- •1 Билет
- •1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер
- •3) Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •2 Билет
- •1) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
- •3 Билет
- •1) Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан
- •4 Билет
- •1) Қазақстанда «Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Тоталитарлық жүйенің орнауы
- •2) Қазақстанды күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары
- •5 Билет
- •1) Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы
- •2) Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •3) Оғыз мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •6 Билет
- •1) Қазақстанда XX ғ. 30 ж. Заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия
- •2) Қазақстанда жэс-ті іске асыру. Жер-су реформасы
- •3) Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ жерін біріктіруді аяқтау
- •7 Билет
- •1) Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы
- •2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары (xyiii ғ.)
- •15Ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
- •8 Билет
- •1) Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына енуі
- •2) Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның кезеңдері
- •3) Қазақстандағы хх ғ. 20-30 жж. Мәдени құрылыс
- •9 Билет
- •1) Xyiii ғ. Екінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан
- •2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
- •3) Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •10 Билет
- •1) XIX ғ. 60-90 ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударудың басталуы
- •2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
- •3) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. Әкімшілдік-реформасы
- •11 Билет
- •1) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) ерліктері
- •2) XX ғ. 30-40 ж. Басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру
- •3) Қимақ қағандығы. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •12 Билет
- •1) Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрұлысы, шаруашылығы
- •2) Кіші және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. XIX ғ. 20 ж. Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы
- •3) Қазақстанның XX ғ. 40-50 жж. Қоғамдық-саяси өмірі. “Бекмаханов ісі”
- •13 Билет
- •1) Наймандар мен керейлердің ұлыстары
- •2) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) кезеніңдегі еңбектегі ерліктері
- •3) Қазақтардың е.Пугачев бастаған шарауалар көтерілісіне қатысуы
- •14 Билет
- •1) Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты
- •2) Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер
- •3) Қара қытайлар мемлекеті. Саяси тарихы
- •15 Билет
- •1) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны
- •16 Билет
- •1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •2) Қазақстанның 60 ж. Екінші жартысы мен 80 ж. Басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
- •17 Билет
- •1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі
- •3) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •18 Билет
- •1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. Екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы
- •2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы
- •3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы
- •19 Билет
- •1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі
- •2) XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы
- •3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •20 Билет
- •1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы
- •2) XX ғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері
- •3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы
- •21 Билет
- •1) Моғолстан мемлекеті
- •2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары
- •3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
- •22 Билет
- •1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
- •23 Билет
- •1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан
- •2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті)
- •3) 1869-1870 Жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері
- •24 Билет
- •1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •2) XX ғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.Б)
- •3) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •25 Билет
- •1) Ксро-ның ыдырауы және тмд құрылуы
- •2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов...........
- •26 Билет
- •2) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы
- •3) Қр Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы
- •27 Билет
- •1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты
- •2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары
- •3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
- •28 Билет
- •1) Қазақ терминінің этимологиясы
- •2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары
- •3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
- •29 Билет
- •1) Ұлы ақын және ойшыл а. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны
- •2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты
- •3) Қр мемлекеттік рәміздері
- •30 Билет
- •1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)
- •2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. Аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі)
- •3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. Бұл қозғалыстар орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп, даму құқықтарын қорғады (мысалы, оңтүстік славяндардың түрік үстемдігіне, чех халқының неміс отаршыларына қарсы күресі, т.б.).
16 — 19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың құрылуы себеп болды. Мемлекеттілігі жоқ немесе одан айрылған халықтардың ұлт-тық мемлекеттер құруға ұмтылысы үстем ұлттардың қарама-қарсылығына ұшырады. Мысалы, патшалы Ресей, Германия мен Австрия-Венгрия езгісіне түскен поляк халқы, Австрия-Венгрия империясы құрамындағы чехтар, словактар, словендер, хорваттар, т.б. Осының нәтижесінде халықтардың өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне ұмтылған ұлттық қозғалыстар пайда болды. Бұл қозғалыстар демокр. сипат алып, оны ұлттық буржуазия өкілдері басқарды. 16 — 18 ғ-лар Батыс Еуропа, Солт. Америка елдері үшін ұлттық қозғалыстардың даму және ұлттық мемлекеттердің қалыптасу дәуірі болды (Нидерланд бурж. революциясы, Солт. Америкадағы Тәуелсіздік үшін соғыс, т.б.). 19 ғ-дың 2-жартысында Германия мен Италияның бірігуі аяқталып, болгар, румын, серб ұлттық мемлекеттері өмірге келді. Чех, поляк, фин халықтарының тәуелсіздік үшін күресі өріс алды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) жылдары Еуропа халықтарының гитлеризмге қарсы күресі де белгілі бір мөлшерде ұлт-азаттық сипат алды.
19 — 20 ғасырларда Ұлт-Азаттық Қозғалыснегізінен Азияда, Африка мен Латын Америкасында күшейді. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі державалардың экспансиясы бұрын-соңды болмаған құлаш жайып, отарлық жүйе пайда болды. Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері монополистік капитал тарапынан ұлттық езгі мен қанаудың нысандарына айналды. Бұл елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалысметрополия мен езілген халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың ерекше шиеленісуінің көрінісі болды. Осы елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалыстың нәтижесінде 1945 — 73 ж. 1,5 млрд-тан астам адам отарлық және жартылай отарлық езгіден құтылып, 70-тен аса жаңа ұлттық мемлекет пайда болды (қ. Отаршылдық, Отаршылық соғыс). Халықтардың ұлттық мемлекеттілікті құруы тарихи жеңіс болып табылса да, Ұлт-Азаттық Қозғалысміндеттерін толығынан шеше алмайды. Оның жаңа кезеңі-метрополиядан толық экон. тәуелсіздікке ие болу үшін күресу. Сондықтан әлеум.-экон. прогресс мәселесі — Ұлт-Азаттық Қозғалыс процесінің негізгі буыны болып табылады. 18 — 20 ғ-ларда қазақ даласында Ресей отаршыларына қарсы бірнеше ірі-ірі Ұлт-Азаттық Қозғалысболып өтті.
22 Билет
1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
Атом қаруын және қарудың басқа түрлерін сынау үшін Семей ядролық, Орал және баска полигондар жұмыс істеді. 80 жж. Полигондар, әртүрлі әскери объектілер 18 млн га – дай Қазақстан жерін алып жатты. Тек Семей ядролық полигоны ғана 8372 шаршы шақырым жерді жайлады. Жер бұл объектілерге республикалық органдардың ешкандай келісімсіз және оларға алдын – ала ескертусіз – ақ орталық органдардың шешімі бойынша алып берілді. Мұндай жағдайды республиканың жоғары лауазымды адамдары жүйенің үнсіз – түнсіз құлы болы қала берді. Олардың бірде біреуі халыққа қырғын, қайғы – қасірет әкелген ядролық сынақтарға қарсы дауыс көтере алған жоқ. Семей және басқа полигондарды барлығы 500 ден астам ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген әсері туралы ондаған жылдар бойы үндемей келді. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радияцияның тұрақты сәулесіне ұшырады. Ядролық қаруларды жер астында сынау облыстың суландыру құрылыстарының жағдайына зардапты әсерін тигізді. Жер асты суларының ағысын бүлдірді, су алатын скважиналардың өнімділігін төмендетті. Полигонға жақын аудандарда одан алыстағы аудандарға қарағанда жем – шөпте және мал шаруашылық өнімдерінде йодтың, цезийдің, стронцидің құрамы 30 – 100 есе жоғары болды. Қоғаныс және Женсаулық сақтау министрліктері атом қаруын сынаудың адам денсаулығына зиянды әсері туралы шынайы мәліметтерді 1990 ж. дейін жасырып келді. 1975 – 1985 жж бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті. Бала тууы азайды, жынданып ауыру және өзін - өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда республика территориясында 27 жерде қуатты әр түрлі 38 ядролық жарылыс жасалған. Бұл мақсатта әсіресе Атырау облысы көбірек пайдаланылған, мұнда жаппай қырып жоятын қарудың 17 – і сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңт. Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қаруларды сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған. Кеңес басшылығы Шығыс және Батыстың арасындағы текетірес тұйықтан шығудың нақты қадамдарын жасады. КСРО 1985 ж. озінің ядролық сынақтарын бір жақты түрде тоқтатты. Полигондар бір жыл үнсіз жатты, бірақ 1987 жылы сынақ қайта басталды. Республика жұртшылығының 1989 жылғы ақпандағы митингісінде тұңғыш кеңестік “Невада – Семей ” қозғалысының бастамасы салынды. Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жылы 6 тамызда өткен митингісінде КСРО мен АКШтың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауларға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылданды. Онда былай делінді: “Біздің даламыз ядролық жарылыстардан дүр сілкінуде, сондықтан енді біз үндемей отыра алмаймыз. 40 жылға созылған бұл сынау мың – мыңдаған Херосималарды өз жалынымен шарпыды. Біз су ішуге, тамақ жеуге, бала тууыға қорқамыз. Біз Қазақстанда ядролық қаруды тоқтату, өз үлесімізде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату жолындағы өзіміздің ізгі құқығымызды қорғау жолында күресу үшін “Невада - Семей” қозғалысын ұйымдастырдық”. “Невада - Семей” қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырында Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державада қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш – жігерін біріктіру мақсатымен “Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы үкімге қол қойды. Сөйтіп қазақстан халқы өзінің батыл қимылымен бірінші болып елдегі ең ірі атом полигонын жапты және осы арқылы жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосты. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, Американың, Францияның полигондарында мораторийлар жарияланды. 1969 – 70 жылдары Маңғыстау облысында да халықтан жасырып үш бірдей жерасты ядролық сынақ өткізді. Арал теңізі атырабына өндіруші күштер орналастыруда жіберілген қателіктер су қоын есепсіз пайдалану мақта- күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейін құрғап кетті. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Құрғап қалған теңіз түбінен шаңның көтерілуі күшейе түсіп Арал аймағының климаты өзгерді. Дүлей күшіне енген экологиялық апат ұлы өсіп - өну мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселені көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал қазақтар мекендейтін аудан. Бұған Балқаш көлінің бір бөлігінің іске жарамсыз қалғанын көптеген өнеркәсіптік қалаларда Өскемен, Жамбыл, Шымкенттегі экологиялық жағдайдың ауырлығын қосқанда КСРОға социалистік құрылыстың артықшылықтары тайға таңба басқандай болып көрінді.
2) 1917 ж. Ақпан төңкерісі
1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.
Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.
Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).
Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.
Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.
Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.
Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.
Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.
Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.
Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.
Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.
Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:
1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды. 2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды. 3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).
Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: 1. Шаруаларға жер беру 2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні 3. Соғысты тоқтату 4. Халыққа бейбітшілік беру
Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады.
Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.
Саяси партиялар мен ағымдар.
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.
1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.
Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.
Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.
Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар.
Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.
«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер:
1. Мемлекеттік басқару формасы. 2. Автономия құру мәселесі. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясын құру. 5. Сот ісі. 6. Дін мәселесі. 7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау. 8. Құрылтай жиналысын шақыру. 9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 10. Жетісудың ашыққан халқына көмек. 11. Халық ағарту ісі. 12. Земство
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті.
1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.
Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.
1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.
«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.
Мақсаты: 1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру. 2. Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.
Мақсаты: 1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді. 2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы:
1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді. 2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. 3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті. 4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.
Кемшіліктері: 1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды. 2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады 3. Шаруаларға жер бермеді. 4. Империалистік соғысты жалғастырды
3) Қаз-ғы 90 жж. әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, табыстар
1992 ж. ортасында Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде 30-дан астам ел таныды. Алайда ел ішінде экономикалық реформа жүзеге асырылды. Нарықтық экономикаға көшу күрделі әрі қиын болды. Көптеген кәсіпорындары тоқтап қалды. Магазинде ешқандай тауар болмады. Қағаз ақша шамадан тыс шығарылды да, құнсызданып кетті. Халық қолында 13 млрд. ақша жүрді. Халық дүкендегі тауардың барлығын сатып алды. Бұл жағдайда өнеркәсіпте де, аграрлық салада да өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді. Тұрғын үй, мектептер салу күрт төмендеді. 1992 ж. Ресей бағаны босатты. Республика президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Төралқасының келісімімен 1912 ж. 6 қаңтарда бағаны босату туралы жарлық қабылдады. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауы Ресейдің жүздеген реформасына байланысты. Меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі нашарлады. Тәртіп те нашарлады.
