- •1.Әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні және адам туралы толық білімді қалыптастырудағы оның атқаратын рөлін сипаттаңыз
- •2 Антикалық философтардың адамның мәні туралы ойларының әлеуметтік маңызын дәлелдеңіз
- •7.Аралас антропологиялық типтер, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларға социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
- •8. Нәсілдік антропологиялық мектептің теориялық тұжырымдарына сипаттамалық талдау жасаңыз
- •9. Медициналық антропология, негізгі мәселелерін бөліп көрсетіңіз
- •10 К.Леви-Стростың әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні туралы ойларына түсініктеме беріңіз.
1.Әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні және адам туралы толық білімді қалыптастырудағы оның атқаратын рөлін сипаттаңыз
Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді.
Әлеуметтік антропология-зерттеу обьектсі адам мәдениет және қоғам болып табылатын ғылым және оқу пәні.Бұл түрлі әлеуметтік топтарды, қауымдастықтағы,қоғамдар мен мәдениеттердегі адамдардың өмірлік тәжірибелерінің мәдени тұрғыдан әрқилылығынан зерттеу пәні ретінде қалыптастыратын ғылым. Әлеуметтік антропология пәнінң пайда болуы адамның мәні мен мәндік құрылымы туралы, оның метафизикалық мәндік шығу тегі және әлемде физикалық, психикалық, рухани тұрғыдан көрінуі туралы; оны бағындыратын күш пен билік және олардың күшімен бағындыратын ол туралы;адамның биологиялық, психологиялық , рухани-тарихи және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары мен заңдары туралы фундаменталдық ғылымды жасаудың қажеттігіне байлансты. Әлеуметтік антропология - әлеуметтану мен этнографияға жақын, адамның шығу тегі мен даму сатыларын, өмірінің мәнін, индустрияға дейінгіаграрлы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, институттарды зерттейтін ғылым. Антропология ұғымын алғаш грек ойшылы Аристотель енгізді. Бүл ұғым көне грек дәуірінен орта ғасырдың соңына дейін адамның физиологиялық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді.
Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады. Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған. Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады. Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды. Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады. Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады. Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс. Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты. Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді. Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі. Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы. Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады. Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.
