- •11.Отбасына консультация жұмысының мақсатын және міндеттерін ашып сараптаныз
- •13. Төтенше жағдайда қолданылатын отбасымен әлеуметтік жұмыс технологияларың бағаланыз
- •14. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстың теория негіздемесі мен тәжірибесін құраушы әлеуметтанудың маңызды сөздік қорын суреттеніз
- •15. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстың педагогиканын рөлін көрсетініз
- •20. Патронаттық отбасында балалардын әлеуметтік кезендерін тізімденіз
- •33.Отбасында әйелдердін негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтап көрсетініз
- •36.Дж.Эганның отбасына кенес беру модельн қолданып жалпы отбасына әлеуметтік-психология консультация технологиясың сүреттеніз.
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •42 Отбасындығы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстын технологиясын суреттеніз
- •45 Отбасымен жұмыс істеу "Кондуктивті педагогика" әдісіне толық талдау берініз
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •52. "Инвалид" деген ұғымымға түсініктеме берініз
- •54.Қай жаста бала өзін асырап алуға байланысты келісімін білдіре алады. 16 жас, 18 жас, 13 жас, 7 жас, 10 жас. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- •55.Сәтсіз отбасындағы девианттық тәртібі бар балалармен мектептегі әлеуметтік жұмыскердін технологияларының турлерін көрсетініз
- •57.Соттын ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру туралы шешімі қабылданғаннан кейінгі жағдайда баланы асырап алуды бастау үшін қанша уақыт қажет. 3 күн, 3 ай, 1 апта. Өз жауабыңызды түсіндірініз.
- •58. Отбасындағы асоциалдық тұлға туралы суреттеніз
57.Соттын ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру туралы шешімі қабылданғаннан кейінгі жағдайда баланы асырап алуды бастау үшін қанша уақыт қажет. 3 күн, 3 ай, 1 апта. Өз жауабыңызды түсіндірініз.
Бала асырап алу — маңызды және жауапты қадам. Балаға нағыз ата-ана болу, жанұяда оның жайлы дамуын қамтамасыз ету оңай емес.
Барлығына белгілі жайт, асырап алу өте өзекті және үнемі назарды талап ететін сұрақ болып табылады, ерекші зейінді талап ететін шетел азаматтарының бала асырап алу сұрақтары.
Аталған саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында, 2011 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде ұл (қыз) асырап алуға арналған арнайы тарау қарастырылған.
Кодекстің бұл тарауымен асырап алу тәртібі реттелген, асырап алушыларға қойылатын талаптар орнатылған, баланы асырап алуға тиым салынған адамдар шеңбері анықталған және тағы да басқа жайттар көрсетілген.
Баланың мүддесіне орай, баланы асырап алуға тілек білдірген азаматтарда сәйкес тұрмыс жағдайы, қанағаттанарлықтай денсаулығы болуы қажет және баланың толық дамуы мен оқуын қамтамасыз етуіне, баланы асырауға жетерліктей тұрақты табысы болуы тиіс деп белгіленген. Асырап алушылар сотталмаған болуы қажет. Әрине, барлығынан да басты талап, міндетті түрде баламен байланыс ұстау болып табылады, сол кезде сәбимен тікелей байланыс кезінде белгілі қарым-қатынас орнатылады.
Басты жаңартудың бірі, Кодекске баланы асырап алу туралы нормасын енгізу және баланы асырап алуға тиым салынған адамдар шеңберін кеңейту болып табылады. Осылай, бейдәстүрлі бағыттағы адамдар болып табылатын адамдар, жалғыз басты ер адамдар, психикалық науқасы бар азаматтар, баланы асырап алуға тиым салынған азаматтардың санаты қосылған.
Заңнаманы казақстандық асырап алуды ынталандыру бағытында бағыттай отырып, баланы асырап алуға бірінші орында оның тума-туысына басымды түрде тиесілі, содан соң Қазақстан Республикасының азаматтарына, тек қана Қазақстандағы отбасына орналастыруға мүмкіншіліктің болмаған кезінде шетел азаматтарына берілу мүмкіндігі Кодекспен бекітілген.
Қазақстандықтармен асырап алудың басымдылығы басқа да Қазақстан азаматтарына ерекше болып табылатын нормаларда қадағаланады. Бұдан бұрын, баланы асырап алу үшін, алты ай күту қажет болған. Бұл уақыт баланың орталық есепке алынған кезінен бастап есептеледі. Қазіргі уақытта бұл мерзім үш айға дейін қысқартылған.
Кейбір асырап алуға ниет білдірген балаларды емдеу қажет екендігін және басқа да өмірілік жағдайларды ескере отырып, қазақстандық асырап алушы асырап алу процедурасының аяқталуына дейін баланы қамқорына алуға құқылы. Осыған орай, сот шешімінің шығуын және асырап алу үшін барлық қажетті ресми түрде дайындалатын процедуралардың аяқталуын күтпей-ақ, Қазақстанның азаматтары баланы өз отбасына алуына болады. Бұл норма болашақтағы ата-анаға да, баланың өзіне де қолайлы болады деп пайымдаймыз. Әдеттегі, үй жағдайында сәбимен байланыс айтарлықтай тез орнатылады.
Балалармен байланыс орнату қажеттігін айтқан кезде, бұл байланыстың белгіленген мерзімі бар екені көрсетіледі. Егер баланы Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алатын болса, бала мен асырап алушылардың байланыс уақыты екі аптадан кем болмауы тиіс. Егер де баланы шетел азаматтары асырап алатын болса, бала мен асырап алушылардың байланыс уақыты төрт аптадан кем болмауы тиіс.
