Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178_STAN_TARIKhY_BILET.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315.55 Кб
Скачать

1 Билет

1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер

Қазақстан жерінде қола дәуірі б.з.б 4-2 мың жыл.қамтиды. Мыс+қалайы=қола. Қола дәірі 1946 ж. Түбегейлі зерттеле бастайды. Оны Қ.сатпаев зерттеген. Қ.Сатпаев Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан. Нарым, Қалбадан 1100 тонна қалайы шығарылған. Қола д. мекендері кен орындарының жанында орналасқан. Ең алғашқы рет қоладан жасалған құралдарды Оңт.Сібірдегі Ачинск қаласының Андронов селосында таб. Бұларды «Андронов мәдениті» д.а. Солт. Және Б.Қаз. Андроновтрадың 80-нен аса қоныстары таб. Ресейдің Челябинск облысы мен Қаз. Қостанай обл-ң шекарасында орналасқан ежелгі қала-ң ескі тұрағы-Арқайым қ.таб. Қола дәуіріне жататын Солт.Қаз. қоныстар Петровка, Боголюбов, Орт.Қаз. қола д-не тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым Алексеев, ал Қостанай Адексеев қорымынан таб.адам-ң бет пішінін жасаған Герасимов. Шаруашылығы: мал ш.; егіншілі,к, балық аулау. Теселі егіншілік дамыған. Металл өндіру қыш ыдыстар(қ.д-ң ерекшелігі) жасау, көзе құмыралар жасау жақсы дамыды. Таңбалы, Жасыбай, Хантаудан Андроновтық-н тасқа салынған суреттері таб. Андроновтық-р арнай қазылған шұңқырларда сүт өнімдері мен етті сақтаған.Қола дәуірін ғасырға шаққанда б.з.б XVIII-VIII ғ.: 1)Андронов мәдениеті-б.з.бXVIIIғ-б.з.б XIIғ;2) Беғазы-Дәндібай мәд.-б.з.бXII ғ-б.з.бVIII ғ. Қола және мыстан жасалған орақтар Ш.Қаз.-Мало-Красноярка, батысында-Алексеевка, солт-де-Степняк және Жетісудан табылды. Қола шалғы Шағалалы деген жерден таб. Мал-мүлык теңсіздігі әлеуметтік теңсіздікті тудырған. Жоғары дінбасшылары-абыздар салт-дәстүрдің сақтауын қадағалап отырған. Қ.дәуірінде тұмар тақты(жабайы аң-ң тістерін тақты).Қола д-де, яғни 3000 мың жылдықта Наурыз мейрамы п.б. Андронов жерінен 1,5 орамды алтын самай сырға таб.

2) XYI-XYII ғғ. Қазақстан мәдениеті

Рухани мәдениет

15-17ғ қазақ ххалқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қаз-н териториясындағы ежелден тұратын,тегі жағынан бір—ріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты.

15ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.

15-17ғ қазақтар араб жазуын қолданды.

16-17 ғқазақ тарихының маңызды ескерткіші Қадырғали Жалайридың ылнамалар жинағы шығармасы.Автор өз кітабын Жалайыр деген атпен 1587ж Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан.

Мұхамед Хайдар Дулатыи 1499-1551жж-1546ж парсы тілінде жазған ``Тарих-и Рашиди``еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен .Шығармада шайбанилық Әбілхайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы турулы құнды мәліметтер жазған.

Ауыз әдебиеті

Қазақ халқының ауыз әдебиеті 15-17 кеңінен көрінеді .Ауыз әдебиеті өоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар:``Қобыланды``.``Ертарғын``. ``Алпамыс``т.б

15-17ғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа,Жиембет, Шалкиз, Ақтамберді, Бұқар.

Шалкиіз Тіленшұлы «1465 1560ж» Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау.Оның 30ға жуық туындылары бізе жеткен.

Марғасқа Есім ханның жорық жырауы болған,1627ж Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан.``Еңсегей бойлы ер есім ``атты тарихи жырды жазды.

Үмбетей жырау «1697 -1786»ж Әкесі шебер қобызшы, жыршы.Жорықтарға қатысып батырлардың ерліктерін көріп,оларды мадақтап өлеңдер шығарды.Оның``Бөгенбай өліміне``және ``Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту``шығармалары ерекше.

Материалдық мәдениет Қазақтардың көшу кезінде алып жүруге қолайлы тұрғын үйлерінің негізгі түрі –киіз үй.киіз үйдің Еуразия көшпелілері 1 мың жылдықтың ортасында ойлап тапқан. Киіз үйдің 3түрі болды.

Салтанатты үй 12қанат керегеден тұрғызылып, қонақтарды қабылдауға арналды.Отау үй жасауы неғұрлым бай,үйлену тойын өткізуге арналды.

Шағын тұрғын үй 6 қанаттан құралып малшыларға арналады.

Жолама үй 3-4 керегден тұрғызылып,әскери жорықтарға арналған.Киіз үйдің құрылымы: Шаңырақ,уық, кереге, сықырлауық,түндік,үзік, туырлық, құр.Әйелдің бас киімдері Құндыз терісінен жиектелген бас киім кәмшәт бөрік. Алтын бөрік.қалмаржан бөрік, тақия, сәукеле, кимешек. Ерлердің аяқ киімі шоңқайма етік,бір тана етік, мәсі, кебіс,саптама етік, шоқай мен шәкі.Әйелдердің аяқ киімікебіс,көк сауыр,кісе,. Ерлердің түрлері. Құранды ер- 18-20 немесе20-23 ағаш бөлшектерінен құралады.

Ақбас ер-төрт бөлек қайыңнан шабылып,сырты көңмен немесе қалың терімен қаптала шегеленеді. Ашамай- балаларға арналған ер.

Мылтық түрлері білтелі мылтық, білтемен атылып, күмістен әшекей салынған.

Қара мылтық- әшекейсіз.

Самқал-қысқа ұңғылы.

Қазақтардың материалдық мәдениеті көшпелі тұрмыс салтына бейімделіп,ежелгі дәстүрді сақтағанмен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]