Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.73 Кб
Скачать

50. Сипаттама беріңіз.

Бала қанша жасқа келгенде, баладан оны асырап алуына рұқсат сұрайды.

-16; 18; 13;7; 10.

Алдымен ата-ана мен асыранды баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес заңдық қарым-қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Әрқайсысына толығырақ тоқталайық.

Бала асырап алу – сот шешімінің негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес міндеттер туындайды.

Патронат – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган және баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге беріледі.

Қамқоршылық – 14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Қорғаншылық – 14 және 18 жастағы баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты егер сіз баланы отбасына қабылдап, ол үшін өз туған балаңызға қарағандай толық жауапкершілікті алғыңыз келсе, болашақта оған мүлік құқығын  беруге дайын болсаңыз, бала асырап алуға тоқталғаныңыз жөн.

Егер сіз туыстық және мүліктік құқықтарды берместен тәрбиелеген жөн деп санасаңыз, бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Бұл жағдайдағы баламен қарым-қатынас қамқорлық және қорғаншылық органымен шартпен реттеледі, ал патронат ақысыз негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.

Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көбіне мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатын тұлғаның қамын ойламау керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты ерекшелігі әрекет қабілеттілігі және жасын шектеудің аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл көмек өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өз құқықтарын қорғай алмайтын және мүлікті басқара алмайтындарға көмек.

Кім асырап алына алады?

Кодекстің 84-бабына сәйкес асырап алуға ата-анасының бірі немесе екеуі де:

  • қайтыс болған;

  • баладан бас тартқан;

  • ата-ана құқығынан айырылған және қайта берілмеген;

  • баланы асырап алуға келісім берген;

  • сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз, із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болған деп жарияланған;

  • беймәлім балалар жатады.

Тууы тиісті дәрежеде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады. Сондай-ақ бала асырап алуды баланың толыққанды физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескерумен олардың мүддесінде ғана жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, толығу  дәрежесі және асырап алуға келісімі ескеріледі.

Егер баладан ата-анасы бас тартса, туысқандары өзінің азаматтығы және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.

Әр түрлі отбасыларға ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілерді асырап алуға болмайды. Бұл жағдайда асырап алу егер балалар өзінің туысқандығы туралы білмесе, бірге тұрып, тәрбиеленбесе ғана мүмкін.

Баланы асырап алуға қажетті құжаттар

Себебі дәл осылар қамқоршылық және қорғаншылық органдары болып табылатындықтан, Баланы асырап алуға рұқсатты алу үшін Білім басқармасына немесе бөліміне жүгіну қажет және қажетті құжаттарды ұсыну керек.

Балаларды асырап алуға тілек білдіргендерге баланы есепке қою үшін қажетті құжаттар (баланы асырап алуға үміткерлерді есепке қою):

  • 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы немесе жетім баланы  асырап алуға тілек туралы жазбаша өтініш;

  • 2) тұрғын үй-тұрмыстық шарттарға тексеру жүргізу туралы өтініш;

  • 3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері;

  • 4) баланы асырап алуға жақын туысқандардың жазбаша келісімі;

  • 5) көршілердің 3-тен кем емес ұсыныс хаттары;

  • 6) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтамалар;

  • 7) отбасы жағдайы туралы анықтамалар;

  • 8) азаматтардың және жақын туысқандарының денсаулық жағдайы туралы анықтамалар;

  • 9) соттылықтың болмауы туралы анықтамалар;

  • 10) тұрғын үй меншігі құқығын немесе тұрғын үй немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Баланы ҚР азаматтары болып табылатын туысқандары асырап алғанда қажетті құжаттар:

Баланы ҚР азаматтары болып табылмайтын туысқандары асырап алғанда қажетті құжаттар:

Баланың заңды өкілдерінің келісімі туралы да ұмытуға болмайды. Баланы асырап алу үшін егер олар ата-ана құқығынан айрылмаса, оның ата-анасының келісімі қажет. 16 жасқа толмаған кәмелетке толмаған ата-аналар баланы асырап алғанда, сондай-ақ заңды өкілдердің келісімі қажет (жазбаша түрде рәсімделеді, міндеттінотариалдық растауға) жатады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған жағдайда немесе баланы кәмелетке толмаған ата-ана туғанда медициналық ұйымда қалдырса және оның тағдырына 3 айдан артық уақытта ешкім алаңдамаса, қамқорлық немесе қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратынорганның келісімі қажет.

  • Мынадай жағдайларда баланы асырап алуға ата-анасының келісімі талап етілмейді:

Егер анасы ауруханада баладан бас тарту туралы жазса, ата-анасының келісімін растайтын өзге құжаттарды талап ете алмайды.

Қазақстанда бала асырап ала алмайтындар:

  • 1) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектеулі деп танылған адамдар;

  • 2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылардың бірі;

  • 3) сотпен ата-ана құқығынан айрылған тұлғалар немесе ата-ана құқығы сотпен шектелген адамдар;

  • 4) ҚР заңдарымен оған жүктелген міндеттерді тиісті емес орындау үшін қамқоршы немесе қорғаншы міндеттерінен шеттетілген адамдар;

  • 5) егер асырап алу олардың кінәсы бойынша сотпен жойылса, бұрын бала асырап алғандар;

  • 6) *денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар *;

  • 7) тұрғылықты жері жоқ адамдар;

  • 8) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адамдар;

  • 9) асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар (онлайн соттылықтың болмауы туралы анықтама алу);

  • 10) азаматтығы жоқ адамдар;

  • 11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айрылуына байланысты үш жылдан кем емес баланы нақты тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ер адамдар;

  • 12) асырап алу сәтінде ҚР заңнамасымен белгіленген, асырап алынатын балаға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;

  • 13) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар.

Бұл жерде жұп бір баланы тәрбиелеу үшін міндетті түрде некені тіркеу керектігін білу керек. Жұпқа некеде болмай, бір баланы асырап алуға болмайды.

Сондай-ақ жастағы айырмашылықты да ұмытпаңыз. Асырап алушы мен асырап алынатын баланың жасындағы айырмашылық 16 жастан кіші емес және 45 жастан үлкен болмауы тиіс. Сотта негізді деп танылған себептер бойынша жастағы айырмашылық қысқартылуы мүмкін.

Баланы ерлі-зайыптылардың бірі асырап алғанда, егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі де асырап алмаса, екінші ерлі-зайыптының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл жерде егер ерлі-зайыптылар отбасылық қарым-қатынастарды нақты тоқтатса немесе 1 жылдан артық бөлек тұрса, онда рұқсат талап етілмейді.

Россияда 10 жас екен, қазақстандағыны таппай жатырмын. Тағы бір жауабын айтармын.