- •1 Билет
- •1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер
- •3) Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •2 Билет
- •1) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
- •3 Билет
- •1) Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан
- •4 Билет
- •1) Қазақстанда «Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Тоталитарлық жүйенің орнауы
- •2) Қазақстанды күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары
- •5 Билет
- •1) Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы
- •2) Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •3) Оғыз мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •6 Билет
- •1) Қазақстанда XX ғ. 30 ж. Заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия
- •2) Қазақстанда жэс-ті іске асыру. Жер-су реформасы
- •3) Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ жерін біріктіруді аяқтау
- •7 Билет
- •1) Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы
- •2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары (xyiii ғ.)
- •15Ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
- •8 Билет
- •1) Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына енуі
- •2) Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның кезеңдері
- •3) Қазақстандағы хх ғ. 20-30 жж. Мәдени құрылыс
- •9 Билет
- •1) Xyiii ғ. Екінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан
- •2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
- •3) Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •10 Билет
- •1) XIX ғ. 60-90 ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударудың басталуы
- •2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
- •3) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. Әкімшілдік-реформасы
- •11 Билет
- •1) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) ерліктері
- •2) XX ғ. 30-40 ж. Басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру
- •3) Қимақ қағандығы. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •12 Билет
- •1) Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрұлысы, шаруашылығы
- •2) Кіші және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. XIX ғ. 20 ж. Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы
- •3) Қазақстанның XX ғ. 40-50 жж. Қоғамдық-саяси өмірі. “Бекмаханов ісі”
- •13 Билет
- •1) Наймандар мен керейлердің ұлыстары
- •2) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) кезеніңдегі еңбектегі ерліктері
- •3) Қазақтардың е.Пугачев бастаған шарауалар көтерілісіне қатысуы
- •14 Билет
- •1) Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты
- •2) Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер
- •3) Қара қытайлар мемлекеті. Саяси тарихы
- •15 Билет
- •1) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны
- •16 Билет
- •1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •2) Қазақстанның 60 ж. Екінші жартысы мен 80 ж. Басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
- •17 Билет
- •1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі
- •3) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •18 Билет
- •1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. Екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы
- •2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы
- •3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы
- •19 Билет
- •1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі
- •2) XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы
- •3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •20 Билет
- •1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы
- •2) XX ғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері
- •3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы
- •21 Билет
- •1) Моғолстан мемлекеті
- •2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары
- •3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
- •22 Билет
- •1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
- •23 Билет
- •1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан
- •2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті)
- •3) 1869-1870 Жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері
- •24 Билет
- •1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •2) XX ғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.Б)
- •3) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •25 Билет
- •1) Ксро-ның ыдырауы және тмд құрылуы
- •2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов...........
- •26 Билет
- •2) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы
- •3) Қр Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы
- •27 Билет
- •1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты
- •2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары
- •3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
- •28 Билет
- •1) Қазақ терминінің этимологиясы
- •2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары
- •3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
- •29 Билет
- •1) Ұлы ақын және ойшыл а. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны
- •2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты
- •3) Қр мемлекеттік рәміздері
- •30 Билет
- •1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)
- •2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. Аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі)
- •3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
Сталинизм жазалау шаралары.30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл - әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО–дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды.Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады.Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар: Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б.- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б. Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды.1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.30–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіледі. Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Тракторды меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды.Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден бірінші орын, Мұнай мен көмір өндіруден 6 – орынға шықты.1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. Олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша: көмірдің – 4,2% -ін; мұнайдың – 2,2% -ін; қорғасынның – 87% - ін; мыстың – 21% - ін өндірді.Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайыншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.1938 – 1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, 6 мың 900 мыңға көбейді. Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру жүйелерін салуға қатысты. 1938 – 1940 жылдары 145 мың га – дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал – Көшім каналы салынды.1940 жылы әлеуметтік – мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады. (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп).1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды: 3100 – ден астам дүкен, 600 – ден астам асхана, ресторан, 200 жаңа емхана, 120 аурухана.
20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы:
Тиімді жағы:
1.Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.
2.Индустриясы жедел дамыды.
3.Мәдениет,білім беру саласында табыстарға қолы жетті.
Тиімсіз жағы:
1.Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.
2.тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар.
- Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.
- Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды.
- Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.
- Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.
- Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды.
Сонымен, елде орын алған кейбір келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген еді.
