Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_emtikhan_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

14. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстың теория негіздемесі мен тәжірибесін құраушы әлеуметтанудың маңызды сөздік қорын суреттеніз

Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы және оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Әрбір адам үшін отбасы бастаулардың бастамасы. Бақыт түсінігін әрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді.

Қазіргі заманғы отбасының проблемасы өте маңызды және актуальды жағына жатады. Отбасының маңыздылығы, отбасы – қоғамның бірден-бір негізгі әлеуметтік иниституттары, адамзат өмірінің басты тасы ретінде аықталды. Басқаша қарасақ, қазіргі уақытта отбасы иниституты ішкі терең дағдарысты басынан өткізуде.

Отбасының экономикалық, әлеуметтік, адамгершілік негіздері бұзылғаны анықталды, ол отбасы өмірінің бейнесіндегі, өмірлік некедегі, аз балалы болудағы, жалғыз басты – үйленбеген тәуелсіздердің мәртебесінің өсуіндегі және т.б. девальвация үдерісін тездетті. Кез келген отбасы сыртқы факторлардан басқа, оның табиғи өмірлік айналымынан өткен кезде туындаған проблемалармен кездеседі. Бүгінгі күні отбасы күрделі жағдайда тұрғандығын констатациялауға болады, бұл кезде төмендегіні атап өтсек болады:

1. Тұрғындардың шұғыл қайыршылануы, отбасы кірістерінің төмендеуі;

2. Жасөспірім суицидінің өсуі;

3. Кәмелетке толмаған балалары бар жұмыссыз отбасылар санының өсуі (олардың ішінде шамамен 10%-жартылай «аналық» отбасылар, 10%-көбі-көп балалылар);

4. Жартылай отбасылардың таралуы мен ең болмаса бір бала тууды тілемейтін жұбайлардың санының өсуін көрсеткен, ата-ана және отбасын (жұбайлар) бөлісуі;

5. Неке мен отбасы иниституттарын бөлу. Нақты некелердің өсуі мен некесіз балалардың туылуы т.б.

6. Көп ұрпақты отбасылардың және ұрпақтар арасындағы қарым-қатынастың бөлінуі;

7. Кедей, қайыршы (бақытсыздыққа ұшыраған) отбасылардың өсуі;

8. Толық емес отбасылардың санаты көбеюде.

Осындай жағдайларды, яғни проблемаларды жою қажет. Өйткені отбасы қоғамның ең басты негізі. Қазіргі жаһандану үдерісінің кесірінен бүкіл дүниежүзі елдеріне көптеген проблемаларымен күресуге тура келеді.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс қазіргі заман талабынан туындап отыр. Біздің елімізде де отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ертеден қалыптасып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен айқындалады.

мақсаты: Отбасы қоғамдағы ең басты иниститут болғандықтан онымен жұмыс жүргізу негізгі мақсатқа алынды. Яғни, отбасының барлық мәселелерін шешу, оны қоғам өміріне бейімдеу мақсатқа негіз болды.

міндеттері:

- Отбасының жалпы жағдайын жақсарту;

- Отбасы мәселелерін қоғам болып жеңу;

- Отбасының мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуіне жағдай жасау;

- Отбасы туралы жалпы мәліметті айқындап, оған көмек көрсету жолдарын қарастыру;

объектісі: Көмекке мұқтаж барлық отбасы

15. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстың педагогиканын рөлін көрсетініз

Әлеуметтік педагогика — әлеуметтік ортаның нақты жағдайларын ескерумен тұлғаны тәрбиелеу бойынша шаралар жүйесін құру ғылымы мен тәжірибесі.

Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiкқұралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы менпрактикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адамөмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. Әлеуметтiкпедагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетудi өз

мiндетiне жатқызады. Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке даражәне қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болыптабылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуыны және дамуының педагогикалық аспектiлерi.

Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының екiншi міндетiніңнысаны - қоғамның әлеуметтiк шеңберi, микро (шағын) орта, адамдар ұжымыжәне т.б.болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әрекетті жүзеге асырудыңбелгiлi құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру - сауықтыру, әлеуметтiк-тәрбие жұмыстарын және т.б. ендiруге болады.

Әлеуметтiк педагогиканың үшiншi деңгейдегi нысаны - әлеуметтендiрудiңалуан түрлi сатылары мен деңгейiндегi жеке адам болып табылады.

«Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінентуындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқуорындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратыннәрсе - олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуымен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір-

бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға

бейімделуін басты назарда ұстайды.

Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтажболып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрліинтеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзікөрмейтін, естімейтін, ақыл-есікемтар және т.б. балалар) да жатады. Әлеуметтік педагогтің қызметініңмақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялықмүмкіндіктерді жасау.

Маманданудың негізіне әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарынаикемділік танытқан тип тұлғалары алынады. Осыған байланысты мынадаймамандарды ажыратып көрсетуге болады:

-девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік

педагогтар;

-мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-жетім балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-қашқын балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар және т.б.

Әлеуметтік педагогтің бүгінгі таңда қызмет ету салалары өте ауқымды.

Олар: білім беру мекемелері, жастар ісі жөніндегі комитет мекемелері,денсаулық сақтау мекемелері (балалар ауруханалары, психикалық аурубалалардың арнайы ауруханалары, наркоман балалар санаторийлері және т.б.),халықты әлеуметтік қорғау мекемелері, ішкі істер бөлімі жүйесіне қарайтынмекемелер (балаларға арналған интернаттар мен тәртіп бұзушы балалар

колониясы және т.б.).

Жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, әлеуметтік педагогтың мынадайнегізгі қызметтерін(функцияларын) бөліп көрсетуге болады:

1. Тәрбие берушілік;

2. Диагностикалық қызмет;

3. Ұйымдастырушылық;

4. Алдын ала болжау қызметі;

5. Әлеуметтік-терапевтік;

6. Делдалдық қызмет;

7. Реттеушілік қызмет;

8. Қорғаушылық қызмет;

9. Алдын алушылық қызмет.

Бұл қызметтер белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Құралдарға барлық іс-әрекеттер, пәндер, құрал-саймандар, әдіс-тәсілдер,формалар мен технологиялар жатады.

Әлеуметтік педагог мамандық ерекшелігі бойынша байқағыштық,жағдаяттардан тез шығуға қабілетті болу, интуиция және т.б. қасиеттерге иеболуы керек. Ал жеке адам ретіндегі қасиеттері:

1. Ізгіліктілік қасиеті (мейірімділігі, жоғары сезімталдығы, адалдығы,әділдігі және т.б.);

2. Психологиялық мінезділігі (психикалық процестерге жоғары деңгейдеталдау жасай білуі, тұрақты психологиялық көңіл-күйде болуы, ерік күші менкөңіл күйін басқара бiлуi және т.б.);

1.Психоаналитикалық қасиеті (өзін-өзі бақылай білуі, өзіне-өзі сынкөзбен қарай білуі, өзіне-өзі дұрыс баға бере білуге қабілетті болуы);

2.Психологиялық-педагогикалық қасиеті (тез тіл тапқыштық, көпшіл болу,салмақтылық және т.б.).

Әлеуметтік педагогтың өз қызметін атқару барысында білуі тиіс бірқатарміндеттері айқындалған. Олар:

- отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі мәселелері мен қиындықтарын, отбасы өмірінің психологиясы мен этикасын, бүгінгі отбасы дамуының тенденцияларын білуі тиіс;

- балалардың, жасөспірімдер мен жастар тұлғасының даму заңдылықтарын,олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын, мотивтері мен оларды қанағаттандыру деңгейлерін білуі тиіс;

- балаларды қорғаудың әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттің әлеуметтіксаясатының негізін, мүгедек балаларды қорғау, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау, балалық пен аналық құқықтарды реттейтін құқықтық актілерді білуі тиіс;

- отбасыларына көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамдық мекемелер мен мемлекеттік институттар жүйесінің функцияларын білуі тиіс;

- әлеуметтік ортада, мектепте, отбасында, тұрғылықты мекенжайда, бірлестіктерде, топтарда және т.б. жерлердегі жұмыстың ерекшелігі білуі тиіс;

- жұмыс ұйымдастырылатын ортаның экологиялық, демографиялық, әлеуметтік-педагогикалық ерекшелігін білуі тиіс;

- тұлғаны және ол өмір сүретін микроортаны диагностикалаудың әдісі менәдістемесін білуі тиіс;

- отбасыларымен, әртүрлі топтар мен әртүрлі категориядағы адамдарменәлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдісі мен әдістемесін білуітиіс;

- отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың, қарым-қатынастың, отбасындағыбалалардың, жасөспірімдер мен ересектердің бос уақыттарынұйымдастырудың принциптерін білуі тиіс;

- еңбек заңдарының негіздерін білуі тиіс.

Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық қызметте маманның меңгеруі тиісжәне бойынан табылуы тиіс қабілеттіліктеріне де бірқатар талаптар қойылады.Олар төмендегідей:

- балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын анықтау және олардың ақыл- ойының, дене және таланты жағынан дамуына жағдай туғыза білуі тиіс;

- әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайда білім беру процесін ұйымдастыру;

- отбасылық-тұрмыстық жағдайда тәрбиегеоң ықпал жасау, отбасыларынакәсіби көмек беру;

- әлеуметтік қауіпті отбасыларымен, ондағы педагогикалық қараусыз қалған жасөспірімдермен байланыс орната отырып, өзара түсіністік табу, оларғакөмек пен қолдау көрсету;

- балалардағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуын диагностикалау жәнебайқалған девиантты мінез-құлықты коррекциялау және үйрету;

- клиенттерді түсіністікпен тыңдай білу және өткір тақырыптардағ талқылауларды позитивті эмоционалды көңіл-күймен түсіндіру;

- табысты кәсіби қызметке мүмкіндік туғызатын қарым-қатынастықалыптастыру және дамыту;

- балалар мен жастардың өз проблемалары бойынша мәселелерін өз күштеріменшешуге күш салуына белсенділіктерін қалыптастыру;

- отбасының беріктігін сақтауда және оларға бала тәрбиесінде нақтылыпедагогикалық көмек көрсетуде әлеуметтік институттардың мүмкіндіктерінпайдалану;

- әлеуметтік институттар арасында байланыстар орнату;

- кәсіби қызметте әлеуметтік зерттеулер әдістерін пайдалану.

Тұжырым:

1.Әлеуметтік педагогикалық қызметке деген көзқарас бүгiнгi қоғамдаекiжақты деп қарастыруға болады. Бiрiншiден, көпшiлiк нарық талаптарына сайбiлiм мен қабiлеттiң көзi тәрбиеші еңбегiне байланысты екендiгiн түсiнiп,оған жоғары баға берсе, екiншiден мамандық таңдау мен әлеуметтiк мәнiбойынша әлеуметтік педагогикалық мамандықтың мәртебесi анағұрлымтөмендедi.

2.Бүгiнгi қоғамда сапалы бiлiм алу бiлiм берушi тұлғаның жеке басыны сапасына да байланысты екендiгiн көрсеттi. Өйткенi бiлiмдi меңгерудеоқытушымен қарым-қатынасқа түсу, жеке басының өнегесi, аудиторияға әсерiжәне т.б. көптеген факторлар маңызды.

3.Бүгiнгi әлеуметтік педагог маманы өз қызметiнiң мазмұнын қоғамталаптарына сай жаңа технологиялармен толықтырумен қатар жеке басыныңдамуында да әлеуметтендiрушiлiктi жүзеге асыруы тиiс. Өйткенi бүгiнгiқоғам талаптары әлеуметтік педагогтар алдына адамды қоғамға ендіруде немесетұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыруда үлкен жауапкершiлiктердi

жүктейдi.

16. С.И. Голодтын пікірінше, қазіргі кезде отбасылық қатынастардың нуклеарлы, детоцентристік, жұбайлық үлгілері қызмет етеді. Сол отбасынын типтерін ашып айқынданыз

С.И. Голодтың пікірінше, қазіргі кезде отбасылық қатынастардың нуклеарлы, детоцентристік, жұбайлық үлгілері қызмет етеді. Оның айтуынша, тұрақты некенің маңызды талаптарының ішінде үйлесімділік басты орында. Осы үлгілерге талдау жасаңыз. Неге үйлесімділік тұрақты отбасының басты талабы болып табылады

Нуклеаралық отбасы толық та толық емес те болуы мүмкін. Әкесі, шешесі және балаларынан тұратын отбасы толық, ерлі-зайыптылардың біреуінсіз, көбінесе, балалы аналар, кей кездері балалы әкелер болып келетін отбасы толық емеске жатады.

Детоцентристік отбасы, мұнда отбасы мүшелерінің барлық күш-қуаты шаңырақ берекесіне арналады. Балаға деген материалдық және рухани қамқорлықтың арта түсуі – жағымды құбылыс, бірақ бұл шектен шығып кетсе, соңы әлеуметтік және адамгершілік жағынан келеңсіз жағдайларға ұрындыруы мүмкін;

Үйлесімділік- мақсаттардың, көзқарастардың, мұраттардың арақатынастылығы сияқты сипаттардың ұқсастығы. Психологиялық үйлесімділік – бұл негізінен біреуінің пікіріне екіншісінің қарама-қайшы келмеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы және үмітінің сәйкес келуі.

Отбасында үйлесімділік заңдылықтарын білу қажет.

Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі еңбекке деген көзқарасқа көп байланысты. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай жете алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.Қызметі орасан ақыл-ой еңбегі мен рухани күшті қажет ететін адамдардың ерлі-зайыптылық қатынастары жақсы болады. Еңбек ұжымына қанағаттану ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық және басқа жеке мәселелер оның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл-күйіне теріс әсер етуі мүмкін;

Ерлі-зайыптылық адалдыққа деген көзқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл қатынастарды бұзатындарға қарағанда неғұрлым үйлесімді;

Рухани мүдде. Адамның жалпы мәдениеті қызметтік міндеттер аясынан шығатын мүдделерді көздейді. Бұл мүдделер адамды рухани байытады, оның дүниетанымын кеңейтеді, оның ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын құра білуіне жақсы әсер етеді;

Ерінің немесе зайыбының әлеуметтік-психологиялық қызметке тиістілігі, олардың қызметінің ерекшелігі - осындай факторлар мен өзге де факторлар отбасы ішіндегі қатынастардың сипатына және оның функционалдық қызметіне әсерін тигізеді.

Отбасы өз өмірінің айналымы бойына түрлі қиындыққа, жайсыз жағдайларға, проблемаларға ұшырасады. Мұндай кұбылыстар тізімінің отбасы үшін өзіндік ерекшеліктері болады дейді психологтар. «Қиындықтар» және «психологиялық қиындықтар» деген қиындықтың екі түрлі ұғымы бар екенін атап өткен жөн. Біз қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты маңызы бар екіншісін қарастырамыз.

Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, отбасындағы психологиялық қиындықтардың барлығы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының сипаты. Отбасының бүкіл тұрмыс-салты, отбасы мүшелерінің көңіл-күйіне, ахуалына, ерлі-зайыптылардың нәтижелі кәсіптік қызмет ету қабілетіне тікелей әсер етеді.

• ішімдік пен темекі тартуға деген көзқарас;

• жас факторы;

• бір-біріне деген сүйіспеншілік пен адалдық;

• ерлі-зайыптылардың күн тәртібі;

• олардың міндеттерін білу;

• жеке уақыты мен бос уақытының көлемі.

Ерінің немесе зайыбының әлеуметтік-психологиялық қызметке тиістілігі, олардың кызметінің ерекшелігі - осындай факторлар мен өзге де факторлар отбасы ішіндегі қатынастардың сипатына және оның функционалдық қызметіне әсерін тигізеді.

Андай құжаттарда жеке адамға қатысы жағдайлар жасалып, оның құқықтапы мен міндеттеріне байланысты заң түрінде тіркеледі: ата-аналық құжаттар келісмі, азаматтық жағдай акті.

Азаматтық хал актілері-Мемлекеттік органдарда міндетті түрде тіркелуге жататын адам өміріндегі негізгі оқиғалар болып саналатын азаматтық хал актілерінің жағдайын (туылу, некеге тұру, некені бұзу, ұл асырап алу (қыз асырап алу), әкелікті белгілеу, аты-жөнін өзгерту және қайтыс болу), яғни адамды жеке түрде танытуға себепші болатын оның құқы мен міндеттерінің пайда болуы мен тоқтатылуымен байланысты жағдайларды заңды түрде рәсімдеу.[1]

Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жеті түрлі акт жазбасын жүргізеді. Соның ішінде тууды және қайтыс болған адамдарды тіркеу тәртібі де бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық актілерін жазу бөлімі баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі.

Азаматтық хал актілерін жазатын органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ, анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда босанған жағдайда туған балалардың тууын тіркеу ата-анасының бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде жүргізіледі. Туған баланы тіркеу туралы азаматтық хал актілерін жазу бөліміне берілетін арызға емдеу мекемесінің дәрігерлік куәлігі, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір емхана қызметкерлерінің немесе олар болмаған жағдайда екі куәнің арызы қоса беріледі.

Медицина мекемелерінің тууы туралы дәрігерлік куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы т.б. Сондай-ақ, баланың туған күні, жынысы, салмағы және куәліктің берілген күні жазылады. Осы куәлік лауазымды адамның қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылады. Баланың тууы туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінде бала туған күннен бастап екі айдан, ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Леуметтік жұмыстың қай түрінде маман клиентке мәселенің мәнін түсініп, оны шешудің түрлі нұсқалары: кеңес беру, диагностика, патронаж т.б. ұсынады.

Әлеуметтік жұмыстың бір түрі Мүгедектермен әлеуметтік кезінде маман клиентке мәселенің мәнін түсініп, оны шешудің түрлі нұсқаларын ұсынады. Олар: кеңес беру, диагностика, патронаж, т.б

1. Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді.

2. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды. Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.

Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Әлеуметтік жұмыста ол эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін.

3. Қамқоршылық, Патронаж (ағылш. patronage - қамқоршылық) Әрекет етуге бейім азаматтарға қамқорлық жасау нысаны.Аталмыш уақыт кезеңінде денсаулық жағдайы бойынша өзінің құқығы мен міндеттерін өздігінен жүзеге асыра алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтың өтініші бойынша, оған патронаж түріндегі қамқорлық тағайындалуы мүмкін. Қамқоршы (көмекші) тек сол азаматтың келісім беруімен ғана, қорғаншы және қамқоршы орган тарапынан тағайындалуы мүмкін.

Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Отбасы отбасы жүйесін құру мен өзгерісінің үздіксіз тәжірибесі ретінде талданады. Отбасы құрылымын құрайтын өзара ықпалдас тәсілдерді құраушы сұраныстар мен қызметтер жүйесін құрайды. Отбасы жүйесі келесі жүйе салаларынан тұрады: жұбайлардан, ата-аналар, балалар. Осы концепцияны түсіндіріңіз.

Г.Навайтистың анықтамасы бойынша: «Психологиялық кеңес беру - қарым-қатынаста қиыншылық көріп жүрген адамдарға көмек берудің әдістерін қалыптастыратын психологияның саласы.» Бұл -психологиялық көмек көрсету үрдістерін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін ғылым. Арнайы ұйымдастырылған кеңес арқылы клиент қиын жағдайлардан шығады және қосымша психологиялық күш алады.

Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Отбасы отбасы жүйесін құру мен өзгерісінің үздіксіз тәжірибесі ретінде талданады. Отбасы құрылымын құрайтын өзара ықпалдас тәсілдерді құраушы сұраныстар мен қызметтер жүйесін құрайды. Отбасы жүйесі келесі жүйе салаларынан тұрады: жұбайлардан, ата-аналар, балалар. Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Г.Навайтистің пікірі бойынша отбасылық қажеттіліктердің келесі негізі топтарын көрсетуге болады:

Отбасы өмірлік материалды жағдайларын құру және қолдау;•

Аналықпен байланысты қамқорлық пен махаббатқа қажеттілік;•

Психологиялық және физикалық жақындыққа қажеттілік;•

Отбасылық қарым-қатынасқа қажеттілік;•

Осындай айтуларды көрсете отырып отбасылық әсер етудің негізгі сфераларын көрсетуге болады: Отбасын құру, балалар, жыныстық және отбаслық қатынас. Отбасында қанағаттандырылатын қажеттіліктер отбасынан тыс жерде іске асады, бірақ тек отбасы ғана осы қажеттіліктердің барлығын біріктіріп, комплексте қанағаттандыра алады. Осындай көзқарас отбасы туралы қатынаста оған жақын шағын топқа жақындығын түсінуге көмектеседі.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.

Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:

1. әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.

2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.

Отбасымен жұмыста құжаттарды талдауда, «отбасы картасы» бар, ол отбасы туралы жүйелі базалық мағұлмат жинақтауға мүмкіндік береді. Жай «картадан» айырмашылығы оны үнемі жаңартып отыру қажет емес (отбасының құрылымының және мінездемесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауынан басқа жағдайларда өзгермейді). Осы отбасымен жұмыс үлгісіне сараптама жасаңыз.

Отбасымен жұмыс істеу барысында психолог немесе психотерапевт отбасы мүшелерінің мінез – құлықтары мен қарым – қатынасын түсінуге мүмкіндік беретін теориялық түсініктермен қарулануы қажет. Осыған сүйене отырып, психолог отбасы жүйесіндегі байқалатын қандай да бір ауытқушылықтарды анықтай және талдай алады. Өз кезегінде, дұрыс жүргізілген диагностика психотерапиялық ықпал етудің бағдарламасын құруға көмектеседі Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез - құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама - қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа, кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Отбасымен жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі коммуникативті қарым-қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие болуы қажет, диалогты сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет. Отбасы жұмысын жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның мәселелерді шешуге қатысу. Өзінің жұмысында жеке қарым-қатынас әсерлерінің жинағын қолдана білуі тиіс

Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не? Бұл – мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан - жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым - қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:

Ата-аналарды балабақшамен таныстыру;

Ата-аналарға арналған ашық есік күндер;

Ата - аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);

Педагогикалық әңгімелер

Жиналыстар (оқу жылында 3 - 4 рет);

«Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата - аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);

Ата - аналарға арналған конференция (ата - аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы әңгімелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т. с. с.);

Ата - аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету.

Отбасымен жұмыста құжаттарды талдауда, «отбасы картасында» ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар:

• отбасы туралы толық мәліметтер жинақтау (ата-ананың жасы, жұмыс орны, мекен жайы, отбасылық жағдайы, отбасындағы қарым-қатынас қағидалары, т.б)

• қарым-қатынас тәжірибесі, баланы ойнатудағы іс-әрекетінің деңгейі, әдеттері жайлы мағұлматтар;

Отбасы туралы мәліметтер жинау үшін төмендегідей әдіс-тәсілдер пайдаланылады:

• ата-аналарға арналған сауалнама;

• баламен және оның ата-анасымен әңгіме;

• баланың өзін бақылау, зерттеу жүргізу;

• отбасына бару, әлеуметтік, психологиялық жағдайларын анықтау;

• ата-аналарға кеңес беру, баланың дамуы мен тәрбиесінің, денсаулығын сақтаудың, психологиялық тұрғыдан нақты талдаулар жасап, көмек көрсету.

17. Қандай құжаттарда жеке адамға қатысы жағдайлар жасалып, оның құқықтары мен міндеттеріне байланысты заң түрінде тіркеледі: ата-аналық құжаттар келісімі, азаматтық жағдай акті және де басқа документтер, өзініздін пікірінізді көрсетініз

Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының негізі балалардын белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Занда балалардың туу тегін куәлаңдырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған.

Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кен тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабына сәйкес бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некелі әйелден туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.

Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасынан бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады («Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабы, 2-тармағы).

Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді.

Жаңа заң, сонымен бірге, баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді. «Неке және отбасы туралы» Занның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда — медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрған адамдардан туылған жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады.

Бала туғанда ата-анасы некеде болмаса, немесе анасы баласының әкесі жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі жағынан тегін белгілеу мәселесінің шешілуі күрделірек болады.

Заң баланың анасымен некеге тұрмаган адамның әкелілігін белгілеудің бірнеше әдістерін қарастырады.

Ол баланың әкесі мен шешесінің бірлескен арызын, ал кейбір жағдайларда (шешесінің қайтыс болуы, оның әрекет қабілетсіздігін мойындау және т. б.) әкесінің арызын АХАЖ органдарына беру жолымен белгіленуі мүмкін.

Ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отарған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойьшша сот тәртібімен белгіленеді («Неке және отбасы туралы» Заңның 47-бабы).

Балалардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міңдеттердің туындауына алып келеді.

Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады:

а) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматтығын анықтау кезінде;

б) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналарының олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында;

в) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда.

Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын (54-бап).

Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құкығына ие болуына байланысты («Неке және отбасы туралы» Заңның 55-бабы).

Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні, егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрсетуі бойынша анықталады.

Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Егер ата-аналарының тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі. Ал, ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңының 57-бабы).

Өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға баланың да құқы бар («Неке және отбасы туралы» Заңның 59-бабы).

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүддесін қорғау олардың ата-анасының міндетіне жатады.

Ата-аналардың қай-қайсысы да балаларының атынан өкілеттілік алады. Балалардың мүддесін қорғау жөніндегі ата-аналарының өкілдігі «Неке және отбасы туралы» Заңның 63-бабына сәйкес анықталады.

18. Әлеуметтік жұмыстын қай түрінде маман клиентке мәселенін мәнін түсініп, оны шешудін түрлі нұсқалары: кеңес беру, диагностика, патронаж т.б. ұсынады, анықтап берініз

Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.

Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы — әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.

Кез келген кеңестік көмек көрсету өтініш берушінің қажеттілігіне негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда екі негізгі мақсат туралы айтуға болады:

1) өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру;

2) өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.

Кеңес беру мақсатының қорытындысы — өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу.

Сұраныстың сипатына немесе мәселенің түріне қарамастан негізіне өзгерту идеясы жататын кеңес беру өткізудің 4 негізгі стратегиясы бар:

1) жағдайдың өзін өзгерту;

2) жағдайға бейімделу үшін өзін өзгерту;

3) оның жағдайдан шығуы;

4) сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.

Қазіргі әлеуметтік қызметте кеңес берудің Дж. Иген моделі кеірек тараған. Дж. Иген кеңес беруді «мәселелердің менеджементі» ретінде, яғни мәселелерді басқарушы ретінде (нақ «шешім» емес, проблемалардың бәрі бірдей толығымен шешіле қоймауы мүмкін) қарастырып және кеңес алушыға көмек көрсетудің негізгісі үшеу болып табылатын 9 сатыға бөледі:

1) мәселелерді анықтау мен айқындау:

1.1. кеңес алушының өзінің тарихын мазмсұндауға көмектесу;

1.2. орнықтыру;

1.3. шоғырландыру;

2) мақсаттарды қалыптастыру:

2.1. жаңа көріністер мен мақсаттар жиынтығын жасау;

2.2. мақсаттарды бағалау;

2.3. нақты бір әрекеттер үшін мақсат таңдау;

3) әрекеттерді жүзеге асыру:

3.1. әрекеттердің стратегиясын жасау;

3.2. стратегияны таңдау;

3.3. стратегияны жүзеге асыру.

Отбасылық кеңес беру отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік-педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды. Әлеуметтік-психологиялық кеңес беруге қарағанда бұл жағдайдағы ерлі-зайыптылар мәселесі мен отбасылық қарым-қатынастардың психологиясы талдау нәрсесі болып табылмайды.

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады:

• өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмек, т.б.;

• тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, балаларды қадағалау, т.б.;

• отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауыруларын тексеріп-анықтау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;

• рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағаларын қолдау;

• бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т.б,;

• отбасының ішкі және сыртқы қатынастар саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала – ата-ан және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.

Отбасылық кеңес берудің айырмашылығы — әлеуметтік қызметкер кеңес беру барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңмен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.

Отбасылық кеңес беру мәселердің кең шеңберін қамтитын ақыл-кеңес беру бағыттарының бірі ретінде ерлі-зайыптылардың, бала мен ата-аналар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қарастырады. Көбінесе мұнымен қазіргі кезде белсенді түрде бастау алып, қарқынды дамып келе жатқан психологиялық-педагогикалық кеңес беру қызметімен айналысады. Әдетте 14-15 жасқа дейінгі балалар мен ата-аналарының қатысуында кеңес беру жүргізіледі, өйкені олардың мәселелерін отбасының қатысуынсыз шешу қиындыққа түседі. Ата-аналарға кеңес беруде жағдайға қатцысты көз қарас обьективті және субъективті болуы тиіс, яғни мәселелер отбасы көзқарасы тұрғысынан және кеңес беруші көзқарас тұрғысынан бекітілуі керек.

Отбасылық кеңес беру процесі конгитивті және эмоционалды аспектілерді қамтиды. Кеңес беру барысында кеңес алушының немесе жалпы отбасының мәселелері шешіліп қана қоймайды, оларды шешудің тиімді деңгейдегі жолдары да іздестіріледі. Отбасылық кеңес беру – бұл ең алдымен тұлғаның ішкі байлықтарын эмоционалды тиімді факторлардың көмегімен аша білу үшін жағдай туғызатын өзара араласу, отбасының эмоцианолды байланыстарын қалыптастыру, осы байланыстардың белгілі бір қозғалыстары.

Мұндай жағдайда отбасылық кеңес беруді бірнеше бағытқа бөлуге болады. Мұндай жіктеу отбасылық проблемаларға кеңес беру тәжірибесінде кездесетін төмендегідей бөлулерден туындайды:

• некелескенге дейінгі проблемалар: жынысаралық қатынастардағы махаббат пен өзара түсіністік, некелік іздеу салу, неке таңдау, жалғыздық және тағысын тағы проблемаларға түсінік беру. Мұндай жаңдайдағы проблемалар жігітттік кезде де, сонымен бірге ересек кезде де жиі кездеседі, мысалы, бірінші некеден кейін қайтадан үй болу, өмірлік серік іздеу, ерлі-зайыптылардың көзге шөп салушылықтарынан кейін шешім қабылдаулары;

• жас отау иелері өмірлерінің бастапқы кезеңіндегі проблемаларына кеңес беру. Бұл кезеңде отбасылық өмірге деген тәжірибенің жоқтығы салдарынан жанжалдың болып тұруы, ерлі-зайыптылардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастары, бала туу жөніндегі мәселені шешу туралы сөз қозғалады;

• бала – ата-ана проблемаларына кеңес беру: баланың мектептегі оқуы мен тәртібі, дамуының ауытқушылығы, отбасындағы тәрбие беру мәселесі және басқалар;

• неке бұзысу мен ажырасқаннан кейінгі алаңдаушылық;

• отбасылық жанжал мен дағдарысқа кеңес беру.

Отбасылық кеңес берудің техникасы

Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, жұмыс фазасы, шешім мен әрекет фазасы және кері байланыс фазасы.

Бірінші фазасы — өтініш иесімен байланыс орнату. Қорытындысы: олармен өзара әрекеттесу шегін анықтау. Ол бастапқы әңгіме-кеңес барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада араласу мен оны құрайтын арақашықтық анықталады.

Екінші фаза — өтініш иесінің проблемаларын, отбасының проблемаларын анықтау. Қорытындысы: кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері. Кеңесші нақты проблеманы бағдарлап, оның мәнісін анықтап түсіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, бір жақты пікірге тоқталады. Кеңес алушы проблеманы қабылдауы тиіс. Кеңесші кеңес алушыға проблеманы өзінің атынан ғана емес, үшінші біреудің атынан да ұсыну құқығын бере алады. Бұл кезеңдегі маңызды проблема – дилеммаларды түсіне отырып, біршама келісімге келу болып табылады.

Үшінші фаза – жұмыстық. Қорытындысы: кеңес алушымен бірге проблемаларды жаңаша түсіну.

Бұл фаза үшін мынандай динамика тән: кеңес алушы мен кеңесшінің арасындағы байланысты құрылымдарға бөлу, кеңес алушының жүйесі тарылуы, төзуі мен қарсы тұра білуі үшін бақыланатынын жағдайлар жасау, кеңес алушының төзімнен шығуы мен өз иелігін табуы.

Төрітінші фаза – шешім мен әрекет қабылдау. Қорытындысы: қалыпты табиғи жағдайдағы кеңес алушының тиімді мінез-құлқы.

Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Өзі үшін қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінікіндей қабылдап, дербестік пен сенімге ие болған соң, іске кіріседі.

Бесінші фаза – кері байланыс. Қорытындысы: кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағатттандырады.

Кеңесші ішінара мұндай ақпараттарды кеңес беру барысындағы төзімділіктің белгілерін қадағалау кезінде алады. Сондай-ақ ол жағдайды анықтай отырып, көріністері қайталанбалы кездесулер өткізеді.

Әлеуметтік жұмыстың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды. Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.

- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;

- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);

- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;

- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.Отбасын диагностикалау – ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады. 2. Реабилитация – бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады. Олардың іс-әрекетінің мазмұны отбасы мүшелеріне және жеке адамға олардың ресурстарын көбейту және қолдау, отбасы мүшелерінің басқа құндылықтарға бағыттау, олардың ұстанымдарын өзгерту үшін түрлі көмек түрлерін (заң, медициналық, психологиялық, әлеуметтік) ұсыну. Мұндай мекемелерде отбасы мүшелері мамандардан кеңес алады, топтық сабақтарға қатыса, реабилитациялық бағдарламаларға қосыла алады. Сонымен қатар реабилитациялық функцияны отбасына көмектің үйге баратын формасына түрлі процестер мен әдістемелер кешені кіреді. Біріншіден, бұл отбасына және оның мүшелеріне көмектің кризистік варианттары («сенім телефоны», супервизор көмегімен отбасына бару, стационардағы жедел психологиялық көмек).Екіншіден, тиісті әлеуметтік қызмет және маман жоқ тұрғылықты жерлердегі көмек. Бұл жағдайда тренингілік топтармен жұмыс, қысымды түсіру әдістемесі, индивидуалдық және топтық кеңес беру, семинарлар жүргізіледі. Жылжымалы бригадалар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Үшіншіден, патронаж. Әлеуметтік жұмыста бұл терминнің мәні кең: бұл ерекше назар аударуды талап ететін, адамдардың кейбір категорияларына арнайы қызмет көрсету жүйесі. Үй жағдайында патронаж ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау мақсатымен жүзеге асырылады.Патронаж белгілі реабилитациялық бағдарламадан өткен адамды үйге қайтаруда үлкен роль атқарады.Бұл жағдайда ол балалар немесе кризистік орталықтағы реабилитация курсы аяқталғанға дейін басталу керек. Патронаждың төмендегідей кезеңдері бар:

1. Дайындық – отбасына қатысты мәліметтердің барлығымен танысу, әңгімелесу сұрақтарын құрастыру т.б.

2. Кіріспе бөлім – отбасы мүшелерімен тікелей танысу, келу мақсаттары, көрсетілетін көмек туралы айту.

3. Ақпарат жинақтау және бағалау – отбасы құрамы және жағдайы, ондағы өзара қатынас, бала тәрбиелеу әдістері, қаржылық жағдай, отбасы мүшелерінің денсаулығы, бала не ата-ана үшін маңызды оқиғалар туралы мәліметтер жинақтау, әлеуметтік карта толтыру, әлеуметтік қорғау қызметі шеше алатынпроблеманы анықтау.

4. Қорытынды – отбасы мүшелері алдында тұрған проблеманы нақтылау, түйіндеу, болашақ әрекет тактикасын бірігіп таңдау, ұсынылатын көмек түрлері туралы ақпарат беру, әлеуметтік қызметтердің толық меке-жайларын хабарлау.

19. Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Осы концепцияны түсіндіріңіз

Г. Навайтистің концепциясында кеңес берудің психологиялық үлгісі бар. Отбасы отбасылық жүйенің пайда болуы мен құрылуындағы үздіксіз эксперимент ретінде түсіндіріледі. Отбасының құрылымын отбасындағы өзара әрекет әдістерін қалыптастыратын талаптар мен қызметтер жүйесі құрайды. Отбасы жүйесі келесідей шағын жүйелерден тұрады: ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар. Аталған концепцияға талдау жасаңыз

Г.Навайтистың анықтамасы бойынша: «Психологиялық кеңес беру - қарым-қатынаста қиыншылық көріп жүрген адамдарға көмек берудің әдістерін қалыптастыратын психологияның саласы.» Бұл -психологиялық көмек көрсету үрдістерін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін ғылым. Арнайы ұйымдастырылған кеңес арқылы клиент қиын жағдайлардан шығады және қосымша психологиялық күш алады.

Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Отбасы отбасы жүйесін құру мен өзгерісінің үздіксіз тәжірибесі ретінде талданады. Отбасы құрылымын құрайтын өзара ықпалдас тәсілдерді құраушы сұраныстар мен қызметтер жүйесін құрайды. Отбасы жүйесі келесі жүйе салаларынан тұрады: жұбайлардан, ата-аналар, балалар. Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Г.Навайтистің пікірі бойынша отбасылық қажеттіліктердің келесі негізі топтарын көрсетуге болады:

Отбасы өмірлік материалды жағдайларын құру және қолдау;•

Аналықпен байланысты қамқорлық пен махаббатқа қажеттілік;•

Психологиялық және физикалық жақындыққа қажеттілік;•

Отбасылық қарым-қатынасқа қажеттілік;•

Осындай айтуларды көрсете отырып отбасылық әсер етудің негізгі сфераларын көрсетуге болады: Отбасын құру, балалар, жыныстық және отбаслық қатынас. Отбасында қанағаттандырылатын қажеттіліктер отбасынан тыс жерде іске асады, бірақ тек отбасы ғана осы қажеттіліктердің барлығын біріктіріп, комплексте қанағаттандыра алады. Осындай көзқарас отбасы туралы қатынаста оған жақын шағын топқа жақындығын түсінуге көмектеседі.

Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.

Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:

1. әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.

2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]