- •30.Қазақ халқының қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
- •31.Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз.
- •32.Этнос пен ұлт ұғымдарының айырмашылығына салыстырмалы талдау жасап, азаматтық ұлт ұғымының қалыптасу жағдайларын атап көрсетіңіз.
- •33.Техногендік өркениеттің салдарлары, адамзат болашағына тигізер жағымсыз әсерлері, бұл әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды атап көрсетіңіз
- •35.Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз
- •36.Әлеуметтік антропологияның қалыптасу тарихын, жаратылыстанулық және қоғамдық ғылымдармен байланысын салыстырмалы талдауды қолдана отырып түсіндіріңіз.
- •37.Жаһандану жағдайында Қазақстанның басшылыққа алған стратегиялық жобаларының бірі – Еуразия идеясын өзектендірудің негізгі себебін көрсетіңіз
- •38.Нәсілдердің қалыптасуына әсер ететін факторлардың классификациясын жасап, қазіргі уақытта өзекті болып отырған фактордың ерекшелігін сипаттаңыз
- •40.Этникалық қақтығыстардағы негізгі сұрақтарға тоқталып, оларды шешу жағдайларын көрсетіңіз.
40.Этникалық қақтығыстардағы негізгі сұрақтарға тоқталып, оларды шешу жағдайларын көрсетіңіз.
Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын. Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесін¬де туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).
Этникааралық қақтығыстардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ. Егер этникааралық қақтығыстың ал¬дын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себеп¬термен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.
