- •33. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.
- •34. Отбасы циклының мына кезеңіне тоқталыңыз.
- •37. Отбасының барлық функцияларын жазыңыз, соның ішінде үй-тұрмыстық функциясына тоқталыңыз.
- •38. Отбасының мына түріне тоқталыңыз. У. Гуд заманауи отбасыны «коньюгальді» деп атаған.
- •40. Психологиялық кеңес беру түріне тоқталыңыз.
- •42. Мектеп жасындағы балалар үшін шешімді ата-анасы шығаратын кезең. (өмірлік цикл)
- •43. Әлеуметтік жұмыстағы отбасындағы қиындық себептері сыртқы ортада әлеуметтік моделіне сипаттама беріңіз.
- •44. Ана келісім шарты, азаматтық актілер алу құжаттарының заңдық түрі
- •Некені тоқтату және оның негізі[өңдеу]
- •45. Әлеуметтік қызметтің түрі: патронаж, консультирование, диагностика
- •46. Әлеуметтік қызметтің бір түрі – кеңес беру.
- •47. Отбасы жүйесі туралы г.Навайтиса концепциясы. Отбасы жүйесінің жүйешіктері,
- •48. Отбасымен жұмыстағы «карта» түсінігі. Отбасы туралы базалық ақпарат алу.
- •49. Қазіргі Қазақстандағы отбасыны қорғау. 1998 жылы қр «Отбасы және неке» туралы заңы.
- •50. Сипаттама беріңіз.
38. Отбасының мына түріне тоқталыңыз. У. Гуд заманауи отбасыны «коньюгальді» деп атаған.
«Қазіргі заманғы әлеуметтанушылар стереотиптермен емес, отбасының өзгеруі мен олардың өз функцияларын дұрыс атқаруына көңіл бөлуі керек» деп естеген. ХХ ғасырдың ортасында әлеуметтану ғылымдарында көбінесе АҚШ әлеуметтанушыларына тән (Т.Парсонс, У.Дж. Гуд және басқалар) әлеуметтік –фукционалды талдау кең етек алды. Т.Парсонс «Отбасы,әлеуметтену және интерактивты үдеріс» (1955) атты еңбегінде отбасылық әлеуметтенуді талдауға көп көніл бөлді.Бұнда отбасының құрылымы бастапқы маңызды нысан болып табылады. Құрылым ретіндерөльдерді бөлу арқылы жетуге болатын қарым-қатынастың тұрақтылығы алынды. Рөльдердің өздерін жүйенің әрекет етуінің өміршеңдігін қолдауға бағытталған фукционалды рөльдер деп қарастырды.
У.Гуд әртүрлі қоғамдағы отбасын кең көлемдегі антропологиялық және этнографиялық мәліметтер негізінде зерттеу барысында өз концепциясын қалыптастырды.Ол да,Парсонс та ұсынған үлгі(«некеге негізделген отбасы») абстракция болып табылады.Бірақ оның абстракциясы әлеуметтік топ емес,ол адамдарға тән және оларды нақты түрде әрекет етуге мәжбүрлейтін ойлар жиынтығы. Гудтың ойынша, отбасының батыс қоғамына тән түрі төмендегі идеяларды қалыптастырады: жұбайлардың және олардың балаларының өмірінен қандас туыстарының көпшілігінің шектетілуі; жұптық отбасының автономиялығы және экономикалық тәуелсіздігі;жұбайын еркін таңдау және неке құрған кездегі өзара келісім;салыстырмалы түрде алғанда некеге тұру жасының үлкен болуы; өзара махаббат сезімі мен құқықтық теңдік негіз болған жұбайлардың эмоционалдық тепе-теңдігін қолдау. Отбасының бұл үлгісі индустриалды қоғаммен тығыз байланысты. Басқа қоғамдардың да индустриалдануы олардағы отбасылық өмірдің осы идеалды үлгіге жақындай түсуіне әкеледі. Парсонстың тарихтан тыс үлгісіне қарағанда Гудтың концепциясы қоғамдық өзгерістерді ескерген,бірақ отбасының идеалдық жақтарына көңіл бөлу Гудты отбасы және неке институтының топтық динамикасын талдаудан алшақтатты. Отбасылық өмірді жан-жақты талдау үшін екі әдісті де біріктіретін бағыт қажет болды. Бұл міндет кейінгі онжылдықтатдағы еңбектерде біршама жүзеге асырылды. 60-70 жылдарда отбасын зерттеу жоғарыда келтірілген (көбінесе Парсонстың үлгісінің) үлгілердің бір немесе бірнеше элементтерін жоққа шығаруымен немесе отбасылық өмірдің құндылықтарын жалпы жоққа шығарумен байланысты болды. Мысалы, Парсонстың отбасы ішінде рөлдердің бөлінуі туралы тезисі көп күмән тудырды. Бұл жағынан алғанда Э.Ботттың зерттеулері маңыздырақ саналады. Ботт жұбайлар арасында рөлдер бөлінген немесе ортақ, ұқсас болуы мүмкін, олардың рөлдерінің бөлінуі көптеген факторларға байланысты деді. Рөлдердің неғұрлым тереңірек бөлінуі некеге тұрғаннан кейін, күйеуі мен әйелі де бұрын өмір сүрген жерде,отбасының да одан ары қарай тұруына байланысты. Бұл жағдайда күйеуі мен әйелі де бұрынғы әлеуметтік байланыстары мен қарым-қатынастарды сақтап қалады. Күйеуі мен әйелінің кейбір ортақ міндеттері, қызығушылықтары мен шешімдері болса және көп уақытты бірге өткізсе,онда ортақ рөлдер пайда болады. Парсонстың үлгісін отбасылық өмірдің төрт – дәстүрлі (классикалық – үлкен отбасы), әлсіз, шектелген нуклеарлы, өзгерген үлкен отбасы немесе салыстырмалы тәуелсіз нуклеарлы отбасылар коалициясы үлгілерін ұсынған Е.Литвак қатаң сынға алды. Отбасылық өмірдің үлгілерінің бұл топтамасын пайдалана отырып, Литвак Парсонстың үлкен отбасының қазіргі кездегі демократиялық индустриалды қоғамға сәйкес емес деген тұжырымын жоққа шығарды және өзгерген үлкен отбасы біршама кең тараған және қоғамда маңызды рөль атқарады деп көрсетті.
39. Мына концепцияға талдау жасаңыз. К.Роджерс концепциясының басты идеясы, адам – сындарлы шынайы, оның өз таңдауы бар, ол ылғи дамудың позитивті жолын таңдайды. «Мен» концепциясы өз-өзін бағалаудың негізгі кілті.
Карл Роджерс(1902-1987). Гуманистік психологияның, жеке тұлға псхологиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Карл роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген. Көптеген ғылыми қоғамдардың белсенді мүшесі болған. К.Роджерс өзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоциациясы тарапынан 1956,1972 ж.ж. екі мәрте марапатталған. Теория және онығ кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К.Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланды.
Еңбектері
"Психотерапия және тұлғаның өзгеруі" (1954);
"Тұлғаның қалыптасу: психотерапевт көзқарасы" (1969);
"Болмыс тәсілі" (1980 )
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. [1]
"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. «МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН» концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен – концепциясы өзінің шығу тегі жағынан – негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.
Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар .
Ол дифференциалдылық (өзі туралы жеке ойлардың нақтылануы), жоғарғылық (ол жоғары, обьективті жетістіктерге сәйкес келуі керек), сияқты өлшеулерді қамти отырып, жасы жағынан өзгереді. Өзіндік баға бала кезде өзіндік қатынасқа айналып, сыртқы орта бағасымен интериоризацияланады. Бұл интеллектуалды даму кейбір тұлғаның деңгейінен ғана басталуы мүмкін. Өзіндік жалпылауы жоқ олигофренді – балаларда тұрақты өзіндік баға болмайды және қалыптаспайды.
Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды.
Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің «Менінің» әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді («Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін» деп жазған Козьма Нуфутков). Іс — әрекет табысты болу үшін адам өзін шынайы жетісіктерден жоғары етіп бағалауы керек, осылайша ол өзін мотивтендіреді. Төмендетілген өзіндік бағалау (объективті жетістіктерден төмен), дифференциялықты көрсетеді. Тұлғалық невротизацияға тез ұшырайтынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер өзіндік баға мектептік үлгерімділікпен тікелей байланысты, бұл уақытта, интеллектуалды ерекшеліктер – тек өте қабілетті емес, бірақ өзіне сенімді оқушы дарынды, бірақ өзіне күдіктенуші балаға қарағанда жақсы оқиды деген сөз.
Негативті «Мен» концепциясы адамдардың қарым – қатынасы мен іс — әрекетін шектеу, психологиялық қорғанысты шектен тыс пайда болдырады. Өзін қабылдау – тұлғаның өзін — өзі өзектендірудің негізі болып табылады. Әлеуметтік мазмұны көп мамандықты таңдаған адамдарға өзін тануға мүмкіндік беретін ғылымдарды көп тереңдетіп оқу керек, ал негативті Мені – бұл мамандыққа қарама – қарсы болып табылады.
Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін — өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады:
а) Іс — әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы.
б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса.
в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы.
Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек
