- •3 Метоморфизмнің екінші факторы
- •5 Қабатаралық (қабаттық) су мен грунт суларының ерекшкліктері.
- •7 Миграция түрлері
- •8 Желдің дефляция және коррозия процесі.
- •9 Желдің эол аккумуляция процесі.
- •Желдің геологиялық әрекеттері
- •15 Жер мантиясы
- •16 Жер ядросы — Жердің орталык неғұрлым терең геосферасы. Сыртқы ядро мен субъядроға бөлінеді. Сыртқы ядро — сұйық, субъядро — қатты деп топшыланады.
- •19 Минералдар туралы түсінік
- •25 Мұнай және газ геологиясында маңызды миграция
1 Қатпарлы дислокация
Тау жыныстарының бастапкы жатыс пішіндерінің бұзылуы дислокация деп аталады. Тектоникалық қозғалыстардың түріне байланысты дислокациялар қатпарлы және жарылысты болып бөлінеді.
Қатпарлы дислокациялар бұл дислокацияларда қабаттардың барлық түрінде олардың тұтастығы сақталады. Бұл осы дислокацияның өзіне тән ерекшелік қасиеттері болып табылады. Қатпарлы дисллокацияға моноклинді қатпарлар және флесуралар жатады.
2 Атиклинді және синклинді қатпарлар
Қатпарлар антиклиналды және синклиналды болады. Антиклиналды деп қатпарлардың дөңестігі жоғарыға қарай бағытталған, ядрода, қанатқа қарағанда, көне жыныстар орналасқан қатпарларды айтады; синклинальды – қатпарлар дөңестігі төмен қарай бағытталған, ядрода, қанатқа қарағанда, жас жыныстар орналасқан қатпарларды айтады. Антиклинальды және синклинальды қатпарлар келесі элементтерден тұрады: тоспа, қанат, құлып, ядро.
Антиклиналь - Шөгінді, эффузивті немесе өзгерген жыныстар бірлестігіне тән қат - қабатгардың өзара астасу пішіні. Жымдасқан қойнауқаттар жиынтығынвң бірлесе иілуі нәтижесінде антиклинальды қатпарлар дөңес пішіндер тузеді. Катпардын өзегін, яғни оның ішкі өңірін құрайтын қабаттар сыртқы өңірдегі яки қатпар қанаттарындағы жыныстардан көнелеу болуы шарт. Қақтылы қатпардың иілу нуктесі қатпар құлпы деп аталады, ал осы қатпар жүйесінің құлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша қосқан жағдайда пайда болатын шартты сызық қатпар айдары деген атауға ие.
3 Метоморфизмнің екінші факторы
Қысым – метаморфизмнің екінші факторы. Ол екі түрге бөлінеді: 1) геостатикалық қысым, үстінде жатқан таужыныстар қатқабатының массасынан туындайды; 2) бағытталған қысым немесе стресс, оны тектоникалық қозғалыстар туындатады. Геостатикалық қысым қатты фазаның көлемін кішірейту арқылы жүретін реакцияларға ықпал етіп, тығыз жайласқан әрі тығыздығы үлкен минералдар жаралуына әкеледі. Сонымен қатар, геостатикалық қысым минералдардың балқу температурасының жоғарылауына әкеліп, осының салдарынан қатты фазадағы температуралық түрленулердің интервалы кеңейеді. Жан-жақты қысым жағдайларында бітімі біркелкі шомбал таужыныс қалыптасады. 4 Метаморфизмнің алғашқы факторы.
. Температура – метаморфизмнің ең маңызды факторы. Ол минерал жаралу процестеріне ықпал етеді және белгілі бір минералдық ассоциациялардың қалыптасуын анықтайды. Типтік метаморфтық түрленулер жүретін температуралық интервалдың ауқымы В.С. Соболевтің (1970 ж.) деректері бойынша, 300–1000оС аралығында болады. Температура 300оС-тан төмен болған кезде химиялық реакциялар жылдамдығының күрт азаюы салдарынан метаморфтық түрленулер болмайды немесе өте баяу жүреді. Температураның жоғарғы шегі ең көп таралған таужыныстардың балқи бастауына, яғни магма жаралу жағдайларына сәйкес келеді.
5 Қабатаралық (қабаттық) су мен грунт суларының ерекшкліктері.
Қабатаралық судың ерекшелігіне ең алдымен оның екі сутірек қабаттың арасында орналасатыны жағады, яғни ол астынан да (жабыны жағынан), үстінен де (табаны жағынан) шектелген. Қабатаралық суы бар сулы горизонттар әдетте өлшемдері мындаған км²-ге жететін байтақ алқаптарға таралатындығымен, режимінің түрақтылығымен сипатталады. Мұнда су біршама тереңдіктерде жатып, алқаптың шеттерінде ғана жер бетіне шыгады. Қабатаралық су таралған мұндай байтақ алқап гидрогеологиялық алап деп аталады.
Грунт сулары (нем. grund — негіз, табан) — жер бетіне таяу жатқан тұрақты сулы қабаттардағы гравитациялық сулар. Олар көбінесе атмосфералық жауын-шашынның, өзен, көл, бөген, суару каналдары мен шахта суларының жерге сіңуінен пайда болады.[1]
Грунт суларының арын күші жоқ немесе өте әлсіз, ал су деңгейі жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Мұндай суларды ұңғыма немесе құдық арқылы ашқанда, олардың деңгейі қай терендікте ұшырасса, сол тереңдікте тұрақталады. Грунт суларының таралу және қоректену аймақтары, әдетте, бір-біріне сәйкес келеді. Сапасы жақсы грунт сулары кішігірім елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады
ТОпырақ су мен қалқыма судың маңызы.
Қалқыма су – жер бетіне ең жақын жатқан жер асты суы. Қалқыма су грунт суынан жоғары орналасады. Ол көбінесе ойыстарда, өзен-көл арналарында, су өткізбейтін қабаттардың бетінде, құм топырақтар арасында қар суы ерігенде, су тасығанда, нөсер жауыннан кейін пайда болады. Қалқыма судың қоры, су шығымы әр өңірде әр түрлі болады, температурасы да өзгермелі келеді. Ылғалдылығы біршама мол, булану мөлшері аз аймақтарда қалқыма су тұщы, ал тұзды топырақтар арасында тұзды болып кездеседі. Оның сапасына жер бетіндегі сарқынды сулар мен ластану көздері әсер етеді. Қорының, өнімділігі мен сапасының тұрақсыздығына байланысты қалқыма суды ауыз су ретінде, мал суаруға тек уақытша ғана пайдалануға болады. Мұндай сулардың қорын қар тоқтату, жауын және тасқын суларды ойыс жерлерде жинау арқылы жасанды жолмен арттыруға болады. Көп жағдайда қалқыма су астыңғы қабаттардағы грунт және тұрақты жер асты суларымен байланысты болатындықтан оны да ластану көздерінен сақтай білу қажет.[1] Әдетте қалқыма су тұтас таралмайды, сутірек таужыныстардың үстінде орналасатыш шағын линзалар жасайды. Қалқыма судың мұндай линзаларының қалындығы көбінесе 0,5-1 м-ден аспайды, кейде 2-3 мге жетеді. Мүндағы су гравитациялық түрде болып, деңгейге ие болады. Қалқыма судың режимі тұрақсыз - деңгейі мен минералдылығы айтарлыктай өзгеріп тұрады. Кейде құрғақ климатты аудандарда қалқыма сулы құдықтар жазда толық кеуіп кетеді.
Топырақ суы жер беті маңында орналасып, топырақтағы қуыстарды толтырады. Әдетте бүл су гигроскоп, жарғақ немесе қылтүтік түрінде болады. Топырақ суының режимі өте тұрақсыз, яғни маусымдык температура ауытқуына тэуелді. Су жаз кезінде топырақ ысыса толық буланып кетеді, қыста қатып қалады, ал жауынды мерзімдерде топырақты мол қанықтырады. Шөлейт алқаптарда топырақ суы жартылай булану нәтижесінде тұздарға канығып, аса минералдыға айналады. Топырақ суы толық буланып, тұздар кристалданған кезде сортаңдар мен сорлар жаралады.
