Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178_STAN_TARIKhY_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315.55 Кб
Скачать

2 Билет

1) Қазақстан аза­мат соғысы жыл­да­рын­да (1918–1920 жж.)

1917 жылғы қазан ре­волю­ци­ясы­ның жеңісі алғашқы күндер­ден бас­тап, құла­тылған қана­ушы тап өкілдерінің қару­лы қар­сы­лығын ту­дыр­ды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі ай­мақта­рын­дағы, со­ның ішінде Қазақстан жеріндегі конт­рре­волю­ци­ялық бүліктерді ба­тыл да шұғыл ба­сып тас­тап отыр­ды. Өлке­де аза­мат соғысы­ның бас­ты ошақта­ры Қазақстан­ның ба­тыс аудан­да­рын­да, Торғай об­лы­сының әкімшілік ор­та­лығы Орын­борда, Орал об­лы­сы, Гурьев (Аты­рау) қала­сын­да, Жетісу жерінде қалып­тасты. Бұл жер­де ата­ман Ду­тов­тың, ге­нерал Толс­тов­тың әскер­лері, ал Жетісу­да ка­зак-орыс жа­сақта­ры, ақ-гвар­дия офи­цер­лері мен юн­керлер жи­нал­ды. Олар конт­рре­волю­ци­ялық күштердің негізгі ор­та­лығына ай­нал­ды және Кеңес өкіметіне қар­сы аза­мат соғысын бас­та­ды.

1918 жы­лы 23 на­урыз­да Орал ка­зак-орыс­та­ры Гурьев­те бүлік шығар­ды. Олар ге­нерал Толс­тов­тың бұй­рығымен жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры Кеңесінің тоғыз мүшесін сот­сыз ат­ты. Сол жыл­дың 28–29 на­уры­зын­да ақ ка­зак­тар ала­шор­да­шылар­мен бірігіп Орал қала­сын­да төңкеріс жа­сады. Мұнда олар кеңес өкіметін құла­тып, ком­му­нис­терді, кеңес қыз­меткер­лерін аяусыз жа­зала­ды.

Аза­мат соғысы­ның бас­та­луы

1918 жы­лы ма­мыр­да Че­хос­ла­вак кор­пу­сының бүлігі бас­талды. Ан­танта им­пе­ри­алис­терінің қол­да­уымен бұл бүлік ең ал­ды­мен Солтүстік-Шығыс Қазақстан­да бас­талды.

1919 жы­лы 31 ма­мыр­да Пет­ро­павл­ды ақ гвар­ди­шылар ба­сып ал­ды. Сон­дай-ақ ақ гвар­ди­яшы­лар ма­усым­да Ақмо­ла мен Пав­ло­дар­ды, Се­мей мен Көкше­та­уды, Ом­бы мен Қос­та­най­ды ба­сып ала­ды.

Ала­шор­да үкіметі ақ гвар­ди­яшы­лар­дың Кеңес өкіметіне қар­сы ин­тервен­ци­ясын қол­дап, қару­лы ин­тервен­цияға қосыл­ды.

Конт­рре­волю­цияға Ан­танта им­пе­ри­алис­тері көп көмек көрсетті. Мы­салы, АҚШ Кол­чак ар­ми­ясы­на түрлі қару-жа­рақ, Анг­лия 200 мыңдай әскер­ге қару-жа­рақ және киім берді.

1918 жы­лы 29 на­урыз­да ақ гвар­ди­яшы­лар Орал қала­сын ба­сып ал­ды.

1918 жыл­дың аяғына қарай Кол­чактың басқару­ын­дағы Ан­ненков ди­визи­ясы Жетісу жеріне ба­сып кірді.

2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары

Тарихи шығармаларда көбінесе қазақтардың жоңғар (қалмақ) басқыншылығына қарсы үш жүз жыл бойы күрескені, екі елдің арасындағы соғыс, оның зардаптары, қазақ батырларының қаһармандық ерлігі, Әбілқайыр, Абылай хандардың ел мен жерді қорғаудағы, жауды жеңудегі көрегендік қайраткерлігі көбірек баяндалып, қазақ-жоңғар мемлекеттерінің қарым-қатынастары талдап, талқыланбайды. Екі ел арасындағы келіссөздер қай тілде жүргізілді, хандар мен хонтайшылар бір-бірімен қай тілде хат алысып, кеңес құрды, Тілеулі, Жәнібек, Түгел тәрізді қазақ батырларының көбісі неліктен қалмақ қыздарына үйленді, хонтайшылар мен хандар не себепті қыз алысып, қыз берісіп құдандалы болды, қалмақтар шын мәнінде қазақтармен туыстас халық па, олай болса, олар неге соғысты, ол жөнінде терең әңгіме қозғалмайды. Жоңғар хандығы мен қалмақ хандығының ара жігі ашып көрсетілмейтіндіктен, оларды шатастыратындар да баршылық. Сол себепті әңгімені осы екі хандық туралы түсініктемеден бастасақ.

Жоңғар хандығы

Жоңғар (жунгар, зюнгар) кімдер. Олар: 1. Шыңғыс хан әскерінің сол жақ қанаты, оң қанат – бурунғар (бұраңғар) деп аталған. Жоңғар ХІІ ғасырдың аяқ кезінен бастап белгілі бола бастады. 2. Төрт ойрат тайпасының 17-18 ғасырлардағы жалпы атауы да жоңғарлар. Бұлар – Батыс Маңғолияны қоныстанған ойраттардың шорос, дүрвэд, торғауыт, хошоут тайпалары. Оларға 1635 жылы хойт тайпасы да келіп қосылған. Осы тайпалар одағының атауы – Ойраттар, Жоңғар хандығы деп жазылады.

Жоңғар хандығы Батыс Моңғалияда 17-ғасырдың 30 жылдарына қарай құрылған. Ал торғауыттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған-ды. Шыңғыс хан ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (11368 жылы) жоңғарлар Батыс Моңғолияда қоныстанып қалған болатын. Шығыс Моңғолия мен Батыс Моңғолияда тұратын ойраттар Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену үшін бір-бірімен бірнеше рет соғысты да. Тек, ХV ғасырдың бірінші жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418-1440) және Эсен (1440-1450) шығыс пен батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекет құрамына қосқанымен, олар ұзақ өмір сүре алмады. Тәуекел ханның тұсында дүрвэд және торғауыт тайпалары қазақ хандығына бағынды. Алайда ХVІІ ғасырдың 20 жылдары хошаут байбағыс пен шорос тайпасының тайшысы (тайджи) Хара-хула мемлекетін қайта құруға әрекет жасап, кейін оның баласы Батыр хонтайшы 1635 жылы біртұтас ойрат мемлекетін құрып, ол тарихи әдебиеттерде Жоңғар хандығы деп жазылды. Жоңғария көшпелі мемлекет болды. Тоған мен Эсен хандар кезінен бастап ойраттар қазақтар арасында қалмақтар деп аталып кетті. 1640 жылы Тарбағатай тауларының етегінде біріккен моңғол, қалмақ және ойрат тайпаларының басшылары моңғол – ойрат заңдарын қабылдап, жинаққа «Цааджин бичиг» деп ат қойды. Жоңғария хандығы 16 ғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазақ мемлекетіне қарсы басқыншылық саясат ұстап, шабуыл жасады. Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы бірнеше рет тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге жетті. Тәуекел хан тұсында да қазақ жасақтары әлденеше қайта жоңғар әскерін күйрете жеңді. Тек ойраттар шапқыншылығы ұзаққа созылды.

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жартысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, шебер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ халқы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы саясатта нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді».

Соның ішінде қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынастар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.

Осылардың ішінде қазақ жерінің бірлігін қамтамасыз етіп, қантөгісті болдырмау, Қытай агрессиясына кез-келген жолмен тойтарыс беруді қамтамасыз етуде Абылай сұлтан тарапынан жоңғарлардың сол мерзімдегі билеушісі Әмірсанамен ХVІІІ ғасырдың 50- жылдарының екінші жартысындағы бірлескен қимылдарының маңызы ерекше.

Елінің тағдыры нақты шешілер кезеңдегі аталған тарихи қимылдарға әкелген оның алдындағы оқиғалардың дамуына келетін болсақ: «1750 жылы Жоңғарияда Лама-Доржының билік басына келуі өзара қырқысқан күрестің қайтадан тұтануына әкеп соқты. Бұл күресте жеңіліс тапқан (Абылайдан үнемі қолдау тауып келген,-Ғ. Қ.) Даваци нойон жиендері Әмірсана мен Байнджурды алып, 1751 жылдың көктемінде қазақтарға қашып келді. Оларды абақ-керейлердің билеушісі Қожаберген батыр қабылдады. Жоңғарияның билеушісі (Лама Доржы,-Ғ. Қ.) өзінің саяси бақталастарын қайтарып беруді талап етті. 1752 жылдың жазында ордада Орта жүз бен Ұлы жүздің батырлары мен рубасыларының жиыны болып, онда Абылай және батырлардың көпшілігі Давациді қолдады.

…Қазақтардың Даваци нойонды (Әмірсанамен бірге,-Ғ. Қ.) беруден бас тартқанына ашуланған Жоңғария билеушісі Лама Доржы Орта жүзге Сайын-Бөлек пен Шадыр басқарған әскер жіберді». Осы оқиға туралы тарихи деректерде: «Лама Даладжа Даваци мен Әмірсана хасақтардан (Абылайдан,-Ғ. Қ.) қолдау тауып, олардың көмегі арқылы дұшпанын қуатты күшке айналдырмау үшін өзіне берілген 60000 адамдық іріктелген әскер жіберіп, бүлікшілерді не тірідей ұстап немесе өлідей әкелуге тапсырма берді».

«Жоңғарлар Орталық Қазақстанда көшіп жүрген үйсін, уақ және керейлердің қоныстарына шабуыл жасады. 3 мыңнан астам қазақ тұтқынға алынып, орасан көп мал мен мүлік қолға түсірілді. Бұған жауап ретінде Абылай Сайын-Бөлекке қарсы (өзі қолдау көрсетіп отырған,-Ғ. Қ.) Давациді жіберді, оған… қазақ ұлыстарында тұтқында жүрген барлық жоңғар жауынгерлерін де қосып берді. Сонымен бірге ірі ауқымды соғысқа дайындық басталды,

1753 жылдың жазында жоңғар әскерлері қазақ даласына тағы да басып кірді, алайда Давацидің 1753 жылғы қыркүйектегі Жоңғарияның терең түкпіріне жасаған батыл жорығында Лама-Доржы өлтірілді. Даваци жаңа қоңтайшы болып жарияланды, ол бірден Абылайға елшілік жіберіп, өзінің ризашылығы мен достығына сендірді. Қазақтардың іс жүзінде жеңуі және Жоңғарияда қазақтарды жақтаушының билік етіп отыруы қазақ жүздерінде Абылай сұлтан беделінің күшеюіне жеткізді. Алайда дала өңірінде бейбітшілік ұзаққа созылмады. Даваци билікті ұстап тұра алмады. Оның бұрынғы одақтасы әрі туысы, қазақтар жақтан қолдау тапқан Әмірсана оған қарсы шықты. Жағдайдың жаңадан шиеленісуін Орталық Азияда белсенді басқыншылық саясат жүргізіп келген Цин империясы шебер пайдаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]