Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.73 Кб
Скачать

44. Ана келісім шарты, азаматтық актілер алу құжаттарының заңдық түрі

Акты гражданского состояния — это юридические факты, обозначающие действия граждан или события, влияющие на возникновение, изменение или прекращение прав и обязанностей, а также характеризующие правовое состояние граждан.

  • рождение человека,

  • заключение брака,

  • расторжение брака,

  • усыновление (удочерение),

  • установление отцовства,

  • перемена имени,

  • смерть человека.

Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]

Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын окиғалар қатарына мысалар жатады:

  • ерінің қайтыс болуы;

  • соттың ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

  • некенің бұзылуы (ажырасу).

Некені тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады.

Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалган адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгендігі туралы АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.

Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірі) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбарға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31- бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім кауігі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Ресейде бұлай деп жариялау үшін азаматтың тұрақты тұратын жерінде бес жыл бойы хабар-ошарсыз кеткені ғана ескеріледі.

Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сөттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот өлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы етініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бурынғы неке қалпына келтіріле алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Бала асырап алу және қамқоршылық – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынастың екі түрі. Баланы асырап алу немесе қамқоршылық туралы маңызды шешімді қабылдай отырып, тек моральдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар моральдық және материалдық, сонымен қатар заңдық тұрғыдан дайын болу қажет. Қазақстандағы қамқоршылық немесе асырап алуға рұқсат алудың кезеңдері және негізгі талаптарын біз аталмыш мақалада қарастырамыз.

Алдымен ата-ана мен асыранды баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес заңдық қарым-қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Әрқайсысына толығырақ тоқталайық.

Бала асырап алу – сот шешімінің негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес міндеттер туындайды.

Патронат – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган және баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге беріледі.

Қамқоршылық – 14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Қорғаншылық – 14 және 18 жастағы баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты егер сіз баланы отбасына қабылдап, ол үшін өз туған балаңызға қарағандай толық жауапкершілікті алғыңыз келсе, болашақта оған мүлік құқығын  беруге дайын болсаңыз, бала асырап алуға тоқталғаныңыз жөн.

Егер сіз туыстық және мүліктік құқықтарды берместен тәрбиелеген жөн деп санасаңыз, бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Бұл жағдайдағы баламен қарым-қатынас қамқорлық және қорғаншылық органымен шартпен реттеледі, ал патронат ақысыз негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.

Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көбіне мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатын тұлғаның қамын ойламау керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты ерекшелігі әрекет қабілеттілігі және жасын шектеудің аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл көмек өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өз құқықтарын қорғай алмайтын және мүлікті басқара алмайтындарға көмек.

Кім асырап алына алады?

Кодекстің 84-бабына сәйкес асырап алуға ата-анасының бірі немесе екеуі де:

  • қайтыс болған;

  • баладан бас тартқан;

  • ата-ана құқығынан айырылған және қайта берілмеген;

  • баланы асырап алуға келісім берген;

  • сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз, із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болған деп жарияланған;

  • беймәлім балалар жатады.

Тууы тиісті дәрежеде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады. Сондай-ақ бала асырап алуды баланың толыққанды физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескерумен олардың мүддесінде ғана жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, толығу  дәрежесі және асырап алуға келісімі ескеріледі.

Егер баладан ата-анасы бас тартса, туысқандары өзінің азаматтығы және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.

Әр түрлі отбасыларға ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілерді асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда асырап алу егер балалар өзінің туысқандығы туралы білмесе, бірге тұрып, тәрбиеленбесе ғана мүмкін.

Баланы асырап алуға қажетті құжаттар

Себебі дәл осылар қамқоршылық және қорғаншылық органдары болып табылатындықтан, Баланы асырап алуға рұқсатты алу үшін Білім басқармасына немесе бөліміне жүгіну қажет және қажетті құжаттарды ұсыну керек.

Балаларды асырап алуға тілек білдіргендерге баланы есепке қою үшін қажетті құжаттар (баланы асырап алуға үміткерлерді есепке қою):

  • 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы немесе жетім баланы  асырап алуға тілек туралы жазбаша өтініш;

  • 2) тұрғын үй-тұрмыстық шарттарға тексеру жүргізу туралы өтініш;

  • 3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері;

  • 4) баланы асырап алуға жақын туысқандардың жазбаша келісімі;

  • 5) көршілердің 3-тен кем емес ұсыныс хаттары;

  • 6) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар;

  • 7) отбасы жағдайы туралы анықтамалар;

  • 8) азаматтардың және жақын туысқандарының денсаулық жағдайы туралы анықтамалар;

  • 9) соттылықтың болмауы туралы анықтамалар;

  • 10) тұрғын үй меншігі құқығын немесе тұрғын үй немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Баланы ҚР азаматтары болып табылатын туысқандары асырап алғанда қажетті құжаттар:

Баланы ҚР азаматтары болып табылмайтын туысқандары асырап алғанда қажетті құжаттар:

Баланың заңды өкілдерінің келісімі туралы да ұмытуға болмайды. Баланы асырап алу үшін егер олар ата-ана құқығынан айрылмаса, оның ата-анасының келісімі қажет. 16 жасқа толмаған кәмелетке толмаған ата-аналар баланы асырап алғанда, сондай-ақ заңды өкілдердің келісімі қажет (жазбаша түрде рәсімделеді, міндеттінотариалдық растауға) жатады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған жағдайда немесе баланы кәмелетке толмаған ата-ана туғанда медициналық ұйымда қалдырса және оның тағдырына 3 айдан артық уақытта ешкім алаңдамаса, қамқорлық немесе қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратынорганның келісімі қажет.

  • Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді:

Егер анасы ауруханада баладан бас тарту туралы жазса, ата-анасының келісімін растайтын өзге құжаттарды талап ете алмайды.