Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-деңгей.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74.49 Кб
Скачать

7 Миграция түрлері

Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. 

8 Желдің дефляция және коррозия процесі.

Корразия (латын тілінде «корразио» — қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұсақ кұм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әрекеттерін айтады.

         Дефляция (латын тілінде дефлятцио деген мағынада) деп, тіліске ұшыда борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршктерінің    үрлеу күшінеқарай) ұшып-қонуын айтады. Ал желдің үрлеу күші, оның жылдамдығымен анықталады.

Дефляциялық әрекет шөлді аймақтарда жиі байқалады. Дефляция жазық жерге қарағанда жел өтінде орналасқан белесті үстірттерде күшті дамиды. Мұндай әрекеттерге байланысты әр түрлі пішіндегі скульптуралық бейнелер (саңырауқүлақ немесе бағана т. б. тәрізді) қалыптасады.

9 Желдің эол аккумуляция процесі.

Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша «Эол» — жел құдайы деген мағынада) деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылады мемесе үгіліске үшырайды. Ал үгілу заттары желдің әсерінен (үрлеу күшіне) бір орынан екінші бір орынға ұшып қонады. Желдің геологиялық әрекеті әр түрлі процесстермен сипатталады.

Желдің геологиялық әрекеттері

Жел әрекетінен жаралған бедер түзілімдері және пішіндері эолдық (Эол - бог ветров в греческой мифологии) деп аталады (грек мифологиясында Эол – желдердің құдайы).

Эолдық процестердің даму жағдайлары:

´ 1) өсімдік жабынының жоғы немесе аз болуы, аумақтағы таужыныстардың атмосфера ауасының ағындарымен түйісуінің барлығын көрсетеді;

´ 2) жиі желдер;

´ 3) жел мен жылжылатын қопсық материалдардың көлемі көп болуы қажет.

Жел құрлықтағы денудациялық агент болып табылады. Әсіресе, құрылықтың 20% алып жатқан шөлді және жартылай шөлді аймақтарда желдің геологиялық әрекеті жақсы жүреді. Желдің әрекетін эол деп те айтады. Ол дефляциядан, корразиядан, орын ауыстырудан және аккумуляциядан тұрады..

10 Физикалық бұзылу

11 Химиялық бұзылу

12 Метаморфизмнің геостатикалық қысымын.

Геостатикалық қысым қатты фазаның көлемін кішірейту арқылы жүретін реакцияларға ықпал етіп, тығыз жайласқан әрі тығыздығы үлкен минералдар жаралуына әкеледі. Сонымен қатар, геостатикалық қысым минералдардың балқу температурасының жоғарылауына әкеліп, осының салдарынан қатты фазадағы температуралық түрленулердің интервалы кеңейеді. Жан-жақты қысым жағдайларында бітімі біркелкі шомбал таужыныс қалыптасады. 65 Бағытталған қысым (стресс) таужыныстардың деформациясында білініп, олардың құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерінің өзгеруіне әкеледі. Стресстің ықпалынан таужыныстағы минералдар ұзын осьтерімен және жіктілік жазықтарымен қысым бағытына перпендикуляр орналасып, заңдылық бойынша бағытталуға ие болады. Мұнда тақтатастылық деп аталатын айрықша бітім қалыптасады, ол метаморфтық таужыныстардың үлкен тобы – тақтатастарға тән.

13 Метаморфизмнің бағытталған қысымы

Бағытталған қысым (стресс) таужыныстардың деформациясында білініп, олардың құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерінің өзгеруіне әкеледі. Стресстің ықпалынан таужыныстағы минералдар ұзын осьтерімен және жіктілік жазықтарымен қысым бағытына перпендикуляр орналасып, заңдылық бойынша бағытталуға ие болады. Мұнда тақтатастылық деп аталатын айрықша бітім қалыптасады, ол метаморфтық таужыныстардың үлкен тобы – тақтатастарға тән.

14 Жер қыртысының геосфералары

ГЕОСФЕРАЛАР (гео... және spїaіre — шар) — Жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік (шамамен сфералық) қабаттар.[1] Олар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Сыртқы Геосфераға атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Атмосфера — газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты. Атмосфера массасының 90%-і төм., 16 км дейінгі қабатта шоғырланған. Гидросфера — су қабаты, оның жоғ. шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді. Төм. шекарасы тұрақсыз. Гидросфераға әлем мұхитының, құрлық пен мұздардың суы және жерасты сулары кіреді. Биосфера — жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды. Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төм. жағын және литосфераның жоғ. бөлігін қамтиды. Ішкі Геосфераға ядро, мантия және жер қыртысы жатады.Ядро — жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Жердің бетінен субядроға қарай қысым мен тығыздық өседі де, ауырлық күші кеми береді (субядро ішінде ауырлық күші 0-ге жуық). Мантия — жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. Оның массасы жер массасының 2/3-ін құрайды. Мантияның жоғарғы бөлігінде (мұхиттар астында 50 км, ол құрлықтарда 80—120 км тереңдікте) сейсмикалық толқындардың күрт баяулайтын астеносфера қабаты басталады. Оның тереңд. 250—400 км. Жер қыртысы — жердің ең жоғ. қатты қабаты. Ол шөгінді, магмалық және метаморфтік тау жыныстарынан тұрады. Оның қалыңд. мұхиттар астында 5—10 км, құрлықтағы биік таулар астында 70—80 км, орташа қалыңд. 33 км. Жер қыртысы мен астеносфераға дейінгі қатты жоғ. мантия қабаты бірігіп, литосфера қабатын түзейді