- •1 Билет
- •1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер
- •3) Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •2 Билет
- •1) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
- •3 Билет
- •1) Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан
- •4 Билет
- •1) Қазақстанда «Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Тоталитарлық жүйенің орнауы
- •2) Қазақстанды күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары
- •5 Билет
- •1) Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы
- •2) Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •3) Оғыз мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •6 Билет
- •1) Қазақстанда XX ғ. 30 ж. Заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия
- •2) Қазақстанда жэс-ті іске асыру. Жер-су реформасы
- •3) Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ жерін біріктіруді аяқтау
- •7 Билет
- •1) Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы
- •2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары (xyiii ғ.)
- •15Ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
- •8 Билет
- •1) Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына енуі
- •2) Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның кезеңдері
- •3) Қазақстандағы хх ғ. 20-30 жж. Мәдени құрылыс
- •9 Билет
- •1) Xyiii ғ. Екінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан
- •2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
- •3) Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •10 Билет
- •1) XIX ғ. 60-90 ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударудың басталуы
- •2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
- •3) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. Әкімшілдік-реформасы
- •11 Билет
- •1) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) ерліктері
- •2) XX ғ. 30-40 ж. Басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру
- •3) Қимақ қағандығы. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •12 Билет
- •1) Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрұлысы, шаруашылығы
- •2) Кіші және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. XIX ғ. 20 ж. Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы
- •3) Қазақстанның XX ғ. 40-50 жж. Қоғамдық-саяси өмірі. “Бекмаханов ісі”
- •13 Билет
- •1) Наймандар мен керейлердің ұлыстары
- •2) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) кезеніңдегі еңбектегі ерліктері
- •3) Қазақтардың е.Пугачев бастаған шарауалар көтерілісіне қатысуы
- •14 Билет
- •1) Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты
- •2) Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер
- •3) Қара қытайлар мемлекеті. Саяси тарихы
- •15 Билет
- •1) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны
- •16 Билет
- •1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •2) Қазақстанның 60 ж. Екінші жартысы мен 80 ж. Басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
- •17 Билет
- •1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі
- •3) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •18 Билет
- •1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. Екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы
- •2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы
- •3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы
- •19 Билет
- •1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі
- •2) XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы
- •3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •20 Билет
- •1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы
- •2) XX ғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері
- •3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы
- •21 Билет
- •1) Моғолстан мемлекеті
- •2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары
- •3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
- •22 Билет
- •1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
- •23 Билет
- •1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан
- •2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті)
- •3) 1869-1870 Жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері
- •24 Билет
- •1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •2) XX ғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.Б)
- •3) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •25 Билет
- •1) Ксро-ның ыдырауы және тмд құрылуы
- •2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов...........
- •26 Билет
- •2) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы
- •3) Қр Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы
- •27 Билет
- •1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты
- •2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары
- •3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
- •28 Билет
- •1) Қазақ терминінің этимологиясы
- •2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары
- •3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
- •29 Билет
- •1) Ұлы ақын және ойшыл а. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны
- •2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты
- •3) Қр мемлекеттік рәміздері
- •30 Билет
- •1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)
- •2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. Аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі)
- •3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.
Сақ тайпаларының қоныстануы
№ |
Сақ топтарының аты |
Мекендері |
1 |
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) |
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында |
2 |
Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) |
Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шаньда, Жетісуда |
3 |
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга) |
Мургаб аңғарында өмір сүрді |
Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.
Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды
Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.
Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.
Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.
Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.
Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.
Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:
1.Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды.
2.Қыстық және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы — Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады.
3.Отырықшы мал шаруашылығы (жартылай егіншілікпен айналысқан). Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарында дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.
Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.
Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшылыққа арналған күймелер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тайпалары қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан.
Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.
Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.
Сақ тайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.
Сақ жауынгерлері. Патшалар жауынгерлер тобынан шықты.
Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген деректі әңгімелер бар.
Сақтар б. з. б. 519–518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады.
Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны толтырылған меске Кирдің басын салып тұрып: «Аңсағаның қан болса, ал енді іш!» — деп айтады.
Б. з. б. IV ғ. Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330–327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласына салады.
Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіледі.
Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.
Еуразия көшпелілері дамудың ұзақ жолынан өтті. Олардың бай фольклоры болды. Мифология – әлем, оның құрылымы туралы күрделі түсінік болып табылады.
Сақтар табиғат күштері – күнге, желге, күннің күркіреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп санады. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді.
«Аңдық стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыздарда сақталған, адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін сонын бөлшегі деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. аңдар болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды.
Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.
Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды.
Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын түсінігі болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), орта – жер әлемі, жоғары – көк немесе аспан әлемі бар деп есептеді.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат – апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш молда қаласы.
Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.
Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.
Алтын адам.
Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған. Есік қорғанының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен топырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және батысынан ыдыстар, зергерлік бұйымдар табылған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір құрсаулармен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Ондағы барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы түрлі құстардың бейнелері аң стилінде үлкен шеберлікпен жасалған. Сонымен қатар алтын алқа, көз салған алтын сырға және қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас шошақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін бас киімі табылған. Сақ көсемінің қолында екі алтын жүзік, белінде құрастырмалы кісе белбеуі болған. Алтын пластиналар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар (акинак), қызыл қынапты ұзын семсері табылды. Сақ жауынгерінің шалбары да алтын тоғалармен әшекейленген. Бұл алтын адамды жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскербасы болған десек күмән туғызбайды. Алтын адамның жанынан табылған күміс тостағандағы таңбалар сол заманның өзінде Жетісу сақтарында жазу болғандығын байқатады. Тек бүгінгі күнге дейін ол жазуды ғалымдар оқып ажырата алмай отыр. Сонымен қатар табылған көне жәдігерлер сақ заманының материалдық мәдениеті, өнері, мифологиясы туралы мол мәліметтер алуға мүмкіндік береді. «Алтын адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.
