Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
антропология 30-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.43 Кб
Скачать

36.Әлеуметтік антропологияның қалыптасу тарихын, жаратылыстанулық және қоғамдық ғылымдармен байланысын салыстырмалы талдауды қолдана отырып түсіндіріңіз.

Әлеуметтік антропология- зерттеу объектісі адам,мәдениет және қоғам болып табылатын ғылым және оқу пәні.Әлеуметтік антропология- түрлі әлеуметтік топтардағы,қауымдастықтағы,қоғамдар мен мәдениеттердегі адамдардың өмірлік тәжірибелерінің мәдени тұрғыдан әрқайлылығын зерттеу пәні ретінде қарастыратын ғылым.Әрбір мәдени топтың жас ерекшелігі,мәртебе,денсаулық пен аурушаңдық,әйел және ер кісі т.б. ұғымдарға қатысты қөзқарастары,түсініктері әрқилы.Антропология ұғымы гректің екі сөзінің негізінде – «антропос» адам және «логос» ілім қалыптасады.Антропология терминінің өзі XVI ғасырдың басында Германияда қалыптасып,анатомиялық контексте қолданылды.Ал кейінірек адамның жаны туралы ілім ретінде қарастырылды.Өз алдына дербес ғылым ретінде антропология XІX ғ. қалыптасты. Оның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы,антропогенез ілімі,нәсілтану.Антропологияның негізгі ұғымдарына:адам,индивид,тұлға,дербестік,теңдестіру,архетип,мәдениет,өркениет т.б. жатады.Антропологияның физикалық және мәдени екі бағыты ғылыми білімнің жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық салаларының бөлінуіне сәйкес өз алдына жеке пәндерге бөлінді.

Әлеуметтік антропологияның шегі туралы пікірталастар тоқтар емес.Британияда әлеуметтік антропология,АҚШ-та мәдени антропология,Францияда-этнология,Ресейде әлеуметтік антропология және этнография ғылымдары болып қалыптасқан.Әлеуметтік антропология ұғымы ағылшындарда негізгі орынға ие болды. Радклифф-Браун, М. Фортес сияқты британ антропологтары Э.Дюркгеймнің әлеуметтік деректер туралы іліміне сүйене отырып,әлеуметтікті мәдениліктен бөлек автономды түрде қарастырды.

37.Жаһандану жағдайында Қазақстанның басшылыққа алған стратегиялық жобаларының бірі – Еуразия идеясын өзектендірудің негізгі себебін көрсетіңіз

Жалпы, кез келген серпінді идеяның шығу тегін тарихи тұрғыдан қарастырсақ, өзінің даму кезеңдерін қамтиды. Еуразияшылдық идея алғаш рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада қуғында жүрген орыс эмигранттарының арасында туған екен. Бұл дегеніміз, бұрынғы ақыл-ойдағы идеологиялық құндылықтардың өзгеріп, жаңа көзқарастың пайда болуымен байланысты туған ерекше идеялардың бірі болды деген сөз. 1921 жылы Еуропада жарық көрген орыстың еуразияшыл философтарының осы бағыттағы пікірлерін жинақтаған «Шығысқа шығу» атты еңбектің алғы сөзінде «Бұл мақалалар дүниетанудың апатты өзгерісі кезеңінде туған дүниелер. Болған және алдағы уақытта болатын өзгерістерден біз саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды ғана емес, дүниетану көзқарасында да терең өзгерістер болатынын болжап отырмыз», делінген.

Демек, мұнда еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лады. Олай болса, ресейлік «ескі еу­ра­зияшылдық» пен қазақстандық «жа­ңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажы­ратып алайық. Бірін­шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та­рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін­шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы болып табылады. Үшін­ші­ден, Назарбаевтың еуразиялық док­­тринасы орыстардікіндей тар ауқым­дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр­ке­ниетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады. Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар.

Сараптай келгенде, еліміздің Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған Еуразиялық Идеясы өзінің маңыздылығын, өмірлік қажеттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп келеді. Меніңше, сонау еуразияшылдықтан бастау алған бұл идея өзінің түпкі мақсатына жетеді деп ойлаймын. Яғни, болашақта құрылатын Еуразиялық Одақ Еуроодақтың кем тұстарын зерделей отырып, алып аймақтық интеграцияға айналуы тиіс. Алайда, теориядан шынайы тәжірибеге айналған идеяны жүзеге асырып, асығыстық танытып, Еуразиялық Одақты бірден құрмауымыз керек. Алдымен, қатысушы-мемлекеттердің саны ұлғайып, Одақ өз күшіне еніп, даяр болған сәтте, Елбасымыздың көздеген Еуразиялық Одақ Жаһандық әлем жүйесінде, Еуразия кеңістігінде өзінің орнын, рөлін табатыны айдан анық. Себебі, ағылшын ғалымы Х. Маккиндер айтқандай, «Хартлендті (жердің жүрегін - Еуразияны) кім өз бақылауына алса, сол бүкіл әлемді бақылайды».