың пайдасы үшін мейірімділік акциясын ұйымдастыру;
- Белгіленген түрлі көмектердің мерзімінде берілуін үнемі тексеріп отыру (жәрдемақыларды, бөлінген азық-түлік және заттай сәлемдемелердің уақытында берілуі).
Тұтыну қоржыны - адамның денсаулығын сақтау мен оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің төменгі мөлшер, шаруашылық тауарлары мен қызмет көрсетуге жұмсалатын қаржы мөлшері. Отбасының жан басына шаққандағы табыс мөлшері тұтыну қоржыны көрсеткішінен төмен болса, онда ол кедей деп саналады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие. Кедей деп ішінара немесе толығымен еңбекке жарамсыз, еңбекке жарамды жақын-жуықтары жоқ азаматтар; көп балалы отбасы; зейнеткерлер; мүгедектер; жалғыз басты жасы жеткен адамдар; жағдайы жайсыз отбасылар; жұмыссыз отбасылар танылады. Қазіргі кезде аз қамтылғандар тобының қатарын жас баласы бар (әсіресе 6 жасқа дейінгі), жас отаулар, босқындар мен еріксіз қоныс аударушы отбасылары толықтырады. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттің жүзеге асыратын шаралары арасындағы ең маңыздылары: жеңілдетілген салық салу, тегін немесе жеңілдетілген қызмет көрсету, денсаулық сақтау, көмек, коммуналдық қызмет көрсету салаларында, жұмыссыздыққа, балаларға, зейнеткерлерге жәрдемақы төлеу. Материалдық немесе қаржылай көмек көрсету кезінде отбасының мүліктік жағдайы ескеріледі – тұрғын үйі, автокөлігі, гаражы. Сондай-ақ олардың– сәтті жанұя, уақытша қиындықты өз бетімен, сырттан көмек күтпей-ақ шеше алатын отбасы, қылмысқа бейім отбасы, дағдарысты отбасы секілді типтері бар.
Әлеуметтік қызметкер кедей отбасыларымен жұмыс жүргізуінің бағытына мыналарды жатқызуға болады:
- Осындай тектегі отбасыларды анықтау. Оларды қадағалап, олардың сұраныстарын, бала тәрбиесінің ерекшеліктері мен отбасы ішіндегі қарым-қатынастарын зерделеу арқылы отбасылардың типтерін анықтау, сол сияқты басқа да мамандар мен ұйымдарды тарта отырып көрсетілетін көмектерді анықтау.
- Заң көмегін көрсету- кедейшіліктегі отбасылар мен олардың мүшелерінің мүдделерін қорғау, кедейшіліктегі адамдарға түрлі кеңес беру қызметін көрсету, құқықтарын қорғау және тағы басқа.
- Қажет болған жағдайда психологиялық көмек беру қызметін жіберу.
- Осы санаттағы адамдар тұратын аумақтағы кәсіподақ ұйымдарымен, кәсіпорындар мен ұжымдардың әкімшіліктерімен бірге отырып, олардың бос уақыттары мен демалысын өткізуді ұйымдастыру.
- Жұмысқа орналасуына көмек көрсету, кәсіптік оқыту мен қайта даярлау үшін клубтар, үйірмелер, орталықтар ұйымдастыруға жәрдемдесу.
- Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру.
- Ассоцияциялар, бірлестіктер, өзіне-өзі көмектесетін топтар құруға; іске кірісетін топтармен, жеке адамдармен араласуын ұйымдастыруға көмек көрсету.
- Түрлі курстар, үйірмелер мен мектептер ұйымдастыруға көмектесу.
- Арнайы қорлар ашу.
Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары баланың кез-келген сұранысына сол мезетте қанағаттандыруы, аламын деген нәрсесінің сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінігі балаларының тура жолдан шығаруға итермелейді. Ондай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сол нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды.Мұндай жағдайда, әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай. Негізінен барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі, киелі сәті балалық дәуреннің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адмдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар кездейсоқ азаматтардың жетегіне еріп, ішімдікпен есіркіге құмартады. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады. Қылмыс субъектісіне айналған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жағдайына талдау жүргізсем, олардың жартысынан астамы тұрмысы төмен, толыққанды емес және берекесіз отбасылардан шықандары дәлелденіп отыр.
Көптеген ата-аналар өндірістік еңбекпен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде-кем, өндірістік міндетін атқара жүріп, тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр – баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді – кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауап кершілікке тәрбиелеуі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» баланы зерттеуді, ең алдымен , отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, балаға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы кемшіліктер деп көрсетеді. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы- отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психалогиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ. М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар. Баланың жан-жақты тәлім-тәрбие алуға , олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Қиын баланың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады. Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажыраcу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелдегендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс- керіс, дау- жанжал), бірін - бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезілмейтіндігі белгілі.
Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір баланың адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеcу- оқу-тәрбие процесінің ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір баланың бейім қабілетіне, мінез-құлқына сай оңды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету қажет. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну, өзін - өзі тәрбиелеуде көмегін береді. Нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Қиын балаларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең – қиын балалар мен жора -жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесінің тереңдігін аңықтау.
- үшінші кезең - өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын балалардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
- cоңғы кезең - бекіту кезеңі, әрбір қиын бала мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдары мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, күрес жүргізулері керек.
24. Отбасының "өмірлік цикліндағы" болашақ жұбайларды қарастыру манызды ма, дәләлдеп сүреттеніз
1948жылы отбасы өмірі жайлы, соған арналған конференцияда, Э.Дювалль және Р.Хилл «Отбасындағы өзара қимылдың динамикасы» атты баяндамасында отбасын жүйе динамикасы ретінде оның құрылымын екі заңдылық-гомеостаз және гетеростазды ретінде қарастырды. Гоместаз заңы бойынша сол даму нүктесінде өзінің өзекті жағдайын сақтап қалу. Ал гетеростаз заңы бойынша әрбір кезеңде отбасы өзінің өмірлік циклін өту қажеттігі. Әр кезеңге түсініктеме беруде авторлар Э.Эриксонның идеясына жүгінді. Э.Дювалльдың кезеңдерді шектеуде отбасындағы баланың болуы, оның жас ерекшелігіне қарай шектеледі. Осыған байланысты отбасының өмірлік циклына келесі сипаттар берілді:
1. Қалыптасқан отбасы (0-5жыл)баланың болмауы.
2. Отбасында баланың болуы, үлкен 3жасқа келуі.
3. Отбасында бала-бақша жасында баланың болуы, үлкені 3-6жас.
4. Отбасында мектеп жасындағы баланың болуы, үлкені 6-13жаста.
5. Отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста.
6. Отбасы балалары өмірге «аттандырылған».
7. Ерлі-зайыптылар жетілген жаста.
8. Кәрілікке жеткен отбасы.
Бұл кезеңдердің пайда болуы бірнеше жетіспейтін жақтардың болуы сипатынан: басқа некеге назар аудармайтыны, өмірге деген сын мен жаңа жолдарды ескермеуінен көрінеді. Соңғы жылдары отбасының өмірлік цикл кезеңдері-психологиялық, әлеуметтік, демографиялық болып бөлінуде. Оның негізі болып эмпирикалык, зерттеулер нэтижелері мен теориялық тұжырымдар, сондай-ақ тәжірибеде кеңес берілуі көрінеді. Отандық психологияда танымал Э.К. Васильева отбасының өмірлік циклын бес кезеңге бөледі.
1. Отбасының құрылуы: некеге тұрғаннан алғашқы сәби дүниеге келгенге дейінгі кезең.
2. Баланың туылуы мен тәрбиеленуі: бір бала болсын, еңбек әрекетіне араласқанға дейінгі кезең.
3. Отбасында тәрбие беру қызметінің аяқталуы: ата - ана қомқорлығынан барлық балалардың кетуі.
4. Ата - ана және баланың біреуінің жеке отбасын құрмай бірге тұруы.
5. Ерлі - зайыптылардың жеке немесе отбасын құрған балаларымен бірге тұруы.
Отбасының өмірлік циклының жүйелі ықпалы туралы Дж. Хейлидің (1973) «Необычная психотерапия» еңбегінде жарық көрді. Ауру белгісінің көрінуі бір кезеңнен екінші кезеңге өту алдында байқалады дейді. Өтпелі кезеңде отбасы мүшелерінің алдында жаңа міндеттер тұрады, олар өзара қатынасын түбегейлі өзгертуге қажетсінуі де мүмкін. Отбасы дамуында жаңа кезеңге өту үшін ұйымдастыру жағынан құрылымдық өзгерісті. бейімделуі мен жаңа бейнені меңгеру қажеттігі туындайды. Отбасы қызметінің өтпелі кезеңнен жаңа тұрақтану кезеңіне ауысуы «қалыпты» белгі болып табылады. Барлық кезеңде отбасы құрылымының басты көрсеткіші жаңа мақсаттарға жету үшін өзгеріске әкелуі болып табылады. Отбасының көбі жаңа жағдайға бейімделіп, қайта кұруға дайын болады. Ол процесс отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық жетілуіне әкеледі. Егер бір кезеңде отбасы қайта құрыла алмаса, келесі өмірлік циклда терең деңгейде қиналыста өтетін болады. Отбасы өмірлік циклын зерттеуде қалыпты отбасылық күйзеліс, көбіне қайта бастапқы модель қызметіне айналып келуі («кері кету» механизмі) немесе дамуда тоқталу бір кезеңде («бекіту» механизмі) болуы мүмкін.
Отбасы осы дағдарыс кезеңдерінен өтуде бірталай қобалжудан өтеді. Отбасы дағдарыс жағдайы туралы алынған білімдер эксперименттік зерттеулер нәтижелерінен көрінеді. Плзак өз пікірінде ерлі - зайыптылар қатынасының дамуын екі сынды кезеңге бөлді (Плзак 1973). Бірінші сынды кезең ерлі – зайыптылардың бірге өмір сүруінің 3 жэне 7 жылында кездеседі, ал жағымды ететін жылы - алғашқы жыл. Оған әсер ететін факторлар: арманшыл көніл -күйдің жойылуы, күнделікті тұрмыстық денгейдегі жағдайларға байланысты ерлі -зайыптыларда түрлі жеке көз қарастардың туындауы, бірге келісімге келе алмауы, жай соққылардың қысымынан жағымсыз эмоциялардың пайда болуы. Дағдарыс жағдайы сырткы әсерсіз (ата - ана ықпалы, экономикалық, тұрмыстық) өздігінен туындауы да мүмкін. Екінші сынды кезең ерлі - зайыптылардың бірге өмір сүруінің 17-25 жыл аралығында туындауы мүмкін. Бұл дағдарыс бір жылдан бірнеше жылға созылуы мүмкін. Оның себебі: эмоционалды тұрақсыздықтың көтерілуі, қоркыныштың пайда болуы, жалғыздықты сезінуі. әйеліне деген тәуелділігінің күшеюі, тез қартаюы немесе ер азаматтың тұрақсыздығынан болуы мүмкін. Н. В. Самоукина алғашкы дағдарыстың (5-7 жыл) болуы серіктесіне көзқарасы, яғни алғашқы бейненің өзгеруі, алдымен бір - бірінің алдында психологиялық беделінің төмендеуі болып табылады. Екінші сынды кезеңде (13-18 жыл) ерлі - зайыптылар бір - бірінен психологиялық шаршайды, өмір сүруде жаңа қатынасты, өзгерісті қажет етеді. Бұл кезеңде, әсіресе, ер азаматтар қатты уайымға түседі. Отбасы дағдарысының жеңіл өтетін тұстары еркіндік, дербестік деңгейде жаңа қатынасты бірге іздеуге ниет етсе ғана, шешімін таппақ... Отбасы дағдарыс кезінде бұрынғыдай өмір сүре алмайды, қызметті тепе - теңдікте бөліп қарастыра алмау себептері: жағдайды шешуде таныс шаблонды қолдану, дағдыланған мінез - құлыкты, ескі қалыптасқан моделдің кажеті болмай қалуынан туындайды. Дағдарыс отбасы қызметінің қандай кезеңінде болып жатса да ( жекелік, микро - , макро - , мега жүйе ) басқа жақтарын да қамтиды.
Отбасындағы дағдарыстың микрожүйе деңгейінде көрінуі:
· Тұтастық көрсеткіштерінің бұзылуы: отбасы мүшелерінің аралық шекараларының кішіреюі немесе кеңеюі (сонғы түрі бірігуі, жалпылануы);
· Отбасында ішкі және сырткы шекараларының бұзылуы және жойылуы сондай-ақ үйлесімсіз әрекеттердің ұзақ уақытқа созылуы.
· Отбасы құрылымдык жүйесінде ролдерінің өзгеруі, біртегіс бөлінбеуі.
· Отбасында қақтығыстардың шығуы.
· Иерархиялылықтың (сатының) бұзылуы ( баскаруға таласу);
· Жағымсыз эмоциялар мен сындардың өсуі;
· Отбасы жүйесінде мүшелерінің бір-біріне қанағаттанбауы: көз қарастары жағынан өзін алданып калғандай сезінуі, ұрыс - керіс, балағат сөздер айтылуы;
· Отбасы мүшелерінің кұндылықтарының бұзылуы немесе жаңа тәжірибе жинауға қалыптаспауы;
· Ереженің тапшылығы.
Отбасы дағдарысының макрожүйе деңгейінде көрінуі:
· Отбасылық аныздың белсенділенуі.
· Осы өмірді белсенді тепе-теңдікте сүре алмай, өткен ата-баба өмір сүруі тиімді деп шығаруы;
· Иеарархияның төңкерілуі, отбасы мүшелерінде ішкі және сыртқы шекаралардың жойылуы, отбасылық құрылымның жойылуы;
· Әдет-ғұрыптар мен тұрмыс-тіршілікті бұзу.
· Отбасының калыпты ескі нормаларының тиімсіздігі мен жаңа модельдің қалыптаспауы.
· Отбасы дағдарысының мега жүйе деңгейінде көрінуі:
· Отбасының әлеуметтік ортадан шектелуі;
· Отбасының әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы;
· Қоршаған ортамен кақтығысы.
Отбасы дағдарысының өзекті мәселелері шектеле келе, әлсіздеу бір отбасы мүшесінен «сақтаушы» болып байқалады. Ол кішкентай бала немесе зейнеткер адам болуы мүмкін. Осы жағдайда ауру белгісі (симптом) мінез-кұлықтағы ескі көзқарас пен өзара қатынасты байкатады. Ауру белгісін көрсететін адам, сақтаушы «теңестірілген ауру адам» деп аталады. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушілер отбасында ауру белгісінің көрінуі, ол отбасы кажеттілігінің метафорасы деп атайды. Ауру белгісіндегі мінез - құлық сипатын төмендегідей бөліп карастыруга болады (Борисовская О. Б., 1998; Эйдемиллер Э. Г., ЮстицкЙс В. В., 2000; Эйдемиллер Э. Г., Добряков И. В., Никольская И. М., 2003):
· Отбасы мүшелерінің салыстырмалы түрде күшті әсер етуі;
· Ауру белгідегі адамда көрінетін мінез — құлық ырықсыз, яғни теңестірілген ауру адам бақылау жасауға көнбейді;
· Осы ауру белгідегі мінез - құлық жағдайы отбасының басқа мүшелеріне ыңғайлы болуы мүмкін;
· Ауру белгідегі мінез - қүлык отбасы мүшелерінін баска психологиялық мәселелерден қашуын көрсетеді, оны белсендіру отбасы жүйесін бұзылуға әкелуі мүмкін, сондықтан да ол тұрақтылықты ұстап отыруға қызмет етеді.
К. Имелинский пікірінше ерлі - зайыптыларда үйлесімнің жойылуы, адамның жаңа әсерді іздеуінен туындайды. Ол адамның түрлі әрекетінде көрінеді. Әсіресе жыныстық аймағында серіктес іздеу, оның мәні жеке адам қасиетінде жаңа байланыс, қабілет өзін көрсету деңгейімен қатар, басқа сенімсіздік, енжарлық касиеттерді жеңуге бағытталады. К. Витакер опасыздықты «сыртқы түрдегі психотерапевтік» деп қарастырды. Ерлі-зайыптылардагы опасыздық диадада қалыптасуы отбасына бүтіндей әсерін тигізеді. Ерлі -зайыптыларда құрылым бұзылып қана коймайды, отбасында иерархия ауыстырылып, қарым - қатынас күрделенеді. Опасыздық екі көзқараста қарастырылады. Дәстүрлі опасыздық-қауіпті, ерлі - зайыптылардың жағдайы бұзылады, екінші жағынан, біреуінің өмірден кетейін деп ауырып жатқанда өзара қатынасына қолдау көрсетуі. В. Бамберридің ойынша, ерлі -зайыптылардың опасыздығы бөгетке келіп тірелу немесе қатынастың біткенін білдіреді (Витакер К., Бамберри В., 1997). Отбасында ажырасудың көп кездесуі алғашкы жеті жыл өмір сүруде байқалады. Бұл көп уакытқа созылған эмоционалды қатынасқа қанағаттанбау, бір - бірінің алдында беделінің түсуі, сондықтан тәуелсіздікті қажет етуі. Ажырасудың күрделі өтетін төмендегідей сатылары бар. Алғашқы әрекеті сатқындық немесе ажырасу туралы - ол мойындамау жағдайы. Адам екінші адаммен қатынасқа тусуде көп психикалык күшті, сонымен қатар сезім, уақыт, ақша жоғалтады. Сондықтан болған окиғаны қабылдауы қиындык туғызады. Бұл эмоционалды ажырасу. Одан кейінгі ашу - ызалы кезең, санада сатқындық ұғымы күшейіп адамдар қорғанып, соны жасаған адамға деген ашу - ызасы көтеріледі. Кек алу қатынасы басталады. Бұл қатынасқа балалары, туыстары, отбасы, достары қатысады. Серіктесті жазғыра ойға сиятын және сыймайтын күнәлармен жазалайды. Келесі - өте күрделі келіссөз кезеңі. Осы кезеңде отбасын сақтап калуға некені, жойылған қатынастарды қайта жасауға жағдай қарастырылады. Әйелдер некені сақтау үшін әдейі жүкті болады немесе тағы бір перзентті өмірге әкеледі. Егер бұл жағдай нәтиже бермесе, онда депрессия кезеңі басталады. Егер адамды сәтсіздік сезімі билесе, сенім білдіру жойылады, адамдардан шеттеп қашады, өзін бағалау деңгейі төмендейді. Алтыншы бейімделу кезеңі, адам ажырасқанда бүтін болмаса да, жартылай отбасының қалатынын түсінетін болады. Бұл ғылымда психологиялық ажырасу деп те аталады. Ажырасу кезеңдерін моделдеуді, жоғалтқанына уайымдауды ұсынған Э. Кюблер - Росс. Оның пікірінше, жаңа жағдайға қарай өмір сүру және балаларға қолдау көрсету керектігі өмір жалғасын табатыны түсінікті болады: жаңа дос табады; жалғыз қонаққа, кештерге бару; материалды, тұрмыстық, техникалық сұрақтарды шешеді; жыныстық қатынасқа деген көзқарасы өзгереді. Ажырасқан адам сынған өмірін кайта бүтіндеуге талпыныс білдіреді. С. Дактың ұсынған моделі бойынша ажырасудағы эмоционалды қатынастың төрт фазасы: интрапсихикалык, диадалык, әлеуметтік және «жөндеу» ( Гозман Л. Я., 1987) анықтауға болады.
Эмоционалды ажырасуды білдіретін концепцияны ұсынған Дж. А. Ли, онда келесі фазалар қарастырылады:
1. Қанағаттанбауды саналы сезіну.
2. Қанағаттанбауды білдіру.
3. Келіссөзге келу.
4. Шешім қабылдау.
5. Қарым - қатынасты трансформациялау.
Әйелдер де, еркектер де ажырасқанға дейін әлеуметтік белсенді өмір сүрсе, онда кайта жаңа қатынасқа түсу мен жаңа отбасы моделін кұруға икемді келетін болады. Белгілі топ өкілдері ажырасу зардабын он жылға дейін тартады. Ажырасу ерлі - зайыптылардың біреуіне мәнді жеңілдік әкеле отырып, жаңаша өмір сүруге мүмкіндік береді. Ажырасу процесі тек ерлі - зайыптыларға ғана емес балаларға да әсерін тигізеді. Ажырасудан кейінгі бейімделу процесінің шарттылығы үш фазаға бөлінеді:
· Алғашкы өткір фаза, оның уақыты екі жылға созылады. Бұл дене және эмоционалды бөлектену. Ерлі-зайыптылардың біреуі балаларымен бірге болады.
· Екінші – аралық фазасы. Үлкендер бір - бірінсіз өз өмірлерін сүреді, онда жеңіс пен жеңілісті бастан кешіреді. Балаларда біртіндеп жексенбі күнгі әке немесе анасында жаңа достар ер азаматтан пайда болады.
· Үшінші фаза - жаңа өмір сүру стилін меңгеру. Қайта күйеуге тигенде әсіресе, өгей әке мен ер балаға қиын тиеді. Себебі жыныстық сәйкестік жағдайы жақсы болғанмен, балалармен қатынасы күрделенуі мүмкін. Балаларға асыранды, бөгде адам ретінде қабылданып, олар «менің әкем болса еш уақытта мұндай істемес еді» деп салыстырып отыратын болады. Қайта отбасын кұру ересектерге тұрақтылық, қанағаттануға әкелгенімен балаларда баяу өтетін процесс.
Жалпы, отбасында дағдарыс жағдайы белгісінің басты көрсеткіштері:
· Отбасы дағдарыс жағдайы.
· Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
· Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы.
· Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
· Жекелік жэне отбасылык жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.
Жалпы, ерлі - зайыптылардың көзқарастарында өмірдің түрлі аспектілері жөнінде ұқсастық көп болса, соғұрлым олардың некелері берік әрі табысты болмақ. Зерттеулерге жүгінсек, ажырасқан отбасында ата - ана мінез - құлығы өзгеретіні салыстырмалы түрде анықталған. Ажырасқан ата - ананың балалары ерте есейеді, өз үйлерін ерте тастап, өз отбасын кұрып, балалы болуға асығады. Ал ата - анасына деген қатынастары салқын, бөлектену бейім және депрессиялық жағдайға тез түсетін болады. Әрине, бұл кесін орташа, көптеген ажырасудан кейінгі күрделі әрекеттер кездесіп жатады. Ол өмір сүру сапасына, материалдық жағдайына, үлкендер жағынан көңіл бөліну мен отбасы мүшелеріне де байланысты. Балалар үлкен эмоционалды соққыны жайсыз жағдайдан аддын ала хабарсыз болудан алады. Олар тек біржақты көзкараста болып, болашактағы «өгей» ата - анасын жау және сатқындық сезімде көреді. Соққы тәжірибесінен бала эмоционалды қатынастың маңызын түсінеді. Ажырасудан кейінгі депрессия күрделі, созылмауы болуы мүмкін, себебі, адам өзін жақыны өмірден өткеннен де күрделі, киын сезінетін болады. Ажырасудың салдары тек ерлі - зайыптыларға ғана емес, балаларға да әсерін тигізетіні белгілі. Сондыктан да ең дұрысы ажырасудың алдын алу, ал оның ен тиімді жолы - дағдарыстардың дер кезінде оңтайлы шешімін тауып, тиісті коррекциялық амалдарды жүргізу.
Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет ретіндегі дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктермен тәрбиелеуді қажет етеді. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болған абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы осыларға байланысты. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошаққасынан басталады. Отбасы ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік.
Жалпы отбасын екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1. Әлеуметтік топ- (әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік эмоционалдық); Мұнда жұбайлар арасында тұлғалық ерекшеліктерге негізделген және отбасыішілік қатынастың ерекшеліктеріне қатысты қақтығыстар болады.
2. Әлеуметтік институт - топтық қарым-қатынастың әлеуметтік тұрғыдан қарастырылуы (инструменталды); жұбайлардың қарым-қатынасына әсер ететін ортаның объективті-субъективті әсерлері, ал күнделікті өмірде сыртқы және ішкі себептерін ажырату қиынға соғады.
Адамдар некелеспес бұрын өздерінің қиялдарындағы болашақ күйеу немесе әйелдің белгілі бір идеалын құрып алады. Ондай бейнелер ата-аналардың тәжірибесінең достарының әңгімелерінеи, оқылған кітаптардан, кинофильмдерден және т.б. ақпарат көздерінен алынады. Әдетте, осы бейнелер шынайы өмірде «таңдалған адамға» сәйкес келмесе өмірден түңіледі.
Отбасы қақтығыстарын зерттемес бұрын олардың себептері: отбасының материалдық жағдайының күрт төмендеуі, жұбайлардың біреуі немесе екеуінің жұмысқа көп уақыт бөлуі, узақ уақыт баспананың болмауы, балаларды балабақшаға орналастыра алмауы және т.б.жатады.
Зерттеу бойынша, қақтығыстардың 80-85% отбасылық кикілжің себептерінен, ал қалған 10-20% басқа әртүрлі себептерден болады. Отбасы қақтығыстары басқа қақтығыстарға қарағанда ерекшелігі: отбасы мүшелерінің әрқайсысының әлеуметтік және психикалық денсаулығына әсерін тигізеді. Ал рөлдік қақтығыстар басымдылығына байланысты болады. Мысалы, «Үйде кім қожайын?» Егер жұбайлардың екеуі де қожайын болу үшін күрес жүргізілсе, онда үйдегі қақтығыстан арылу қиынға соғады. Жұбайлардың отбасылық міндеттерін атқарғысы келмеуі және атқара алмауы тағы себеп болады. Кейбір жұбайлар бала туумен байланысты өздеріне «әке» және «ана» рөлдерін қабылдау керек, ол үшін олар моралдық және физикалық күштерін жинақтауы керек. Толық емес және отбасынан тыс тәрбиеленген адамдарға өздеріне отбасы құру қиын болады. Егер де жұбайлардың біреуі немесе екеуі де өзіндік «Мен» актуапизациясының қанағаттандырылмағанынан наразы болса, қолдамаса - онда отбасында қақтығыс туындайды. Бұл жұбайлардың өзімшілдік қасиетіне байланысты емес, кейбір қақтығыстар жұбайларды жақындастырып, олардың қарым-қатынастарын нығайтады. Қайткенмен де ең жақсысы - қақтығыстардың алдын алу.
Жалпы отбасы екі көрсеткіштен құрылады: махаббат және есеп бойынша. Зерттеушілердің айтуынша, махаббатқа негізделген отбасы 70-75% екен. Олардың жартысы бірінші отбасылық дағдарыста (1 жыл) бұзылады, екіншіден, келесі бес жыл ішінде бұзылады екен. Маркс Люшердің айтуынша: «Нағыз махаббат- өнер, ол басқалар секілді уақытпен тексеріліп, жаттығуы тиіс. Одан басқа жұбайлардың әрқайсысы өзіне отбасылық өмірге бағыт-бағдар мен басқа адаммен іргелес өмір сүруге қабілетті болу керек».
Отбасындағы қақтығыстардың өзіндік ерекшеліктері болады:
1. Отбасылық қақтығыстардың ерекшеліктері отбасындағы қарым-қатынастарға негізделген. Олардың мазмұны тұлғааралық қарым-қатынастарында (махаббат, туыстық қатынас), отбасылық қызметтердің орындалуына репродуктивтік, экономикалық, шаруашылық, тәрбие, рекриативті (өзара кемек көрсету, денсаулық сақтау, демалыс ұйымдастыру және т.б.) байланысты құқықтық және моралдық міндеттерді атқаруымен сипатталады.
2. Отбасылық қақтығыстардың тағы бір ерекшелігі - ол басқа қақтығыстарға қарағанда өзіндік динамикасымен және қақтығыс дамуының сатыларымен ерекшеленеді. Жалпы отбасы қақтығыстары классикалық даму сатыларынан өтеді (қақтығыстың пайда болуы, оны саналы түсіну, оған қарсы тұру, оның ашық түрде дамуы, қақтығыстың шешілуі және одан кейінгі эмоционалды куйзеліс). Бірақ ондай қақтығыстар басқаларына қарағанда өзіндік даму сатыларынан жылдам ауысуы (ұрыс, кикілжің, келіспеушілік және т.б.), жоғарғы эмоционалдықпен және шешілу жолдарымен (достасу, келісу, ажырасу және т.б.) ерекшеленеді.
3. Нәтижесі ауыр әлеуметтік із қалдырады. Кейбіреулері жұбайлар үшін қаза болумен де аяқталады. Олардың нәтижесі отбасы мүшелері үшін психологиялық ауруға әкеліп соғады. Осындай қақтығыстардың ауыртпалығын балалар көреді.
Қақтығыс - бұл ойларының (көзқарастардың, бағалауы және т.б.) және мотивтерінің (қажеттілік, қызығушылық, мақсаты, идеал және т.б) қарама-қайшылыққа келген әлеуметтік ортадағы субъектілер арасындағы қарым-қатынас. Қақтығыс - қоғамдық өмірде пайда болатын әлеуметтік процесс. Қақтығыс - саналы әрекет арқылы жүзеге асады және оны қоғамдық өмірде адамдар арасындағы болатын әлеуметтік жүйе, процесс және қарым-қатынас формасы деп қабылдауымыз керек. Қақтығыс- кез келген әлеуметтік келіспеушілік, яғни қоғамдық қатынастардың шынайы түрдегі кепілі.
Отбасы қақтығыстарының конструктивті және эмоционалды пайда болу себептерін, яғни қақтығыс объектісін анықтау қиын. Оларды шешу үшін, оның негізгі шынайы себебінің басын ашу керек. Жалпы қақтығыс себептері екіге бөлінеді: эмоционалды және эмсционалды емес. Эмоционалды себептерден пайда болатын қақтығыстарды ерлі-зайыптылар шеше алмайды, оларға көп жағдайда олардың жолдастары, туыстары және т.б. араша адам көмектесе алады.
25.Отбасылық терапияның негізгі құралдары мен әдіс-тәсілдерін анықтаныз
«Терапия» сөзідаңқының өсуі тек медицинамен әуестеніп қана қоюды емес, сондай – ақ, ғылыми зерттеулерде де көрініп отырғандай қоғамдық атмосфераның сапалы түрде өзгергенін айтады. Неке – отбасылық қатынастардың медициналық аспекті негізінде «отбасылық терапияға» көңіл аударуы, отбасында көлемді әлеуметтік контекстен өзара жеке тұлғалық үдерістерді түсінуден алшақтатады. Отбасылық терапия — отбасы мүшелерінің қарым қатынасы арасында пайда болған проблемаларды шешуде отбасына көрсетілер көмектің жолдары мен әдістерінің кешені. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген.
Отбасылық психотерапия - отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын психотерапия саласы боп табылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салаларымен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді - бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету, отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапиямен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық, заңгерлік, экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттарымен анықталынады.
Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі-зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасымен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет. 20 ғ. 70-80 жж. отбасына көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктегі түрлерінің маңызды саны қалыптасты. Бұл отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, отбасылық жаңару және білім берудің әртүрлі түрлері (отбасылық университеттер, дәріс оқытушылар және т.б.), сексологиялық, педиатриялық, педагогикалық кабинеттер болып табылады. Іздеу процесі барлық осы үлгілер арасындағы өзара байланыс және өзара қарым-қатынас жолдарында іске асады.
ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың "отбасылық диагностикасы” мен "отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын "отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі. Екінші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. "Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді. Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру.
Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі. Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді. Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында. Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли "мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді.
ХХ ғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:Қатынастарды айқындау және анықтау. "Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген. Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, "бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды. Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы болатын. Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
- психотерапевті отбасымен біріктіру;
- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кездесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші” "қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы. Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады. Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.
Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады. Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады. Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады. Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс "тәжірибе” мен "сапалы мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.
Ерлі-зайыпты психотерапияның қылықтың ыңғайының мақсаты серіктестерінің қылығының өзгеруі бәрінен бұрын болып табылады. Отбасы терапиясында қазіргі уақытта қылықтық бағыт ең кең тараған. Оның ең әйгілі формалары – ерлі-зайыптының шарттарды жасау, коммуникативті тренинг, конструктивті талас, мәселелерді шешу тәсілдері және т.б. қазіргі уақытта көптеген мамандар бәрінен жиі когнитивті –қылықтық терапия мен жүйелі психотерапияны байланыстыра интегративті ыңғайды қолданады. Шарт негізінде қылық терминінде өздерінің талаптары мен өзіне алынған жағдайларды оның ерлі-зайыптылар анықтайтын келісім шарт жатады. Талаптарды формулағанда келесі тәртіпті қолдау ұсынылады: жалпы наразылық, оны нақтылау, одан кейін жағымды сөздер (ұсыныстар), соңында әрбір жұбайдың әрқайсысының міндеттерін тізу мен шарт. Гуманистік бағытта ерлі-зайыптының қатынасын психологиялық түзетуде үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутогендік, толеранттылқ, басқаға тиімділік пен әрбірінің тұлғалық тәуелсіз дамуы түсінігі маңызды болып табылады. Бұл ыңғай динамикалық қарама-қарсылық ретінде дамыған. Ол зайыптының тарихи өткенінің әсеріне, шектен тыс манипулятивті қылықтық ыңғайға бағытталған. Отбасылық кеңес беру: Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған. Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді. Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді. Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау.
Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: "мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, "сіз нені қалайсыз?”, " ол жайында жоқ деген жағымсыз , бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”. Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі. Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады. Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: "сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, "сізге онда не көмектесті?”, " сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,” сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”. Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: "Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: " сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: " Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?” , "сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе "сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.
"Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10 жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады. Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді "қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады. Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде "пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің "эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, "ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша "бөліну” болды. Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету. Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері. Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет. Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады – оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белменділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет.
Басында психотрапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығы көруді беру керек. психотерапевтің одан кейінгі міндеті - клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру. Психотерапевт клиенттің көңіл –күйін психотерапияға қатысуға мотивін құру, сонымен қатар, аз емес маңызды қатысуға қарсы тұратын мотивтерді өңдеу, болашақ қиындықтарды көру мәселесі шешудің жолдарын табу үшін қолдануы керек. Бұл кездесудің тағы бір маңызды аспектісі – клиент психотерапевтен көмекті енжар күтетін болашақ жағдайды болдыртпау үшін онда психотерапевтикалық іс-әрекеттің мазмұнына белсенді қызығушылықты қалыптастыру. Оның орнында ол психотерапевтің көмегімен өзінің отбасы мәселелерді шешуді белсенді істеуге бағытталады. Отбасы психотерапевт өзінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі түрдегі мәселелерді шешуге тура келеді.Отбасылық дискуссия әдісі – отбасы психотерапия тәжірибесінде кең қолданылады. Оны өткізу уақтысында отбасы мүшелері олардың өміріне қатысты мәселелердің кең шеңбері және түрлі отбасылық сұрақтарды шешу жолдары талқыланады. Дискуссия көптеген мақсаттарды анықтауы мүмкін: мысалы, отбасылық әрекеттестік жайындағы қате түсініктерді жөндеу немесе отбасы мүшелерін дискуссия әдістеріне үйрету. Дискуссияны басқару психотерапевт пен қажетті іскерлікті талап етеді. Отбасы дискуссияларын өткізуде қолданылатын негізгі амалдардың қатарынаүндемеуді тиімді пайдалану, тыңдай алу қабілеті, сұрақтардың көмегімен оқыту, қайталау, талдап қорыту, нақты пірікмен конфронтация және т.б.
Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады. Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жаңа отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары келесідей:
1. Психотерапевті отбасымен бітіру;
2. Психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
3. Отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
4. Психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Бағдарламалық отбасылық психотерапия.
Бұл отбасылық психотерапияның әдісі "мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды. Жанұяның имплицитті теориясы: Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын "Жанұялық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді.
Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді. Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де "жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды " деп айта кетеді.
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.
26. Отбасын "өмірлік цикліндағы" репродуктивтік кезенің ашып дәлелденіз
Отбасының өмірлік циклы - некеге тұрудан басталып, оны бұзу мен аяқталатын отбасының өміріндегі маңызды, кезеңдік оқиғалар тізбегі.
Отбасының өмірлік іс-әрекетінің бұзылуы. Өмір бойы отбасы әртүрлі қиындықтарға кезігеді. Мысалы, аурулар, үй – шаруашылық қолайсыздықтар, әлеуметтік шиеленістер және т.б. Отбасылық бұзылыстар деген күрделі туындылар және оның факторлары болады.
1.Өткір: отбасы мүшесінің біреуінің өлімі, жұбайының «көзге шөп салуы» туралы ақпарат, отбасының әлеуметтік статусының өзгеруі: отбасы мүшесінің тұтқындалуы, банкротқа түсу және т.б.
2.Созылмалы: үйде және жұмыста физикалық және психикалық ауыр жүктемелер, тұрмыстық мәселерді шешудегі күрделіктер, отбасы мүшелері арасында тұрған конфликт және т.б.
3.Отбасының өмірінің күрт өзгеруі (өмірлік стереотипі). Бұл топ психологиялық жүктемелерден пайда болып өмірлік циклының өтуінен болады. (Неке құру, бала туу) Осындай үзілістер отбасы өмірін тез өзгертеді.
4.Бір–біріне деген қиыншылықтар суммасының байланысы. Бұл қиыншылықтардың туындауы екінші кезеңде (отбасында бірінші баланың пайда болуы) көптеген мәселелердің шешілуінен болады. Мысал ретінде білім алуды аяқтау және мамандықты алу, тұрмыстық мәселені шешу, алғашқы мүлік алу, балаға қарау жатады.
5. Отбасының өмірлік цикл кезеңдерімен байланысы.(Мысалы жаңадан үйленгендердің ата-аналарының идеологиясының жақындануы). Кәдімгі қиыншылықтар («нормативті стрессорлар») онымен әртүрлі отбасы кездеседі. Осы қиыншылықтар отбасыны құрған кезден бастап және өмір бойы әр кризиске ұшыратады. Осы қиыншылықтардың бірінші кезеңі 3-4 жылдарында, және екінші этапы 17-15 жылдар арасында болады. Оны жалпы қанағаттанбаушылықпен түсіндіріледі. Бірінші кезеңде фрустрацияланған өзгерістерге байланысты, ал екінші кезеңде отбасылардан балалардың кетуімен және соматикалық аурулардың пайда болуы шығады.
6.Өмірлік циклдың жағымсыз нұсқаулары. (Мысалы егер жас жұбайлар әртүрлі идеологиялары полярлы отбасыларда өссе). Бұл қиыншылықтар отбасындағы бір мүшенің (жұбай, бала) болмауынан болады. Оның себебі ажырасу, өлім, бала жоқтықтан болуы мүмкін. Бұл нұсқаулардың алуандылығынан: функционалды жоқтықтың болуы.
Отбасының репродуктивті функциясы. Бұл функцияның екі міндеті болады: қоғамдық - халықтың биологиялық қайта жаңғыруы, жеке - балаларға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Э.Дюрнгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама - қарсылығы неке одағының негізі ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы - неке қарым - қатынастарының тұрақтылығына әсер етуші күші жағынан қандас туыстық тәрізді фактордан да басымырақ. Бұдан отбасының келесідей маңызды функциясы шығады.
Бұл - жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жаңа ұрпаққа мәдени мұраны беру, адамның балаға, оны тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге қажетті адамның өміріне мән береді. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің басты нысаны ретінде отбасының басымдығы табиғи - биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда өзінің ерекше ізгілікті - эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде үлкен басымдығы бар.
Баланың өміріндегі алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды - ес, зейін, сөз, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, т.б.
27. К. Роджерс "Мен концепциясының" ұғымына талдау жасаныз.
Карл Роджерс(1902-1987). Гуманистік психологияның, жеке тұлға псхологиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Карл роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген. Көптеген ғылыми қоғамдардың белсенді мүшесі болған. К.Роджерс өзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоциациясы тарапынан 1956,1972 ж.ж. екі мәрте марапатталған. Теория және онығ кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К.Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланды.
Еңбектері
"Психотерапия және тұлғаның өзгеруі" (1954);
"Тұлғаның қалыптасу: психотерапевт көзқарасы" (1969);
"Болмыс тәсілі" (1980 )
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. [1]
"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. «МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН» концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен – концепциясы өзінің шығу тегі жағынан – негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.
Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар .
Ол дифференциалдылық (өзі туралы жеке ойлардың нақтылануы), жоғарғылық (ол жоғары, обьективті жетістіктерге сәйкес келуі керек), сияқты өлшеулерді қамти отырып, жасы жағынан өзгереді. Өзіндік баға бала кезде өзіндік қатынасқа айналып, сыртқы орта бағасымен интериоризацияланады. Бұл интеллектуалды даму кейбір тұлғаның деңгейінен ғана басталуы мүмкін. Өзіндік жалпылауы жоқ олигофренді – балаларда тұрақты өзіндік баға болмайды және қалыптаспайды.
Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды.
Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің «Менінің» әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді («Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін» деп жазған Козьма Нуфутков). Іс — әрекет табысты болу үшін адам өзін шынайы жетісіктерден жоғары етіп бағалауы керек, осылайша ол өзін мотивтендіреді. Төмендетілген өзіндік бағалау (объективті жетістіктерден төмен), дифференциялықты көрсетеді. Тұлғалық невротизацияға тез ұшырайтынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер өзіндік баға мектептік үлгерімділікпен тікелей байланысты, бұл уақытта, интеллектуалды ерекшеліктер – тек өте қабілетті емес, бірақ өзіне сенімді оқушы дарынды, бірақ өзіне күдіктенуші балаға қарағанда жақсы оқиды деген сөз.
Негативті «Мен» концепциясы адамдардың қарым – қатынасы мен іс — әрекетін шектеу, психологиялық қорғанысты шектен тыс пайда болдырады. Өзін қабылдау – тұлғаның өзін — өзі өзектендірудің негізі болып табылады. Әлеуметтік мазмұны көп мамандықты таңдаған адамдарға өзін тануға мүмкіндік беретін ғылымдарды көп тереңдетіп оқу керек, ал негативті Мені – бұл мамандыққа қарама – қарсы болып табылады.
Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін — өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады:
а) Іс — әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы.
б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса.
в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы.
Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек
28. Отбасы терапияның негізгі технологияларының түрлерін және әдістерін айқынданыз (25 сұрақ ответі)
29. Инвалид балалары бар отбасымен әлеуметтік жұмыстын технологияларының мазмұның тусіндірініз
Отбасында ауру адамның болуы, отбасы мүшелерін нервтік-психикалық, патологиялық, эмоционалды, денелік қысымға түсіріп, ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарауға жеткізеді. Бұл қиындықты объективті және субъективті деп екіге бөліп қарастырамыз. Объективті түрінде отбасы ережесі мен ырғағы бұзылып, қаржы жұмсау көбейеді. Ал субъективті қиындық түріне бір отбасы мүшесінің психикалық ауруына түрлі уайымдау мен эмоционалды реакциялар кіреді; ауру адамға еш көмек бере алмайтынына қынжылу, әлсіздену; мінез-құлықтағы өзгеріс, түсінбестік, қорқу сезімі; депрессия; көңілінің қалуы; фрустрация; жан айқайы, ұрыс-керістің жиі туындауы.
Ауру белгісі байқалатын адамды, сақташыны «теңестірілген ауру адам» деп атайды. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушілер ауру белгісінің көрінуін отбасы қажеттілігінің метафорасф дейді.
Ауру белгісіндегі мінез-құлық сипатын төмендегідей жіктейміз: отбасы мүшелерінің салыстырмалы түрде күшті әсер етуі; ауру адамда көрінетін мінез-құлық ырықсыз болғандықтан, теңестірілген ауру адамның бақылау жасауға көнбеуі, отбасы мүшелерінің басқа психологиялық мәселелерден қашуы көрсетеді, отбасы жүйесінің бұзылуы.
Ауру адамға көмектесі мақсатында отбасы үш топқа бөлінеді: бірінші топ ішкі қабат деп аталып, отбасында ауру адамға толық қарау, күтім жасау, бақылау, оның қажеттігі мен әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесетін басты рөлді (анасы, әпкесі, әйелі) алады. Сыртқы әлем мен ауру арасын байланыстырып тұратын звено. Бұл адам қоғам алдында да сол ауру адамның мінез-құлқы үшін жауапкершілікте. Екінші топ- отбасы мүшелері өз жеке жоспарлары мен ниеттерін жүзеге асыруды сақтай, белсенді әлеуметтік өмір сүруін ( оқу, жұмыс) жалғастыра береді. Көп жағдайда түсінбеушілік туындап отырады; үшінші топ-күнделікті байланысқа түспейтін, бірақ ауру адаммен байланысы бар, жақын-алыс туыстары, достары.
Отбасында ауру адамы бар мүшелердің ынта-жігерін түсіретін факторлар: ауруға байланысты өзін кінәлі сезіну; отбасындағы ауру адамның мінез-құлқы; ауру адамның созылу мерзімі; отбасының күнделікті өмірінің бұзылу кезеңі; шок кезеңі; мойындамау кезеңі; уайым мен депрессия кезеңі; жетілген бейімделген кезең.
К.Терекльсон отбасы мүшелерінің аурудың пайда болу себептеріне екі басты көзқарасын бөліп көрсетті:
- биологиялық: бұл теорияны саналы және санасыз түрде ұстанатын отбасылар аурудың себебін науқас адамның еркіне бағынбайтын, оның ағзасында өтіп жатқан түрлі өзгерістермен байланыстырады;
- психологиялық: ауруға отбасы мүшелерін, өзін және ауру адамды кінәлау, соңында бәрінің кінәлі болып шығуы. Өз тыныштықтары үшін ешкім сыртқа ойларын жаймайды, іштей бір-бірінен кінәліні іздеп, ахуалды күрделендіреді.
Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема. Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүруі үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға, адамның табиғи құқына ие болуға, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті. Отбасында ақыл есінің зақымдалуымен байланысты, балалық церебралдық салдарынан жүйке жүйесі дамуының бұзылуымен тәрбиеленіп жатқан және туған бала — бұл қайғы-қасірет. Кез-келген ата-ана мұндай сынаққа шыдай алмайды және психологиялық ауырлықты көтере алмайды. Өйткені өзін толық оған көздеп, бір ғана мақсат қойып, барлық өмірін бір қанмен байланысқан мүгедекке барлық уақытын арнауға тура келеді. Ойын, өмір сүру жағдайын, араласып жүрген ортамен түп-тамырымен ауыстыру қажет. Бұл жеңіл емес, мүмкін болашаққа сенімін жоғалтып, мүгедекті балалар интернат-үйіне тапсыру жеңіл болар. Көп жағдайларда көптеген ата-аналар осындай балалардың жағдайын жақсартуға болатының сезбей жасайды.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар тобына мүгедек-балалар, жетім балалар, ата-анасынан қараусыз қалған балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, қадағалаусыз қалған балалар және т.б.
Мүгедектік латын сөзі «инвалид» аударғанда «жарамсыз» деген мағынаны білдіреді. Мүгедектік бұл ауру, жарақат т.б. әсерлердің салдарынан тұлғаның өмірлік іс-әрекеттері шектеліп келумен сипатталады. Мүгедектіктің қазіргі мағынасы аурулардың, жарақаттар нәтижесінде денсаулығы бұзылған, соның кесірінен өмірлік іс-әрекеттері шектелген және әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет ететін адам дегенді білдіреді. Мүгедектіктің негізгі белгісі сырттай өмірлік іс-әрекеті шектелуден көрінетін (өзіне-өзі қызмет көрсетуден толықтай немесе жартылай айрылған, өз бетімен қозғала алмайтын, қарым-қатынас жасай алмайтын, өз мінезін қадағалай алмайтын, оқи және еңбек ете алмайтын) денелік ресурстардың жетіспеушілігі бар тұлғалар. Мүгедек-балалар категориядағы жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мақсаты:
мүгедек балалардың жас ерекшелігіне сәйкес өмір сүруге деген мүмкіндік жағдайын қамтамасыз ету;
Баланы қоршаған ортаға және қоғамға өзіне-өзі қызмет көрсетуді оқыту дағдысы арқылы максималді түрде бейімдеу;
қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру, кәсіби тәжірибелер білімін жинақтау;
мүгедек балалардың ата-аналарына көмек ету.
Балалардағы мүгедектілік өмірлік жағдайындағы мәнді шектеулерді білдіреді. Ол дамудағы бұзылыспен, өз-өзіне қызмет жасаудағы, қарым-қатынастағы, оқудағы, болашақта кәсіби дағдыларды игерудегі кедергілермен негізделген әлеуметтік бейімделмеушілікке (дезадаптация) әкеледі. Мүгедек балалармен әлеуметтік тәжірибені меңгеру, олардың қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі қоғамнан белгілі-бір қосымша шараларды, тәсілдер және күш-жігерді талап етеді. Бірақ бұл шаралар әлеуметтік оңалту үрдісінің мәніне, міндетіне, заңдылықтарына негізделіп жасалуы керек. Нақты бұл категориядағы балалармен іс-тәжірибелердің жинақталынуы әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыру базасы болуы мүмкін. Алғашқыда белгілі мәселелерді жалпы деңгейде белгілесе, сосын оларды жекелей көріну сипатына қарай диагностикалайды. Мұндағы ең негізгі күрделірек жасөспірімдер мен жастардағы тәуекел жағдайын растау сандық және сапалық жағдайлардың үнемі өзгеруімен сипатталынады.
Жетім балалар қатарына ата-анасының екеуі немесе біреуі қайтыс болғандар жатады. Бұл категориядағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұны өзіндік мәні мынадай: ең алдымен осы топқа жататын балаларды анықтау; олардың құқығын қорғау; жетім балаларды оқыту және тәрбиелеу әлеуметтік жағдайларын үнемі қадағалап бақылау; әлеуметтік реабилитациялау мен бейімдеу, оларды оқуға, еңбекке орналастыруға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектесу.
Ата-анасынан қараусыз қалған балалар қатарына ата-анасының біреуі немесе екеуінің болмауымен байланысты немесе олардың ата-ана құқығынан айырылғандар, ата-ана құқықтарынан шектелгендер, ата-ана екендігін мойындаудан қалыс қалғандар, ата-ана болуға қабілетсіздер, ата-аналарының емдеу орындарында, бостандығынан айыру жөніндегі тергеу орындарында болуы, ата-аналарының қылмыс жасағаны өз балаларын емдеу, тәрбиелеу, тұрғындарды еңбекпен қамту мекемелерінен және басқа да мекемелерден алуға қарсылық білдіргендер жатады. Бұл категориядағы балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, қолдау көрсетіледі.
Әлеуметтік педагог өз жұмысында асырап алу және қамқорлық жасау органдарымен тікелей байланыс жасай отырып міндеттерді шешеді. Әлеуметтік педагог заңға сәйкес баланы алдағы уақытқа тәрбиелеуге дайындау іс шараларына қатысады. Асырап алу және қамқорлық жасау органдарының қызметі кең ауқымды болып келеді. Онда отбасылық кодекс төмендегідей сұрақтарды қарастырады. - балалар туралы ақпарат алу; - жасөспірімдердің құқығын қорғау жөнінде олардан өтініш қабылдау; - балалардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін басқа адамдардан және ата-анасынан баланы алу; - отбасындағы тәрбиеде бала құқығын қамтамасыз ету, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты талас, дау-жанжалдарды шешуге, баланың атын, фамилиясын өзгертуге қатысу; - әкесінің өтініші бойынша әке болуға келісім беру; - жасөспірімнің ата-анасымен байланыс жасауына келісім беру; - отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты таластарды шешуде сот ісіне қатысу; - ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы хабарлау; - отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты іс бойынша сот шешімін орындауға қатысу.
Ата-анасынан қараусыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеуге (асырап алуға немесе отбасына қабылдауға) болады, ал мұндай жағдай болмағанда – жетім немесе ата-анасынан қараусыз қалған балалар лайықты мекемелерде тәрбиеленеді. Мұндай мекемелерге жалпы білім беру мекемелері (жетім балалар және ата-анасынан қараусыз қалған балалар ғана оқытып тәрбиеленеді); тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамту орталықтары (балалар үйі-интернаттар, мүгедек балаларға, ақыл-ойы баяу дамыған балаларға және физикалық жетіспеушілігі бар балаларға арналған интернаттар, балаларға көмек етуге арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік приюттер); денсаулық сақтау мекемелеріне (балалар үйі) және заңға сәйкес басқа да мекемелер қызмет етеді. Жетім балалар дүниеге келгеннен бастап үш жасқа дейін балалар үйлерінде тәрбиеленеді. Үш жасқа толғаннан кейін жетім балалар мектепке дейінгі мен мектеп жасындағы балалар үйіне, физикалық және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы интернаттарға, жасөспірімдер мен деликвентті балаларға арналған жабық түрдегі интернаттарға жолданады.
Бұл мекемелердегі әлеуметтік педагог балаларға арнап картотека жүргізеді, олардың даму ерекшеліктерін талдап саралайды, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, әр баланың қалыпты дамуына жағдай жасау бағытында жұмыстанады. Әлеуметтік педагог тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру жөнінде (мамандықтар туралы таныстыру), олардың өз құқықтары жөнінде сауатты білуіне, түлектердің үй жағдайынан сыртқы ортаға, өзіндік дербестік өмірге бейімделе алуға көмектеседі. Әлеуметтік педагогтің ерекше қызмет бағыты-баланы туған үйіне немесе асырап алатын отбасына орналастыру жолдарын іздестіру болып табылады.
29. Отбасынын шаруашылық-тұрмыстық қызметі отбасы мүшелерінін материалдық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ол отбасы мүшелерінін психосоматикалық денсаулығын сақтауға, қызметтің түрлі салаларына жұмсалатын физикалық күшті қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Отбасынын басқа қандай қызметтерін білесіздер. Сипаттама беріңіз.
Отбасының қызметтері 32-сұрақта бар.
Функцияларды өзара спецификалық және спецификалық емес деп бөлуге болады.
Спецификалық функцияларға репродуктивті функциясы(бала туу),
экзистенциалды функцияны (баланы күту және тәрбиелеу)жатқызамыз.
Бұл функциялар қоғамның өзгеруіне тәуелді емес.
Спецификалық емес функциялар бұл-статустың, шаруашылықтың берілуі,
денсаулыққа күтім, отбасы мүшелерінің жағдайы т.б.
Отбасының репродуктивті функциясы. Бұл функцияның екі міндеті болады: қоғамдық - халықтың биологиялық қайта жаңғыруы, жеке - балаларға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Э.Дюрнгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама - қарсылығы неке одағының негізі ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы - неке қарым - қатынастарының тұрақтылығына әсер етуші күші жағынан қандас туыстық тәрізді фактордан да басымырақ. Бұдан отбасының келесідей маңызды функциясы шығады.
Бұл - жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жаңа ұрпаққа мәдени мұраны беру, адамның балаға, оны тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге қажетті адамның өміріне мән береді. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің басты нысаны ретінде отбасының басымдығы табиғи - биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда өзінің ерекше ізгілікті - эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде үлкен басымдығы бар.
Баланың өміріндегі алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды - ес, зейін, сөз, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, т.б.
Отбасының келесі маңызды функциясы экзистенциалды функция - өз мүшелерін әлеуметтік және эмоционалды қорғау функциясы. Кез - келген құбылыстың мәні қатерлі жағдайда айқындалатыны белгілі. Қауіп төнген сәтте адамдардың көпшілігі өз отбасымен болуға тырысады. Өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде, адам ең жақын туыс адамын көмекке шақырады. Отбасында адам өз өмірінің құндылығын сезінеді, риясыз берілуді, жақын адамдардың өмірі үшін құрбандыққа баруға әзірлігін көреді.
Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық - тұрмыстық функция. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның мәні қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық - тұрмыстық қызмет түрлерін алуда. Әлеуметтік мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе береді. Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады. Рекриативті, күшті қалпына келтіру функциясы адамның еңбек күнінен кейін дене күшін, психологиялық, эмоционалдық және рухани күштерін қалпына келтіріп, нығайтуға бағытталған. Бұл толық зерттелмеген, алайда ғалымдар отбасының жұбайлар денсаулығына жақсы әсер ететінін көрсететін нақты дәлелдер тапты. Жұбайлық- ерлі - зайыптылардың денсаулығына жайлы әсер етеді. Жұбайларынан айрылғанда еркектер әйелдерге қарағанда қаттырақ күйзеледі. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды және осы салада бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай - ақ бұл функция индивидтің бос уақытын өткізу жөніндегі белгілі бір қажеттерін қанағаттандырады.
Бақытсыз ерлі - зайыптылар жұбының бесеуінің біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді. Бұл көрсеткіш бақытты жұптар арасында 2-5 есе артық. Бос уақыт - аса маңызды әлеуметтік құндылықтардың бірі, адамның дене күш қайраты мен рухани күшін қалпына келтірудің, жеке тұлғаның жан - жақты дамуының теңдесіз құралы.
Отбасының тәрбиелік функциясының 3 аспектісі бар:
Біріншісі - баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның қабілеттері мен мүдделерін дамыту, денсаулығын нығайту.
Екінші аспект - отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне өмір бойына жүйелік тәрбиелік әсері.
Үшінші аспект - ата - ананы балаларына үнемі әсер ете отырып, өзін - өзі тәрбиелеуге итермелеуі.
Психологтар отбасының коммуникативті функциясына көбірек мән берген
және қазір де беріп отыр. Бұл функцияның келесі компоненттерін атауға болады: отбасының өз мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар,
радио, баспасөз) әдебиетпен, өнермен байланыс жасауға делдалдық жасауы,
отбасының өз мүшелерінің қоршаған табиғи ортамен түрлі байланыстарына және
оны қабылдау сипатына әсер етуі. Отбасының осы негізгі функцияларын талдай
келе, олардың ешқайсысын жеке алғанда толығымен, топталған түрде барлығын да
басқа функциялармен алмастыру немесе шығару мүмкін екеніне көз жеткіземіз.
Осы функциялардың ішінде тәрбиелік, бос уақытты ұйымдастыру, күшті
қалпына келтіру, экзистенциалды функцияларға баса назар аударылуы тиіс.
Бұл функциялар бір - бірімен өте тығыз байланысты. Отбасылық функциялар
дұрыс орындалмағандықтан отбасының құрылысы бұзылып, түрлі олқылықтар
мен кемшіліктер пайда болады. Ол отбасының келешекте дамып, өркендеуіне кері
әсер етеді.
Бала өмірін және іс - әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі ұтымдыырғақ жасау.
Балалардың күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағын, бірлігін еске алуы тиіс. Отбасындағы күн ырғағының негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Бұл күнде басты мәселеге айналып келе жатқан – отбасының бос уақыты мен демалысын дұрыс ұйымдастыру. Отбасылық өмір салты, өмір ырғағының дұрыс және ретті түрде қарастырылуы да бүгінгі отбасына қойылатын талаптың бірі болмақ. Бос уақыт – адамның күш – қуаты мен рухани жан – дүниесін байытатын, тұлғаның жан – жақты дамуына берілген мүмкіндік. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру да отбасы иелерінің тұлғалық сапасының көрінісі. Балаға бесік жырын немесе ертегі айтып ұйықтатудан, таза ауада серуендету, теле – радио хабарларын тыңдату, театрлар мен концерттерге, кітапханаларға апару, мерекелерді өткізу, туған – туыстармен араластыруға дейінгі сияқты көптеген мәдени - әлеуметтік шаралар рухани құндылықтар қатарын толықтырады.
31.Бикарьералық отбасы отбасылық өмірдің кең тараған үлгісі болып табылатыны белгілі. Мұнда ерлі-зайыптылардың екеуі де кәсіби даму мақсатын алға тартады. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда бикарьералық отбасылар бар ма. Мұндай отбасылардың болашағы қандай. Ойынызды сипаттаныз
Қоғамның кейбір әлеуметтік таптары мен жіктерінде отбасын құрудағы ерлі-зайыптылардың құндылықтарын және олардың кәсіби мүдделерін өзінде ойдағыдай үйлестіретін, "қол жеткізуші мәртебеге", яғни таңдап алған мамандық бойынша мансапқа бағдар ұстанумен байланысты отбасының жаңа типі құрыла бастайды. Бұл тип "бикарьералық отбасы" деген атқа ие болған.
Батыста отбасының бұл формасы "орта таптың" жоғарғы жіктерінде кең таралған, ал біздің елімізде интеллиген-цияның (зиялы қауымның) кейбір жіктері арасында таралған. Бикарьералық отбасына жататын ерлі-зайыптылардың қандай да бір әдеттегіден тыс қабілеттерге ие емес екендіктерін, бірақ сонымен қатар олардың екеуі де үйдегі міндеткерліктерді өзара тең бөлісетіндіктерін, бір бірінің кәсіби қызығушылықтарына құрметпен қарайтындықтарын, өзара төзімділікке ие екендіктерін көрсетіп отыр.
Отбасының бұл типі құндылықтық бағыт-бағдарлардың интеграциялануының және бірлігінің жоғары деңгейімен сипатталады: ер адам әйелінің мүдделері мен қажеттіліктеріне түсіністікпен қарайды, ал әйелі болса, өз кезегінде күйеуінің тарапынан болатын қолдауға сүйенеді. Алайда отбасының аталмыш типі ерлі-зайыптылардың арасындағы дау-жанжалға, ажырасуға алып келетін шиеленістің қайнар көзі бола алады. Мұндай шиеленістің себептері ерлі-зайыптылардың физикалық және психикалық тұрғыдан қалжырауы, ерлі-зайыптылық рөльдерін әр түрлі түсінуі, кәсіби мүдделері мен отбасылық міндеттерінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Бикарьералық отбасы Қазақстанға да тән.
Бикарьералық отбасы дегеніміз ерлі-зайыптылардың екеуіде кәсіпкерлікпен айналысуы, яғни отбасындағы бала тәрбиелеп, отбасы шаруашылығын да жүрген әйелдің де кәсіпкерлікпен айналысуы, мұндай отбасының болашығы арине, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасқа, сенімділікке байланысты. Көптеген отбасындағы ер адам әйелінің кәсіпкерлікпен айналысуына қарсы мұның бір себебі ер адамның әйеліне деген сенімсіздігі, осындай сенімсіздікің пайда болуынан ерлі-зайыптылардың болашағы болмай ажырасып кетіп жатқандар да аз емес, бірақ ерлі зайыптылардын кәсіпкерлікпен айналып жарқын болашаққа жетіп, басқаларға үлгі болып жүргендері бар. Дегенімен отбасында ерлермен қатар әйелердер де кәсіпкерлікпен айналысуы кәсіпкерлік саласын арттырады себебі бизнестің басты қағидасы - табыс табу екені белгілі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің өз мүмкіндіктеріне қарай халықтың әлеуметтік жағдайына қарайласып отыруы дүниежүзі бойынша кең тараған құбылыс. Бірақ, мұның өзі орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың мәжбүрлеуімен немесе талап етуімен емес, еріктілік жағдайында, атқарушы билік органдармен меморандумдарға қол қою арқылы атқарылса, нәтиженің де қомақты болатынын еліміздің тәжірибесі көрсетіп отыр. «Жауапкершілік арқылы үйлесімге ұмтылу» қағидасы әйелдер басқаратын кәсіпорындардың корпорациялық ұстанымын барынша дәл бейнелейді. Кәсіпкер әйелдер қоршаған ортамен, заңнамамен, қызметкерлермен, жергілікті тұрғындармен, сондай-ақ адамгершілік қағидаларымен үйлесім табуға ұмтылуды өздерінің басты мақсаты деп санайды. Бикарьералық отбасы отбасылық өмірдің кең тараған үлгісі болып табылатыны белгілі.
32.Қызметі бұзылған отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы бұзылады. Жеке және рухани даму жүзеге аспайды, маңызды отбасылық мәселелер айтылмайды, сонымен қатар, отбасылық рөлдердің деформациялануы мен отбасылық иерархия құрылымының бұзылу нәтижесінде жанжалдарды конструктивті шешу тәжірибесі болмайды. Қазақстандағы қызметі бұзылған отбасылардың пайда болу себептерін айқынданыз
Отбасы қызметі —құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді. Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Отбасының негізгі қызметтері:
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі -отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының тәрбиелік қызметі-Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының эмоциональдық қызметі –оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі– бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі –отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық қызметі –отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.
Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
