Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-деңгей.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.49 Кб
Скачать

15 Жер мантиясы

Жер мантиясы (орыс. Мантия земли — жер қыртысының табаны (Мохоровинич арасы) мен 2900 км тереңдіктен басталатын жер ядросы жабынының аралығын қамтитын планетаның құрам-бөлігі. Мантия қимасын құрайтын заттар тығыздығы жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мәселен, оның жабыны деңгейіндегі (жер қыртысымен жапсарындағы) заттар тығыздығы 3,3-3,5 г/см3 болса, табанындағы (ядромен жапсары) заттар тығыздығы 5,6-5,9 г/см3-ге жетеді. Олай болса, сейсмикалық толқындардың жер мантиясы қимасынан өту жылдамдығы да қима деңгейінің терендігіне тікелей байланысты болғаны. Нақ осы байланыс ізінде, яғни сейсмикалы�қ толқындардың мантия қимасынан өту жылдамдығындағы өзгерістерді саралау нәтижесінде жер мантиясы шартты түрде үш бөлікке бөлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы - Мохоровинич және Голицын шекараларының аралығы; төменгі мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы жабынының (2900 км тереңдік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі деп аталатын мантияның ортаңғы бөлігі (мантияның С облысы) Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің" аралығына орналасқан

16 Жер ядросы — Жердің орталык неғұрлым терең геосферасы. Сыртқы ядро мен субъядроға бөлінеді. Сыртқы ядро — сұйық, субъядро — қатты деп топшыланады.

D´ (900 - 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 - 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды.

Құрамы мен қасиеттері түрліше болатын Жер қабаттарының жіктелуі — бастапқы "салқын" заттың ұзақ геологиялық уақыт аралығында біртіндеп күшті қызуы мен балқуы нәтижесінде жүрді. Яғни, неғұрлым ауыр элементтер (темір, никель және т.б.) төмен шөгіп, ядроны құрады, ал салыстырмалы түрде жеңіл элементтер (кремний, алюминий) қалқып шығып, жер қыртысын түзді. Балқу нәтижесінде бөлініп шыққан газдар мен су булары атмосфера мен гидросфераның негізін құрады.

Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды.

Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады.

17 Жер мантиясы (орыс. Мантия земли — жер қыртысының табаны (Мохоровинич арасы) мен 2900 км тереңдіктен басталатын жер ядросы жабынының аралығын қамтитын планетаның құрам-бөлігі. Мантия қимасын құрайтын заттар тығыздығы жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мәселен, оның жабыны деңгейіндегі (жер қыртысымен жапсарындағы) заттар тығыздығы 3,3-3,5 г/см3 болса, табанындағы (ядромен жапсары) заттар тығыздығы 5,6-5,9 г/см3-ге жетеді. Олай болса, сейсмикалық толқындардың жер мантиясы қимасынан өту жылдамдығы да қима деңгейінің терендігіне тікелей байланысты болғаны. Нақ осы байланыс ізінде, яғни сейсмикалы�қ толқындардың мантия қимасынан өту жылдамдығындағы өзгерістерді саралау нәтижесінде жер мантиясы шартты түрде үш бөлікке бөлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы - Мохоровинич және Голицын шекараларының аралығы; төменгі мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы жабынының (2900 км тереңдік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі деп аталатын мантияның ортаңғы бөлігі (мантияның С облысы) Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің" аралығына орналасқан

18 Тау жыныстары туралы түсінік

Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Олай болса тау жыныстарының орнына тастaр деген түсініктің өзін алуға да болар еді. Расында петрография деген сөздің өзі де сонан шыққан болатын (грекше петро — тас деген сез). Бірақ ерте кезде осылай алынғанымен қазіргі түсінікке ол дәл келе қоймайды. Өйткені жер кабаттарын құраушы минералдық бір тектес зат қатарына, яғни тау жынысы қатарына су, мұнай, көмір, топырақ, сияқты заттар да жатады. Бірақ бұларды тас деуге болмайды. Сондықтан тау жынысы деген түсініктің тастан көрі мағынасы кеңірек. Сонымен, петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым.

Тау жыныстарының шығу тегіне жалпы шолу жасап көрейік. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Онан кейінгі замандарда, жердің қатты тас қабығы құрыла бастасымен ондай тау жыныстары, күннің шағу, желдің қағу, судың шаю әсерінен бұзылып, бөлшектерге жіктеліп, ажырап үгітіле бастаған.