Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.73 Кб
Скачать

40. Психологиялық кеңес беру түріне тоқталыңыз.

Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі

Әлеуметтік қызмет көрсету түрлері:

  • әлеуметтік-психологиялық;

  • әлеуметтік-педагогикалық;

  • әлеуметтік-тұрмыстық;

  • әлеуметтік – медициналық;

  • әлеуметтік-экономикалық.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер  - бұл:

  1. Психологтің алғашқы кеңесі;

  2. Психодиагностика  жасау;

  3. Жаңа жағдайдағы әлеуметтік бейімделу;

  4. Әңгімелесу, тыңдау, белсенділікке ынталандыру;

  5. Жеке мәселелері бойынша жеке сабақтар өткізу;

  6. Мейірбандық пен жылы қарым-қатынас;

  7. Эмоциялық және психологиялық өмірін қалпына келтіруде  көмек көрсету.

 

Егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар дағдылы өмір жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі стреске душар болуы мүмкін. Осы жаңа жағдайларға бейімделу үшін келгеннен бастап оларға тиісті психологиялық қолдау көрсетіледі.

 

Психологиялық көмек жеке және топтағы сабақ өткізу түрінде жүзеге асырылады.  Жеке сабақтарға әңгімелесу, кеңестер жатады, сабақ барысында олар өмірінің қиын жағдайларын бастан кешіп шешім қабылдауға үйренеді. Топтағы сабақтардың мақсаты  – бұл ұжымда қарым-қатынас жасай білу, сенім білдіру ахуалын құру, әлеуметтік белсенділігін арттыру.

 

Психологиялық ақыл-кеңестер, жандарын жегідей жейтін мәселелерін шешу жолдарын табу ұжымдағы  жағымды моральдық-психологиялық ахуалды жасауға көмектесіп, түрлі шиеленіс жағдайларын болдырмауға септігін тигізеді.  Психодиагностика және тұлғаның тексеруі нақты психологиялық болжау, жоспар жасауға және орталыққа жаңадан келгендердің сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді.

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау

Психологиялық кеңес түрлері

Топтық және жеке кеңес және оның әлеуметтік қызметтегі сипаты. Қайталанатын және қайталанбайтын кеңестер. Жеке қарым-қатынас бойынша кеңес, әлеуметтік-психологиялық қызмет бағытындағы кеңес, алдын ала зерттелетін және зерттелмей берілетін кеңес, түзету әдістерін енгізетін және енгізбей берілетін кеңес, оқшауланған және аралас кеңес.

41. Отбасындағы отбасы мүшелерінің психологиялық ауытқушылықтары бар, отбасының күрделі шешілмеген мәселелері бар, отбасы рөлдерінің ауысуы жәнеотбасылық иерархиясы жоқ отбасы түріне сипаттама беріңіз.

Бала санына

байланысты

Отбасы

құрамына

байланысты

Отбасы

құрылымына

байланысты

Отбасындағы

қатынасқа

байланысты

Баласыз

Бір ұрпақты тек қана ерлі зайыптылар

Толық (әкесі, баласы)

Сәтті

Бір балалы

Екі ұрпақтылар (ата- аналар және балалар)

Толық емес (әке- шешесі, баласы)

Сәтсіз (толық ажырасу, ажырасқан)

Аз балалы (екі- үш балалы)

Ұрпақ аралық әжесі, әке- шешесі, баласы

Некесіз

Көп балалы (үштен көп)

2. Отбасы мүшелерінің бірінің зардап шеккендегі отбасына тән жалпы белгілер қатары.

1. Жалпы отбасына тән жеке мүшелеріне жоғары нервтік-психикалық және дене күшінің түсуі. Жоғары нервтікпсихикалық күш, зорлану,үрейлену отбасылардағы маңызды белгілер ретінде көрсетеді. Нервтік-психикалық күшке, қорқынышқа, ертеңгі күнге сенбеушілікке, үрейленуге наразылықты сол аурулардың отбасы мүшелерімен әңгімелескенде едәуір жиі кездестіреміз. “Үнемі нервтік күш жағдайында жүреміз, тағы не болар екен, ол тағы не шығарар екен” – деген сөйлем үзінділерін шизофрения, психопат, алкоголизммен ауыратын отбасыларының мүшелері жиі айтады. Жанжалдар, әсіресе түнгі уақытта күтпеген жерден үйден кету, азаптаушықорқыныштар сияқты жиі кездесетін жағдайлар бұндай отбасының әлеуметтік-психологиялық атмосферасын анықтайды.

2. Жеке адамның теріс мотивациялық ықпалы және науқастың отбасылық басқа мүшелеріне әсері.

Нервтік-психикалық ауруға шалдыққан индивид әрекеті, оның жекелік ерекшеліктері көбіне отбасының басқа мүшелерінің әлеуметтік уайымдарына, жалпы адам, әйел, бала қандай болуы керек деген көзқарастармен қарама-қайшы болады. Нервтік-психикалық бұзылысы бар отбасы мүшесінің мінез-құлқындағы эмоционалды әрекеті мен көптеген жекелік ерекшеліктері ызалылық, наразылық, күйініш болып табылады. Отбасы мүшелері науқас адамды отбасы, балаларды жақсы тұратын адамдарғы көре алмайтындығын, өмірде толы болмағандығын жиі айтады.

3. Отбасылық өзара қарым-қатынастың бұзылуы. Отбасы – оның әрбір мүшесі белгілі бір орын, алатын, нақты бір қызметті атқаруға қатысатын, басқа мүшелердің қажеттіліктерін өз әрекетімен қанағаттандыратын, өзара қарым-қатынасты қолдайтын өзара қарым-қатынастың күрделі жүйесі. Отбасы мүшелерінің бірінің нервтік-психикалық бұзылысы болған жағдайда отбасылық қызметтердің орындалмауына әкеледі, сондай-ақ “Қызметтік маңызсыздық құралып, өзара қарым-қатынас бұзылуы жүзеге асады. Мысалы: әке отбасында ең маңызды қызметтерді атқарады. Оның іс-әрекеті “үйретуші” (үлгі) болып табылатындығына қарай, қызметтердің көпшілігін орындап отыру алғы шарты оның беделділігін, жекелік қасиеттер қызметін атқарады. Мысалы өзара қарым-қатынас барысында пайда болатын әртүрлі мәселелерді қалай шешу керек екендігін үйренеді, сондай-ақ әкенің пікірі олар үшін сендірерліктей маңызды роль атқарады. Мұндай қатынаста әке алкоголизммен ауырса немесе мінезіне психопатиялық белгілер болса ғана тікелей қарама-қайшылықты жағдай болады. Қажырсыз, ындық, агрессивті, жалтақ, дербессіз әке тәрбие процесінде ... орнатады. Оның балаларына маңызды, қажет қасиеттерді өздері дербес меңгеруіне тура келеді.

4. Отбасының және оның жеке мүшелерінің әлеуметтік статусының төмендеуі. Отбасы – мінез-құлықтағы ауытқушылықтармен күресу жұмыстарымен айналысатын құру және үйымдастырудың негізгі объектісі болады. Отбасы мүшелерінің бірінің нервтік-психикалық бұзылыстары отбасында ғана емес, сондай-ақ жақын әлеуметтік ортада мәселелердің тууына себеп болады. Отбасы көбіне милиция мен медициналық мүшелердің бақылауында болғандықтан көршілер, мектеп, қызместтер мінез-құлқының ауытқушылығы барлығына куә болады. Отбасында психиатрдың бақылауындағы бір адамның барлығы жайлы қоғамдық жағымсыз көзқарастар қалыптасқан-соң отбасылық әлеуметтік статусының күрт төмендеуіне әкеледі. Отбасы мүшелері отбасында отбасында психикалық ауытқушылығы бар адамның тұратындығынан қысылады, ал кейбіреулер бұны жасырады.

5. Отбасы мүшелерінің бірінде нервтік-психикалық ауытқушылығы бар болатын болса, онда мұндай отбапсындағы мүшелерінің арасында пайда болатын ерекше психикалық кикілжің тән. Оның мәні әртүрлі болады. Бір жағынан, олар қоғамдық пікірлер әсерімен нервтік-психикалық ауытқушылығы бар индивидтің әрекеті үшін өздерін кінәлідей сезінеді. Қоғамдық пікір отбасынан науқастың әрекетін қалпына келтіруқажетіне қарай ықпал етуін талап етеді. Көптеген әрекеттер отбасына қаражат жағынан қолайлы әсер етуі мүмкін. Мысалы алкоголизация жағдайында кикілжіңдер, жанжалдар, кейде ұрып-соғу, спирттік ішімдіктерден қалған бөтелкелерді жерге тастай салу т.б. Спирттік ішімдіктерді үйде сақтамайды, әйелі ерінің шығңындарына бақылау жасауды күшейтеді, оған азғантай ақша қалдырады, кейде жалақыны ерімен бірге барып алады, көпшіліктен өтініш сұрайды.

Ал, екінші жағынан, отбасы тырысып, күш салудың нәтижесіз екенідігін байқайды, яғни маскүнемнің, психопаттың, қызғаншақтың ырыққа көнбейтін болуы мүмкін. Сондықтан айтылған көпшілік пікірлері айыптауын қоймайды. Олар жеткілікті мөлшерде күш жұмсамайды, қажетті “күшті” шараларды қолданбайды деп ойлайды. Бұндай қарама-қайшылықтағы тенденциялар отбасы мүшелерінің арасындағы негізгі кикілжіңге айнала береді.

6. “Жанамалушы сырқат” феномені, яғни отбасылық өмірді бұзатын науқастан көбіне білінбейтін, көрінбейтін отбасы мүшелерінің басқасының (немесе басқаларының) нервтік-психикалық бұзылушылығы жайлы сөз қозғалып отыр. Мысалы, еркек маскүнем болған жағдайда отбасындағы жағымсыз жағдайлардың тікелей немесе жанама әсер етуі арқылы әйелі мен балаларының науқастануын байқаймыз.

Отбасы жүйесі - ашық, табиғи түрде қалыптасады және бұл жүйеде өзіндік ішкі әрекеттесулер жүзеге асырылатын әлеуметтік топ болып саналады. Өзара әрекеттесу үнемі және тұрақты болғандықтан, өзара әрекеттесу стереотиптері туындайды. Бұл стереотиптер отбасы құрылымын анықтап, отбасы мүшелерінің ролін, қызметін белгілейді. Отбасы мүшесі өзін жеке бірлік ретінде санайды. Ол өзінің міндетін, орынын және күтілімдерді анық біледі.Мысалдар.

Отбасын жүйе деп алатын болсақ, ол келесі механизмдер арқылы өзінің қызметін атқара алады:

  • Отбасы ролдерінің құрылымы;

  • Отбасының ішкі жүйесі (подсистемы);

  • Олардың арасындағы ішкі және сыртқы шекаралар.

Отбасы мүшелерінің отбасылық ролдерінің өзіндік қанағаттануы немесе атқаылынатын ролге басқа отбасы мүшелерінің қанағаттануыотбасы өмірінің барысын анықтайды. Отбасылық ролдерді орындауда нормалар мен санкциялар көмекке келеді. Норма - не орындалу керек мәселесіне жауап берсе, санкция – ролдің орындалу немесе орындалмауына реакция білдіру. Көп жағдайда ішкі санкция отбасы өмірінде өте маңызды орын алады. (Мысалдар).

Отбасылық ролдер жүйесі келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  1. Қойылатын талап немесе күтілім тұрақты болуы қажет. Қарама-қайшылықтар отбасындағы проблемаларға әкеледі;

  2. Отбасы мүшесінің атқаратын ролі, оның жеке қажеттіліктерімен: сыйлау, бағалау, симпатия және т.б., сәйкес келуі маңызды;

  3. Орындалатын роль оның мүмкіндіктеріне сәйкес келуі маңызды;

  4. Ролдік бөлініс өзара тең болуы тиіс.

Ролдік бөліністің үш типі белгілі:

  1. Орталықтандырылған (авторитарлы);

  2. Автономды;

  3. Демократияландырылған.

Егер отбасын күрделі жүйе деп қарастыратын болсақ, отбасы мүшелерінің өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне қарай отбасының ішкі жүйесі болатыны белгілі. Бұлар отбасы ішіндегі ерлі-зайыптылар жүйесі, ата-аналар жүйесі, сиблинг жүйесі (ұрпақтар) немесе жыныстық бөлінуге байланысты ата, әке, бала жүйесі және т.б. Отбасылық ішкі жүйені «холондар» деп белгілеуге болады (грек тілінен аударғанда «холос» - тұтас, ал «он» жұрнағымен – бөлшек деген мағынаны білдіреді).

Ішкі жүйе арасындағы шекаралар – отбасы өмірінің белгілі бір аспектісінде кімнің қандай қызмет атқаратын белгілейтін ережелер анықтайды. Сыртқы шекара отбасының жекелігін анықтайды, отбасы және қоршаған ортаны бөледі. Ал ішкі шекара отбасының ішкі кеңістігінде белгіленіп, оның дамуына түрткі болады. Ішкі шекаралар айқын немесе әлсіз болуы мүмкін. Ішкі шекаралар келесі қызметтерді атқарады:

  • Отбасы иерархиясын анықтайды;

  • Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін әрекет-қылық ережелерін, құндылықтар мен нормаларды анықтайды;

  • Сырттан келетін және отбасы мүшелерінің іштей ақпарат алу каналдарын анықтайды.

Психологтар үшін отбасының ішкі шекараларын анықтау немесе оларға психологиялық анализ жасау отбасы туралы келесі мәліметтерді алуда маңызды:

  • Отбасы шекараларының қаншалықты икемділігі;

  • Отбасына келіп түсетін немесе отбасынан шығатын ақпараттардың «сүзілу» ерекшелігі;

  • Отбасындағы жаңа ақпарат көзі және оны өңдеуші, жеткізуші кім екендігі;

  • Отбасы өзінің тұтастығын сақтай алу қабілеттілігі.

Қалыпты дамушы отбасыларында ішкі шекара неғұрлым анық және түсінікті, ал дисфункционалды отбасларында ішкі шекара тым қатал сипатта нмесе анық емес болып келеді.

Отбасы ережесі дегеніміз –үнемі қайталанатын әрекеттердің белгілі бір моделге енуі. Отбасы ережелері ашық және жасырын болуы мүмкін.

Отбасы ережелері отбасының қалыптасу процесінде туындап, олардың өмір сүруінің, сыртқы ортамен араласуының және ішкі өзара әрекеттесудің мазмұнын белгілейді. Мысалы, үй шаруашылығын жүргізу ережесі, бюджетті бөлу ережесі, түрлі шиеленістерді шешу ережесі және т.б. Отбасы ережелерінің сақталуы тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі белгілі. Бірақ бұл ережелердің неғұрлым адекватты болуы қалыпты отбасы үшін негізгі шарт.

Өзара әрекеттесу стандарттары отбасы мүшелерінің үнемі қайталанып отыратын әрекет-қылықтарының формасы. Мысалы, отбасы мүшелерінің бір-бірімен әзілдесуі, сыйласуы немесе наразылықтарын көрсетуін айтамыз.

Өара әрекеттесу стандарттарының барлығын отбасылық коммуникация деп қарастыруға болады. Жақын адамдар арасындағы ақпарат алмасу процесін қамтамасыз ететін коммуникация келесі этаптар арқылы жүзеге асырылады:1 ) хабарды таңдау; 2) оны кодировкалау; 3) жеткізу; 4) декодировка; 5) жауап қайтару. Мысалы, есікті тарс еткізіп жабу, ыдыс-аяқтарды салдырлату адамның ішкі дүниесінің қанағаттанбауын білдіреді.