Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
антропология 30-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.43 Кб
Скачать

Сұрақ

Бөлім

1

Әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні және адам туралы толық білімді қалыптастырудағы оның атқаратын рөлін сипаттаңыз

1 Сұрақ

2

Антикалық философтардың адамның мәні туралы ойларының әлеуметтік маңызын дәлелдеңіз

1 Сұрақ

3

Мәдениет және өркениет ұғымдарының арақатынасына салыстырмалы талдау жасаңыз

1 Сұрақ

4

Әлеуметтік антропологияның теориялық және практикалық құндылығына қатысты эссе жазыңыз

1 Сұрақ

5

Салыстырмалы әдістің әлеуметтік антропологияда қолданылу ерекшелігін көрсетіңіз

1 Сұрақ

6

Адам туралы конфуций ілімінің мәнін түсіндіріңіз. Бұл ілімнің негізгі құндылықтарын топтастырып көрсетіңіз.

1 Сұрақ

7

Аралас антропологиялық типтер, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларға социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

1 Сұрақ

8

Нәсілдік антропологиялық  мектептің теориялық тұжырымдарына сипаттамалық талдау жасаңыз

1 Сұрақ

9

Медициналық антропология, негізгі мәселелерін бөліп көрсетіңіз

1 Сұрақ

10

К.Леви-Стростың әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні туралы ойларына түсініктеме беріңіз

1 Сұрақ

11

Қазақ халқының этнографиялық мұраларының қазіргі уақыттағы өзектілігін дәлелдеңіз

1 Сұрақ

12

Антропогенез және палеоантропология. Адамның саналы жануар екендігін бейнелейтін философиялық көзқарастардың ерекшелігін сипаттаңыз

1 Сұрақ

13

Технологиялық мәдениеттің салдарларына  антропологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан талдау жасаңыз

1 Сұрақ

14

Адамның интегралды табиғаты туралы көзқарастардың философиялық мәнін ашып көрсетңіз

1 Сұрақ

15

Этногенездің мәнін нақты оқиғалар негізінде сипаттап түсіндіріңіз.

1 Сұрақ

Феминизм және антропология. Феминистік қозғалыстардың қоғамдық  қатынастарды өзгертуге әсерін сипаттаңыз.

2 Сұрақ

16

И.Канттың философиялық антропологияға қосқан үлесіне баға беріңіз

2 Сұрақ

17

Қазіргі философияда білімнің антропологизациялану тенденциясын көрсетіп, оның себебін түсіндіріңіз

2 Сұрақ

18

Антикалық философияда қалыптасқан  адам туралы тұтас теорияның мазмұнына қандай сипаттама беріңіз

2 Сұрақ

19

Философиялық антропология және оның қалыптасуының алғы шарттарын атап көрсетіңіз

2 Сұрақ

20

Қалалық антропологияның негізгі ұғымдарына терминологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

2 Сұрақ

21

Антропологиядағы гендерлік  сұрақтар. Гендерлік стереотип және оны өзгерту мәселелерін тұжырымдаңыз.

2 Сұрақ

22

Антропогенетикалық зерттеулердің мәнін ашып көрсетіңіз.

2 Сұрақ

23

Қазақстанның этносаясатының негізгі бағыттарын баяндап, этносаралық қарым-қатынастардың қалыптасуына талдау жасаңыз.

2 Сұрақ

24

Этностар дағдарысының  эндогендік және экзогендік  факторларын бөліп көрсетіңіз

2 Сұрақ

25

Этностар мәдениетінің негізгі атрибуттарын атап, олардың қазіргі қоғамдағы рөлдеріне тоқталыңыз.

2 Сұрақ

26

Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның эволюциясына сипаттамалық талдау жасаңыз

2 Сұрақ

27

Адамның биопсихоәлеуметтік жан ретіндегі бейнесін жасаңыз

2 Сұрақ

28

Нәсілдік антропологиялық мектептің қалыптасу ерекшеліктеріне тарихи тұрғыдан талдау жасаңыз.

2 Сұрақ

29

Адам табиғатын оның қажеттіліктерінің жиынтығы ретінде қарастырған  көзқарастардың ерекшелігіне социологиялық тұрғыдан баға беріңіз

2 Сұрақ

30

Қазақ халқының  қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз  

3 Сұрақ

31

Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз.

3 Сұрақ

32

Этнос пен ұлт ұғымдарының айырмашылығына салыстырмалы талдау жасап, азаматтық ұлт ұғымының қалыптасу жағдайларын атап көрсетіңіз.

3 Сұрақ

33

Техногендік өркениеттің салдарлары, адамзат болашағына тигізер жағымсыз әсерлері, бұл әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды атап көрсетіңіз

3 Сұрақ

34

Антропоцентризмнің мәні неде? Жеке ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, түсіндіріп беріңіз.

3 Сұрақ

35

Адамның мәні мен табиғаты туралы  классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз

3 Сұрақ

36

Әлеуметтік антропологияның қалыптасу тарихын, жаратылыстанулық және қоғамдық ғылымдармен байланысын салыстырмалы талдауды қолдана отырып түсіндіріңіз.

3 Сұрақ

37

Жаһандану  жағдайында Қазақстанның   басшылыққа алған  стратегиялық жобаларының бірі  – Еуразия идеясын  өзектендірудің негізгі себебін көрсетіңіз

3 Сұрақ

38

Нәсілдердің қалыптасуына әсер ететін факторлардың классификациясын жасап, қазіргі уақытта өзекті болып отырған фактордың ерекшелігін сипаттаңыз

3 Сұрақ

39

Әлеуметтік  және мәдени  антропологияның, этнология мен этнографияның ерекшеліктеріне антропология ғылымының негізін салушылардың көзқарастары тұрғысынан талдау жасап, Қазақстанда антропология ғылымының даму жағдайларын сипаттаңыз

3 Сұрақ

40

Этникалық қақтығыстардағы негізгі сұрақтарға тоқталып, оларды шешу жағдайларын көрсетіңіз.

3 Сұрақ

41

Нәсілдер классификациясының"бейнелеу" және "өлшеу" әдістерінің қолданылу аспектілеріне қатысты сипаттамалық талдау жасаңыз

3 Сұрақ

42

Инфантилизм және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы антропология ғылымында қалыптасқан көзқарастардың ерекшелігін көрсетіңіз

3 Сұрақ

43

Азаматтық ұлт ұғымына анықтама беріп, оның қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

3 Сұрақ

44

Мультикультурализм, оның мәні. Қазақстанда мультикультурализмге қатысты қалыптасқан «жақтау» және «қарсы шығу» көзқарастарына қатысты тұжырымдама жасаңыз

3 Сұрақ

45

Қаланы  антропологиялық тұрғыдан  түсінуде  әл-Фарабидің  урбанистік көзқарасының маңызы туралы өз  ойыңызды  жазыңыз

3 Сұрақ

46

Қалалық антропологияның Чикаголық мектебінің зерттеу бағыттарының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз

3 Сұрақ

47

Адамның даму тегіне байланысты  түрлі тұжырымдарға талдау жасап,  өз ойыңызды пункттер бойынша  көрсетіңіз.

3 Сұрақ

48

О.Шпенглердің «Еуропаның ақыры» еңбегіне қатысты өз көзқарасыңызды қысқаша түрде баяндап, эссе жазыңыз

3 Сұрақ

49

Қалалық өмірдің сапасы мен стандарттарын сипаттап көрсетіңіз.

3 Сұрақ

50

Қазақтардың нәсілдік сипаттамаларына тарихи  шолулар негізінде антропологиялық талдау жасаңыз.

3 Сұрақ

51

Антропологиядағы гендерлік сұрақтар. Гендерлік антропологияның негізгі мәселелеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасаңыз.

3 Сұрақ

52

Қазіргі кезеңнің этносоциологиялық мәселелерінің ерекшеліктерін талдау негізінде өзекті мәселелерді атап көрсетіңіз

3 Сұрақ

53

Томас Гоббс пен Джон Локктың көзқарастарының басты айырмашылықтары неде екендігін  көрсетіңіз

3 Сұрақ

54

Көшпенділер мәдениетінде орын алған номадизм феноменінің басты ерекшелігін бейнелеп,өз ойыңызды тұжырымдаңыз

3 Сұрақ

55

Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның даму эволюциясына   өркениеттің даму кезеңдері тұрғысынан  салыстырмалы талдау жасаңыз

3 Сұрақ

56

Этнос пен ұлт ұғымдарына сипаттамалы түрде талдау жасап, этногенез процесінің эндогендік және экзогендік факторларын бейнелейтін құбылыстарды атап көрсетіңіз.

3 Сұрақ

57

Нәсілдік антропологиялық мектептің  басты  тұжырымдарын баяндап, нәсілдік теңсіздікке негізделген эксперименттерден мысал келтіріңіз

3 Сұрақ

58

Д.Рисменнің бірөлшемді адам концепциясы бойынша тұлғаның негізгі типтерін сипаттап, Қазақстанда аталған түрлердің басым орын алып отырған типін көрсетіңіз

3 Сұрақ

59

Көпшілік мәдениеті мен тұтыну қоғамының қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

3 Сұрақ

60

Э.Фроммның «Бостандықтан қашу» еңбегі негізінде тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларға талдау жасаңыз

30.Қазақ халқының қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

 Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.

Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.

Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:

  • 1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;

  • 2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

  • 3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

  • 4. халықтың тілінің қалыптасуы;

  • 5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

  • 6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.

31.Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз.

Дiни антропология - дiни дәстүрлердегі адам және оның жаратушыға, қасиеттiлiкке қатынасы туралы түсiнiктер, сонымен қатар адамның шығуы мен бағыт-бағдары, адам өмiрiнiң мәні, күнәсі мен құтқарылуы (хамартиология мен сотериология), өлімі және өлімнен кейінгі тіршілігі(танатология и эсхатология) туралы зерттейтін ғылыми пән. Дiни антропология – философиялық - дінтанулық білімнің бір саласы ретінде адам туралы имплициттік (қасиетті және діни текстер бойынша) көзқарастарды оқумен қатар оның экспликациялық, әр түрлі діни дәстүрлердің адам туралы ілімдерінің теологиялық және діни – философиялық кешенін зерттейді.

Дiни антропология философиялық - дінтанулық білімнің бір элементі ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде және шет елдерде жеке ғылыми пән болып қалыптасты. Дiни антропология методтары ретінде топтамалауды, саластыру методын, жалпығылыми, философиялық, дінтанулық методтарды атап өтуге болады.

Дiни антропологияның негізгі мәселелеріне келесі мәселелерді жатқызуға болады: әлемнің діндерінің қасиетті және діни текстеріндегі антропологиялық имплициттік көзқарастарды; антропологиялық терминологияны; ұлттық діндердегі антропологиялық көзқарастарды; діни дәстүрлердің адам туралы теологиялық және діни-философиялық ілімдерді; дескриптивтік, нормативтік және практикалық діни антропология.